kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы -т?рбие бастауы. Тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасында?ы т?рбиеге арнал?ан ата-аналар мен о?ушылар арасында ?ткен тренинг жоспары. Болаша? отбасынан басталады, сонды?тан жас ?рпа?ты отбасында т?рбиелеу жолдары с?з болады. Жо?ары сынып о?ушылары мен ата-аналарды біріктіріп ?ткізілген тренинг жоспары. Тренинг бірнеше ?адамдардан ж?не сергіту с?тінен т?рады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы -т?рбие бастауы. Тренинг »

Отбасы –тәрбие бастауы

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы К.Байсейітова атындағы ЖББОМ

Сарсенбекова Гульмира мугинкызы

Мақсаты: Тәрбие – отбасынан басталады, сондықтан болашақ ел ертеңі жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасатынын түсіндіру.

Көрнекілігі: слайдтар

Өту барысы:

І. Топқа бөлу. Топ атын, ұранын, әнін ойлап табу.

ІІ. Позитивті көңіл күй» тренингі

Осы құмырадағы кемпірқосақ сіз бен біздің, балаларымыздың болашақта шығатын шыңдары, бағындыратын асулары. Шығар шыңдарыңыз биік болсын!

ІІІ. «Соқыр ана» әңгімесін тыңдау

Осы әңгімені тыңдай отырып сіздерге қандай ой келді?

Қандай қорытынды шығаруға болады?

Қатігездік қайдан шығады деп ойлайсыздар?

Ұлы жазушы Лев Толстой «Әлемде болып жатқан қатігездік, мейірімсіздік қайдан болады деген сұраққа жауап іздеумен болдым, көп іздендім, көп жүрдім, көп оқыдым, ақырында осының түп-тамыры – имансыздықта деген тұжырымға келдім» деген екен.



ІҮ. Ұлы ағартушы А.С.Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие- тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде»- деген екен. Ендеше бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыздар? (Постерге түсіру)





Бала тәрбиесіндегі қағидалар









  1. Баланы жас кезінен бастап қадірлеп, сыйлап, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.

  2. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай тәрбиедегі жаман әдіс. Бала соған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.

  3. Егер баланы сыйламай тұрып одан өзіңе деген ілтипат, құрмет көрсетудің өзін талап етудің өзі ұят.

  4. Ата-ана отбасныдағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.

Ү. Сергіту сәті «Барлық өмірге сәттілік тілейміз!»

ҮІ. Жағдаяттық сұрақтар

1-жағдаят ( Ата-анаға)
Тоқсандық қорытынды бойынша балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?
(Оқушыға) Бүгін сабаққа кеш қалып келдің. Қоңырау соғылғанына 2 минуттай
болыпты. Не істер едің?
2-жағдаят (Ата-анаға)
Сіз жұмысқа кетейін деп жатырсыз. Балаңыз жарысқа баратындығын кеше айтуды ұмытып кеткен. Мектепте мүсін жасаудан жарыс болады. Соған бала да қатысқысы келді де мектепте қалып қойды. Сіз оны күтіп отырдыңыз. Не істер едіңіз?
(Оқушыға) Кеше кешке дейін ойнадың. Сабақ дайындауға шамаң келмей кешке ұйықтап қалдың. Сабақ сағат 8.30-да басталады. Сөмкеңде кітап дәптер орнына ойыншықтар тұр. Сабақ әлдеқашан басталды. Не істер едің?
3-жағдаят (Ата-анаға)
Кешкі ас ішіліп болған кезде ас үйде ыдыс жуылмай қалды.Кино басталып кетті.Кино аяқталған кезде балаңыз: ыдысты таңертең жуа салайыншы деді.Сіз не істер едіңіз?
(Оқушыға) Мектепке келер алдында асығып кофтаңды теріс киіп алыпсың. Сырт киіміңді шешкен соң сыныптың есігінің алдына келген соң кофтаңның теріс екендігін байқадың.Не істер едің?

4-жағдаят (Ата-анаға)

Балаңыз –өте жақсы оқитын бала. Бір күні сабақтан екі алып мұғалімнің ескертпесін күнделікке жазып келді. Сіз не істер едіңіз?

(Оқушыға)
Қорытынды

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата – ананың табиғи құқығы, әрi парызы» делiнсе, «Қазақстан –2030″ бағдарламасында » Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi…» делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады. Отбасындағы бала тәрбиесі қоғамда өмір бойы өшпейтін, өлмейтін тақырып.

«Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер – бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата – анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – солардан» – деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күнінен танып, соған қарай бағыт – бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше.



Бірде Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрамай ма, сонда атақты драматург қарсы сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?». «Өмірге келгеніне екі апта болды», депті оған сауал қоюшы. Сонда Б.Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз» деген екен. Сондықтан бала тәрбиесінде еш уақытта кеш қалмайық!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Отбасы -т?рбие бастауы. Тренинг

Автор: Сарсенбекова Гульмира Мугинкызы

Дата: 07.04.2015

Номер свидетельства: 198439


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства