kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушылардың актерлық шеберлігін арттыруға арналған тренинг-жаттығулар, этюдтар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қосымша білім беру мекемелеріндегі сахна шеберлігі немесе актерлық шеберлік бойынша білім беретін педагогтар мен білім алушыларға арналған. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, актерлық қабілетін ашуға арналған тренингтер мен жаттығулар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың актерлық шеберлігін арттыруға арналған тренинг-жаттығулар, этюдтар.»

Бекбергенова Дәмеш Кенжалықызы қосымша білім беру педагогі

Ақтөбе қаласы

«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі»МКҚК



Оқушылардың актерлық шеберлігін арттыруға арналған

тренинг-жаттығулар, этюдтар.


Сахна шеберлігі шеберлігі үйірмесінің бірден – бір шығармашылық мақсаты – әрбір оқушы өз атынан әрекет ете отырып, өз бойындағы дүние танымын, білімін, өмір тәжірибесін, сезімі мен парасатын жұмылдыра отырып бас – аяғы бар, белгілі бір сахналық заңдылыққа бағындырылып іріктелген, оқиғалар мен тартыстар тізбегінен құрылған "Егерде мен осындай жағдайға түссем, не істер едім" деген қағида бойынша іс-әрекеттерге құрылған этюдттер дайындау. Сондай-ақ сахналық зейін мен зердеге, айқын мақсатқа, қисынды іс-әрекетке, сахналық шындыққа, оқиғалар легі мен кедергілерді бағалай білуге, тың шешім қабылдай білуге, еркіндікке, ой қиялын дамытуға арналған әр түрлі ойындар мен жаттығулар арқылы шеберліктерін жетілдіруге тәрбиелеу.

Бірінші оқу жылында құрылым жағынан қарапайым, талас-тартысқа, ірі оқиға, оқиғалар тізбегіне құрылған, сөзсіз немесе бір екі сөзі бар этюдтар көрсету. Трениг - жаттығулар оқушыларды өнер тәліміне бағыттайды. Жаттығулар оқушыларды психологиялық тұрғыда түсінуге тәрбиелейді. Олардың ішкі жан –дүниесін, бүгінгі өмірге көз – қарасын, ақыл – ой парасатын, қиялын, дарындылығын және келешекте қандай суреткер болуы ерекшеленеді және айқындалады.

Алдымен оқушы өз табиғатына өзі ие бола алуға үйренуі шарт. Әрбір үйірме мүшесінің ең басты міндеті, жаттығулар арқылы этюдке көшіп, істеп жатқан әрекеттеріне, ұсынылған тосын жағдайға, оқиғаларға сену арқылы қойған мақсатына жету. Этюдтер қарапайым әрекеттерден өз басынан өткерген, өзі ғана білетін кішігірім оқиғаларға барған жөн. Оны да тек өзі ғана ойлап тауып, өз ақылымен өз қиялымен, ешкімнің жетегінсіз істегені дұрыс.

Оқушылар қарапайым іс-әрекеттерден құралатын этюдтер жасай отырып, бірте-бірте өздеріне өмірден бейтаныс шағын оқиғалар негізінде құрылған этюдтерге ауысады. Бұл этюдтердің бас-аяғы бар, белгілі бір сахналық заңдылыққа бағындырылып іріктелген оқиғалар тізбегі, тартысы, белгілі бір мақсат үшін істелетін әрекеттері бар. Оқушыларды этюд-өмірдегі көргенін іске асыру арқылы өз шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге деңгейін өсіріп байытуға септігін тигізеді. Этюдпен жұмыс істеу барысында оқушы үстірт ойын тәсілдерінен құтыла отырып органикалық шығармашылық жолында жұмыс істей бастайды. Бұл жерде оқытушы өзінің жұмысы жемісті болу үшін "гүл өсіруші бағбанға" айналуы қажет. Гүлдің өсуі үшін әрине белгілі бір уақыт керек, қанша еңбек, төзімділік қажет. Актер шеберлігі пәнінің 1-сыныбының оқу бағдарламасында сахналық зейінге, шындыққа, оқиғалар мен кедергілерді бағалауға, ой-қиялды дамытуға тәрбиелейтін әр түрлі жаттығулар қарастырылған. Олар актердің ішкі жан-дүниесін оятып, сахналық элементтерге жаттықтырады. Актерлық техника, психологиялық, физикалық табиғатын дамытуға, одан әрі жетілдіруге бағытталған. Оған сахналық әрекеттің барлық құраушы элементтері кіреді. Олар: сезім органдарының жұмысы, көкірек көзі кинолентасы арқылы көру, есте сақтау, "егер де" мен "ұсынылған тосын жағдай", әрекеттердің қисыны мен сабақтастығы. Осы элементтерді меңгеру оқушыларды ойдан шығарылған этюдтегі жәйттерге сенуге, алдына қойылған мақсатқа жету жолында өз атынан органикалық әрекеттер істей білуге үйретеді.


Актер және сөз өнері

Актердің басты мақсаты – тіл байлығының құнарын сезіну, ойналып жатқан образды тіл техникасы арқылы сомдау болып табылады. Болашақ актер үшін сахна тілі-тіл техникасының сан қырлы сыры мен қол жетпес құндылығы тілдің тұңғиық құпиясына қазық болып қалады. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Тіл мәдениеті білімгерлердің тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетіне тән нормалар білімгерлердің таза, нақты, әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі айту дағдыларын қалыптастыруға тиіс. Тілмен жұмыс жасау барысында әрбір сөздің қажеттілігі мен ойландыратыны актерден мәтінге үңіле қарауын талап ететіні айтылады.

Актер оқиғаны тыңдаушысына жеткізуде әңгімелеуші сюжет арқылы емес, өзінің анық тілі мен зерттелген сөзбен жеткізіп түсіндіреді. Дер кезінде керекті сөзді қолдана білу, айтатын ойыңның мағынасын бөліп-жармай жеткізе білу, сөзді жүйелеп айту – мәдениеттіліктің белгісі екені түсіндіріледі. Сөз – актер үшін тек үн емес, бейнені тудырушы екені оқушыларға нақты дәлелдермен, қосымша аудио, видео материалдармен беріледі.

Сахнада роль ойнау сәтінде актер қолма-қол жылауға, бірден күлуге болмаса аяқ астынан ғашық болуға, не жек көруге, әйтпесе шексіз, шетсіз шаттыққа бөленуге өзін-өзі қанша күштегенмен шынайы шындық пен сахналық көркемдікке жете алмайды. Өйткені ол зорлықпен сахнада сезімді ойнауға , оны бойынан күштеп шығаруға тырысады. Сол себепті де актер сахна төрінде сезім туралы ойламай, әрекет етуі тиіс, яғни сезімді емес әрекетті ойлауы керек. Демек, актер өзін-өзі зорламай, шындап әрекетке көшкен жағдайда ғана сезім өздігінен пайда болады. Олай болса сезім әрекетті емес, әрекет сезімді дүниеге келтіреді.



Іс- әрекетке дайындық

Оқушы актердың зейінің, ойлап табу қабілетін, серіктесін түсіне білу түйсігін, көпшілікті көре, сезе, бағалай білу қабілетін арттырады, яғни сахнаға қатысты әрекеттердің бәрін меңгеруге көмектеседі. Сонымен қатар оқушы бойындағы қысылу, ұялу, қымтырылу, құрысып – тырысу тектес сезім түрлерінен арылуға және атқарылар әрекеттерді тез, еркін, шапшаң, іштей сезіп орындауға баулиды.

1) Орындықты алдына ұстап ауысу. (шапалақ соғу 10с)

2) Орындықты жанына ұстап ауысу (шапалақ соғу 10с)

3) Орындықты басына көтеріп ауысу (шапалақ соғу 10с)

4) 4 бұрыш болып ауысу (шапалақ соғу 10с)

5) 3 бұрыш болып ауысу (шапалақ соғу 10с)

6) Жарты шеңбер болып ауысу (шапалақ соғу 10с)

7) Көзді жұмып ауысу (шапалақ соғу 10с)

8) Алфавит бойынша ауысу (есімдер") (шапалақ соғу 10с)

9) Алфавит бойынша ауысу (фамилия) (шапалақ соғу 10с)

10) Бой бойымен ауысу (шапалақ соғу 10с)

11) 10 түрлі затты ұстап шығу (10 рет санау)

12) 10 қаланы атап шығу (шапалақ соғу 10с)


Іс-әрекетке көшу

Қимыл - әрекеттер белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалынады. Кейіпкердің әрекет етуіне түрткі болатын себеп-салдарлар актер өнерінің әсем де көркем көрінісін тудырып, оның алдына нақты міндет қояды. Актердің шынайы әрекет етуі оның "неге?", "не үшін?", "неменеге?", "қашан?", "қайда?", "қалайша?", "қандай жағдайларда?" деген сұрақтарға жауап беру жағдайында іске асады. Әрекеттер бірнеше майда әрекеттердің жиынтығынан тұрады. Сахнада дайындық кезінде ең майда әрекеттердің өзі алғашында саналы түрде орындалады. Дегенмен сол ең майда әрекет сахналық мақсат – міндетті шешу барысында зор роль атқарады. Сондықтан актер қимыл-әрекет жасаудан бұрын оның жасалу себебін егжей – тегжейлі ұғып алуы керек. Мысалы, орындыққа отыру керек. "не үшін отыру керек?", "қалай отыру керек?" т.б. Сахна төрінде өтетін кез-келген әрекет драматургтың немесе қоюшы режиссердің ойы мен қиялынан туындаған шарты дүние. Роль ойнаушы актер оған шындық деп сеніп, өз "егер десімен" дамытып әрекет етеді.Станиславский анықтамасы бойынша актер шығармашылығы "егер де" элементі арқылы туып, шынайы өмір шындығы қиялдан туған шарты өмір шындығына ауысып отырған.

1). Ақтау (қорғау). Орындыққа себеппен отыру. 4 оқушы

2). Ақтау (қорғау). Есікті жай ашып кіру. 4 оқушы

3). Ақтау (қорғау). Орындықтың үстіне шығу. 4 оқушы

3. Жасаған жаттығуларды пайдалана отырып этюдтар құрастыру.

1) «Тапталған сезім»

2) «тіс дәрігерінде»

3) «Балықшылар»


"Егер де" "Ұсынылған тосын жағдай"

"Егер де" элементі сахна заңдылықтарының ірге тасын қалайтын жетекші элементтердің бірі болып саналады. "Егер де" – творчествоны бастап беруші болса, "ұсынылған тосын жағдай" – дамытушы элемент. Оның болашақ актерлерді сахнаға дайындаудағы орны ерекше.

Елестету - өмірде бар және болатын, өзіміз білетін жағдайларды тудырса, қиял- өмірде жоқ әрі болмайтын, біз білмейтін, болып көрмеген нәрселерді тудырады. Қиял мен елестету актер үшін аса қажет, сабақтас элементтер. Елестету процесінің негізгі қоздырушы күші: кім?, қашан?, қайда?, неге?, не үшін? және қалай? сұрақтары.

Артистік батылдықтың тікелей дамуы мен қалыптасуы. (Үй жануарларының, жабайы аңдардың, жәндіктердің, өсімдіктердің, құстардың тіршілігін сондай-ақ 3-6 жас аралығындағы балалардың мінез-құлқын зерттеу).

Оқушыларға белгі бойынша қорқыныштан, қуаныштан айғайлап жіберу немесе қарқылдап күлу, еңіреп жылап жіберу, аттандап айқайлау, ит болып үру, әтеш болып шақыру тапсырылады. Мұндай тапсырмалар түрі бірден орындауды талап етеді. Ұзақ дайындықты, ойланып тұруды қажет етпейді. Оқушы көп ойланып, ұзақ дайындалған сайын, берілген тапсырманы орындау, ақтау қиындай түседі. Ұсынылған жаттығулар түрін К.С.Станиславский актердің ішкі акробатикасы деп атаған. Осы принцеп бойынша, жан-жануарларды, аңдарды, жәндіктерді, өсімдіктерді, құстарды бейнелесе немесе 3-6 жас аралығындағы балалардың іс-әрекетін, мінез-құлқын жасаса оқушылардың қиял көзі кеңіген болар еді.

Оқушыларға тапсырма «Егер де» мен «ұсынылған тосын жағдай»

1)Дискотека. Қарны ашқан мысық. Күшіктің дауысы, Жараланған күшік, ашуланған күшік, тауықтың дауысы, жүрісі.

2) Дискотека. Адасқан лақ. Сиырдың дауысы, анасын іздеген бұзау. маймылдың жүрісі, дауысы, тамақ жегені.

3) Этюд «ашыққан күшіктер»

Топтық этюдтар

Сахнада серіктесімен шынайы, қисынды қарым-қатынаста болуға, оқиғаны бағалауға, қиял көзін кеңейтуге тәрбиелеу. Бүкіл элементтердің басын қосып этюдте қолдану. (Жансыз жанға, затқа жан бітіріп оларды жандандыру. Ойыншықтарға байлынысты, балалар өмірінен алынған этюдтер. Көркемсуреттерге көріністер құру. Кедергілерді қатыстыра отырып этюд жасау. Қазақтың салт-дәстүрлерімен топтық этюдтер. Этюдтер: Цирк, клоундар, театрда, базар, вокзал).

Этюд жасау барысында актер шеберлігінің заңдылықтары мен техникасын меңгеру. Адам табиғатының күрделігін, ақыл-ойын, іс-әрекетін, сезімін, толғаныстарын, қуаныш-күлкісін, қайғы-мұның беру үшін, студент сөз құдыретін түсініп, сахналық іс -әрекетті жетік меңгеруі керек. Актер шеберлігі пәнінің бірден – бір шығармашылық мақсаты – әрбір оқушы өз атынан әрекет ете отырып, өз бойындағы дүние танымын, білімін, өмір тәжірибесін, сезімі мен парасатын жұмылдыра отырып бас – аяғы бар, белгілі бір сахналық заңдылыққа бағындырылып іріктелген, оқиғалар мен тартыстар тізбегінен құрылған "Егерде мен осындай жағдайға түссем, не істер едім" деген қағида бойынша іс-әрекеттерге құрылған этюдттер дайындау. Сондай-ақ сахналық зейін мен зердеге, айқын мақсатқа, қисынды іс-әрекетке, сахналық шындыққа, оқиғалар легі мен кедергілерді бағалай білуге, тың шешім қабылдай білуге, еркіндікке, ой қиялын дамытуға арналған әр түрлі этюдтер арқылы шеберліктерін жетілдіруге тәрбиелеу.

К.С. Станиславский «Менің өмірім, өнерім» атты кітабында «Актер өз бетімен, өз еркімен іштей және сырттай жұмыс жасауы тиіс және жеке рөлмен іштей және сырттай жұмыс, кездесетін тосын жағдайлар, кідіріс, әрекет, әрекетті бағалау, конфликт және оларды шешу, костюм, гримм, көркемдік безендірулер, бұлардың бәрі оқушылардың таным, үрдісін: қиялын, талғамын, есін, ойлауын, зейінін, қабілетін дамытып қана қоймай, өзін көпшіліктің ортасында еркін әрекет етуіне, ойын ортаға ашық сала білуге, адам бойында бала кезден қалыптасып қалған кейбір ұялшақтық, қорқақтық шешімге келе алмаушылық деген сияқты жағымсыз факторлардың болуына әсер етеді».


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Оқушылардың актерлық шеберлігін арттыруға арналған тренинг-жаттығулар, этюдтар.

Автор: Бекбергенова Дәмеш Кенжалықызы

Дата: 02.05.2017

Номер свидетельства: 412701


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства