Б)Оқушылардың зейінін сабаққа толық аудару үшін күй тыңдату
II.Өткен сабақты сұрау
А) «Ата толғауы» күйін орындау
Ә)Сұрақ-жауап (Оқушылар бір-біріне сұрақ кояды)
«Сен маған мен саған» стратегиясы
«Ата толғауы»кімнің күйі? (Н.Тілендиев)
Мазмұны қандай ? (Қандай көңіл күйде жазылған)\
III.Ойын «Ойлан тап»
Бірнеше күйлер тыңдатамын
Оқушылар күйдің атын табу керек
Құрманғазы «Адай» күйі
Н.Тілендиев «Әлқисса»
Н.Тілендиев «Баламишка»
Н.Тілендиев «Ата толғауы»
Н.Тілендиев «Аққу»
IV.Жаңа сабақ:
А)Н.Тілендиевтің өмірімен таныстыру
Композитор Н.Тілендиевті білмейтін қазақ баласы барма?! Ата-бабаларымыз айтқандай «сегіз қырлы,бір сырлы»деген атау Нұрғиса ағамызға арналғандай . Н.Тілендиев-күйші , әнмен күйді қатар шығара білген ғажап композитор.Қазақтың халық өнерін әлемге танытуда зор үлес қосқан «Отырар сазы» фольклорлық –этнографиялық оркестрінің дирижері болған. Комползитор- атақты «Қыз Жібек» кинофилімін түсіргенде, өзінің ғажайып күйімен аққуларды көлге қондырған қасиетті өнер иесі.Осындай керемет талант иесі Нұрғиса ағанаың көптеген әндері әлі күнге дейін шырқалумен келеді .Сондай әндердің бірі «Асыл әжем» әні .Н.Тілендиев Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген . Композитор, дирижер, домбырашы . Оркестрге арналған «Ата толғауы» «Алтын дән», «Маханбет», «Арман», «Аққу» атты тағы басқа күйлері бар.
Ә)Слайд суреттерін көрсету
Б) Н.Тілендиевтің шығармашылығы туралы бейнеролик көрсету
В) «Аңсау» күйін үйрету
V.Сергіту сәті: Аспаптар үнін тыңдату/Электронды оқулық/