kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Н.Д.Оңдасыновтың өмірбаяны

Нажмите, чтобы узнать подробности

ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихында өзіндік орны бар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың есімін атау ерекше.  Ол 1904 жылы 26 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Түркістан ауданы «Үшқайық» ауылында (қазіргі Нұртас ауылы) кедей шаруа отбасында дүниеге келген.                                                                                              

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Н.Д.Оңдасыновтың өмірбаяны»

Н.Д.Оңдасыновтың туған жері, отбасы және балалық шағы


ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихында өзіндік орны бар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың есімін атау ерекше. Ол 1904 жылы 26 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Түркістан ауданы «Үшқайық» ауылында (қазіргі Нұртас ауылы) кедей шаруа отбасында дүниеге келген.

Нұртас Оңдасыновтың туған кезі қазақ халқының ғасырлар бойы үкілі найзаның ұшымен, қаһарлы қылыштың күшімен қасық қаны қалғанша қорғаған жерінен айырылып, бодандықтың ауыр қамыты еңсесін езген кезге дөп келді. Осы бір қиын кезең қазақтың кең даласын түгелдей шарпыды.Нұртас Оңдасыновтың отбасы да кез келген қазақы шаңырақтың басына түскен тауқыметтен тыс қалған жоқ. Әкесі Оңдасын да қарапайым еңбегімен күнелткен орта қол шаруа, оны көргендер егіншілікпен шұғылданып, соны кәсіп еткен адам деседі. Ал, анасы Жұмагүл болса адамгершілігі мол, он сау-сағынан өнер тамған ісмер болыпты. Тон, киім-кешекті пішіп, тігу, үй мүлкін, жиһазын жасау, алуан түсті жез ши орау, бау-басқұр, кілем тоқудың асқан шебері болған. Сол өнерінің арқасында ауылдастарына аса құрметті, ақ жарқын, салмақты, отбасына тыныш, берекелі, ел-жұртқа сыйлы болса керек.

Ал, інісі Нұрділла Оңдасыновтың шежіресіне үңілетін болсақ; Нұртас Оңдасыновтың арғы атасы Дәндібайдан Алтыбай, Мүлкібай, Оңдасын, Исабай, Майхан атты бес ұл туады. Оңдасынның алғашқы әйелінен үш бала – Дүйсен, Исабек, Көбелек, кейінгі әйелі Жұмагүлден Әлима, Сәлима атты қыздар туады. Үлкен атасы  Дәндібай – жамағатымен бақытқа бөленіп, көп жасап өткен кісі. Ал анасы Жұмагүл сол атамыздың сүйікті келіндерінің бірі болған. Анасы Жұмагүлдің бірінші күйеуі дүниеден қайтып, Мәрия, Бәтима деген екі қызымен және Қозыбай деген ұлымен жесір қалады. Кейіннен қазақтың әмеңгерлік салтына сәйкес қайнағасы, яғни, Нұртастың әкесі - Оңдасынмен  қосылады. Онымен тату-тәтті тұрады. Негізінен, Нұртастың өз әкесі Оңдасын, ал, Дәндібай – атасы. Кезінде қате кетіп, аты-жөні ауысып жазылған екен.

Нұртас Оңдасынов өзінің «Мен Түркістанның түлегімін» атты естелігінде өзінің туып өскен жері және ес біле бастағандағы балалық шағы жайлы, ата-анасының Мырзақұлдың қыстауында қыстағандығы (Қазіргі Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Нұртас атындағы ауылдың батыс тұсы) туралы мәліметке кең тоқталады. Ол жайында Нұртас Оңдасынов өзі былайша суреттейді: Ол жер Жайылма мен Сырдың арасын алып жатқан шаруаға аса қолайлы еді. Оның Жайылма жағы егістікке, қыр жағы малға, әсіресе, Шопан ата мен Ойсыл қараға қысы-жазы бірдей жақсы жайылым. Түркістанның түстік жағы – Сыр бойына Қазақстанның басқа аймағынан гөрі көктем ерте келеді. өте қысқа мерзімде ауа райы ысып, жазға айналып кетеді. Сол аз күндік көктемде жер нұрланып, қызғалдақ, сарғалдақ, жабайы жуа, алуан түрлі өсімдіктер қаулап шығады да, шебер қолдан шыққан кілемдей дала құлпырып-ақ кетеді. Осылайша, дала тіршіліктің жұмағына айналады. Қыс бойы көкті сағынған барлық жан-жануарлар қыр-қыратты қуалай жайылатын болған. Сонымен қоса, осы естелігінде ол өзінің ата-бабалары Сырдария, Қаратаудағы Жиделі-Байсыннан көшіп келгендігі туралы көп әңгіме естігендігі айтылады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Н.Д.Оңдасыновтың өмірбаяны

Автор: Серикбаева Роза

Дата: 26.10.2018

Номер свидетельства: 482225


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства