Мотивациялық-қозғаушылық Ұйымдастырушылық- ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік | Магниттік тақтаға натюрморттар ілінеді.(«Алмалар мен жапырақтар», «Себеттегі алмалар» және т.б.) -Суреттерде не бейнеленген? -Осы суреттер сендерге қандай көңіл күй сыйлады? Бұл суреттер ашық түсті және көңілді бояулармен салынған, сондықтан оларға қарағанда бізде қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй пайда болады. -Суретші неге алмаларды қызыл дастарқанның үстіне бейнелеген? -Әрине, сары және жасыл алмалар дастарқан үстінде әдемі көрініп тұруы үшін ойластырылған. -Тағы бір суретте алмалар үстелдің үстінде жатыр, олар-қызыл және жасыл түсті жылтыр алмалар.Суретші олардың әртүрлі түсіне, көлеміне, дөңгелек пішініне, тәттілігіне қызығып бейнелеген болу керек. -Сендерге қандай алма ұнады? -Ал енді үлкен жапырақтардың үстінде жатқан алмаларға қараңдаршы. Осы суреттерді бір-бірімен салыстырыңдар.Суретпен жұмыс аяқталғаннан кейін педагог алма мен алмұртты қолына ұстап көрсетіп, пішінін салыстыруды сұрайды. -Бізде алма мен алмұрттың бірнеше түрі, түсі бар.Әртүрлі жемістерді суретшілердің картинасындағыдай сауытқа әдемілеп орналыстарайық. -Бүгін біз осы алма мен алмұртты ермексаздан жасап үйренеміз. Үлестірмелі материалға назарларын аударады.Сурет бойынша әңгіме жүргізеді. -Қазір күз мезгіл. Бақтарда піскен жемістерді жинайды. Марат та бүгін атасына көмектесіп, бақтағы алма мен алмұртты жинап жатыр. Біз оған жәшіктерді толтыруға көмектесейік.Бір жәшікке жасаған алмаларымызды саламыз, екіншісіне алмұрттарымызды сламыз.Біздің де жасайтын жемістеріміз ағашта өсіп тұрғандай әдемі, жылтыр болсын. Сергіту сәті: -Саусағым, қайда болдың? Балалармен не істедің? -Бір баламен жүгірдім, -Бір баламен биледім, -Бір баламен қыдырдым. -Бір баламен ойнадым, -Бір баламен секірдім, -Достарымды жинаймын. Мүсіндеуді бастаймын! (Г.Бектұрова) Педагог мүсіндеу тәсілін көрсетеді. -Бұрыннан білетін домалақтау. Тәсілімен алманы жасаймыз. Алманың сабағын орналастыратын жердеі Саусағымызбен,шұнқырлаймыз.Сабағымен жапырағын жасап,Шұңкырға орналастырамыз.Алмұртты жасау үшін ,алмадан үлкендеу дөңгелек жасап, жоғарғы жағын сопақша пішінге келтіріп созамыз. Сыртын тегістейміз. Жасаған жемістеріңді жәшікке салыңдар. Сөздік жұмыс:Сопақша Балалармен жеке жұмыс жұмыс жүргізед. Билингвальді компонент: алма-яблоко, алмұрт-груша,сары-желтый,қызыл-красный -Балалар, Марат сендерге жәшікті толтыруға көмектескендерің үшін алғысын білдіріп жатыр.Ол өзінің ауласындағы бақта пісіп тұрған жемістерінен сендерге беріп жіберіпті.Тәрбиеші балаларға алма, алмұрт үлестіреді. | Балалардың жауаптары: -Суреттерде алмалар бейнеленген. -Суреттер өте әдемі, нағыз алмаға ұқсайды. -Түстері ашық, көңілді. -Алмалар жақсы көрінуі үшін. -Ең әдемілері-қызыл,қызғылт түстілері. -Алманың пішіні дөңгелек,кішкентай сабағы бар,оған жапырақ орналасқан. -Алмұрттың пішіні сопақшалау болып келеді. Суретке қарайды әңгімені тыңдайды. Ынталарын білдіреді. Балалар педаготың көрсетуі бойынша саусақ жаттығуларын жасайды. -Ермексазды домалақтаймыз, содан кейін кішкене шұңқырлап, оған таяқшаны немесе жұқа сымтемірді тығып қоямыз.Қажетті ермексаз Түстерін таңдап алады. Оны алақанына салып жұмсартады.Балалар педагогтің көрсетуімен ілесе отырып,алма мен алмұррты жасайды. Қайталайды: Сопақша. Жәшікке дайын жемістерді салып, оның айналасына басқа да заттарды орналастырып, композиция құрастырады. Қайталайды:алма-яблоко, алмұрт-груша,сары-желтый, Қызыл-красный Қуаныштарын білдіреді. Маратқа беріп жіберген жемістері үшін алғыс айтады. |