kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??гілік Ел — жалпы ?аза?станды? орта? ша?ыра?ымызды? ?лтты? идеясы. Сынып са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып са?атыны? ма?саты:

- жас ?рпа?ты Отанын с?юге, елімізді? р?міздерін,Ата за?ы-Конституциясын ?астерлеуге, бай - ?уатты ел екендігін ма?тан етуге ?йретіп, ту?ан еліне, жеріне деген с?йіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, М??гілік Ел — жалпы ?аза?станды? орта? ша?ыра?ымызды? ?лтты? идеясы туралы т?сінік беру:
-отанын, ту?ан жерін ?ор?ай білуге, ата - бабаларымызды? ?нгеге етіп ?алдыр?ан даналы? с?здері ар?ылы о?ушыларды ?лтжандылы??а, атамекенін к?зді? ?арашы?ындай са?тай білуге, патриотты? сезімге т?рбиелеу; 
- ойларын ж?йелі т?рде жеткізе білу, шы?армашылы?пен ж?мыс жасап, м?нерлеп ?ле? о?ып, ма?ынасын т?сіне білу да?дыларын дамыту.
К?рнекілігі: Елбасы суреті, ?аза?стан Республикасыны? Конституциясы, р?міздер, ?анатты с?здер, слайд, Астана ?аласына, Халы?тар Ассамблеясына байланысты суреттер.
?дісі: с?ра? - жауап, ??гімелеу, т?сіндірмелі, к?рнекілік
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??гілік Ел — жалпы ?аза?станды? орта? ша?ыра?ымызды? ?лтты? идеясы. Сынып са?аты»

Сынып сағатының тақырыбы: Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы

Сынып сағатының мақсаты:

- жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін,Ата заңы-Конституциясын қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы туралы түсінік беру:
-отанын, туған жерін қорғай білуге, ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 
- ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының Конституциясы, рәміздер, қанатты сөздер, слайд, Астана қаласына, Халықтар Ассамблеясына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: сынып сағаты
Тәрбие үрдісі:
Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)

Оқушыларды сынып сағатының тақырыбына байланысты «Мәңгілік Ел», «Ата Заң», «Халықтар Ассамблеясы» атты үш топқа бөліп отырғызу.(Оқушыларды топқа бөлу).


2.Мұғалімнің сөзі:

-Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі 1 қыркүйек -Білім күніне арналған сынып сағатымызға қош келдіңіздер!

Сынып сағатымызды бастамас бұрын, біз неге «Мәңгілік Ел», «Ата Заң», «Халықтар Ассамблеясы» атты үш топқа бөлінііп отырмыз деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау).Олай болса, өздерінің топтарының атауына байланысты қандай ой-пікірлерініз бар, оны постер ретінде ұсынсаңыздар. (Оқушылар топтық жұмыс жасайды, постерларын әр топ қорғап шығады және сынып сағатымыздың тақырыбы мен мақсаты айқындалады ).


3.Мұғалім:

Біз қазақ мал баққан елміз, 
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 
Басымыздан құт – береке қашпасын деп, 
Найзаға үкі таққан елміз. 
Ешбір дұшпан басынбаған елміз, 
Басымыздан сөз асырмаған елміз. 
Достықты сақтай білген елміз, 
Дәм – тұзды ақтай білген елміз. 
Деп осылай тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек би болатын. Сонау өткен ғасырдың ғұламалары еліміздің,жеріміздің,халқымыздың мәнгілік ел болғанын қалаған еді.Осы ата-бабаларымыз ойлаған,аңсаған ойларын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандардықтардың алдында тұрған аса маңызды міндет-«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру» деп көрсеткен.Осы «Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясы дегеніміз не? Нені білдіреді? деген сұрақтарға осы тақырып бойынша дайындалып келген оқушыларымызға сөз кезегін берейік.

(Оқушылардың дайындап келген мәлімдемесін тыңдау)


4.Мұғалім:

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.


1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.
(Қазақ хандығының құрылуы туралы оқушылардың бейнематериалдары мен слайдтарын көрсету).


5.Мұғалім:

Ия, Қазақ хандығының 550 жылдығымен қоса,бүгінгі таңда мемлекетімізде тағы бір атаулы мереке тойланып отыр. Ол,Ата Заңымыздың-20 жылдығы.

Еліне арналатын тілегі шын,

 Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!

  Іргесін туған жерінің тіреп тұрған

  Қадірін Ата Заңның білемісің!?-деп ақын ағаларымыз жырлаңандай, қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан-кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата-бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдыреті мен Заң құдыреті.Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата-бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған.

(Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы оқушылардың мәләметтері)


-Ата Заңымыздың кандай баптарын білесіңдер? ( Оқушылар өздері білетін баптарын атайды)


Ия,Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Егер, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол – Конституциялық кеңес.



6. Мұғалім:

Сонымен қатар,биыл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен және жетекшілік етуімен 1995-жылы құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру туралы идеяның алғаш көтерілгеніне 20 жыл толды.Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.

(Оқушылардың дайындаған мәліметін тыңдау)


7.Қортындылау:

Викориналық ойын өткізу.


8.Мұғалімнің қортынды сөзі:


Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан – жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде.

Бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
















































Мәңгілік Ел

Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлел. 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.


Көне түркілердің «Мәігілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі — көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі — Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.

«Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.



Ата Заңым – мақтанышым, қорғаным  

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының  негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.

Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью-Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.


—  Бұл күнде ата Заңымыз өз күшінде. Бәріміз де Ата Заңға бағынып, соның баптарымен жүруіміз керек. Ата Заңда айтылғандай, адам – мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.

Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.

Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу,оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.

Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен Егемендігімізге қол жеткізіп, бүгінде өзіміздің Ата Заңымыз бар, біз бақытты ұрпақпыз. Конституцияны білу, заңды білу біз үшін міндет сияқты. Себебі, заңды білмесең, өз құқығыңды қорғай алмайсың.

- Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.

-Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

- Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

- Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.

- Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция.

Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Егер, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол – Конституциялық кеңес.








7-бап 1.    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл — қазақ тiлi.     


                                

 9-бап  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері  — Туы, Елтаңбасы және Әнұраны  бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.


14-бап  1.    Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.


15-бап 1.    Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.

 

27-бап   1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.


2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі мiндетi.

3.    Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.


29-бап  1.    Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.


30-бап 1.    Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.


34-бап  2.    Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.


 36-бап 1. Қазақстан Республикасын  қорғау — оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi.


38-бап Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.


















ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ– ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНЕ ҮЛГІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекет құру ісінде ұлтаралық келісім мәселесіне ең басты назарын аударып келеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде ол «Мені еліміздің әрбір аймағын мекен еткен, ұлы, нәсілі кім екеніне қарамастан мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін жастардың күн өткен сайын көбейіп келе жатқаны қуантады» деген болатын. Сөйте тұра, Қазақстанда барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің өз тілдерін, мәдениеттері мен діндерін сақтап, дамытуына толыққанды жағдай жасалған.

Ұлтаралық келісім ісінің базалық институты ретінде құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы мемлекет бас-шының тікелей бастамасымен 1995-жылдың 1-наурызында пайда болды.

Қазақстанның осы бағыттағы істеген істері мен жасаған тірліктері көп ұзамай-ақ халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаға ие болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Кофи Аннан «Қазақстан түрлі ұлттардың өкілдері бейбіт түрде тіршілік кеше алатын, ұлттық әрқилылық сипаты мемлекеттің қиыншылығына емес, керісінше өсіп-өркендеуіне, дамуына негіз болып отырған ел ретінде баршаға үлгі бола алатын мемлекет» деп тегіннен тегін айтпаса керек.

Осындай мағынада тағы бір әлемге танымал саясаткер Маргарет Тэтчердің де айтқаны бар. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде «Елдеріңіз тәуелсіздігін алған сәттен бастап Сіздің көреген саясатыңыз мемлекетті азаттыққа, дамуға бастайтын жолға салды. Пессимистер сіздердің елдеріңіздің көпұлтты сипаты ішкі қайшылықтарға бастап, елдеріңізді әлсіретеді деп топшылаған шығар, кезінде. Алайда, барлығы керісінше болып шықты. Қазақстан өзінің сан салалы сипатының арқасында дамып келеді, ол өзінің діни және дәстүрлік әрқилылығын басты байлығы етіп, қарқынды дамудың басты факторларының бірі етіп, тиімді пайдалана алды. Сіздер өзгелерге шынайы үлгісіздер» деген болатын.

2008-жылдың 20-қазанында Президент Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойды. Ол Қазақстанның саяси жүйесіндегі Ассамблеяның рөлі мен міндеттерін нақтылап берді.

Ассамблеяның ең басты мақсаты – мемлекеттік ұлттық саясатты дайындап жүзеге асыруда Елбасына тірек болу.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының басымдығы, халық пен мемлекет мүддесінің тоғысуы, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діні мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан адам мен азаматтың теңдігі, тең құқылығы және жеке бастық жауапкершілігі секілді қағидаларға сүйенеді.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылған күннен бастап оған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі төрағалық етуі ассамблеяның беделі мен орыны мызғымауына негіз болды. Заң бойынша ол Ассамблеяны қалыптастыра немесе қайта құра алады, жалпы басшылық жасап, оның қызметінің басты бағыттарын айқындайды, оның басқарушы лауазым иелерін тағайындай, жұмысынан босата алады, Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясын шақырып, оның хатшылығын құра алады.

Президент өзінің Қазақстан Халқы Ассамблеясындағы міндеттері мен құзыреттерін бөлісіп, орындайтын орынбасарларын тағайындайды, тұрақты органы – Ассамблея Кеңесін құрып, оған басшылық жасайды, Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекітіп, оны жүзеге асыруға байланысты тапсырмалар береді.

Тиісті заң бойынша Ассамблея қазақ халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизмді, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық азаматтық бiрдейлiктi және бәсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру процесiнде Қазақстан Республикасында этносаралық келiсiмдi қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Ассамблеяға:

- этносаралық қатынастар саласында мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиiмдi өзара iс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келiсiмдi және толеранттықты одан әрi нығайту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

- халық бiрлiгiн нығайту, қазақстандық қоғамның негiз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келiсiмдi қолдау және дамыту;

- қоғамдағы экстремизмнiң және радикализмнiң көрiнiстерi мен адам-ның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттiк органдарға жәрдемдесу;

- азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетiн саяси-құқықтық мәдениетiн қалыптастыру;

- Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiрудi қамтамасыз ету;

- Қазақстан халқының ұлттық мәдениетiн, тiлдерi мен дәстүрлерiн өркендету, сақтау және дамыту секілді міндеттер жүктелген.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының жоғарғы органы оның Кеңесі болып саналады. Ол конституциялық квота бойынша Парламенттің төменгі Палатасы – Мәжіліске өзінің 9 өкілін депутат ретінде сайлай алады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызмет аясы да барынша кең. Ол:

- мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;

- қазақстандық патриотизмдi қалып-тастыруға жәрдемдесу;

- мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;

- елде және шет елдерде этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiн насихаттау;

- этносаралық қатынастар жай-күйiнiң, оның iшiнде мемлекеттiк тiл мен Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн қолдану саласында мониторингтi жүзеге асыру;

- мемлекеттiк ұлттық саясат мәселелерi жөнiндегi заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысу;

- шет елдердегi қазақ диаспорасына ана тiлiн, мәдениетi мен ұлттық дәстүрлерiн сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерiнде қолдау көрсету;

- этносаралық қатынастар саласындағы келiспеушiлiктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу және практикалық шараларды iске асыру және оларды шешуге қатысу және басқа да көптеген бағыттарға басымдық беріп, жұмыс істейді.

Ассамблеяның барлық аймақтарда, облыстар мен Астана, Алматы қалаларында бөлімшелері бар. Бұл шын мәнінде демократиялық сипатқа ие қоғамдық ұйым құруға, оның жұмысын халық билігінің бастауы ретінде «төменнен» бастап жүргізуге, ең бастысы барлық аймақтар мен аудан, ауылдарды қамтуға мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда Қазақстан Халқы Ассамблеясы ақылдастық, уәкілеттілік сипаттары бар халықтық органның жүйесіне айналып, еліміздің аса күрделі, сан-салалы этномәдени құрамын бір атаның балаларындай елді дамытып, өркендету деген ортақ іске жұмылдырудың таптырмас құралы болып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен құрып, тікелей өзі басқарып отырған Ассамблея Қазақстан халқының әрқилылық арқылы тұтастыққа ұмтылған этномәдени қауымдастығының үнін ешбір жалғаусыз, делдалсыз тікелей президентке жеткізетін шынайы халық билігінің органы.



0










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
М??гілік Ел — жалпы ?аза?станды? орта? ша?ыра?ымызды? ?лтты? идеясы. Сынып са?аты

Автор: С?лтанова ?алдыг?л Бидайбековна

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303391


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства