kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мереке?мен, анашым! Т?РБИЕ СА?АТЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Целью данного мероприятия является воспитание уважения к матери, привитие чувства  любви и милосердия. Классный час посвящен празднику 8 марта. В ходе классного часа дети играют,  поют песни, рассказывают стихотворения. При проведении данного мероприятия учитель привлекает родителей. В ходе мероприятие наблюдается сплоченность коллектива, родители болеют за детей, а дети за родителей. Царила дружеская обстановка, дети с увлечением и с большим интересом выполняли разные задания.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мереке?мен, анашым! Т?РБИЕ СА?АТЫ»

«Валерьян негізгі мектебі» КММ







Мерекеңмен, анашым!

тәрбие сағаты

































Дайындаған: Осер Нина

Мерекеңмен, анашым!

Мақсаты: ананың құдыретті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру;

мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.
Мұғалім:

Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.

Әйелдер күні бүгін халықаралық

Жарыққа бізді әкелген аналарды.

Бүгінгі мерекемен құттықтайық

 Ұйытқысы жанұяның берекеміз

Аналар құтты болсын мерекеңіз Әрқашан аналарымыз аман болсын.Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз – деп құрметті де аяулы әжелер, асыл аналар, қыз – қызғалдақтар , сіздерді жылдың ең тамаша мезгілі көктемнің ең алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сіздерге арналған шағын ашық тәрбие сағатамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 1 – жүргізуші: Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен.

2 – жүргізуші: Армысыздар, ауылмның асылдары,

Жайнасын көңілімнің асыл бағы.

Халықаралық әйелдер күніменен.

Құттықтаймын аналарды осындағы.

1 – жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың,

Әпкелер мен бауырлар, балалардың

Мерекеңіз ұлассын қуанышқа

Бұл күндерді көксеген бауырлардың.

Залға музыка әуенімен қолдарына гүл ұстап ұл балалар келеді.

Бек: Адал бол, – деп балдырған,
Әділдікке баулыған
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді!
Әлемге тыныштық тілеген,
Жан ана жанына гүл егем.
Балалық  жүректен айтылған,
Махаббат белгісі бұл өлең.


Мейрам: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз.

Құдайберген:Біздің қыздар әдемі,
Өздері сондай сүйкімді.
Біз оларды сыйлаймыз,
Шаштарынан жұлмаймыз.


Мен қыздарды сыйлаймын,
Мен оларға тиспеймін
Тек қана анда-санда

Сабақты көшіремін.

Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны  жұлдызға-
Сый тартамыз бағалы!

Ән: «Ақ мамам»

Қыздарға гүлдерін сыйлайды.

1 - жүргізуші:

  • Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар.

2 - жүргізуші:

-Қар астынан қылтиыйып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді.

1 - жүргізуші:

-Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріміз, күн мерекеміз құтты болсын.

2 - жүргізуші:

-Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін.

Мұғалім:

Құрметті, аналар! Барлық уақытта шыдамдылықпен, мейіріммен, ақылмен, ыстық құшағында аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, көңілді күйіміз, демалым кешіміз,

Барлығы: сіздерге арналады.

1 - жүргізуші:

  • Ау, балалар, бәрін қандай керемет, сұлу жігіт болып кеткенсіңдер. Ал тобымыздың қыздары қайда?

 2 - жүргізуші:

  • Балалар, аналарың мерекеге, тойға барар кезде не істейді?

(балалар жауабы)

Хормен: Олай болса, біз сол жерлерден қыздарымызды іздейік.

Дүкен.

1 жүргізуші:

  • Алло, алло, сәлеметсіздер ме? Бұл киім дүкені ме? Біздің сыныптың бикештері сіздерде бар ма екен?

Телефон жауабы:

-Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Сәнді киім сатып алып, мерекеге кетті.

Сән салоны

2 жүргізуші:

  • Алло, алло, сәлеметсіз бе? Бұл сән салоны ма екен? Біздің сыныптың бикештері сіздерде бар ма екен?

Телефон жауабы:

  • -Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Шаштарын сәндетіп, қазір ғана таксимен мектепке мерекеге кетті. Күтіп алыңыздар.

Музыка ойналып қыздарды Спанч боб алып келеді. Балалар қыздарды отырғызады.

Спанч боб:

  • Сәлеметсіздер ме, аяулы аналар мен әжелер және ұстаздар. Сіздердің қыздарыңыз жолдан өте алмай тұр екен. Оларды жолдан өткізіп едім, олар мені мерекеге шақырды. Мені бәрін танитын шығарсыңдар. Мен кіммін? Мектептерің қандай тамаша?

1 - жүргізуші:

  • Ой ,Спанч боб, саған көп-көп рахмет. Біз қыздарымызды тосып отыр едік. Сен біздің мерекеде бірге бол.

Тақпақтар:


Мейрам: Бүгін – наурыздың сегізі.
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз- Адамның
Анаға айтар лебізі.

Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз бір жоқ күнің.
Ұсынамыз бүгін біз
Сөздің сұлу шоқ гүлін.


Анара: Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Балапаным дейді әжем,
Балақаным дейді әже
Ұзақ күнге бүкшендеп,
Біздің қамды жейді әжем

Бек: Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс!

Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүрініз.

Жансұлу: Жақсы оқыған сабағын,
Балаға мен ағамын.
Біздер үшін Ананың
Бұлт баспасын қабағын

Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар


Аружан: Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!

Айналайын, анашым,
Аялайсын, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.
Мейра:Айналайын, анашым,
Жұмысына барасың.
Қайтып мені көргенше
Шын сағынып қаласың.

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.


Барлығы бас иеді .


Ән: «Айналайын, ақ мамам»

Арайлым: Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын


Мұқағали: Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтінді өтермін.

Асыл жан деп әлемде,
Ардақтаймыз ананы!
Ақын қосып өлеңге,
Суретін оның салады.


Ән: «Көктем»

Ойын: «Аялы алақан» Ортаға аналар шығып дөңгеленіп тұрады. Бір – бір баладан көзін жұмып шығып қолдарынан ұстап өз анасын тауып алу керек.

2 – жүргізуші: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі данашым
Әлпештеген баласын,
Айналайын,анашым!

Ән: «Айгөлек» орындайтын Абжатова Сабина

Ойын: «Өзгерісті тап» Екі ана балаларымен ортаға шығады. Балаларынынң қалай киініптұрғанын байқап алады. Содан кейін көздері байланады. Сол кезде балалардың киімдерін өзгертеміз. Аналар не өзгергенін табу керек. Кімнің анасы тез өзгерістерді тапты, сол жеңіске жетеді.

 1 – жүргізуші: Үкілі камшат, бүрмелі көйлек

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп

Иықтан шашы төгіліп жерге

Күмісті шашбау жарасып белге – дегендей келесі кезекті бишілерге береміз.

Би: 

Ойын: «Жалқау ана» Бұл ойынға қапшыққа салынған бірнеше киімдер керек. Балалар өз аналарын жұмысқа киіндіріп шығарып салулары керек. Қапшықта түрлі жазғы, қысқы қызықты киімдер болады. Отырған көрермендер кімнің киімі жақсы соны анықтайды.

Ойын: «Тәтті ботқа». Екі ана балаларымен ортаға шығады. Балалардың көздері байланады. Қолдарына қасық, алдарына ботқа беріледі. Мамаларын тамақтандырулары керек.

Қабдел Даринаның орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар:

Ойын: «Кәмпит же». Екі ата – ана шығады. Қоолдарына боксшының қолғабыкигізіледі, алдарына кәмпит қойылады. Сол кәмпиттің сыртын қолғапты киіп тұрып аршу керек. Кім бірінші аршыды, сол жеңімпаз болады.

 2 – жүргізуші: Мені жақсы көреді, 
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі, 
Маған айтып береді.

Ән: «Ертегілер» Арайлым орындауында

Би: «Қара жорға»

Мұғалім:

  • Міне, құрметті абзал жанды аналар. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз. Бүлдіршіндердің дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Ән «Құттықтаймын мама, туған күніңмен»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Мереке?мен, анашым! Т?РБИЕ СА?АТЫ

Автор: Осер Нина

Дата: 05.03.2016

Номер свидетельства: 302556


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства