kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мемлекеттік тіл- мені? тілім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш класс м??алімдеріне арнал?ан  дайын  т?рбие са?аты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік тіл- мені? тілім»

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Мақсаты: оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту.

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ақын – жазушылардың портреті, кітап бұрышы, интерактивті тақта.

Ұлағатты сөздер

  1. «...Халық тілінің байлығын игеру – зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс». ( Ғабит Мүсірепов)

  2. «Тіл – жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды». (Абай)

  3. «Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын келешегі, ... тағдыры». (Бауыржан Момышұлы)

  4. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын». (Ахмет Жұбанов)

  5. «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ». (Шыңғыс Айтматов)

  6. «Қазақ тілі – өте әдемі, көркем тіл, сондықтан бұл тілді білмеу мүмкін емес» ( Нұрсұлтан Назарбаев).

Барысы.

1 – оқушы: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік ашық тәрбие сағатымызды бастайық!

Әнұран орындалады.

2 – оқушы: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қатерлі де құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны.

  1. Кіріспе сөз.

Мұғалім: Шыңғыс Айтматов атамыз «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» деген екен. Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Тіл-әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.

Тәлім-тәрбие тілден басталады.

Олай болса, тіл-бөбектің үні, тіл – ананың әлдиі, тіл – бесік жыры. Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар. Ана тілі – ар өлшемі. Тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

Ән: « Елім менің »

(Тіл туралы өлеңдер және ұлағатты сөздер оқылады.)

«Мемлекеттік тіл – ортақ тіл»

(Сұрақ - жауап)

  1. Отан деген не?

  2. Сенің Отаның қай ел?

  3. Қазақстан қандай ел?

  4. Қазақстанның астанасы қай қала?

  5. Қазақстан Республикасын кім басқарады?

  6. Қазақстан Республикасының Рәмідері қандай?

Альбина: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім , мен де бірге өшемін.



Сағындық: Қазақ тілім – саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім – ана тілім, ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірге

Жан сырларым, тілегім, бар арманым.



Бекзат: Тіл дегенім – түсіністік құралы,

Тіл арқылы адам бәрін ұғады.

Татулық та, бірлік, достық, береке,

Бәрі-Бәрі осы ұғымға сияды.



1-оқушы: Тіл – сарқылмас қазына. Ол халықпен бірге дамып, күнделікті қарым-қатынас ісіне, қасиетіне қарай байып отырады. Тіл – бабаның көзі, атаның мұрасы.



Ахат: Жанбасам да, жансам да,

Туған тілде сайраймын.

Мылқау болып қалсам да,

Туған тілде ойлаймын.



Альбина: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.



Наргиза: Қуан халқым, күшіне енді «Тіл» заңы,

«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілменен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.



«Қызықты ұйқастар» ( Жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.)

Жизнь – өмір, уголь ... ( көмір)

Число – сан, кровь ... (қан)

Молоко – сүт, жди ... (күт)

Человек – адам, шаг ... (қадам)

Таможня – кеден, пол ... (еден)



Возми – ал, мед ... (бал)

Рыба – балық, народ ...( халық)

Дверь –есік, калыбель ... (Бесік)

Город – қала, ребенок ...( бала)

Игра – ойын, шея ... (мойын)



Көрініс: «Сөз қадірі»

Автор: Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына:

  • Балам, мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем қазына қалдырмады» деп өкпелеме. Ел ішіне қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, - дейді әкесі.

Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылса да, таба алмайды. Ойы сан саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.

Бала: Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы?



Қария: Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына, байлық жоқ.





Айна: Ана тілім – ерлігім,

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.



Сағындық: Ана тілім – әнұраным,

Ана тілім – һәм құралым.

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым.



«Сөз қаруы – ой »

(Сурет бойынша әңгіме құрау. Мектеп, оқу құралдары, асхана, кітапхана, аулада т.б.)

Мақал-мәтел білесің бе?

  1. Өнер алды – қызыл тіл.

  2. Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

  1. Тіземнен сүріндірсең сүріндір,

Тілімнен сүріндірме.

  1. Ашуың келсе қолың тарт,

Айтпас жерде тілің тарт.

  1. Піл көтермегенді тіл көтереді.

  2. Ат жүйрігі қасқа,

Тіл жүйрігі басқа.

  1. Бас кеспек болса да

Тіл кеспек жоқ.

  1. Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

«Қос тіл – қос қанатың»

(Аудармашылар сайысы. Сурет атауын екі тілде айту)

Тіл өнері («Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»)

Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады. Жауабы 3 тілде айтылуы керек.

  1. Үндемес серік, ақылы берік (кітап, книга, book)

  2. Бесікте тентек бала шырылдайды,

Көтерсең құлағыңа сыбырлайды. ( телефон, )

  1. Өзі үрмейді,

Өзі жүрмейді.

Онсыз ешбір адам да

Өз үйіне кірмейді. ( Кілт)

  1. Көшіп – қонып үнемі,

Көк жайлауда жүреді. (киіз үй)

  1. Жақсы жанады

Қара түсті болады.

Үйге жылу береді,

Кім бірінші табады. (көмір, угол)

  1. Толып келіп бос кетеді. (қасық- ложка-spoon)

  2. Жемге ауыз салса – ұтылғаны,

Айналып өтсе – құтылғаны. (балық-рыба-fish)

  1. Тұмсығымен қозғалар,

Соңында аппақ із қалар. (бор-мел-chalk)



«Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Бұл кезеңде топ басшысы әріп таңдайды. Бізге берілген мына әріптер: А,С

Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптерінен басталуы керек.

  1. Қай қалада тұрасың?

  2. Сенің сүйікті әншің?

  3. Қандай тағамды ұнатасың?

  4. Сыныптағы досыңның аты.

  5. Мінез-құлқың қандай?

  6. Қандай мамандықты қалайсың?

  7. Кімге ұқсағын келеді?

  8. Соңғы оқыған шығарманың аты.

  9. Жазғы демалысынды қалай өткіздің?

  10. Қандай гүлді ұнатасың?

  11. Мектепке немен келесің?

  12. Күзде ауа райы қандай?

Қорытынды.

  • Балалар сендерге ұнады ма?

  • «Мемлекеттік тілді меңгеру-әрбір Қазақстан азаматының парызы» дегенді қалай түсінесіңдер?



  • Құрметті қонақтар, қазақ халқы үйіне келген қонағын құр қайтармай ат мінгізіп, шапан жапқан ғой. Ендеше біз де сіздерге өнерден шапан жаппақпыз.

Күй: «Кеңес».































































ТІРКЕЛУ ҮЛГІСІ


Облыс, аудан, село / ауыл /атауы

БҚО, Зеленов ауданы , Чеботарев ауылы,

Білім беру мекемесінің атауы

Чеботарев негізгі білім беретін мектебі

Байқау мен номинация атауы

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ» байқауы, «Адамдық борышың...» аталымы

Қатысушының аты- жөні, лауазымы

Зубаирова Асемгул Жасталаповна

Чеботарев негізгі білім беретін мектебінің бастауыш класс мұғалімі

Телефоны, e-mail

87058764041, asemok_78@mail.ru

3х4 фотосы






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Мемлекеттік тіл- мені? тілім

Автор: Зубаирова Асемгул Жасталаповна

Дата: 30.04.2016

Номер свидетельства: 323645

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Мемлекеттік тіл - менің тілім!"
    ["seo_title"] => string(33) "miemliekiettik_til_mienin_tilim_2"
    ["file_id"] => string(6) "406446"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491301270"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Мемлекеттік тіл - менің тілім"
    ["seo_title"] => string(33) "miemliekiettik_til_mienin_tilim_3"
    ["file_id"] => string(6) "457805"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518771571"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Мемлекеттік тіл - мені? тілім! "
    ["seo_title"] => string(31) "miemliekiettik-til-mienin-tilim"
    ["file_id"] => string(6) "134375"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416741124"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) ""Мемлекеттік тіл- мені? тілім!" "
    ["seo_title"] => string(33) "miemliekiettik-til-mienin-tilim-2"
    ["file_id"] => string(6) "213632"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432109126"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Мемлекеттік  тіл - мені? тілім" саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(41) "miemliekiettiktilmienintilimsabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "326343"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463145840"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства