kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мақала «Ы.Алтынсариннің ағартушылық және педагогикалық қызметінің құндылық негіздері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыбырай Алтынсарин аңартушы, педагог. Ол қазақ балалар әдебиетінің атасы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мақала «Ы.Алтынсариннің ағартушылық және педагогикалық қызметінің құндылық негіздері»»

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық және педагогикалық қызметінің құндылық негіздері.

Кусаинова Улберген Рамазановна

Сактаганова Жанар Хансултановна

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі» КММ



Аннотация

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихы мен ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Сонымен қатар ол көрнекті ақын әрі жазушы болды. Ыбырай өзінің күш – қуатын халықты, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырай Алтынсариннің қазақ балаларының оқуға деген көз қарасын оятып, ұлттық сана сезімдерінің ашылуына зор үлесін қосты.

Түйінді сөздер: білім, білім мәдениеті, өнер, ғылым, тәрбие.



Тәуелсіздіктің 30 жылдығын  тойлау Ұлы даладағы әйгілі педагог-ағартушы  Ы.Алтынсариннің  мерейлі 180 жылдығымен сәйкес келіп отыр. Өз халқына шексіз қызмет еткені үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ыбырай Алтынсаринді Қазақстанның халық ағарту саласының  тұңғыш  ағартушысы деп атаған.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының  тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы–педагог. Ыбырай Алтынсарин педагогикасының мұраларының  негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым –қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің  барлық  педагогикалық  теориясында  жас  жеткіншектердің ұлттық  тәрбиесін  қалыптастырып, жетілдіруде қазақ  халқының  ғасырлар бойы тәрбие саласында  жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген  пікірді  ұстанғандардың бірі Ыбырай. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, әсіресе, қазақтың мәдениетін, өнерін терең білетін, ақыл–парасаты  жоғары,  сөзге шешен, елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болған. Ыбырай бала жастан халықтық  педагогикадан  алған тәлім–тәрбиесін, үлгі–өнегесін көңіліне түйгендерін оқу, ағарту істері арқылы қазақ  балаларының бойына сіңдіре  білді. Ыбырай. Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып   қалдырмағаны белгілі, бірақ оның ұлттық–эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс  тапты. Алтынсарин шығармалары халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келеді. Ыбырай Алтынсарин жастарды оқу-білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды,  айтпақ  пікірін  оқушы зердесіне сіңіру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады.

Қазіргі жас буын жан-жақты терең білімді, саяси-экономикалық сауатты, яғни интелектуалдық деңгейі жоғары болса, тәуелсіз мемлекетіміздің мықты тірегі болатынына сеніміміз мол. Ыбырайдың да алға қойған мақсаты-қайткен күнде де «қалың елі, қазағым» терезесі тең көсегелі, көргенді мәдениетті, өнері өркендеген ел қатарына қосу болатын. Осы жолда сан кедергілерге кездесіп, «мыңмен жалғыз алысып», аңсаған арманға жету жолында бойдағы бар күш-қайратын, ақыл-парасатын сарп еткен. Ыбырай да қалың бұқараның шынайы қамқоршысы бола білді. Тұңғыш педагогіміздің идеяларын дамытып, қоғамда пайдалана білу үлкен бір жетістік деп санаймыз.

Бәрімізге мәлім, Ыбырай Алтынсарин сол алыс жылдары Торғай мектебінде мұғалім болып жұмыс істей отырып, оқу-тәрбие процесін жаңаша ұйымдастыра білді, сонымен қатар, ол «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралының» авторы болып табылады. Ы.Алтынсарин жастарға кәсіптік білім берудің қажеттігін терең ұғынып, ол қазақ жастарын өнердің әр түрін меңгеруге шақырды, 1883 жылы Торғай қаласында тұңғыш қолданбалы өнер кәсіптік-техникалық оқу орнын, ал1888 жылы Орскіде қазақ жастарының арасынан бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын мектеп ашты. Ұлы Ыбырай – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы, ол бірінші болып Л. Толстойдың, И. Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Қазақ халқының ұлы перзентінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында «Ы.Алтынсарин» медалі белгіленді.

Ыбырай Алтынсариннің есімі Ұлттық білім академиясына, бірқатар елді мекендерге, Қазақстан қалаларының көптеген көшелеріне, республиканыңелу мектебіне, Арқалық педагогикалық институтына, Рудныйдағы әлеуметтік –гуманитарлық колледжіне берілді. Оның туған жерінде мемориалдық мұражай ашылды.

Ыбырай Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік, нақыл-насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер-білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім  мен өнерді игерудің  тура жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ол қызметінде балаларды оқыту  мен  тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту  мен тәрбие процесін  жүргізуші мұғалім деп  таниды. Ол надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді.

Біздің ойымызша, осы заманғы білім беру мен кәсіптік даярлау, білімді, парасатты негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту-бүгінгі таңда білім беру құрылымының маңызды элементтірінің біріне айналуда, дуние жүзінде білім сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болуы тиіс. Әрине, бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіріп, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болып отыр. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала білімнің дамуы төмендейді деп еп есептеймін. Себебі тәуелсіз ел тірегі-білімді, еңбекқор ұрпақ. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларға, білім беруде, тәрбиелеуде Ыбрай Алтынсариннің өмірінің, педагогикалық идеяларының өнегелі тәрбие беретін жақтары жеткілікті. Себебі, Ыбрай бүкіл өмірі, еңбектері, негізінен үлгілі-өнегелі адам тәрбиелеу ережесі десе де болады. Ыбрай мұрасын мәңгілік өнеге мектебі дейміз.

Қазіргі таңда жан аямай кәсіп қылудан безінетін «бейнет көрмей дәулет жоқ екенін» парасаттамайтын, ұрлық пен қулықты қызық көретін жастарды жақсы мінез-құлық пен имандылыққа үйрететін, ел болып ер жетуімізге жол нұсқайтын асыл-Ыбрай мұрасы. Ыбрай шығармаларындағы терең ойды мұғалім тек өзі терең түсінгенде ғана баламен жүгізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болады деп есептеймін.

Қазіргі таңда да Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық және педагогикалық қызметінің құндылық негіздері өте өзекті. Оның қызметі оқушының эстетикалық танымымен, қағидаларымен тұжырымдап отырады. Қазіргі ұстаздың сабағында жаңа технология әдіс-тәсілдері оқушыларды ортамен қарым-қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын еркін айтып қорғай білуге, әдептілікке, жауапкершілікке, өнерге, еңбектенуге үйретеді. Ыбырай ұстазымыздың да ұсынған әдістемесінің негізі осы ғой.

Тұңғыш ағартушының қалыптастырған ізгілендіру, ынтымақтастық идеясы, ізгі ойлары, талғамы, педагогикалық идеялары біздер үшін өте пайдалы. Біз педагогтар Ыбырай Алтынсаринның еңбек, тәртіп, тәрбие идеяларына тоқталып, қазіргі заман талабымен ұштастырып жатырмыз. Ол әр оқушыны біртұтас жасампаз тұлға деп қарайтын. Сондықтан жеке адамның бойынан жоғарыда айтылған адамгершілік қасиеттерінің бірі табылса, біртұтас мінез қалыптасады. Бұлар ұстаздардың оқушыларға дұрыс, жүйелі, табанды түсіндірумен, балаға дұрыс талап қоя білулерімен жүзеге асырылады және ұзақ уақытты қажет етеді деп ойлаймыз.

Біз кәсіби қазақ тілі сабақтарында бағдарлама бойынша тақырыптарды оқытқанда қазақ халқының қолданбалы өнерінің тарихы, түрлері жайында мәтіндер құрастырып, орынды пайдаланамыз; халқымыздың еңбекке баулу тәсілдеріне назар аударамыз; оқудың ұлттық сапасын оятумен бірге ата-бабаларымыздың қонақжайлық, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық жасау, мейірімділік, еңбекке үйрететін әділ- тәсілдерді қолданамыз. Қазақ тілі сабағын үнемі ұлттық педагогикамен ұштастыруды көздейміз. Ыбырай Алтынсарин мектептегі тәртіпке зор көңіл бөлген «Тәртіптің шындыққа айналауы тәртіптілік сезімін тудырады»-деген ұлы ұстаз. Тәртіп деген педагогикалық ұғымға Ыбырай Алтынсарин терең талдаулар жасайды. Ол бірде тәртіп-тәрбие құралы десе, бірде тәртіп-тәрбиенің нәтижесі деген анықтама береді. Ал бұл халық педагогикасындағы «тәрбие-тәртіптің құлы» деген түсінікке жақын. Сондай-ақ тәртіп оқушының мектеп ережесіне бағына білу. мен шын еркіндіктің табиғи бірлігі дегенді де ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин жазған. Міне, кезінде аса көргендікпен көпшілікке ұсынған осы ұғым тұжырымдары қазір де мұғалімдердің қажетіне жарап жүр.

Оның шығармаларының басты тақырыбы еңбекті қадірлеу. Жазушы өсиет, өнеге көңіл бөліп, адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбие рөлінің ерекшелігіне тоқталады.

Ыбырай әңгімелерінің ішіндегі оқушыларды өте қызықтыратын шығармасы - «Бай баласы мен жарлы баласы». Оқушылар қазақ қоғамындағы өмір шындығымен, ауыр тұрмыстың ыстық қазынасында пісіп, шығып ауыр тағдырды көрген кедей баласының еңбек қорлығымен танысады.

Біз сабақта осы мәселеге көңіл қойып, шығармамен таныстырамыз. Білім алушылар Асан мен Үсенге салыстырмалы мінездеме береді. Олар кедей баласы сабырлы, еңбекқор, өмірге икемділігі бар деп мінездеме бере отырып, шығарманың идеялық мазмұнын айқын түснеді, аша алады. Ал «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин еңбектенсең, талаптансаң, мақсат-мұратыңа жетерсің-дей келіп осы идеяны ашып көрсетеді. Бұл балаға білім берудегі еңбекке баулудың рөлі өте зор деген ой. Ыбырай Алтынсарин оқушыларды еңбек арқылы тәрбиелеу, оқыту өз еңбегіңің нәтижесін көруге, одан қанағат, ләззат алуға үйретеді, еңбек етіп үйренген адамға білім беру жеңілірек болады деген пікір ұсынады.

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық және педагогикалық қызметінің құндылық негіздерінің бірі - адамгершілікке тәрбиелеу идеясы. Ол осы идеяны көтеріп, оны шешу жолдарын тапты. Қазіргі біз пайдаланып жүрген тәрбиенің кай саласын да Алтынсарин еңбектерінен табуға болады. Заманауи білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы - жаңа педагогикалық технологияларды қолдану екені бәрімізге мәлім . Білім алушының табиғи дарындылығын, қабілетін ащу арқылы жас ерекшелігін ескере отырып, технология әлементтерін тиімді пайдалану керек. Біз бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, оқушыны жалықтырмай жүргізуге тырысамыз. Сабақ - ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма ғой. Өз кезінде Алтынсарин да мұғалімдерге дәл осындай талап қойған болатын. Бұл Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық иделарының өміршендігін байқатады. Мұғалімнің беделін көтере отырып, Ыбырай Алтынсарин мұғалімге талап қойған.

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің мағынасын түсініп, меңгереді. Оқушылардың білімге деген ынталары, құлшыныстары артады. Өмірде сарқылмас мол  байлық  білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей-жалықпай еңбектенудің керектігін түсінеді. Бұл әсіресе  «Талаптың пайдасы» т. б. әңгімелерімен көрінеді.

Шығармаларында оның өнерге деген ықылас – ілтипаты анық байқалады. Өзінің өлеңдері  мен әңгімелері арқылы жастарды  табиғаттың әсемдігін , адам сезімін қабылдап, түсіне білуге тәрбиелейді, оның өлеңдері  мен ғибрат әңгімелері жас ұрпақты тәрбиелеу  мен оқытуда  күні бүгінге дейін  өз маңызын жойған жоқ. Ол аймақта мектептер  мен кәсіптік  училищелер ашу арқылы жалпы және  кәсіптік білім беру ісінің негізін қалады.

Сиса көйлек үстінде,Тоқуменен табылған.Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған,- деп  педагогтік тәсіліменен  балаға еңбек атаулыдан хабар аңғартады. Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында , тек осы мектептерде ғана деп   жазған  болатын.  Ы.Алтынсарин шығармаларында еңбекті сүю, білімдіден үйрену , талпыну, адамды сыйлау үгіттеледі.

Ы.Алтынсарин – қазақтың салт – дәстүрін зерттеумен  айналысқан ғалым этнограф. Еңбек тақырыбы – Ыбырай әңгімелерінің арқауы. Ол техниканы меңгерген адам  зор игілікке ие болады, жаратылыстың тілін  біледі, оны өзінің айтқанына көндіреді , халықтың жалпы  мәдениетін  көтерумен қатар  негізінен  олардың   тұрмысын  жақсартады  дейді. ХХ ғасырдың басында  бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген  ағартушылық қозғалыстың  туын А.Байтұрсынов,   М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатовтар   жалғастырды.

Сонымен Ыбырай  өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ халқының жаңа  буынын тәрбиелеп, олардың озық мәдениетті  елдерден үлгі ала отырып, білімді де саналы азамат болып жетілуіне  айтарлықтай үлкен үлес  қосты.Ыбырайдың бұл тарихи қызметі кезінде өзінің замандас достары Н.И.Ильминскийдің, А.А. Мазохиннің, Ф.Д.Соколовтың, А.В.Васильевтің, А.Е.Алекторовтың, Ғ.Балғымбаевтың естеліктерінде жылы ілтипатпен аталып жоғары бағаланды. Алайда ұлы ағартушының  сан қырлы педагогикалық, ғылыми зерттеулері, сондай – ақ өлеңдері мен прозасы , аудармалары біздің  заманымызда ғана терең  зерттеліп, өзінің  тиісті , әрі байсалды бағасын алды. Қоғамдық ой – сананың дамуына өзіндік үлес  қосқан ұлы тұлғалардың қатарында   Ыбырай  Алтынсарин есімі де тұрады.Ұлы ғалым – педагог Ы.Алтынсариннің  «Қазақ хрестоматиясы» және  «Таза бұлақ» деген оқу – әдістемелік  еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму  тарихында аса зор  оқиға  болып   бағаланады. Және  болашақ  ұрпақтың ақыл ойы мен жеке тұлғаны  қалыптастыруда адамгершілік , эстетикалық еңбек  дағдылары  мен   қасиетін  тәрбиелеудің негізі  болып  есептеледі. Жеке  тұлғаны оқу мен өнерге , мәдениетке, адамгершілікке  тәрбиелеуде  Ы.Алтынсарин аса  бағалы, бай  қор – қазақ  фольклорына ерекше   назар аударды. Бұлдан  ұлы  ағартушының істеген  ісінен, шығармаларынан  бала  тұрғысынан қалыптастыру мен  тәрбиелеуде қазақ  отбасының тәлім  аларлық  ең  жақсы  дәстүрлеріне жоғары  баға  бергендігін  көреміз.

Кім сендерді, балалар  тербететін,

Еркелетіп,  ойнатып, сергітетін ?

Жалқау болсаң, балалар, жаман  болсаң,

Қамқор анаң көз  жасын көлдететін,- деген,  ақын бұл өлең  шумақтарынан  отбасындағы ата – ана тәрбиесі мен  баланы  сүйіп, еркелететіндігін  және ата – ана  баланың алғашқы табиғи тәрбиешісі, балажандық қасиеті мен ерекше мейірімдігін көреміз.    Ы. Алтынсарин еңбек  процесінің бала  тәрбиесіндегі  ерекше маңызын  көре біледі. Сондықтан оның  көптеген әңгімелерінің идеясы  Абай айтқандай  «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың  төңірегінде топтасқан.  Мәселен. «Бай баласы мен жарлы баласы». Асан мен Үсен әңгімесі шындық реалистік әңгіме. Осы әңгімесінде  Алтынсарин  бүкіл ағартушылық еңбегінің негізгі сырын, әлеуметтік тенденциясын  айқын ашып береді.Үсен арқылы  еңбекші бұқараның жас ұрпағының еңбек сүйгіштігін , әр нәрсенің  ретін таба білетіндігін көрсетеді. Ал Асан бейнесінде  мұндай қасиет  байқалмайды. Үсен бейнесінен  тек еңбексүйгіштіктен  басқа дәрменсіз Асанға көмегі оның адамгершілік  жағынан  бейнесін сомдай  түседі. Мұнда қазақ өміріндегі  Асанға лайық  ұқсас  мінездерін айқын көрсетіп береді. «Ол жастайынан  сұрағанын әперетін, дегенін істейтін  кісі болғандықтан жатып ішер болуға әрекеттенеді» … «Ол еш нәрсе істеуге әдеттенген жоқ, демек, өзінің не істей  алатынын, несі жоқ екенін жақсылап айыра алмайды». Осы жерде қортынды жасай  кететін болсам: мұндай балалар қазірдің өзінде де кездесіп отырады. Олар әке – шешелерінен  көмек күтіп  таңнан  кешке  дейін  отырудан тайынбайтындар  кездессе, керісінше бос уақыттарында  пайдалы іспен айналысып , ата – аналарынан  көмектерін  аямайтын  балаларды да жиі кездестіруге болады. Осы әңгіме  арқылы  мектеп  оқушыларына жақсы мен жаман, кедей мен бай, сараңдықпен  жомарттық   туралы  сөздермен  біраз мағлұматтар беруге болады.  Ы.Алтынсарин осы іспеттес  әңгімелерінде еңбек процесінің  адамның  сана – сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жақсы түсінген. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей жасөспірімдердің  басында кездесетін түрлі жаман мінездерді  отбасындағы тәрбиемен терең астастырады. Адамның жеке басының  мінез – құлқын қалыптастыру, оның бойынан жойылып бара жатқан  адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иманжүзді етіп  тәрбиелеу ата – ананың тікелей әсерімен отбасынан басталып, мектепте жүзеге асатынын ескерген жөн. Ыбырай келешегінен үміт күткен, өз халқын жан тәнімен сүйген, халқының мәдени  көркейіп өсуі үшін  бойындағы бар күш жігерін  аянбай  жұмсаған нағыз  патриот азаматтар еді. Өз заманының  ақыл ойшылдары   ірі қоғам  қайраткерлері, олардың дарқан бейнелері мен іс әрекетінен  қазақ халқының  мәдени экономикалық  дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксеген біртуар асыл азаматы.     Қазақ педагогикасының дамып, өркендеуіне белсене ат салысып мынандай үлес қосты:  қазақ балаларына алғаш мектеп ашты,  Ырғыз қазақ қыздарына арналған мектеп – интернат ашты,  «Қазақ хрестоматиясын»,  «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазды.  Қоғамның заңды тіршілік  етуі  тек  қана халықтың ағартушылық  деңгейі  қоғамдық  және  дара  санының  дамуы  арқылы   мүмкін  болатынын тарихи іс  тәжірибе  көрсетіп  отыр.Әлемдік  деңгейдегі балық  құқықтық  мемлекеттерде азаматтық  қоғам ғасырлар  бойы  жинақталған   құндылықтар негізінде қалыптасқаны  белгілі. Сондықтан да , Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының  «Тарихты танып зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды  танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның  сілемін  табасың»  деген сөздерінде  тарихтың шексіз  тағылымы да  ақиқаттың құдіретті  мейлінше айқындала түседі.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының  ең ірі , ең беделді көшбасшысы  қазақ ғылымы мен мәдениеті, оқу тәрбие ісі  тарихына сіңірген орасан зор еңбектерінің  тарихтан өшпес орын алатынын бүгінгі демократия мен әділеттілік салтанат құрған дәуірде өмір шыңдығы дәлелдеп отыр. ХХІ ғасырда білім сапасы  жалпыға ортақ, рухани – этикалық басымдылық негізінің мән құраушылық және шығармашыл, жаңашыл сипатына ие, сонымен қатар ғылыми негізде шынайы құрылған , сан қырлы , адамзат пен мемлекеттің  мәдени ескерткіштеріне сай негізделген, этномәдени , әлеуметтік – кәсіптік  және конфессионалды топтардың жан – жақты қажеттіліктерін, сондай – ақ жеке тұлғалардың рухани сұраныстарын  қанағаттандыруға бағытталған  болуы  қажет. Осы бағытта Ыбырайдың игілікті ісін  ықыласпен  қолдап, оны егемен елдің  білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиенің озық нобайы ретінде жандандырып, инновациялық сипатта әр бере отырып, тиімді қолдану оқыту міндеттерінің  талабы болған абзал.

Ы. Алтынсариннің есімі әрбір қазақстандыққа таныс. Қазақстанда сол кез үшін мүлдем жаңа халық мектептерінің құрылуы оның есімімен байланысты. Ол біздің ұлттық біліміміздің бастауында тұрды. Ол туралы Ұлы естелік педагог, ағартушы, ең бастысы – өз елінің патриоты ретінде сақталды. Ы. Алтынсариннің барлық педагогикалық және мәдени қызметі патриотизммен байланысты болды . Ғылымға деген қызығушылықты, еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлді, Халыққа қызмет етуге шақырды, адамгершілік пен әділеттілік сезімдерін дамытты. Ыбырай Алтынсарин шығармаларының әдеби мұрасы сипаттамалық емес, ағартушылық және патриотизм идеялары рухында айқын тәрбиелік сипатқа ие.

Кез келген халық өз саясаткерлерін, қоғам қайраткерлерін, ақындары мен жазушыларын мақтан тұтады. Қазіргі Қазақстанда бүкіл саналы ғұмырын сауатсыздықты жоюға, қазақ халқын орыс және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулуға арнаған Ыбырай Алтынсариннің есімі ерекше құрметтеледі. Ыбырай Алтынсарин-XIX ғасырдың көрнекті ағартушысы, этнограф, ақын, прозашы, аудармашы.



 Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ақылжанов М. Қазақ ағартушыларының қоғамдық саяси көзқарастарының қалыптасуы. А, 1975.

  2. Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А, Ғылым .1990.

  3. Жарықбаев Қ. Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. А, 1965.

  4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А, Санат. 1994.

  5. Керімбаев Н. Жасымда ғылым бар деп ескермедім. А ,Рауан. 1995.

  6. Қирабаев С. Бес ғасыр жырлайды 2-т. А, Жазушы. 1989.

  7. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин. А, Ана тілі. 1991.

  8. Сыздықов Ә. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. А, 1969. 

  9. Ы.Алтынсарин тағылымы. Алматы 1991 ж

  10. «Қазақ тілі мен әдебиет » журналы. 2008ж, № 4,5

  11. Бес ғасыр жырлайды. Алматы,  «Жазушы», 1989 І том

  12. «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006ж

  13. Ы. Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар» Алматы, 1989ж

  14. Ы.Алтынсарин . Таңдамалы шығармалары.320 бет

  15.   Ы.Алтынсарин   тағылымы. Құрастырған М.Жармұхамедов








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Сактаганова Ж.Х., Кусаинова У.Р.

Дата: 25.03.2022

Номер свидетельства: 603380


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства