kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мәңгілік ел

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды елін, отанын, халқын, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мәңгілік ел»

Мәңгілік ел – біздің күш қуатымыз
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.

Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы,Елтаңбасы, Әнұраны. Н.Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы: 
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын. Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
    Атыңнан айналайын егемен ел,            
                   Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
                   Мерейің құтты болсын Қазақстан!
                   Ғасырлар тойы болшы келе берер!
    Халқымның мақтанышы - алып тұлға.        
    Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
    Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
    Ұқсайды менің асқақ арманыма.
  «Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.
Хор      «Елім менің»       Сөзі: Н. Назарбаев           Әні: Б.Тілеуханов
«Астанаға саяхат»  суреттер көрсетіледі.

    Көз қуанып күн сайын көркеміне,
    Көңіліміз сенеді ертеңіне    «Астана» суреті
    Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
    Таңым ғана лайық ел төріне.
Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?
Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті.
 Оқушы:        Бұлт баспасын күнімді                        «Ту» суреті
    Тарылмасын өрісім.
    Биік ұстау Туымды-
    Қасиетті борышым.
Оқушы:     Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою-өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай-берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Жанбота:      Желбірейді шалықтап
     Қазақстан жалауы
     Көкке қыран қалықтап,
     Қанат қағып барады

Зере:    Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
     Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
     Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
     Алатаудай көкке өрлеген азатпен
 Карима:            Бабам тұлпар жаратты    «Елтаңба» суреті
     Құлынын да танып ақ
    Тұлпар барда қанатты
     Шайқалмасын шаңырақ.
Қуаныш:       Тәуелсіздік көркі ол да,
                       Өрке ниет өрінде
                       Нұр төгеді Елтаңба
                       Ақ Орданың төрінде.
Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен, еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.
Нағима:    Батырлыққа уызынан жарыған
     Ер түркіні байрағынан таныған
     Өзі ақын, өзі әнші халықта
     Кім айта алар
     Болмаған,- деп - Әнұран?!
Оқушы:     Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Хор  «Әнұран»  Бәріміз әнұранды айтып берейік.
Дильназ:         Бақтың құсы әр адамға қонып бір
     О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
     Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
     Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Гульназ:          Көк аспанда нұлы күн
     Күлімдейді далама
     Бақыт тілеп тұр бүгін
     Ол барлық пәк балаға.
«Сөзжұмбақ»  шешу.
Айсұлтан:           Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
     Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім
     Самғап жүрсек бостандықта, биікте
     Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.
Хор  «Қазақстан» 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мәңгілік ел

Автор: Мынжасарова Светлана Жолмурзаевна

Дата: 08.04.2017

Номер свидетельства: 407754


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства