«Әлем. ХХІ ғасыр манифесі» «Ақ орамал» республикалық акциясы «Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері»
«Әлем. ХХІ ғасыр манифесі» «Ақ орамал» республикалық акциясы «Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері»
«Әлем. ХХІ ғасыр манифесі»
«Ақ орамал» республикалық акциясы
«Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері» Мақсаты: Елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру. Шараның көрнекілігі: 1.Ядролық жарылыстар - видео фильмдер, ядролық жарылыстан зардап шеккен адамдардың суреттері - слайдтар. 2. Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев т. б. суреттері мен кітаптары. 3. Ұлы адамдар сөзінен цитаталар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Әлем. ХХІ ғасыр манифесі» «Ақ орамал» республикалық акциясы «Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері»»
«Әлем. ХХІ ғасыр манифесі»
«Ақ орамал» республикалық акциясы
«Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері» Мақсаты: Елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру. Шараның көрнекілігі: 1.Ядролық жарылыстар - видео фильмдер, ядролық жарылыстан зардап шеккен адамдардың суреттері - слайдтар. 2. Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев т. б. суреттері мен кітаптары. 3. Ұлы адамдар сөзінен цитаталар.
БАРЫСЫ: Жүргізуші: Армысыздар ардақты қонақтар, ұстаздар, аяулы оқушылар! Бүгінгі «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында өткізгелі отырған «Семей полигоны - тарихтың қасіретті беттері»атты акциямызға қош келдіңіздер! («Детство»күйі ойнап жатады. Әсем күйдің ырғағымен тақтадан қазақ елінің көркем табиғаты көрсетіліп жатады)
Ақ орамалдың қазақтардың тарихында философиялық мағынасы терең.
Ақтүс:
тазалықтың белгісі;
адамның ойымен жан-дүниесінің пәктігін білдіреді;
бұл – адамзат өмірінің негізі – ананың ақ сүтінің түсі;
бұл – абыройдың, ізгіліктің, аманатқа адалдықтың белгісі.
«Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған: әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған.
Іс-шараның идеологиялық мазмұны Мемлекет басшысының «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде алға қойған міндеттері:
қоғамның барлық мүшесінің және әрбір азаматының бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына бірдей жауапкершілігін сезінуі;
өзара құрмет көрсету және басқалардың ішкі істеріне араласпау;
саналылық және сұхбат, ұстамдылық және ақыл-парасат;
жаппай қырып-жоятын ядролық және басқа да қару-жарақ түрлерінен бас тарту;
баянды бейбітшілік әлемін қалыптастыру, өмірлік іс-әрекет әдісі ретінде соғыс атаулыны түбірімен жою;
Акцияның мақсаты – елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.
Сөз кезегін мектеп басшысы Ерментаева Мерует Сатқанқызына беріледі. 1 - оқушы: Шықшы тауға, қарашы кең далаға, Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға, Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең, Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? Уа, дариға, алтын бесік - туған жер, Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр! Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей, Ақын болмай, тасың болсам мен егер. Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің, Нендей күйге жүрегімді бөледің!
2 - оқушы: Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем, Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім! Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім, Қызығыңды көріп еркін келемін. Сен де аямай бердің маған барыңды. Мен де аямай барым саған беремін Болдым ғашық, туған дала мен саған Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың, Алтын діңгек - өзім туған босағам! Жүргізуші: Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат Ал адамға ауа қымбат бәрінен Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. Семейім танылып ең бар ғаламға, Абай мен Шәкәрімдей ұлдар туған. Бүгінде жарылыстан зар жылаған, Болашаққа үміт артар қай ұрпағың. Семей тарих таңбасы қалған қалаларға жатады – Ол әдебиет, өнер мен ғылым қайраткерлерінің туған жері болып табылады. Бұл ұлы ақын, Қазақтың ұлттық мақтанышы Абай Құнанбаев, көрнекті философ Шәкәрім Құдайбердиев, әлемдік әдебиеттің корифейі Мұхтар Әуезов, халық әншісі Бибигүл Төлегенова және т. б. туған жер. Осындай ғұламалар туған жерді атом бомбасының сынақ алаңына айналдырғандар талай жанның көз жасына қалғаны хақ.
«Елім - ай»әнінің әуені ойнап тұрады. Ортаға оқушылар шығады. Қабақтары қатулы. 1 - оқушы:Аружан 1947 жылы 21 тамызда КСРО Үкіметінің арнайы қаулысымен «Семей - 21» деген шартты атаумен жаңа жасырын қала пайда болды. Қала әскери - өнеркәсіптік кешеннің мүлде жаңа құрылымына яғни ядролық сынақ полигонына толық қызмет етуге тиіс болды. Алға қойылған міндеттерін бұрын соңды көз көріп құлақ естімеген құрамы ескеріле отырып, ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан жайылымдар, шабындықтар, таулы қыраттар есебінен 18 мың шаршы км - дей жер бөлініп берді. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын, реакторлар кешенін, «Балапан», «Г»(Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш»сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. 2 - оқушы:Есен Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты (жылына 14 - 18 сынақ) құрады. Олардың 116 - сы ашық болды, жер бетінде, әуе кеңістігінде жасалды. Сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 3 - оқушы:Айару 1949 жылы 29 тамызда тұп - тура таңғы сағат 7 - де Семей ядролық сынақ полигонында тұңғыш рет КСРО мемлекетінің ядролық қаруы сыналып, қуаты 20 килотонналық РДС - 1 плутоний заряды жер бетінде жарылды. Көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп аспанға көтерілген. Таяу жердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от - жалынға таңырқап қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан - тәсілім алдында жанталасқан тышқан, қарсақ, кесірткелердің өлі денесі табылған. 4 - оқушы: Бұл КСРО - да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа танталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулелену ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалды. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялар. Жалпы алғанда қатерлі ісік аурулары сынақтар басталғалы бері 3 есе өсті. Семей полигонына жақын аудандарда жетілуінде, тәндік және есту кемшіліктері әрқилы сәбилер дүниеге көп келді. Біздің Аягөз ауданы облыс бойынша сүт безі рагы ауруы жағынан 1 орында тұрмыз, асқазан, өкпе, жатыр мойыны ісігі де одан кейінгі орындарда. Сүт безі обырынан осы жылдың 9 айының аралығында 2 әйел қайтыс болды. Мамандардың айтуынша соның бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Жүргізуші: «Заман - ай» әні- Қазақстандағы Семей полигонының қасіретіне арналып шығарылған ән. Бұл әннің өлеңін жазған қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулетов, әнін жазған қазақ халқының сазгері Төлеген Мұхамеджанов сынды ағаларымыз елінің қасіретін барша әлемге жеткізді. Р. Рымбаеваның орындауында «Заман - ай» әні тыңдалады. Тақтадан Семей полигонынан зардап шеккен адамдар мен балалардың суреттері шығып тұрады.
6 - оқушы:Светлана Өз жерінде мылтықсыз майданның құрбанына айналған халықтың денсаулығына іс жүзінде ешбір жәрдем көрсетілмеді. Оны айтасыз дәрігерлерге радиация әсерінен болған аурулардың дұрыс диагнозын қоюға тыйым салынды. Менің ата-мекенімнің маңдайына осындай қасірет таңбасы басылыпты. Тек 60 - сыншы жылдардан бері ғана бір ауылдан 500 - ден астам адам ядролық сынақтың кесірінен қыршынынан қиылса, 150 - ден астамы онкологиялық емханада жатып жарық дүниемен хош айтысты. Ал қаншама адам өз - өзіне қол жұмсау қасіретіне ұшырады. Ән: «Атамекен» орындайтын Сансызбаева Светлана 7 - оқушы: Қазақ жеріндегі осындай адам төзгісіз алапатты тоқтатып, тажалды тізгіндеуде аянбай еңбек еткен тұлғалар бар. 1991 жылдың 29 тамызында Президент Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл - Тәуелсіздік ала сала қазақ елі қабылдаған алғашқы маңызды шешімдердің бірі болды. Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев. Семей ядролық сынағына қарсы алғаш бастама көтерген тұлға, К. Бозтаевтың «Семей полигоны», «Қайнар қасіреті» кітабында полигон қасіреті баяндалған. Елімізде ядролық сынақтарға қарсы «Невада - Семей» халықаралық қозғалысы көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың бастамасымен 1989 жылдың ақпан айында құрылды. 8 - оқушы: Біз, Қазақстан елінің жастары, жасөспірімдері, бүлдіршіндері еліміздің өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан игі қадамы үшін Елбасымызға, «Невада - Семей»қозғалысының басында болған О. Сүлейменов сынды, сонау қылышынан қан тамған заманда Семей ядролық сынақ полигон жайында КСРО Қорғаныс министріне сұрау салған Нұртай Сабильянов ағамызға, ел басқару ісінде болған К. Бозтаев, Хафиз Матаев сияқты ағаларымызға, аталарымызға ризамыз және барлық елдердің балалары ядролық қарудың құбыжық кейпін көрмеуін, дүмпуін естімеуін қалаймыз. 9 - оқушы: Уа, адамзат осыншама ессіз бе ең? Жер емес пе, бар байлығың, несібең? Ғаламшарды от - жалынмен орайсың, Шықпап па едің туып - өсіп төсінен, Атом деген сәнге айналып ел - елде, Полигондар қаптап кетті жер - жерде, Хиросима, Нагасаки, Семейдің, Жапа шеккен қасіретін көрмей ме? Қайбір елдер мақсаттарын бүркейді Қорғанысқа ең оңтайлы қару деп, Қайбір елдер жар салуда мақтанып, Мақсатымыз - атом жасап жару деп. Соғысқұмар алпауыттар өршітіп, Жол беруде ғаламшарлық апатқа. Қазақстан бас тартқан бұл қарудан, Өзге елдер неге үлгі алмасқа? Жаралы әлі тау - тасы мен даласы, Жаралы әлі топырақ, суы, ауасы. Талай ұрпақ қасірет кешіп басынан Жапа шегер адамзаттың баласы Жаралы жер сыздауда әлі жарасы Жараланған тау - тасы, суы, ауасы, «Неведа - Семей» қозғалысы басталып Болып шықты жарылыстың дауасы Полигонды жаппай тыным таппаған Олжастай ер - елдің жоғын жоқтаған Адамзатқа ажал сепкен отты алаң Елбасының бұйрығымен тоқтаған Қарт Шыңғысхан көрген қилы заманды Түнек кетіп көрді күнді арайлы Адамзаттың баласы мен даласы Болашаққа үмітпенен қарайды Салмақты ойлы халықпыз ғой жалпы біз Салауатты бейбіт күн боп салтымыз Елбасы бар Нұрсұлтандай көреген Ақ тілеулі Қазақстан халқымыз.
Ән: «Қазақстаным» орындайтын Қанат Еламан 10 - оқушы:Жансая Бүлдіршіндер тілейді бұл кез әлемде Тек тыныштық болсын деп бар елде Біздер үшін қам жеп жүрген жасқанбай Ағаларға озық ойлы сәлем де Олжас бастап ұйым құрған Невада Оған кірді үлкен менен бала да Полигонды жабу керек аластап Басқа сөзді тыңдама да, қарама 11 - оқушы:Айсәуле Вашингтонда 2010 жылдың 14 сәуірінде өткен «Ядролық лаңкестік қатерін азайту және ядролық материалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық шаралар» саммитінде АҚШ Президенті Барак Обама Қазақстанды ядролық қарусыздану жөніндегі әлемдегі көшбасшы ел деп танитынын мәлімдеді. Бүгінде Семей ядролық полигонының ресми жабылғанына 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен тұспа - тұс келіп отырған осы айтулы оқиғаны әрбір жас білуі керек. 2001 жылдың 29 тамызында Семей қаласындағы «Полковничий» аралында Семей ядролық полигон құрбандарына арналған үлкен ескерткіш қойылды. «Өлімнен де күшті» мемориал жобасының авторы - Шота Уәлиханов. 13 - оқушы: Табиғатқа, Тартпай қоймас - Адамдар, Суда балық, Көк жүзінде қыран бар. Жеңе алмайды, тірліктегі - бірлікті Ашылса да алты алауыз - арандар! Жер - қайыспас, Өзі өндірген салмақтан, Қашпайды ешкім, Ажал - деген қармақтан. Өзі жасап, Жұмақ жердің үстінде Құтыла алмай келе жатыр - Тозақтан! Баласымыз, Ғаламшардың - Жер деген, Ғасыр бар ма? Көрегесін көрмеген. Қиян - кескі, Ғажайыптар болса да Адам бірге жасасады - Жерменен! 14 - оқушы:Есен «Қазақстан - 2030» Бағдарламасында Елбасы Н. Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады»,- деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау - әрбір адамның төл міндеті. Жүргізуші:
Ендігі сөз кезегін ардақты да аяулы аналарымызға береміз.
«Тәрбие - тал бесіктен басталады» дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау - әрбір адамның міндеті. Ендеше, табиғатты аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуларыңа тілектеспіз. Ән: «Алға, Қазақстан» орындайтын Меңдешов Ерлан
Келесі кезекте ұлы отан соғысында ерлік көрсеткен батырларды еске алу мақсатында ескерткішке гүл шоқтарын және бейбітшіліктің нышаны ретінде ақ орамалдар қояйық.
Елімізде мұндай қайғылы қасірет мүлдем болмасын деп тілейік!Полигонның үні мәңгі өшсін!
Бүгінгі шарамызды қорытындылай келе айтарымыз заманымыз тыныш, аспанымыз ашық, бейбіт өмір болсын деп тілейміз!Болашағымыз жарқын болсын деп аяқтамақпыз! Қатысқандарыңызға рахмет.