kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күлше дәмі" сахналық қойылым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Автор: (сахна сыртынан)
Сол жылдары туған ауыл тұнжырайтын бір түрлі,
Нар аталар, әз әжелер күрсінетін күн-түні.
Сол жылдары алақаны күс-күс болып ойылған,
Қыз-келіншек білмеуші еді күлкіні.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күлше дәмі" сахналық қойылым»

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп

Жарылғасынова Айымгул


«Күлше дәмі»

(Отыншы Көшбайұлының әңгімесі желісімен)



Қатысушылар:

Тарғын – пошташы шал

Балдай – поштасы кемпірі

Қалима – балалардың анасы, күйеуі майданға кеткен

Базаржан , Қорған – ағалы-қарындасты Қалима балалары

Итемген – бала

Ауыл әйелдері: Балдай және көршісі

Ауыл жігіттері: Шалқыбай және 2 жігіт .


1-көрініс


Автор: (сахна сыртынан)

Сол жылдары туған ауыл тұнжырайтын бір түрлі,

Нар аталар, әз әжелер күрсінетін күн-түні.

Сол жылдары алақаны күс-күс болып ойылған,

Қыз-келіншек білмеуші еді күлкіні.


Сол жылдары туған ауыл қанатынан қайрылған,

Сұрапылға аттандырып, арысынан айрылған.

Арқалады ауыр жүкті қабырғасы қайысып,

Айдар шашы маңдайына желкілдеген балдырған. (Қосжан Мүсірепов)



(Сабақтары аяқталып, екі бала – Базаржан мен Итемген келе жатады. Сөмкелерін жол бойына тастап, шөп арасын кезіп кетеді. Отыра қалып, жерді қаза бастайды, көсік тереді.)

Базаржан: - Биыл құмда көсік көп. Және қандай десеңші...

Итемген: - Иә, әрқайсысы қарыстай, топ-толық. (қойны –қоныштарын толтырып, әрі қарай жолмен жүріп кете барады)

Базаржан: - Қазір мына апарған көсіктерін Балдай шешемнің пісіріп қойған сүтінің үстіне турап ішсе, одан өткен мықты тамақты табар ма екенбіз. Ммммм (тамсанып)


(Ауылдың үні, жан-жануарлар, түйенің, қойдың дауысы естіліп жатады)

Кемпірлер жүн түтіп, ұршық иіріп отырады.

Көрші кемпір: - Әлгі егінші қайнаға бар емес пе?

Балдай: - Өрлеубай шалды айтамысың?

Көрші: - Иә, биыл құдай береді деген екен. Аузына май жарықтықтың. Жер де жақсы. Төл де көбейіп жатыр. Көбі егіз. Бәрінен бұрын жұрттың діңкесін құртқан соғыстың да аяқталатын түрі бар. Е, жасаған , көрген қиындық, жоқшылық ештеңе емес. Көппен бірге көрген ұлы той ғой. Тек сол жеңіске жеткізе көрсін.(күрсініп)

Балдай: - Айтса айтқандай болды. Өрістен тойып, көк иісі аңқып келген малдар таңертең толтырып бүйендеп тастайтын болыпты. Сүт те көп. Колхоздың да қой –ешкілері егіздетіп жатқан көрінеді. Өткенде Базаржанның шешесі келіп кеткен. Сол айтты. Далада мондалақ пен жуадан аяқ алып жүргісіз. Базаржанның шешесі Қалима колхоздың айдамалы жұмысында болып, балаларына бас-көз бол деп, маған тастап кетеді.

Көрші: - Ееее, ырыстары бар екен., жерге мал тойынды, мал тойынса сендердің де жетімдердің де қарындары бос қалмас.

Балдай: - Ия, әрине, мен төрт-бес ешкінің бауырынан шыққан сүтті пісіріп берем, кейде дір еткізіп ұйытып тастаймын да, қып-қызыл ірімшік те дайындай қоямын. Дәмін айтсаңшы шіркін. (тамсанып) Ана Итемген де, Жаңаш та кешқұрым өрістен келген малдарды қайыруға барғанда да жерден жуа , мондалақ теріп түртіншектеніп жүргені.

Көрші: - Бетіндегі шұбыртпалары да кетіп қалыпты. Қарындары тойына бастағаннан болар. .... Өткен жылы жығылғанда жұдырық дегендей соғыс ауыртпалығы аздай қуаңшылық болды.Қора-қораның айналасы жетпегендей, даланы бүрге қаптап кетті емес пе?

Балдай : - Иәәә, алдарына келген азған тамақты ыдысымен қоса жеп жіберердей болып жалағандарын көргенде шешелері, «А,құдай, мына тесік өкпелердің кетеуін кетіре көрме.Мейіріміңді мұнша тарылтқаның не? Аспанның нұрың жауса, ең болмаса көктеп шыққан итжуаңды жесе де өлмес еді ғой» деп налыды емес пе? Соны құдай естігендей, биыл шүкір, бар жағынан беріп тұр.

Көрші : Ия, Шүкір-шүкір.

(Көрші қоштасып кетіп қалады, Базаржан сабақтан келеді. Қорған үйде оны күтіп жүреді.)

Балдай: Базаржан келдің бе? Келе ғой, қолың жуып ал. Шәйнек қайнап тұр. Іше беріңдер Қорған екеуің. Мен қора жаққа барам.


2- көрініс


Балалар шайларын ішеді. Базаржан қолындағы күлшесін қарындасына береді. Қорған шетінен сындырып, көп бөлігін өзіне қайтарады. Үнсіз шайларын ішіп отырады.Кішкенеден кейін Қалима келеді.

Үй іші тып-тыныш. Балалар аналарын күтіп отырады.

Қорған: Сырттан ештеңе көрінбей ме, аға?

Базаржан: Әзірге ештеңе көрінбейді. (Тың тыңдайды.Дүсірлеген ат тұяғының дыбысы шығады.) Келді апам, келді.

Ішке брезент плащын тұсаумен буған, бетін тұмшалай оранған Қалима кіріп келеді. Орамалын шешіп..

Қалима: Амансыңдар ма, әйтеуір?

Балалары көмектесіп етігін әрең шешеді. Кебежеге сүйеніп шаршап, демін алып отырып, қалғып кетеді.Қорған пештің отын тұтатып, шәйнекті қайнатады. Оятып, отырып көңілді шәй ішеді.


Қалима: Сабағың жақсы ма? Қорған Балдай шешеңе көмектестің бе?Қорған басын изейді.

Қорған: Апа, соғыс бітіп жеңіс тойының дастарханына Балдай шешем күлшесін апара ма екен? Оттан суырып, буын бұрқыратып, сындырып берген күлше нанды аузыңа салғанда еріп кетпеуші ме еді..

Базаржан: Жақсы , апа. Апа... Балалар айтты былай дейд... Жаңа піскен күлшені бірден ауызға салмау керек екен.

Қорған: Неге? (таңдана)

Базаржан:Жаңа пісіп шыққан күлшені айналдырып қарау керек. Қып-қызыл болып піскен күлшенің жарығы ақшыл жеріне тап болсаң, құдайдың бергені, жақсылық хабар келгені...

Қорған: Ал күйген жері тап болса ше?

Базаржан: Ал күйген жері тап болса, жаман хабар келеді екен...(күрсінеді) Үнсіз қалады...

Базаржан: Апа, өткен жылы соғыстан оралған Әлмен немістердің киімін әкеліпті ғой. Менің де көкем сондай киім әкеле ме?

Қалима: Иығына қылдай жібі бар, ар жағынан бәрі көрінер киімді әңгіме қылма! Өйткен дүниенің тап мөріне сиейін. Азаматым аман келсе болды. Одан артық байлықтың да, дүниенің де керегі жоқ. Ондайды енді ойыңа алма!(ұрыса сөйлейді)..... Қанекей, кеш болды, ұйықтайық балапандарым...

Екі баласы қолтығына кіріп ұйықтап кетеді.


3- көрініс



Мұңды әуен ойналады.

Автор: Ел басына түскен қиыншылық осы балаларды тым есейтіп жібергендей. Құмарлары қанып алаңсыз ойнамағалы, қорқынышсыз күн өткізбегелі қашан? Төбе басынан құлап, ауылға беттеген пошташы Тарғын шалдың қарасы көрінгеннен – ақ жүректері дүрсілдеп қоя беретін.

Қуаныш пен қайғыны қатар арқалаған Тарғын қарияның ойлағаны орындала бермейді.

Тарғын:- Кішкене ауылдың жатаған үйлеріне жақындаған сайын күні кеше ғана қабырғасын қолымен қалап тұрғызып, үй алдындағы құдықтарды өздері қазып кеткен арыстар есіме түссе, қаралай кеңсірігім аши бастайды.Ойхой, дүние-ай, бірі түтін түтетіп, бірі тұңғышын ат қылып мәре-сәре болып жатпаушы ма еді...(күрсініп, мұңды)

  • О,құдіреті күшті жасаған-ай! Шиеттей балалардың жүрегі тым жұқа, сәл нәрсеге көңілдері босап, егіліп тұрғаны. Ана Базаржан мен Қорғанның былтыр енесі қақпанға түсіп жетім қалған қарақұйрықтың лағын мәпелей бағып, күзге таман тауға қоя берген еді. Енді міне, түздің тағысына жүрегі елжіреп, мейірін төккен сол балаларға қуаныш хабар емес, мөрі басылып орысша тасқа басылған командирінің қолы қойылған тілдей қара қағазын әкеле жатыр. .. Қай жерде бір уыс топырақ бұйырғанын құдай білсін, оқуға сауатым да жетпейді...


Мұңлы әуен жалғасады.

Тарғын: Аяқталып қалған соғыстың соңғы күндері «қара қағазыңнан аулақ қыл» деп құдайдан тілесе, мен қалбаңдап ұшқан қара құзған құсап әр шаңыраққа қонуды әлі қоя алмай жүрмін. Көңілдері көтеріліп, еңсесі түзеле бастаған елге тағы «қара қағаз» әкеліп, назарын жасытпай, не болса кідіре тұрайын. Ертең ауыл советке тапсырып тастайын. Олар да қарсы болмас, кім біледі «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деген. Мұмкін бұл да бір құдайдың қалауы шығар.


Мұңлы әуен жалғасады.

Тарғын: Хабарсыз кетіп, аман жүргендер бар ғой. Үмітті үзбеген жақсы. Е, кімдер кетпеді, кімдер опат болмады. Себепбай баласы Мейірбаймен қоса кетті. Атпалдай, көрерге көз керек Отарбайдың бес баласына топырақ қай жерден бұйырғанын құдай білсін. Ой, шіркін дүние-ай! Бір-бірінен озған кіл батыр тұлғалы жігіттерден артылған колхоздың жұмысы болушы ма еді..


  • Жалғыз балам Шалқыбайдан хабар жоқ...Тірі болса келер, қара қағаздан аулақ. Қайда жүр екен, Аңғалақтаған сорлы, қалбалақтап жүріп оққа ұшты ма, әлде дәмі таусылмай қызыл оттың ортасында әлі жүр ме?

(Кеңкілдеп жылағандай болады)

4 –көрініс


Ауыл сыртында жігіттер әңгіме-дүкен құрып отырады. Жылқылар жайында,т.б. әңгіме қозғайды.Кенет соғыс басталғаны жөнінде суық хабар естілді. «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Фашистік Германия.....»

Кейіпкерлер шошып кетеді, ауылдың үлкендері мен әйел-балалары ды келіп жылай бастайды. Сол кезде әскери киімді адам: Отанын қорғаушы азаматтар әскери бөлімге жүріңіздер!

Балдай Шалқыбайды құшақтап, Қалима күйеуін жібергісі жоқ. Балалары аяғына оратылып жылап жатыр.

(музыка қосылады)

Шалқыбай:

Ер басына күн туатын келсе күн,

Кімге артады үміті мен ел сенімін?

Жатар үйде қаннан-қаперсіз,

Қара дауыл шапса да жер бетін,

Қалса, мейлі, айдын шалқар көл жетім...

Жетегінде жүретұғын өзгенің,

Жымысқаның құртса қандай көздерін.

Қазақ десе, қанып шапшып кетеді.

Қансыздардың қылығына төзбедім.

Қанжарменен тілгілеуді көздедім. (Ғалым Әріп)


Қалима күйеуі:

Шығардай боп бойда шыбын жанымыз,

«Қазақ!» десе қайнаса ғой қанымыз!

Қазақ десе, қабырғамыз қайысса,

Қаншыл болсақ, аршыл болсақ бәріміз,

Қашық жүрер бұл даладан жауыңыз!


Балдай:-Құлыным- ай,сұрапыл соғыс сендерді аман қалдырар ма екен? Қайтеміз,басқа түссе көнеміз. Тек аман –есен келулеріңді тілейміз – деп егіле жылайды.

Қалима күйеуі:-Тәйт, болды,жыламаңдар жаман ырым бастап! Олар міндетті түрде жеңіспен ораламыз.(Осы сәтте барлығы сыртқа шығып кетеді.)

Мұңды әуен тоқтап автор сөйлейді.

Автор:Арада санаулы күндер өтті. Тау етегінен артына сызылта шаң қалдырып, атын ақ көбікке малдырған жаушы бала Ұлы Жеңістің хабарын көршілес отырған төрт колхозға жеткізді. Сүйіншіге жұрттың қолына ұстатқанын алып, ертеңгі Жыңғылдыдағы тойға шақыруды да ұмытпады...


Кейіпкерлер бір-бірін құшақтап, құттықтап жатады. Балалар да мәз. Шалқыбай да келіп анасы Балдайды құшақтап ұзақ тұрады. Тарғын шал да көзіне жас алады, қуаныштан.

Жеңіс туралы әуен ойналып тұрады. Жақсы хабар таратылады.


Соңы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Күлше дәмі" сахналық қойылым

Автор: Жарылғасынова Айымгул Тілеужанқызы

Дата: 02.02.2018

Номер свидетельства: 454277


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства