kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока по ПДД "Қызықты бағдаршам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это разработка по ПДД для 7 классов. О правилах дарожного движения

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по ПДД "Қызықты бағдаршам"»


Сабақтың тақырыбы: Қызықты бағдаршам

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, жұмбақтар, сөздіктер, пазл

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сайысымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер дегім келеді. Ал енді әр топ өздерін таныстырып өтсе. (сынып оқушылары өз топтарын таныстырады)

Ал енді бүгінгі сайысымызға әділ баға беріп, жеңімпаздарымызды анықтайтын қазылар алқасымен таныс болайық.

Әділқазылар алқасы:

1.

2.

Ал еніді, балалар сайысымыздың шарттарымен танысайық.

  1. Кім шапшаң?

  2. Ойлан тап

  3. Жол сөздігі

  4. Тапқыр болсаң тауып көр

  5. Жол ережесін білесіңбе?

І. Кім шапшаң?

1.Бала болып кімдер саналады? 18 толмаған адам

2.Бағдаршам дегеніміз не? Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3.Адам құқығы жат елде жүрседе қалай қорғалады? Заңмен қорғалады

4.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ? 14 жастан бастап

5.Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі? Жедел жәрдем, өрт сөндіруші.

6.Жол белгілері атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? 7 топқа

7.Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі? Жауап: Арнайы бағанаға орнатылған жасыл-қызыл түсті, «жүріңіз,тұрыңыз» дегенді білдіретін адам кейпіндегі көрнекі белгілермен реттеледі.

8.Жас өспірімдер қылмыстық жауапқа қанша жастан бастап

тартылады? 16 жастан, ауыр қылмыс болса 14 жастан

9.Коституция қанша бөлім, қанша баптан тұрады? 9 бөлім 98 баптан

10.Адам қай кезден бастап құқыққа ие? Туғаннан бастап

ІІ. Ойлан тап. Жұмбақтар жасырылады.

1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

4-жұмбақ. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды. (автобус)

5-жұмбақ. Екі аяқты, бір ізді, үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмін ол мені аяғымды жүргізді. (Велосипед)

6-жұмбақ.Өзі тым күшті, Аяғы тісті.

Ілезде тындырар Қыруар істі. (трактор)

ІІІ. Жол сөздігі.

Шамрабдғ-бағдаршам

Ловисдепе-велосипед

Мааялда-аялдама

Устоваб-автобус

Шірүжгні-жүргінші

Үржгзіуіш-жүргізуші

Рсекуте-ескерту

Ымит алсу-тиым салу

Ұқртас уерб-рұқсат беру

Олж илопияц-жол полициясы

ІV Тапқыр болсаң тауып көр. Оқушыларға сурет жасырылады. Оқушы соны табу керек.

V. Жол ережесін білесің бе? Сурет қиындылары беріледі, оқушылар сол суретті 2 минутта құру керек.

Жол тәртібі кімге керек-бірге ойланып көрелік,

Әрқайсысың қылығына әділ баға берелік

Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан,

Әділқазы алқаларда келесі сөз кезегі

Әділқазылар өз шешімдерін айтып, жеңімпаздарды марапаттайды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Конспект урока по ПДД "Қызықты бағдаршам"

Автор: Кикбаева Алтын Токтасыновна

Дата: 05.02.2017

Номер свидетельства: 388135


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства