kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока по ознакомление окружающим Тема урока: "?айдан келді?, бауырса??"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это занятие для старших групп. Об осени, о признаках осени, как получают урожай осенью.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по ознакомление окружающим Тема урока: "?айдан келді?, бауырса??"»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Мерзімі: 08.10.14 ж

Білім беру саласы: «Таным»

Тараулар: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Қайдан келдің, бауырсақ?»

Мақсаты: Сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелету. Нанның дастарханға келгенге дейінгі адамдар еңбегімен таныстыру.

Міндеттері: 1. Диалогтық сөйлеуге үйрету. 2.Балалардың нан туралы түсініктерін тереңдету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. 3. Еңбекті бағалап, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Наубайхана, диқан, диірмен, жер- ана.

Керекті құралдар: «Қайдан келдің, бауырсақ?» ертегісі бойынша сюжетті сурет.

Қостілдік компонент: Диқан-хлебороб, наубайхана-пекарня, диірмен-мельница,


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

«Қайырлы таң!» 01-«Г»-№15


Қонаққа домалап бауырсақ (ойыншық) келгенін хабарлайды.Ол бүгін қызық ертегі айтып беретінін айтады.


Бәрі бірге айтады.

Жарты шеңбер жасап отырады.

Қуана қарсы алады, амандасады, қызығушылық танытады.


Ұйымдастыру-

іздестіру


Үстелдің үстінде нанның түрлері қойылған.

-Қандай нанның түрлерін білесіңдер?



-Ертегі не туралы деп ойлайсыңдар?

«Тышқан мен тауық» ертегісін тыңдауды ұсынады.

«Бір күні тауық бір уыс бидай тауып алады да, досы тышқанға бидайды үгітіп беруін сұрайды. Ал тышқан болса: « Мен үгіте алмаймын»,- дейді. Амалсыздан бидайды тауық өзі үгітеді. Диірменнен шыққандай мап -майда ұн жасап, одан қамыр илейді.

«Илеген қамырдан енді бауырсақ пысыр»,- дейді тышқанға. Әлгі еріншек тышқан: «Өзің пысыра салшы»,- дейді.

Содан тауық бір табақ қылып бауырсақ пысырады. Әлгі табаққа салынған бауырсақты жоғары көтеріп: «Бауырсақты кім жейді?»- дейді.




Бауырсақ, шелпек, тоқаш, ши бауырсақ, печенье


Нан туралы.

Қызығушылық білдіреді.


Мұқият тыңдайды, суреттерге қызыға қарайды.




«Мен, мен!»-деп тышқан жүгіріп келеді.

Сонда тауық:

-Бидайды үгітуге де, бауырсақты пысыруға да ешқандай үлес қосқан жоқсың. «Еңбек етсең ерінбей – тояды қарның тіленбей»-дейді де, тышқанды үйінен қуып шығады.


Сөздік жұмысы:

Бидай-пшено, қамыр-тесто, бауырсақ-бауырсак

Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қояды:

-Ертегі ұнады ма?

-Ертегі не туралы айтылған?

-Тауық не тауып алды?


-Тышқандікі дұрыс па? Неге?



Нан туралы мақалдар айтуды ұсынады.



Сергіту сәті:




-Міне, балалар, сендер нан туралы біраз нәрсе біледі екенсіңдер. Енді осы нан дастарханға қалай келеді екен, соны мына ноутбуктан көрейік.

(Көңілдерін ноутбукке аударады)

Слайд арқылы адамдар еңбегін көрсетеді. 1.Алдымен көктем мезгілінде жерді жыртып аламыз. Жерді жыртқан соң не істейді екен?

2.Жаз бойы оны баптап күтеді. 3.Күзде егін биік болып өскенде комбайнмен жинап алады.

4.Орылған бидайды қоймаға апарады, қоймада ол бидайларды кептіреді.

5.Қоймадан диірменге апарады. Диірменде бидайды тартып, ұн жасайды.

6.Дайын ұнды наубайханаға апарады. Наубайханада ұннан әртүрлі тағамдар пісіреді. Қандай?

7.Наубайханада пісірген нан, нан тағамдарын дүкенге апарады. Міне, нан үйге осылай келеді.














Жеке-жеке, бәрі бірге айтады, қайталайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Ия!

Тауық пен тышқан туралы.

Тауық бір уыс бидай тауып алды.

Дұрыс емес, өйткені ол тауыққа көмектескен жоқ.


1.Ас атасы – нан.

2.Нан – тіршілік көзі.


Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.






Нанның дастарханға қандай жолмен келетінін мұқият қарап, тыңдайды.


Жерге бидай егеді.








Нан, тоқаш, печенье, торт


-Балалар, айтыңдаршы нан оңай жолмен келеді ма екен?


Балаларға бірігіп печенье жасауды ұсынды. Ол үшін қолдарын жуып, екінші үстелге келулерін айтады.



Тұзды қамырды илейді, осы қамырдан әр түрлі пішінді ойықтарды пайдалана отырып, печенье оюды ұсынады.

Жасау технологиясы:

1.Қамырды оқтаумен жаяды.

2.Жайылған қамырға ойықтарды бастыра отырып, печеньелерді жасайды.

Өз ойларын айтады.Нады құрметтеуді, үлкендердің еңбегін сыйлауды үйренді.


Қолдарын жуып екінші үстелге отырады.




Қызығушылық танытады.





Қамырды оқтаумен жайып, ойықтарды бастыра отырып, печеньелер жасады.

Рефлексивті-реттеушілік

Қорытынды:

-Бүгін не туралы айттық?

-Қандай ертегі оқыдық?


- Нан тағамына байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?



-Міне, біз енді нанды қастерлей білеміз. Себебі оның бізге үлкен еңбекпен келетінің көрдік.

Бауырсақ балалармен қоштасады.

Рефлексия:

-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінде көңіл күйлерін жақсы болып отырса, мына плакатқа үлкен масақтарды, егерде көңіл күйлерін нашар болып отырса-кіші масақтарды апарып жапсырындар.


Нан туралы айттық

«Тышқан мен тауық» ертегісін оқыдық

-Нанды бір қолмен үзбе.

-Нанды жерге тастама.

-Нанды лақтыруға болмайды.

-Нанды аяқпен басуға болмайды.




Бауырсақпен қоштасады.




Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Нанның дастарханға келгенге дейінгі адамдар еңбегін

Болу керек: Адамгершілік қасиеттері.

Істей білу керек: Сұрақтарға толық жауап беруді, тапсырманы өздіктерінен орындауды,

еңбекті бағалап, нанды қастерлей білуді.



Тәрбиеші: Жетписова Г.Т

Тексерді:______________







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Конспект урока по ознакомление окружающим Тема урока: "?айдан келді?, бауырса??"

Автор: Жетписова Гульнар Токеновна

Дата: 10.09.2016

Номер свидетельства: 343120


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства