kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока для казак тили

Нажмите, чтобы узнать подробности

ұстаз-ата-ана-оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока для казак тили»

Мұғалімнің аты- жөні :Тайбагарова Гакку Ердибековна

Еңбек өтілі: 17 жыл

Жұмыс орны: С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен Жамбыл ауданы Алматы облысы

Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Категория: бірінші



Шеберлік сыныбының жоспары:


ТАҚЫРЫБЫ: Ұстаз -ата-ана –оқушы арасындағы ынтымақтастық орта қалыптастыру


ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ:


Мақсаты:  Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. 
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, 
оқушылардың өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. 
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.Ұстаз - ата-ана – оқушы арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру


Міндеттері.

Мұғалім – оқушы - ата-ана арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра білу.

Ата-аналар сыныптың ішкі жағдайымен таныстыру, баласының сыныптастарымен қарым-қатынасын көре білуге бағыттау.

Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту.


Күтілетін нәтиже:

Ата – аналар өз балаларымен тығыз байланысын және ата-аналар арасындағы сыйласымдылықты көрсетеді. Ата-ана баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренеді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алады.
Оқушылардың жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері, танымдық белсенділіктері дамиды.


Шеберлік сыныбыныңжүргізілуі:


I. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ.

1.Сәлемдесу

2.Психологиялық дайындық. (Шаттық шеңберін құру)

3. Топқа бөлу.

II. Қызығушылығын ояту.

Топқа бөлінгенде құрастырған суреттеріне байланысты, топ атын, топ ұранын жасады.


III.МАҒЫНАНЫ ТАНУ.

Топ атына байланысты постер құрау.

Рөлдік ойын

«Ыстық орындық»

Жағдаятты талдау


IV.ҚОРЫТЫНДЫ. РЕФЛЕКСИЯ.

Қорытынды шығару.

Әдіс-тәсілдері: ой қозғау, «Ыстық орындық», рөлдік ойын

КӨРНЕКІЛІК:

Интерактивті тақта, маркер, А3, А4 қағаздары, стикерлер, презентация ,стикерлер жапсыратын плакат, аудио, видео;





























Жұмыс кезеңдері

Кезеңнің мазмұны




Мұғалім әрекеті

Ата-ана әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурсы


Ұйымдастыру..

Психологиялық жағымды орта қалыптастыру

1.Сәлемдесу.

2. Шаттық шеңберін құру

Ата-аналар сыртқы шеңбер түзіп, балаларына жүректерінің жылуын береді.

Оқушылар ішкі шеңбер түзіп, ата-аналарына сәлемдеседі. Шеңбер бойымен оңға бір адым жасау арқылы.

Құралдар маркеры, қағаздар А3, А4, Интерактивті тақтада «Ұстаз - ата-ана - оқушы арасындағы ынтымақтастық орта қалыптастыру

»тақырыбы туралы жасалған слайд

Топқа бөлу


1.Топ аты.

2.Топ ұраны.

3.Постер жасау, қорғау.

«Екі жұлдыз, бір тілек»


Сурет бойынша топқа бөлу






Топ жұмысын бағалату

Баласы бөлінген топқа бірігеді. Тапсырмаларды бірлесіп орындайды.



Келесі топтың жұмысын оқушылармен бірлесіп бағалайды

Сурет қиындыларын құрастырады. Тапсырмаларды орындайды.



Келесі топтың жұмысын ата-аналармен бірлесіп бағалайды

Сурет қиындылары

Рөлдік ойын


Мысалды топқа таратып беру.

Мәтін оқиғасын рөлге бөліп сахналауға қатысады.

Мәтінді оқиды, талдайды, сахналайды.

Мәтін бөлімі жазылған парақшалар




«Ыстық орындық» стратегиясы


Мысалдағы негізгі ойды анықтату.

Түйінді ой, өнегелі тәрбие айтады.

Кейіпкер бейнесіне өз ойларын білдіреді.


Сыни ойлау мен өзіндік пікір





Жағдаятты талдау.

1.Баласының досымен ата-ананың телефон арқылы байланысы.

2.Анасы мен баласының бір-біріне айтқан жылы лебізі.

Ата-аналар балаларымен бірлесіп оқиғаны шешуге қатысады.

Оқиға шешімін табады.

парақшалар


Қорытынды


Рефлексия


Жүректен-жүрекке

Оқушыларға өз шаңырақтарына жылы лебіздерін білдіру ұсынылады.

Рефлексия парағын толтырады.

Стикермен бағалайды.

Рефлексия парақшалары

Түрлі түсті стикерлер














Рефлексивтіесеп


Ұстаз - ата-ана - оқушы арасындағы ынтымақтастық орта қалыптастыру шеберлік сыныбын өткізуде бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,
оқушылардың өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. 
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіруді. Ұстаз - ата-ана - оқушы арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруды көздедім. Себебі,шеберлік сыныбын сыныбымда екінші рет өткізуім. Былтырғы оқу жылында ата-аналар мен оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізіп, жақсы нәтижесін көрген болатынмын. Ата-аналар өз балаларының мектептегі өмірін жақыннан көріп, достарымен танысып, ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың жақсарғандығын айтып, осындай сабақтардың жиі болып тұруын өтінген болатын. Сондықтан, бүгінгі шеберлік сыныбын өткізерде мұғалім – оқушы - ата-ана арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра білу. Ата-аналарды сыныптың ішкі жағдайымен таныстыру, баласының сыныптастарымен қарым-қатынасын көре білуге бағыттау.Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды міндеттеп алдым.

Шеберлік сыныбына ата-аналар қатысуға келіпті. Ата-аналар мен оқушылар арасында психологиялық жағымды орта қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберін құрғыздым.Ата-аналар сыртқы шеңбер түзіп, балаларына жүректерінің жылуын берді.Оқушылар ішкі шеңбер түзіп, шеңбер бойымен оңға бір адым жасау арқылы ата-аналарына сәлемдесті. Шаттық шеңбері өте қызу жүрді. Ата-аналар бір-біріне сәттілік тіледі.



Көңіл-күйі көтеріліп алған соң, ата-аналар мен оқушыларды топқа бөлу үшін оқушылар сурет қиындылары арқылы топқа бөлінді. Ата-аналар баласы бөлінген топқа бірлесті. Суретті құрастырғанда Қазақстан картасы және қыркүйек айында отбасы күні, тіл мерекесі мерекеленетіндіктен осы атаулы күндердің эмблемалары құрастырылады.Топ бірлесіп алған соң, суретке байланысты топтың атын, ұранын шығарды. Топ атына байланысты ата-аналар мен оқушылар бірлесе отырып, постер құрады. Спикерлер постерді қорғады. Ата-аналар мен оқушылар топта бірлесе отырып, келесі топтың жұмысын бағалады.

Ата-аналар мен оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсу үшін мәтін таратылып беріліп, мәтіндегі оқиға кейіпкерлерін сомдау тапсырылды. Осы жерде ата-аналар мен оқушылар арасында өзара түсінушілік жұмыстарының жүргені байқалды. Өйткені, рөлдерді бөлгенде қабілеті мен бейімділіктеріне қарай бөліп, мәтінді сахналау үшін демонстрациялау жұмыстарын жүргізді. Мәтінді сахналағанда мен өзара түсінушілікті байқадым. Ал, «Ыстық орындық» стратегиясы кезінде кейіпкер бейнесі толық ашылып, ата-аналар мен оқушылар тілдік қарым-қатынасқа түсті. Мәтіндегі ата рөлін сомдаған Алимова Аружанның атасы оқушыларға «Қаңбақ» бойындағы жағымсыз әдеттерден аулақ болуға, өнегелі, тәртіпті және тәкаппар болмауға оқушыларды шақырып, тәрбиелі әңгіме айтты.


Бүгінгі заман талабына сәйкес сыни ойлап, сындарлы пікір айта білетін тұлға тәрбиелеу өзекті мәселе болып отыр. Сол себепті,оқушылар бойында сыни ойлау мен өзіндік пікір қалыптастыру мақсатында жағдаятты талдау әдісі барысында диалогтік қарым-қатынасқа түсу үшін тапсырмалар берілді. Ата-аналар балаларымен бірлесіп оқиғаны шешуге қатысып, оқиға шешімін тапты. Жағдаятты талдауда ата-аналар балалардың заман ағымына сай қолданатын сөздерін естіп, күнделікті тірлікте осы сөздер қолданысқа түсіп кетпесе екен, қолданысқа түспеу үшін бала тәрбиесіне баса назар аудару керектігін сабақ соңында оқушыларсыз өзара пікірлескенде ортаға салды.

Қорытынды кезеңінде оқушылар өз шаңырақтарына жылы лебіздерін айтты. Сабақтан алған әсерлерін түрлі түсті стикерлер арқылы білдірді. Ата-аналар рефлексия парақшаларына бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазды.

Қорытындылай келе айтарым, шеберлік сыныпты жоспарлауда күткен нәтижеме жеттім. Мені қатты толғандырғаны жұмыс басты ата-аналар уақытының жоқтығына байланысты сабаққа қатыса алмады. Ата-анасы сабаққа қатыспаған балаларда бас кезінде өздерін жайсыз сезінді. Келесі өткізілетін іс-шара кезінде оқушылар өздерін жайсыз сезінбеу үшін ата-аналардың түгелдей қатысуына аса мән беремін.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Конспект урока для казак тили

Автор: Тайбагарова Гакку Ердибековна

Дата: 09.03.2017

Номер свидетельства: 398778

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Қыстырма сөздер сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(32) "k_ystyrma_sozdier_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "447981"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515136275"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства