О?ушылар е?бекті? ма?ызы туралы ма?л?мат алады.О?ушыларды? е?бекке деген ?ызы?ушылы?тары артып, ма?ал-м?телді? ма?ынасын ашып, д?йекс?здермен ж?мыс жасап ??гімелесіп, тіл байлы?тары артады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі. 1 - оқушы:
Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер 2 – оқушы:
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық. 3 – оқушы
Еңбектің көзін тапқан, Байлықтың өзін табады. 4 – оқушы:
Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең, жерге өкпелеме. 5 – оқушы:
Ерінбесең, еңбегің өнеді. 6 - оқушы: 1. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық. 2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады. 3. Еңбек етпеген азады.. 4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. 5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар. 7 - оқушы: 1. Орайы келсе, орақ ор, Кезі келсе, кетпен шап. 2. Еңбек – адамның екінші анасы. 3. Ерінбеген етікші болады. 4. Керек тастың ауырлығы жоқ. 5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе. Өнерге үйренем десең, жерінбе. Әңгімелесу:« Еңбек», « Еңбексүйгіш» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
Қандай адамды еңбекқор дейміз?
Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Еңбекпен адам шыңдалады дегенді қалай түсінесіңдер?
Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?
Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?
Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?
- Еңбек дегеніміз не? - Еңбек ету адамға қажет пе? - Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Адам өмір сүру үшін қажеттер: Ауа, су, тағам, нан, киім, жарық, жылу, білім, денсаулық, үй, көлік. Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті. Еңбек етпеген ішіп жемейді (халық мақалы) Дәйексөзбен жұмыс істеу:
Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді. Л.Н.Толстой.
-Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Тапсырма:
Даналық сөздерді оқып. Еңбектің маңыздылығы жөнінде ой түйіндеңдер.
Еңбек –қуаныш,жалқаулық-айырылмас азап. А.Құнанбаев.
Еңбегі жоққа-бақыт жоқ. А.П Чехов.
Жұмыс менің бірінші рақатым. В.Моцарт.
Жаның жай тапсын десең-еңбектен. Ж.Ж. Руссо.
Ерінбей еңбек ету адамның мақсатына жетуіне көмектеседі.Табандалақпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді және адамның өзіне, өзгелерге қуаныш , бақыт әкеледі.
Сергіту сәті «Дұрыс па, бұрыс па?»
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
Балалар, қазір біз топтық жұмысқа көшеміз.
Жалғасын тап:Мақал-мәтелдер
Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )
Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )
Еңбек адамның … ( екінші анасы )
Еңбек – ата, … ( жер – ана)
Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )
Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан )
Шығармашылық тапсырма:
1 топ: еңбек туралы 3 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіреді.
2-топ:« Еңбекқор жәндіктер» туралы жазып, айтады.
3-топ: Ой еңбегі мен дене еңбегін ажыратады.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Топтастыру. «Еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді.
Ән: « Болайықшы осындай!»
Қорытындылау: Еңбек етпеген ішіп – жемейді. Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме. Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек. Сұрақ – жауап. Не үйрендің? Не түйдік? Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Осымен «Еңбек – адамның портреті» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.