?алы? киім ?натады,
Шешіндірсе? жылатады.
(пияз)
Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар.
(с?біз)
Домалан?ан ала бас,
Д?мді шырын даяр ас.
(?арбыз)
Шолып едім ба?шаны,
К?к?ніс біткен к??ілді.
Жасыл, сары, ?ызы?л, к?к,
Сан алуан к?к?ніс.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««К?к?ністер дауы»»
Алматы облысы
Балқаш ауданы
Ақдала ауылы
«Балауса» балалар бақшасы
«Үміт» ортаңғы топ тәрбиешісі
Тукубаева Салтанат Маликовна
Тақырыбы: «Көкөністер дауы» Мақсаты: Балаларға қуыршақ театры және саусақ театры, үстел үсті театрын сахналай білуге үйрету. Ертегі кейіпкерлерін таныстыру, көркем шығармалар мен ертегілерге қызығушылығын арттыру, таңдауға дағдыландыру. Балаларды татулыққа, достыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Кіріспе: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (пияз) Жер бетінде шашы бар, Жер астында басы бар. (сәбіз) Домаланған ала бас, Дәмді шырын даяр ас. (қарбыз) Шолып едім бақшаны, Көкөніс біткен көңілді. Жасыл, сары, қызықл, көк, Сан алуан көкөніс.
Ал балалар, бүгін біз сендерге «Көкөністер дауы» ертегісін сахналайды.
Жүргізуші: Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Сәбіз, картоп, кәдеш пен қып-қызыл піскен қызанақ. Қырыққабатқа қарашы! Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Көкөністер: Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз? Бұршақ:Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты. Кішкене түймедеймін мен, Ұнаймын мен бәріне! Дәмді тағамдарыммен Сый жасаймын бәріңе!
Жүргізуші: Ызаланғаннан қызылша ортаға жүгіріп шықты. Қызылша: Мен де бір сөз айтайын, Мақтанайын сіздерге. Менсіз борщ болмайды Винегрет те үстелде. Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда? Мені қосса самсаға, Бәрі жейді тамсана. Қияр: Дәмім тілді үйірген, Мен тұздалған күйімде! Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне! Шалқан: Кім білмейді шалқанды? Талайлар маған таң қалды. Бәріне сый боламын Тауып көр менен дарханды. Сәбіз: Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар Кем болмайды күшке де! Қызанақ: Піскен кезде қызанақ; Көз тартар қызыл түсімен. Бар ма адам сүйсінбей Томат шырынын ішпеген? Пияз: Боламын мен дәмдеуіш, Барлық – барлық тағамға. Көкөністер ішінен Мен пайдалы адамға. Картоп: Мен ұялшақ картоппын Мен емеспін мақтанар. Мені жақсы көреді Үлкендер мен балалар! Бос айтысты қояйық, Дауласуды тоқтатайық. Көкөністер(барлығы): Жиналып каппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз? Жүргізуші: Көкөністер бәрі де, Денсаулыққа пайдалы. Мұны жатқа біліңдер, Оларды жақсы көріңдер!