Кітапханалық сабақ.
Кітапханашы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, сендер де оқушы болдыңдар! Біздің кітапханаға келгендеріңе қуаныштымыз. Мектепке алғаш қадам басқанда сендер әріп танымайсыңдар, кітап оқи алмайтынсыңдар. Енді, міне, алғашқы ұстаздарың – апайларыңның арқасында сендер түрлі қызықты кітаптарды ешкімнің көмегінсіз өздерің-ақ оқи аласыңдар. Біздің ата-бабаларымыз «Кітап-көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап-ғажайып дос» - деп бекер айтпаған. Барлық білімді біз кітаптан аламыз, кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.
Балалар кітаптардың қайда тұратынын білесіңдер ме? Әр кітаптың өзінің тұратын жері, яғни үйі болады. Керекті кітапты табу үшін сендерге кітапханашы апайларың көмектеседі.
Сендер кітаптарды ашып көріп, оқығыларың келе ме? Ендеше мен сендерді абонемент бөлімімен таныстырайын. Бұл бөлімнен сендер кітапты үйге алып оқуларыңа болады. Кітап 10 күнге беріледі. Сонымен қатар бұл жерде бос уақыттарыңды өткізулеріңе болады. Сендерге арналған түрлі ойыншықтар да бар.
Ал енді оқырмандар залына қарай сапар шегейік.
Библиотека – «библио» - кітап, «тека» - сақтау – бұл кітаптарды сақтайтын орын, немесе кітаптар тұратын үй деп аталады.
Абонемент – кітапты оқуға үйге беретін бөлім.
Оқу залы – мұнда газет, журналдардың жаңа сандарын, сөздіктер мен энциклопедиялар абонементте жоқ болса, сол сәтте қолда болған жағдайда, сүйікті жазушыларының кітаптарын оқиды. Оқу залында кітап үйге берілмейді.
Кітапханашы – кітапхананың қожасы (иесі), кітаптардың маршалы, сенің ең жақын досың.
Кітап сөресі – онда кітаптар қойылады, ал осындай бірнеше сөре – стеллаж деп аталады.
Оқырман – кітапханадан кітап алып, не оқу залында оқу үшін сол кітапханаға жазылған адам.
Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап - білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың алар орны орасан зор. Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет.Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.
Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады.Ол елді, жерді сүюге талапты,
кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл - кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз.
Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт - дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптыңеншісінде.Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады. Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.Кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері - халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет.
Бүгінгі таңда кітапхана өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету - кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.Кітапхана қызметкерлері кітапханада және кітапханадан тыс көркем әдебиеттен бастап, баспа түріндегі немесе электорндық ақпараттар түрлеріндегі әртүрлі кітаптарды және ақпараттар көздерін пайдалануға көмектеседі. Себебі бүгінде білімнің қайнар көзі кітапханада.
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманды мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр.