Каспий проблемасы б?гінгі та?да к?рделі айма?тык экологиялы? проблема?а айналды. Каспий м?найын игеру жо?ары ?ар?ынмен ж?ргізіліп, ?за? жылдар?а жоспарлануда. Б?л проблема тек ?аза?стан ?ана емес Ресей, ?зірбайжан, Т?ркменстан ж?не Иран республикаларына да т?н орта? іс. Е? бастысы Каспий те?ізіні? фаунасы мен флорасыны? ?р т?рлілігін са?тап ?алу. Каспий проблемасы б?л де?гейінде к?терілуде. Соны? бірі 1999 жылы К?кшетау ?аласында «Каспий те?ізіні? биок?пт?рлігін са?тауды? белсенділігін ба?алау» та?ырыбында ?ткен бірінші айма?ты? семинар болды. Мемлекетаралы? де?гейде ?ткен ке?естік ма?саты — Каспий жа?алауларында?ы мемлекеттермен біріге отырып, Каспий те?ізіні? экологиялы? проблемаларын шешуді? е? тиімді жолдарын ?арастыру. Те?із эко-ж?йесінде туындап отыр?ан проблемаларды саралап ж?не ба?а бере отырып, экологиялы? аппараттар?а жол бермеуге ж?не оны тез арада шешуге ма?сат койылды. Б?л игі істер адам баласыны? д?ние-ж?зілік ма?ызы бар Каспий сия?ты су айдынын са?тап ?алу шараларыны? бастамасы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Каспий мен экология" баяндама »
Тақырыбы: Каспий теңізі және экология
Мақсаты: Каспий теңізі туралы және бүгінгі жағдайы туралы таным түсінік беру.
Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру жөне мұнай еңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруа-шылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізі-нің деңгейі жел-қума-желбөгет құбышыстарының нөтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жүмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 — 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазіргі за-манның балық ш. — балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзербайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақга-рын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау ұшін түзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұга теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көк-серке тұзды суда (тұзд. 10 — 11%о), ал бекіре төрізділер судың өте тұзды жерінде тір-шілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан (2-сурет). Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның жөне Ресейдің «Қызыл кітабына» енгізілген өте сирек кездесетін калбағай, карабай, сары құтан, бүйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалыгы — тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға де-йін азайған итбалықтың — 27 мыңы, 1990 ж. — 13,8 мыңы, 1996 ж. — 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сөуір — тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий ит-балығының жаппай қырылуы — Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорол. жөне экологиялық. жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдік-терге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдік-терінің 728 турі (оның 5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамыл-ғысының құрлық өсімдіктері-нен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солт. Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солт. Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экол. жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өнді-ретін және оны кдйта өңдейтін көсіпорындар өсер етуде. Мысалы; 1998 ж. Атырау обл. бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (онын ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т кдтты заттар) шығарылған. Бүл улы заттарды атмосфераға, негі-зінен, ескі технол. жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мүнай үңғымасы шығарады. Мүнай кәсіпшілігінің ең басты экол. проблемасы — ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мүнай кен орындарында мұнай өнімдерін өндеу кезінде мұнай мен калдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұ-найдың мөлш. 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мүнай-дың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құра-мында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органик. пестицидтер, аммо нийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рүқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мүконцентрациясы мамыр -шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мүнай және мүнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суын-да тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына өкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілер-ге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мыс., 1900 жылмен са-лыстырганда Каспий т-нде балық аулау 3 есеге, яғни 500 — 600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі — ыдырамайтын ауыр металдар (мыс., мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі — 50 мкг/л (бүл — 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен кэуіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан жөне Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҮҮ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағ-дарламасымен бірлесе оты-рып, Каспий экол. бағдарла-масын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бүл бағдарла-маның негізгі мақсаты –экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің езгерісі жағ-дайында жергілікті тұрғын-дардың түрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоре-сурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықгырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық. қауіпсіздікті жөне қорнай өнімдерінің ең жоғары шаған ортаның қалыпты » дайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожұйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердін бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден бөлу үшін үзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз түзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бүрғылары, ондағы мүнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мексндер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орын-дары су астында қалды. Барлык ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді. Каспий тсңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы — экологиялық жағдайлар. Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардьщ көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен қүстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайьга кету проблемасын туғызып отыр. Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып калу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды. Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады. Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.
Қортынды
Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтык экологиялық проблемаға айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан ғана емес Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әр түрлілігін сақтап қалу. Каспий проблемасы бұл деңгейінде көтерілуде. Соның бірі 1999 жылы Көкшетау қаласында «Каспий теңізінің биокөптүрлігін сақтаудың белсенділігін бағалау» тақырыбында өткен бірінші аймақтық семинар болды. Мемлекетаралық деңгейде өткен кеңестік мақсаты — Каспий жағалауларындағы мемлекеттермен біріге отырып, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру. Теңіз эко-жүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық аппараттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат койылды. Бұл игі істер адам баласының дүние-жүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.
Әдебиеттер тізімі
1. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т.Есполов, Ж. Шілдебаев Экология және табиғатты тиімді пайдалану, Алматы.-2004,328 бет. 2. Қазақстанның балықтары, 3-том.- Алматы,1988ж. 3. А. Г Қасымов Каспий теңізі.- Л, 1987 ж. 4. Каспий экологиялық программасы, Информациялық бюллетень, 2001,№2.-61 бет.