kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қосымша білім беретін мектептен тыс мекемелердің оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін қалыптастырудағы рөлі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзі-өзі басқарудың, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру,бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар ру жасауды көздейді»,- көрсетілді.

Балаларға қосымша білім беру – білім алушылардың тәрбие алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Балаларға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттіліктерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.

Еліміздегі  мектептен тыс ұйымдардың қосымша  білім беру және бос уақытты ұйымдастыру қызметтерінің бірнеше бағыттары бар: көркемдік-эстетикалық бағыттағы білім беру, туризм және өлкетану жұмыстарын дамыту, оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру т.б

Қосымша білім беру ең алдымен, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыра отырып, олардың тілек талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік жасау арқылы жүзеге асырылады.

Өскелең ұрпақты  елжандылыққа және азаматтықа тәрбиелу, жоғары рухани құныдылықтарды қалыптастыру, білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру  мемлекттік  саясаттың маңызды  бағыттары болып табылады.

Балаларға қосымша білім беру – баланы  рухани-адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық тұрғыда және дене күшін дамыту, оның шығрмашылық және білімділік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз білім беру. Оқушыларға адамгершілік тұрғысынан білім беру ісіне қойылатын бүгінгі талаптардың мән-мағынасы айрықша зор болса, қосымша білім беру ұйымдары  балалардың жеке шығармашыл тұлға болып қалыптасуына, кәсіптік бағдарының айқындалуына, шығармашылық еңбегінің шыңдалуына, қабілет-тілектерін іске асыруына, қоғамдық  өміріне бейімдеуіне, азаматтық сана сезімін және  салуатты  өмір салтының қалыптасуына, жалпы  мәдениеттің өркендеуіне, бос уақытын тиімді пайдалану жолдарын дербес әрі қолайлы қолдануына ыңғайлы жағдай туғызады.

Қазіргі заманның ағымында қосымша білім беру бағытындағы  жұмыстарға барынша мін беріп, болашақ ұрпақтың тәрбиесін қамдап жүрген тәрбие ошақтарын дамыту керек.

Оқушылардың үйірмеге деген ықыласын арттыра отырып, ұлтымыздың ой-парасатын нығайту мақсатында үйірмелерге қамтумен қатар жасөспірімдердің ішінен дарынды балаларды анықтап,олардың қабілетін дамытуға жан-жақты эстетикалық тәрбие беріп, сұлулыққа, тазалыққа үйретуде

мектептен тыс ұйымдардың қызметі аса маңызды.

Оқушылар бос уақыттарында ынта мен бейімділіктеріне байланысты ерікті негізде әртүрлі үйірмелерге қатыса алады.Үйірме жұмыстарының бір ерекшілігі – жас шамасы әртүрлі оқушыларды қамтитындығында. Сондықтан, баланы өнерге, мәдениетке, ғылымға, техникаға құштарлығын дамыту мен тәрбиелеу,уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында балаларға арналған шығармашылық кітаптар, баслылымдар қажет.

«Білім мен тәрбие – егіз»дейтін болсақ, білім беру мен жастарды тәрбиелеу ісінде мәдениет, құқық өмірдің салауатты көрінісін қамтыған, тәрбиенің сан саласын игерген бағдарлама бойынша жүйелі  түрде оқу-тәрбие жұмыстары жүргізілуде. 

Патриоттық тәрбие беру – жастардың арасындағы патриоттықты, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін дәріптейтін, мемлекеттік мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің жүйеленуі. Патриоттық тәрбие беруде мақсатында «Жас шекарашы» үйірмесі оқушы өз жерінің тағдырын, ата-баба мұрасын дамытуға және сақтауға, Ата заңын, рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ халқының  ұлттық құндылықтарын, ғасырлар бойы дамып келе жатқан қазақтың қолөнер шеберліктеріне баулу мақсатында «сәндік қолданбалы өнер" үйірмесі жұмыс жасап келеді.

Сәндік-қолданбалы бағыттағы үйірмелер

Сәндік-қолданбалы үйірмелердің («Он саусақ», «Сәндік-қолданбалы өнер»,  «Ағаш шебері», Бейнелеу өнері», «Мүсін өнері», «Шебер», «Войлочная акварель», «Гобелен тоқу») І, ІІ, ІІІ тобы – бірінші оқу жылы, ІҮ тобы екінші оқу жылы бағдарламасымен дәріс алады.

 «Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесінің мақсаты халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі мен тәлім-тәрбие ұлағатын үйрену арқылы өскелең ұрпақты имандылық адамгершілік рухына тәрбиелеу. Жұмасына 18 сағатпен І, ІІ, ІІІ тобы – бірінші оқу жылы, ІҮ тобы екінші оқу жылы бағдарламасымен жүргізіледі.

 «Шебер» үйірмесі жас ұрпаққа қолөнер түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың өздігінен үйреніп, жұмыс істеуіне жағдай жасау, шеберлік деңгейін арттырып, ағаш өнері туралы туралы білімдерін жүйелеп, шығармашылық қиялын дамыту;

«Бейнелеу өнері» үйірмесі жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін және көркемдік талғамын дамыту;

«Он саусақ» үйірмесі оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып, бала бойындағы дарыны мен қабілетін шыңдау;

«Войлочная акварель» үйірмесі оқушыларды жүнмен сурет салып, картина жасауға,теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретуге, білімдерін дамыту;

«Гобелен тоқу» үйірмесінде гобелен тоқу туралы түсінік қалыптастырып, тоқудың қыр-сырын үйрету арқылы оқушыны шығармашылық жұмысқа тартып, өздігінен еңбек етуге баулу;

 «Мүсін өнері» үйірмесі аумақты форма және қатты, әрі ұзақ сақталатын материалдардан, тастан, металдан мүсін жасау әдісімен түрлі заттарды бейнелеу;

 «Қазақстың ұлттық қолөнері» үйірмесі халқымыздың мәдени мұрасы – қазақтың ұлттық қолөнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне  дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа, түр беріп, қолөнерді дамыту;

 «Ағаш шебері» үйірмесі көркем қолөнерді балаларға үйрету, ағашты ою жұмыстарын жиі жасау арқылы балалардың өнерге деген білімін дамыту болып

табылады.

Ұлы Абайдың: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»,- деген қанатты сөзі өмірде әрбір адамның өз орнын тауып, тұлға азамат болуға жетелейді.Үйірме жұмыстарын жүргізген  тәрбие аз ғана уақыт ішінде үйірмеге жақсы қатысып, белсенділік танытқан, үйірме мүшелері  кейін кәсіптік-техникалық бағытта, жоғары  оқу  орындарында өз мамандықтарын игеруде.

Жас ұрпаққа  білім мен тәрбие беретін қосымша білім беру ұйымдарына қойылатын талап -  тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, оқушылардың ұлттық сана сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігік көзқарасын қалыптастыру болып табылады.

Бүгінгі ұлттық тәрбиенің мақсаты – оқушыларды  адамзаттық құндылықтарға тарту, біртұтас әлем  туралы ғылыми  көзқарасын дамыту және ұрпағымыздың туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық

мінез –құлқын қалыптастыру.

         Еңбек –адам баласының өміріндегі ең негізгі іс –әрекет. Халқымызда «Баланы –жастан» деген сөз бар. Тәлім- тәрбие, тере білім игеру, қабілеттілікті ұштау, икемділікті дамыту – барлығы да еңбектен басталады. Осы мақсатта  

техникалық бағыттағы үйірмелер:

«Фото» үйірмесінде оқушылар екі оқу мерзімімен фото өнерінің кереметін көрсете отырып, оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарта отырып, қабілеттерін, қызығушылығын арттыру;

 «Кеме үлгісін құрастыру» үйірмесі  оқушыларды қарапайым жүзетін (желкенді және өзі жүзетін) модельдерді жасауға және оларды суға жіберуге үйрету мақсатында;

«Робототехника» үйірмесі оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, есептеу техникасының және телекоммуникацияны негізгі құрылғыларын пайдалану дағдыларын қалыптастыру; ақпараттық модельдеу; программалау тілінде негізгі базалық алгоритм құрылымдарын пайдалана білуге үйрету; жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-комуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік  шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Баланың білімін тереңдетуде  шығармашылығын, еңбекке қызығушылығын, ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату барысында техникалық үйірменің орны ерекше. 

Батыс Қазақтан облысы тарихи орындарға, соның ішінде табиғи орындарға мол өлке. Оқушылардың өз өлкесінің табиғатын, тарихын, тарихи орындары туралы түсінік қалыптастырып, мол мағлұмат беру мақсатында өлкетану бағыттағы үйірме жұмыс жасап келеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қосымша білім беретін мектептен тыс мекемелердің оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін қалыптастырудағы рөлі»

Қосымша білім беретін мектептен тыс мекемелердің оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін

қалыптастырудағы рөлі

«Менің өлкемнің тарихы» үйірмесі Отансүйгіштікке, толентарлыққа, белсенділікке, өлкенің табиғатын, мәдениетін және тарихи мұраларын сақтай білуге тәрбиелеу болып табылады.

Оқушылардың сабақан тыс жұргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне

сабақтан тыс немесе сыныптен тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың талаптары мен қабілеттерін толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуы мен ынтасын оятудың , оқущылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады. Оқыту үрдісінде қазіргі кездегі тәрбиенің күрделі де көп қырлы міндеттерін толық көлемде жүзеге асыру мүмкін емес.

Қазіргі мектептің негізгі мәселелерінің бірі – оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алу, оны қолдана білуі. Бұл мәселелерді шешу үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу және ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелу керек. Сондықтан сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік іс –әрекетте шығармашылық-эстетикалық бағыттағы үйірмелер жұмыс жасап келеді.

«Би» үйірмесі әр ұлттың өзінің би тарихы, өз ырғағы, қимылдары, өзінің мінезі бар екенін үйрету, қимылдарды нақты орындап, би қойылымдарын тақырыпқа сай үйрету;

«Кәусар» жас ақындар үйірмесі оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық, ізденістік, қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, сөздік қорын кеңейтіп, өз ойын әдеби көркем тілде жеткізе білуге машықтандыру болып табылады.

Осылайша әрбір үйірмеде өзіне тән жұмыстар жүргізеді, әрбір үйірме мүшелері өзіне тән қызықтыратын іспен шұғылдана алады.

Қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың алдағы уақытта да көбейіп, жұмысын жалғастыруы қажет деп есептейміз.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Ищанова Анара Аскаровна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390278

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства