Просмотр содержимого документа
«Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы өтті»
Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің
әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы өтті
Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады, себебі күн-түнімен желіні пайдаланатын адам жан-жағындағы адамдармен шынайы араласудан қалады. Бұл әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасындағы күрделі мәселелердің бірі. Олардың желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан отырып, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. Әлеуметтік желінің еліміздегі жасөспірімдер арасында суцидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар. Интернетте суицидті ашық жазатын сайттар мен жат ағымды насихаттаушылар көбейген.
Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты. Өйткені баланың қалыпты дамуына нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография, суицид және т.с.с. ашық ақпараттар қауіп төндіреді. Сондықтан мектеп оқушыларының әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында №10 орта мектеп бойынша «Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында ата-аналар жиналысы «дөңгелек үстел» түрінде өткізіліп, оған 1-11 сыныптардың ата-аналар комитеттерінің мүшелері, Чапаев ауылдық округінің әкімі Б.Жумабаев, Чапаев ауылдық округі әкімінің орынбасары Г. Сакипова, учаскелік полиция инспекторы С. Немербаев және мектеп әкімшілігінің мүшелері мен сынып жетекшілері қатысты.
Шара барысында мектеп психологтары Д. Жылкибаева «Өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу – ата-ана тәрбиесінен басталады», Д. Доскабылова «Әлеуметтік желі және жасөспірім қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама оқып, ата-аналар назарына презентациялар ұсынып, әлеуметтік желінің жасөспірім өмірі мен қауіпсіздігіне кері әсерін түсіндірді.
Округ әкімі Б. Жумабаев және мектеп директоры Ә. Байдәулетов ата-аналармен түсіндірме жұмысын жүргізіп, өз ақыл-кеңестерін беріп, туындаған мәселелерді шешу мақсатында мектеп пен ата-ана ынтымақсатығын арттырып, кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсаушылығының, жыныстық тиіспеушілігінің, құқық бұзушылығының алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту, әр ата-ананың өз балаларын қатаң бақылауға алу керектігін айтты.
Жиналыста ата-аналар назарына «Тихий дом», «Синий кит», «Киты плывут вверх», «Разбуди меня в 4.20», «50дней до моего ...» сияқты өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын топтар жайлы бейнероликтер ұсынылып, роликтер талданып, жиналысқа қатысушылар өзара пікір алмасып, ата-аналарға жадынамалар таратылып, әр сыныпта жиналыстар өткізіліп, ата-аналарды хабардар етіп, алдын алу жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Мектеп бойынша кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсаушылықтың, жыныстық тиіспеушілік пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың жүргізілу барысы мектеп әкімшілігінің басты назарында.