kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыз ?ылы?ымен к?рікті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка воспитательного часа,  ?ыз ?ылы?ымен к?рікті .Работа с девочками.

Существует мнение, что женственность бывает внешняя и внутренняя. Под внутренней женственностью понимают особые черты внутренней культуры личности женщины - сочувствие слабому, приветливость, сдержанность и материнская любовь.

Внешнюю женственность характеризует мягкость, красота в движениях, аккуратность, умение создавать красоту в труде и в быту.

Отсюда можно сделать вывод, что женственность - это собирательная характеристика личности. В это понятие входят также качества женщины, обусловленные её важнейшей биологической и социальной функцией - быть матерью, быть хранительницей своего очага. Поэтому женственность характеризуется рядом качеств, которые присущи только прекрасной половине нашего общества. К ним мы относим и чуткость, и умение общаться, и способность сопереживать и понимать другого человека, и то же самое женское обаяние. Эти качества ценились в женщине во все времена, и каждая девушка должна раскрыть это богатство в своей личности.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыз ?ылы?ымен к?рікті »

Тақырыбы: «Қыз қылығымен көрікті»

Сабақтың мақсаты : Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету. Ұл бала мен қыз баланың бірін – бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай: әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық, т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, бейнекөрініс, слайд т.б.

Сабақтың өту барысы:

І Кіріспе.

Мұғалім.

Бүгін «Қыз қылығымен көрікті» атты тәрбие сағатымызды өткіземіз. Қыздарымызды ортаға шақырайық.

«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Дегендей бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.

Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Ата-ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе, қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда, қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда, біздің қазақ қызының бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп, қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», т.б. Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:

1жүргізуші

Әдемі қыз - баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын;

Көрікті қыз - істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын; Шырайлы қыз - көз жанары өткір, бет-әлпеті балбұл жанған, тәні шымыр;

Сұлу қыз - сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-күймейтін, келбетті;

Ару қыз - бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы;

Ажарлы қыз - дене бітімі жинақы, тығыршықтай, сөзі салмақты, ісі тиянақты;

Әсем қыз - жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік. (Көрініс)

2жүргізуші

«Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар, олай болса сол тыйымдарды қыздардың есіне салайық.

Түске дейін ұйықтауға тыйым,

Бұраңдап қылымсуға тыйым!

Тамақты обырлана асауға тыйым,

Ұрлық-қорлыққа тыйым.

Салт-дәстүрден аттауға тыйым,

Ұрыс-керіске тыйым.

Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар!

Қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Мысалы: «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек кигізген. «Қос етек көйлек кимесе, қыздың сәні келерме?» Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл-ойы мен мінез-құлқы сай болуын қалаған. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қыз ақылы шешеден», т.б. мақал-мәтелдер соған арналған.

1жүргізуші

Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.

Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт-дәстүрлер.

Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

ІІ бөлім. Қыздар туралы мақал – мәтелдер , нақыл сөздер айту

Мұғалім: Қыз бала және оның тәрбиесі жөніндегі мақал – мәтелдер біздің өмірімізде елеулі орны бар. Енді сол мақал – мәтелдерге құлақ түрейік.

«Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі»

« Қыз - өмірдің қызғалдағы»

« Қызды асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді.»

« Қыз қуыршақ, ұл – құлыншақ»

« Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,

Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.»

« Қыз балаға қырық үйден тыйым»

« Қызым - үйде , қылығы – түзде»

« Қыз қылығымен әдемі»

« Қыздың жиған жүгіндей»

«Қарындасын сыйламағанның қары сынсын.»

III бөлім .Сұлулық сыры.

Мұғалім: Қазақ қызы десе , беті ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.Құлағымызға шолпының сыңғыры келеді. (шолпы таққан қыз жайлап жүріп өтеді.)

Қазіргі қыздарға тән ұзын шаш жойылып кеткен жоқ, қайта көбейіп келеді. Бұрымды бүгін жырласақ оның әсемдікке қатысы болғаны да.

Бұрым меніңше әсемдік, әдемілік қатарына кіреді. Қыз бойындағы алғашқы көзге ұрар әсемдік осы. Ендеше жақсы сөзді аямайық.

IV бөлім. «Сезім – адамдық қасиет.»

2 жүргізуші

Қыздарға арналған ұлдардың назы бар соған құлақ түрейік. «Қыздарға кеңес» ақыл –нақыл сөздерін айтып шығады.

Қыздар !

- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар !

- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар !

- Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар !

- Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар ұрысқақ болмаңдар !

V бөлім. Қарым қатынас.

1жүргізуші

Бабаларым қыздарды қадірлеген,

Қыз баладан басталар өмір терең

Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,

Күн болмаған сазды күй төгілмеген - деп бүгінгі тәрбие сағатымызда қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі, ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін. Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.

2жүргізуші

Арулар — асыл жандар,

Шуақ боп шашылғандар,

Қуат боп тасынғандар,

Құшақ боп ашылғандар,

Арулар — асыл жандар,

Арулар — асыл жарлар.

Арулар — аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар тіршілікке күретамыр,

Өмірді бір — біріне жалғап тұрар.

Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер.

Бүгінгі ұл — ертеңгі – әке, бүгінгі қыз — ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт — дәстүрін, әдеп — ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру басты мақсат.

1жүргізуші

Қыз баланы тәрбиелеуге халқымыз сонау заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз баланы құрметтеу, қыз бала алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаға мінгізу, қыз баласын босағада отырғызбау деген сияқты дәстүрлі, тәрбиелік мәні зор әдет – ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді

Қапасыз қалай айтқан қайран бабам.


VI Бөлім Сұрақ- жауап .

2жүргізуші

1.Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,

............Қарызыңнан құтыла алмайсын.

2. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын салт жырларды ата. ( Той бастар, «Жар — жар»,

« Беташар », « Сыңсу»).

3. Не жетім?

Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшы болмаса – ел жетім,

Ұқпасқа айтылған сөз жетім.

4. Ана сүтін ақтамағанды,

… Ешкім мақтамайды.

5. Сәби өмірге келгенде қандай той жасалады? (шілдехана)

6. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты ?

(Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкеің жүрегі қатты)

7. Ананың құны,

… Ананың сүті.

8. Қуанышты хабарды жеткізгенде не сұралады? (сүйінші)

9. Жеті қазына дегеніміз не ?

1. Ер жігіт

2. Сұлу әйел

3. Ілім-білім

4. Жүйрік ат

5. Құмай тазы

6. Қыран бүркіт

7. Берен мылтық

10. Атасыз үй батасыз,

… Анасыз үй панасыз.

11. Алыс жерде жүрген отбасы мүшелеріне не сақтайды? ( сыбаға)

12. Жеті жұтты атаңыз.

1. Құрғақшылық

2. Мал жұтау

3. Оба(індет)

4. Өрт

5. Соғыс

6. Жер сілкіну

7. Сел жүру (тасқын)

13. Ата-ананың қадірін,

… Балалы болғанда білерсің.

14. Жаңа түскен келінді, жас сәбиді көрсетіп не алады? (көрімдік)

15. Достық нешеу ?

Достық екеу.

Бірі-адал достық,

Екіншісі-амал достық .

Адал достық- өмірлік нұсқа болады,

Амал достық-өрісі қысқа болады.

16. Анасын сүйгеннің

… Баласын сүй.

17. Бала алғаш мектепке барғанда қандай той жасалады ?(тілашар)

18. Қазақтың қонағы неше түрлі болады ?

Қазақтың қонағы төрт түрлі болады:

1. Арнайы қонақ .

2. Құдайы қонақ .

3. Қыдырма қонақ .

4. Қылқыма қонақ .

1жүргізуші

Қыздар десең шешек атып жанады,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Қыздар деген тіршілікте пана боп,

Әр бір үйде жұлдыз боп жанады.

Пікір тұтқан адамдықты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.

Қыздардың қылығынан өмір қызық,

Қыздардың ғұмырынан заман құтты.

2жүргізуші

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көркінен мұндай түрін.


Қыз бала, бойжеткен, келін, ана,

Бәрі де дер кезінде дара тұлға.

Ұрпағыңның ойлайсың болашағын.

Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.


VII Бөлім Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес

Мұғалім

«Ұлың өссе, ұлықтымен, қызың өссе, қылықтымен қоңсы бол» деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Қытайлықтар «бір жылдығыңды ойласаң күріш ек, он жылдығыңды ойласаң, тал ек, жүз жылдығыңды ойласаң бала тәрбиеле» дегенде, бала тәрбиесінің тамыры тереңде екендігін меңзесе керек. «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» болсын десек, ұл мен қыздың құлағына өсиет пен кеңестерді ертерек сіңіре беру керек секілді.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды қорыта келе Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес айтамыз.

1жүргізуші

Ұлдарға өсиет

Үлкен болсын, болсын құрбы-замандас,

Барлығымен қазақшалап амандас.

Тек ізгілік тұрсын ойға ұялап,

Қайта соғар біреуге еткен қиянат.

Болғың келсе елге сыйлы бір ұлан,

Ұстаз сыйлап, өнеге үйрен, білім ал.

Дүниеге тым құмартып, құнықпа,

Ондайда заң ілер бір күн құрыққа.

Әлсіздерге бостан-босқа соқтықпа,

Толтырма ауыз балағат пен боқтыққа.

Жігіт болсаң, болсын ірі тірлігің,

Ел-жұртыңның ойла қамын, бірлігін.

Бар байлықты табасың тек еңбектен,

Қор болмайды іспен маңдай терлеткен.

Жұрт қызықсын сенің әрбір ісіңе,

Үлкенге сый, көрсет ізет кішіге.

Жау табалап, теппеу үшін ел шетке,

Ата-анаңа әдепсіздік көрсетпе.

Жастайыңнан сақта дәстүр-салтыңды

Жігіт болсаң қадір тұтқан халқыңды.

2жүргізуші

Қыздарға кеңес

Қай кезде де түзу болсын сәлемің,

Қадір тұтар сонда сені бар елің.

Білімді бол іскерлікке бейімді

Өміріңе керек болар кейінгі.

Жан болмасаң жасында әдеп көрмеген,

Үлкен жолын кесіп өтпе көлденең.

Шектен шығып, сәнқойлыққа ұрынба.

Бетті бояп, қайшы салма бұрымға.

Ұятты бол, сақта арыңды жасыңнан

Сонда ғана бақ кетпейді басыңнан.

Қума босқа мақтан менен желікті,

Қыз дегенің қылығымен көрікті.

Ісің бітпей әңгіме айтпа көпіріп,

Содан шығар өсек пенен өтірік.

Түн ұйқысын төртке бөлген сен үшін

Ата-анаңды сыйлап өту борышың.

Биязылық сенен тапсын жарасым,

Сақта есіңе, сен болашақ анасың.

Жастан үйрен ұлттық әдеп-ғұрыпқа,

Қазақ қызы екеніңді ұмытпа!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?ыз ?ылы?ымен к?рікті

Автор: Есенгельдина Гульмира Аманбаевна

Дата: 04.12.2014

Номер свидетельства: 139490


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства