Просмотр содержимого документа
«"?ош келді?, ?з-Наурыз!" (2- сынып)»
Тақырып: Қош келдің, Әз-Наурыз!
Мақсаты: - Наурыз мерекесінің ұлттық маңызын білу. Қазақша жыл
санау, мүшел туралы түсінік қалыптастыру
- Оқушының жан-жақтылығын, мәнерлеп айту дағдысын
қалыптастыру.
- Ұлттық мерекесіне деген құрмет сезімін ояту.
Көрнекіліктері: Слайд, нақыл сөздер, суреттер.
Барысы
І. Кіріспе: 1. Қолдарына мешіннің суреттері бар матаны ұстаған оқушылар саппен ортаға келеді.
2. - Әңгіме (мұғалім).
-Төрткүл әлем түгелдей қайта түлеп, жер-ана бусанып, асарып, жаңғыратын күн наурыз. Наурыз- дүниеге түгелдей тілектес мұсылман халықтың кең пейілін, тіршіліктегі достықты, бірлікті мұрат еткен ұлы мереке.
Кейбір деректерде Наурыздың жасы шамамен 2500 жылдан асатыны дәлелденген. Ұлы мереке күні әр үйде ақ дастархан жайылып, әже-апаларымыз дайындаған Наурызкөжеден дәм татқан.
Ата-баба дәстүрімен бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпағы төл мерекесін, Жыл басы-Наурыз мейрамын жылдан жылға қадір-қасиетін танып, мазмұнын арттырып тойлай алсақ, нұр үстіне нұр. Бүгінгі ертеңгілігімізді осы ұлттық мерекеміздің бастамасы ретінде салтанатты түрде атап өтпекпіз.
2-жүргізуші: Мерекені байырғы, алды халқым қабылдап.
Ақ дастархан жайылды, ошаққа от жалындап.
1—жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі мерекені бізбен бірге атап өтуге келгендеріңізге мың алғыс!
2—жүргізуші: -Иә, Наурыз мерекесі біз үшін аса қымбат көктем мерекесі, жыл басы. Табиғат мейрамы, шаруа-дихан қуанышы, ырзық- несібе басы! Ендеше тойды бастайық достар! (Оқушылар қолдарындағы матаны жерге төсеп, салтанатты сапқа тұрады).
ІІ. Негізгі бөлім: Ән: « »
1-оқушы: Наурыз қайта оралды аты да аңыз
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй-дастархан, думанымыз, сахнамыз
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
2-оқушы Парсы тілінде «Руз»- күн дегенді білдіреді. Мысалы, «Эмруз»- бүгін, «дируз»- кеше, «новруз»- жаңа күн деп аударылады.
Кү мен түн теңелуі, яғни 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр ата аралайды деген халық арасында аңыз бар
3- оқушы Жаңа жыл табалдырықтан аттап, үйге енгенде төрге қос шырақ жағып қойылады. Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, тоң кеудесін жібітеді. Тасқа түссе үгітіп жібереді.
4- Оқушы Күн сайын қырқалар
Құлпыра түскендей
Дала да бусанар
Құрт көже ішкендей
Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды
Көнермей салтымыз
Көп елге тарайды.
1-жүргізуші: Наурыз мерекесінде халқымыз әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, мерекені өте көңілді өткізген.
2- жүргізуші: - Ендеше біз де бір ойын ойнап жіберейік.
(Наурызға байланысты « Жұмбақ жасыру » ойыны.).
5- оқушы Әз-ертеден келе жатқан халық аңызында күн мен түннің теңелер сәтінде көкті жарып, ерекше гуіл өтетіндігі айтылады. Халық дәл осы сәтті «әз» деп атаған. «Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе, қой арқылы қойшы ғана аңғаруы мүмкін» деген болжам бар.
6- оқушы 22-наурызға дейінгі үш күн ішінде өтуге тиіс қасиетін білген ата-бабамыздан «Әз болмай, мәз болмайды» деген сөз қалған. Міне осы үш күн ішінде тырнақ пен шаш алынбаған. «Әз өткенде, күллі тіршіліктің тұла бойына жан бітеді. Сол жан байқаусызда тырнақ пен шашпен бірге қиылып кетсе, адамның қолы мен басы селкілдейтін болады» деген наным-сенім де халқымыздың көкейінде берік орнаған.
7- оқушы: Көктем, көктем жеттің бе?
Тіршілікті оятып.
Жапырақсыз ағашты
Жасыл түске боятып
Құстар әні басталды
Көк аспанға қаратып.
1-жүргізуші: Көктем келді, сән келді
Сәнмен бірге ән келді.
2- жүргізуші : - Қане достар, бір әнді біз шырқайық.
Отырған жұрт қалсын біраз марқайып!
Ән: «Наурыз тойы »
8- оқушы Көктем келіп, нұрын шашты біздерге.
Береке бар баба салған іздерде.
Жас толқындар тартыңдаршы домбыра
Нағыз қазақ қаны ойнасын жүздерде.
9-оқушы: Наурыз жырын жырлаймыз
Оныменен тұрмаймыз.
Шындалып жеткен бұл күнге
Ел дәстүрін сыйлаймыз.
10-оқушы Жаңғырар дәстүр салтымның
Көзделсін бұлақ жалғасы.
Қастерлі менің халқымның
Мереке наурыз жыл басы.
11-оқушы Ұлы халқым есептескен текпенен
Ата салтым ешкім аттап кетпеген.
Мың пәледен құтқарады бір бата
Адам болмас бата естіп өспеген.
12-оқушы Наурызым салтым, жоғалып қайта табылған
Шырағым болып, алдымнан бүгін жағылған.
Бабамның үнін ақ бата беріп жеткізген
Әз қадамыңнан жаныңа мейірім табылған.
1-жүргізуші: Мінеки, мерейтойға толы қой жылын шығарып салып, жаңа 2016-шы мешін жылын қарсы алып отырмыз. Мешін жылы халқымыздың иманы мен абыройын арттырсын дейміз!
2-жүргізуші: Халық болжамдарында адамның туған жылы, айы мен күніне байланысты мінездері де әртүрлі боладыекен. Шығыс жұлдызнамасы бойынша 2016 мешін жылы туған сәбилерді өте талантты, ақылды әрі тәуекелшіл болады деп болжайды. Олар әрдайым алға ұмтылып, алдыңғы қатардан көрінуді мақсат етеді.