kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі саба?тарында ойын т?рлерін ?олдану ж?не оны? тиімділігі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

    О?у ??ралы ал?ы с?з, "?аза? тілі саба?тарында ойын т?рлерін ?олдану ж?не оны? тиімділіг" атты кіріспе, ?орытынды, пайдаланыл?ан ?дебиеттер, ойын туралы даналардан шы??ан с?здер ж?не "?аза? тілі саба?тарында ?олданылатын ойындар" атты негізгі б?лімнен ??ралады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі саба?тарында ойын т?рлерін ?олдану ж?не оны? тиімділігі.»
















«Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану және оның тиімділігі»

оқу – әдістемелік құрал.




















Мазмұны


Алғы сөз


Кіріспе


  1. Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану және оның тиімділігі


  1. Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар


  1. Ойын туралы даналардан шыққан сөз



Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер






























АЛҒЫ СӨЗ


Құрметті әріптес!


Сабақ үнемі үйрету, тәрбиелеуден ғана тұрса, оқушы жалығып кетері анық. Сондықтан да әр ұстаз өз сабағын түрлендіріп, жұмыстың небір түрлерін кезектестіріп өткізуді жоспарлап жатады. Сабақта оқушы зерігіп кетпес үшін «Қазақ тілі» сабағында, әсіресе, бастауыш сыныптарында оқитын оқушыларды ойын арқылы сергітіп отырған жөн болар. Осындай мақсатпен және қазақ тілін меңгертудің тиімді әдістерінің бірі болар деген ниетпен осы оқу құралын назарларыңызға ұсынып отырмын. Оқу құралында қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері теріліп, жинақталып, құрастырылып берілді.

Бұл оқу құралында берілген ойын түрлерін қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдері сабақта сергіту жаттығуларымен қатар жаңа тақырыпты меңгерту, өткенді пысықтау мақсатында қолдануына болады. Яғни мектепте қазақ тілін жүргізетін мұғалімдерге арналған. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақ тілі сабақтарында көзделген мақсат – оқушыларға әрбір сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуді, сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету. Ендеше қазақ тілі мамандары көзделген мақсатына және тиімді нәтижеге жету үшін бұл ойындардың түрлерін мектеп оқушыларымен өткізе алады.

Оқу құралына енген ойындар: қазақ тілінің фонетика, лексика, орфография саласына сай құрастырылған, жалпы грамматикалық ойындар және түрлі тақырыптарға негізделген лексикалық, дидактикалық ойындар.

Оқу құралының құрылымы.

Оқу құралы алғы сөз, «Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану және оның тиімділігі» атты кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, ойын туралы даналардан шыққан сөздер және «Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар» атты негізгі бөлімнен құралады.
















КІРІСПЕ


Білім беру тұжырымдамасында өмір талабы ретінде екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді (үйрену) меңгерту, сол сияқты орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады.

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік беретіндей деңгейде болуы тиіс. Сондықтан орыс мектептеріндегі, әсіресе, бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында дұрыс сөйлеуге машықтандыруда, ойын логикалық жүйелі түрде жаза білуге үйретуде, сөздік қорларын молайтуда оқытудың ойын технологиясын қолданудың маңызы зор.

Ойын элементтері баланың кез-келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. Баланы жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа, әсіресе мейірімділікке, инабатылыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету ата-аналар мен ұстаздардың бірден бір қасиетті міндеті. Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын элементтері - балалар өмірінің нәрі. Ойын баламен мәнгілік өмір сүреді. Ойынды баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, ойын арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман, тілегін білуге, зейінін, жадыны қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады. Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын элементтері арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбылармен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір - бірімен өзара қарым-қатынас жасайды.

Ойын дегеніміз — ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын — тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойын баланың күш — қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, онын ақыл - ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі ширай түседі. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайында таным түсінігіде қалыптасады. Оқушыларды дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет - ойын. Бұл кезеңде баланың бойында адамға тән барлық қасиеттердің негізі қаланатындықтан тәрбиеге ата-аналармен қатар педагогтар да аса зор жауапкершілікпен қарағаны абзал. Сырттай қарағанда оп-оңай тәрізді көрінген ойын іс жүзінде бала үшін күрделі нәрсе. Айталық ойынға қатысатын балалармен тіл табысу, өзіне ұнамсыз рөл тигенде өзін қалай ұстауы сияқты нәрселердің көп мәні бар. Балаға тән тағы бір қасиет

бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын қоштап, көмектесіп, сенім білдіріп отыру мұғалімнің ең бір ұтымды әдісі. Бала өз ойын дүниетаным түсінігі арқылы қабылдайды. Ойнай жүріп өсетін әрбір баланың жан серігі де ойын. Ойын – эмоциялық және ақыл-ой күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ. Ойында оқушылардың бәрі бірдей, «жақсы оқушы» не «жаман оқушы» деп бөлінбейді, бір-бірін тек ойыншылар ретінде қабылдайды. Қазақ тілі сабақтарында оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеуге ойын арқылы үйрету мынадай бағытта жүргізіледі: үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі; байланыстырып сөйлеу әрекеті ойын ережелеріне бағындырылады; байланыстырып сөйлеуге үйрететін қажетті оқу материалы ойынның құралы ретінде пайдаланылады; үйрету де, үйрену де ойын-жарыс түрінде орындалады; мәселені шешу тетігін іздейді; шығармашылық ойлауы қалыптасады. Сондықтан да бастауыш пен орта буын оқушыларына білім беру үрдісін ойын түрінде ұйымдастырудың маңызы зор. Міне, ұстаз жоғары айтқандарды ескеруі және түрлі ойындарға жүгінгені абзал. Себебі әртүрлі ойындар сабақты жандандырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі.































Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану және оның тиімділігі.


«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»

В.А. Сухомлинский


Елбасының Қазақстан халқына жолдауында біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуіне және мемлекеттік тілді үйретудің әрі қарай жетілдіруін талап етуіне қол жеткізуіміз керек екендігіне ерекше мән берілген.

Қазақ тілі сабақтарында дұрыс сөйлеуге машықтандыруда, ойын логикалық жүйелі түрде жаза білуге үйретуде оқытудың түрлі технологияны тиімді қолданудың маңызы зор.

Қазақ тілін оқытудағы жалпы мақсат – оқушыларға тіліміздің ғасырлар бойы сұрыпталып келген көркемдігімен, әсем өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын, құдіретін, шешендігін жас ұрпақ бойына дарыту, ана тілімізді қуатты әдеби тілі қатарына түсірмей, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Сондықтан да қазақ тілі сабағын қызықты, пайдалы да нәтижелі өткізу үшін қазіргі жаңа технологияларды пайдалану қажет. Олар: деңгейлік тапсырмалар, ойын технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, ұжымдық оқыту, саралап оқыту және т.б.

Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты - оқу өзге тілде жүретін мектеп оқушыларының бастауыш сыныптарда қазақша қарым-қатынас тілінің негіздерін игеруіне, дұрыс оқып, дұрыс жазуға машықтануына, яғни, тілдің орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтарын түсіндіруге бағытталады. Бастауышта алған білімін жалғастырып, білім мазмұнын «қоршаған орта» тақырыптары арқылы толықтырып, грамматикадан алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануға дағдыланады. Тілдік конструкцияларды сөйлеу әрекетінде еркін қолдану, тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымы, стилистикалық ерекшеліктерін танып, оны теориялық жүйелеу мен өз бетінше сөздік қорын байыту әрекетін қамтамасыз етуі қарастырылады. Сондықтан қазақ тілі сабағындағы көзделген мақсат – оқушыларға әрбір сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуді, сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің білімділік, тәрбиелік мақсаттары басқа пәндермен да байланыста жүргізіледі. Ол үшін сабақта сергіту жаттығуларымен қатар, міндетті түрде бастауыш сыныптарда жаңа тақырыпты меңгерту, өткенді пысықтау мақсатында ойын түрлерін кең және тиімді қолдану қажет.

Сабақта әр алуан ойын түрлерін тиімді қолдана отырып, оқыту барысында оқудың бай материалдарын жақсы меңгеруге, сөйлеу әрекетінде сөздік қорды жан-жақты дамытуға, логикалық ойлауын және оны тілдік қатынаста дұрыс пайдалана білуін дамытуға, интеллектуалдық әрекеттің қаситтерін жандандыруға мүмкіндік туғызары хақ.

Сабақ берген кезде ойын элементтерін қолдану сабақтың тиімділігін сөзсіз арттырады. Ойынды сабақтың барлық кезеңінде ойнатуға болады. Мәселен, жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде небір жақсы нәтижеге жетеріңіз анық. Өтілген материалды бекіту және қорытындылау кезінде оқушыларға бұрыннан таныс ойынды ойнату арқылы біз оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандыра түсетініміз айғақ. Тіпті ойын арқылы адам өз мінез-құлқын дұрыстай да алады, өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, жетілдіре алады.

Ойынды не үшін қолданамыз? Өйткені ойын түрінде өткізілген сабақ қатысымдықты айқындайтын негізгі факторларды, сөздер мен сөз тіркестерін еске сақтауға, қарым-қатынас жасауда өзінің әлеуметтік рөлін айқындауға көмектеседі. Ол қоғамда қажетті қандай да бір тәжірибені қалыптастырып, меңгеруге бағытталған іс-әрекеттің бүр түрі. Алайда ойынның қандай да бір түрін қолданбас бұрын мұғалім ойынның технологиясын жақсы меңгеріп, ойынның дұрыс мақсатын дұрыс таңдап алуы қажет. Жалпы, жай ойындарға қарағанда педагогикалық ойынның басты ерекшелігінің өзі де осы. Педагогикалық ойындар білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат қоя отырып, үнемі оқыту, үйрету қызметін атқарады. Ал басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту сабағында оқушылардың тілі жетіліп, сөздік қоры байып, қажетті грамматикалық және лексикалық құбылыстар меңгертіледі. Ойын әрекетінің неғұрлым нәтижелі болуы, ойыншылардың мұғалім ұсынған ережеге сай жұмыс істеуіне, яки ойнауына байланысты. Оны ойын біткен соң мұғалім қорытындылағаны жөн.

Педагогика және психология ойын әрекетінің проблемаларын К.Д. Ушинскийдің, П.П. Блонский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, З.Фрейд, Ж.Пиаже сияқты педагогтар қарастырған.

Сабақты жоспарлау барысында ұстаз ойынның қысқаша сипаттамасын жазып алғаны жөн және ол ойын көп уақытты алмауын көздеуі қажет. Ойынды жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, білім деңгейлерін де ұмытпаған абзал. Және ойынды бастамас бұрын ойынның уақыт шеңберін оқушыларға хабарлап алу керек. Ойын ережесі қарапайым, әрі нақты болғаны жөн. Ойын көңілді, шапшаң, қызықты өту үшін ол жарыс түрінде жүргізілуі қажет, әрі жарыс нәтижесі ашық, айқын, әділ болуы керек.

Ойынды жұппен, топпен, шағын топпен жарыс түрінде өткізсе, тіпті қызықты болары хақ. Кез келген сабақта ойын элементтерін өткізіп отырғаны дұрыс. Ойын – үйрету, оқыту немесе бақылау қызметін атқаруы мүмкін.

Ойынды жоспарлауда оның мынандай кезеңдерден тұратындығын ескеру қажет:

































Жай ойындар болсын, рөлдік, сюжеттік, жарыс ойындар, т.б. ойындар болсын әр сабақта қолданып отырған жөн. Ойын түрлерін жүйелі қолдану белгілі бір қалыптасқан дағдыны талап етеді. Әрине, ойынды үнемі ойнату барысында ол сізде де қалыптасары сөзсіз.

Ойын арқылы тілді меңгерту қиынға түспейді, өйткені адам баласы кішкентайынан-ақ ойын ойнауға жақынырақ тұрады. Мұғалімнің бірінші міндеті – оқушылардың ойынға деген талғампаздығы мен қызығушылықтарын оята білу. Екінші міндеті – тілді меңгертуге тиісті ойын түрлерін таңдай білу. Үшінші міндеті – ойынды қажетті бағытта дұрыс және тиімді қолдана білу.

Ойынның әдістемелік мәні не? Ойынның әдістемелік мәні, ең алдымен, ол логикалық ойды дамыту, тілді меңгерту құралы. Екіншіден, оның мәні – ойынның эмоционалдығы. Сабақта ойынды қолдану барысында тек қана жағымды эмоция жүреді. Ойын арқылы оқушы сабаққа қалай кірісіп кеткенін, белсене қатысқандығын өзі де аңғармай қалады. Яғни ойын оқушыны сабаққа белсене қатысуға жетелеуші құрал ретінде жүреді. Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруді ойын түрінде ұйымдастыру интерактивті оқыту әдісінің бір түрі болып саналады. Өйткені ойын үстінде мұғалім мен оқушы арасында байланыс пайда болып, оқушылардың ұжымдық түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік ашылады. Сондықтан да оқушылар мектеп қауымдастығының тең құқылы мүшесі ретінде өз күш-жігерін байқап көруіне мүмкіндік тудыратын логикалық ойлау шығармашылықпен сабақтастыра отырып, ойын түрлерін кеңінен пайдаланудың және қызығушылықтарын арттырудың және оқушыларға білім беру үрдісін ойын түрінде ұйымдастырудың маңызы зор.

Оқу үрдісін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орын алады.

Ойын және мұғалім. Мұғалім ойынға қатысуы да мүмкін, сырттан жай ғана бақылап, жөн сілтеп, ұсыныс жасап қана тұруы да мүмкін. Ойын мұғалім мен оқушының немесе топтың арасындағы қатынасты өзгерте алады. Бір жағынан, мұғалім ойынды жүргізуі қажет. Бұл жағынан мұғалімнің функциясы режиссер немесе жаттықтырушы қызметіне ұқсас. Егер мұғалім ойын түрін сабағында қолданғысы келсе, ол алдымен, әр оқушының мінез-құлқын, білім деңгейін, жеке тұлға ретінде ол қандай адам екендігін жақсы білуі керек. Және олардың қызығушылығын тудыра алатын жақтарды біліп отыруы тиіс. Мұғалім ойын барысында оқушылармен әзілдесуіне де, өз ойын білдіруіне де болады. Оқушылармен жылы сөйлесе білуі тиіс. «Сенікі дұрыс емес!», «Қате!», «Нашар!», «Жоқ, болмайды!» деген сияқты баға беру дұрыс емес, тіпті олай етуге болмайды да. Оқушылардың өтініштеріне, сауалдарына, ой-пікірлеріне көңіл бөлмей қоюына да болмайды. Оқушылар ойнау барысында өз іс-әрекетіне сенімді болуы қажет. Мұғалімнің міндеті – соны қамтамасыз ету.

Басқа ұлт өкілдеріне арналған қазақ тілі сабағында қатысымдыққа (коммуникативтілікке) көп көңіл бөлуіміз керектігі баршамызға белгілі. Қазақ тілін оқытудың басты мақсаты да оқушының тілін дамытып, қарым-қатынас жасай білуге дағдыландыру. Сол себепті қазақ тілі сабағында ойын түрдерін тиімді қолданудың маңызы зор. Ойын түрінде өткен сабақтарда оқушылар материалды оқып, меңгеріп шыққандарын өздері де байқамай қалады.

С.Ф. Занько, Ю.С. Тюнникова және С.М. Тюнниковалардың пікірінше, оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада: оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша – оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру болып табылады.

Оқу ойыны – бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер бойынша барлық сынып оқушыларын оқыту үрдісінде оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.

Міне, осы мақсатта оқушылардың білім бағдарламасын жетік меңгеруіне, Елбасымыздың Жолдауын жүзеге асыруда осы технологияның тиімділігіне ерекше назар аударамын.

Оқытудың ең басты міндеттерінің бірі – балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Баланың логикалық ойлау қабілетін, олардың ерекшеліктерін тез байқауға болады.

Ойын оқу үрдісін ширата түседі және әрбір сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуді, сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйретеді. Сонымен бірге сабақта ұсынылатын әрбір ойынның тәрбиелік маңызының зор болуы, әр ойын оқушының қабілеті мен ой-өрісін дамытуға оң әсерін тигізетіндей болуы керек.

Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В. Занковтың айтуынша, сабақтағы ойын элементтері оқу үрдісіндегі зерігушілікті жоюға көмектеседі, оқушылардың білімін кеңейтуге, шығармашылық іздемпаздығы мен зерделілігін арттыруға және оқуға септігін тигізеді.

Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал. Құрбылармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға түрткі болады. Мақсаткерлік, ерік-күшін бағындыра білу-жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойнай жүріп бала көп күш-жігер жұмсайды. Алайда, ойын арқылы тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім меңгеріледі. Сонымен қатар, ойындағы ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және өзара қарым-қатынастарының одан әрі дамуына септігін тигізеді. Балалардың ойынға белсенді қатысуына көмектеседі.

Дидактикалық ойындарды қазақ тілі сабақтарында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы жағдай жасайды. Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол – дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік-дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

А/ балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;

Ә/ баланың басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;

Б/ білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуін қамтамасыз ету;

В/ ойын барысында балаға жаңа білім, білік-дағдылардың қайнар көзіне жету;

Г/ баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік-дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытады. Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойынның орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, оларды елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері дамиды.

Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.

С.А. Шмаковтың анықтауы бойынша ойын үш түрлі қырымен сипатталады:

- еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты;

- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстың орын алуы;

- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады.

Мысалы: осындай проблемалық тақырып алсақ, «Сабақта түрлі дидактикалық ойындарды қолдану». Осы проблемалық тақырыпқа жету үшін мынадай мақсат қоюға болады: «Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту».

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден дерексізге, жеңілден қиынға, жақыннан алысқа» деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуге болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып, сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.

Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын баланың психикасына әсер етіп, сапалы өзгерістер туғызады.

Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады.

Ойынды сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолдануға болады. Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың көңіл-күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру. Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту, не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады.

Ұлттық ойындарды өткен сабақтарды қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі, балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі.


ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ

Мақсаты

Міндеті

Ойын арқылы оқушылардың білім-білік, икем – дағдыларын қалыптастыру.

1. Білім деңгейі мен икем-дағдыларын жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу және тәрбиені ұштастыру.

2. Танымдық қызметі мен ой-өрісін кеңейту.

3. Оқушының өзіне деген сенімін арттыру, оқуға қызығушылығын, белсенділігін дамыту.


Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі


Сабақ сапасын арттыру, жақсы білім дәрежесіне жетуде ойын элементтерін пайдалану.


Өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге әсер ету.


Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», — дейді.

Сауаттылыққа үйретеді Ой-өрісі дамиды

Бала

Бала





Жан-жақты тәрбиелейді Сөйлеу қабілетін жетілдіреді


Көңіл көтеру


Диагностикалау Қарым-қатынас жасау



Ойынның негізгі функциялары








Сауықтыру Әлеуметтендіру Түзету




Еркін дамитын іс-әрекет Шығармашылық сипат

Ойынның негізгі қасиеттері







Көңіл-күй көтеріңкілігі Ережелердің болуы


Мазмұны

Әдістері

Білімділік, танымдық, шығармашылық

Заттық, сюжеттік, рөлдік, іскерлік, драмалық, имитациялық


Оқушыны жалықтырмау Ойынның мазмұнын ашу


Ойынға қойылатын талаптар








Қажетті материалдардың

дайын болуы Өту жоспарын жасау Ойын түрін дұрыс таңдау


Семинар Сахналық қойылымдар Ашық сабақ


Жұмыс

мазмұны










Шешендер байқауы Конференциялар Интеллектуалдық сайыстар


Тіл апталығы

Әдістері:

  • Қазақ тіліне тән дыбыстарды үнемі қайталап отыру;

  • Сабақта берілетін материалдардың мазмұнын ашу үшін ойын түрлерін қолдану;

  • Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу;

  • Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлауын дамыту;

  • Оқу техникасын жетілдіру, аудио-визуальдық дағдыны қалыптастыру.

Тиімді нәтижеге жету дегеніміз – ойын арқылы оқу сапасын арттыру. Қазақ тілі сабағында тіл дамытуға қатысты жүргізілетін ойын қызметі мынадай міндеттерді шешуге: біріншіден, оқушының тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету сабақтың басты мақсаты болса, ойын осы мақсатқа жетуге деген оқушының эмоциялық қатынасын, ықыласын арттыруға; екіншіден, ойынның шарты, түрі, тәсілі міндетті түрде оқушыны дұрыс сөйлеуге, өз ойын байланыстырып жазуға, логикалық және шығармашылық мүмкіншілігін ашуға; үшіншіден, ойынды сабақтың талдау, бекіту, қайталау кезеңдерінде жүйелі түрде қолдану оқушының жазбаша сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөз сөйлеу шеберлігін ұштауға жағдай жасайды.

Ойын түрлерін тіл үйрету барысында Қазақстанның тарихын, салтын, мәдениетін және барлық тақырыптарды таныстыруда әр мұғалім өз сыныптарының дайындық деңгейіне лайықтап жеңілдетіп, күрделендіріп құруына болады. Ойындарды оқу үрдісінде назар аударған жөн, мұнда негізінен оқыта үйрету ойындары пайдаланылады, өйткені олардың мазмұны балалардың оқудағы еңбегі болып табылады. Оқытудағы білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары ортақ мақсатқа, тиімді нәтижеге жетуге бағытталады. Сондықтан да білім беру үрдісін ойын түрінде ұйымдастырудың маңызы зор.

Қазақ тілі сабақтарында ойынды тиімді қолдану оқушының сол тілде сөйлеуге жаттығуына мол мүмкіндік береді. Сол себепті сабақтарымда ойындар мен ойын элементтерін қолдануды жөн көрдім.

Ойынның бірнеше түрлері болады. Олар: ұлттық ойындар, жарыс ойындар, рөлдік ойындар, пікірталас ойындар, дидактикалық ойындар, әрекетін сөзбен айту ойындар, құралдық ойындар, пәндік ойындар, т.б..

Арнайы ұйымдастырылған түрлі ұлттық ойындар балалар мен жасөспірімдерді ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, өжеттілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, табандылыққа, байсалдылыққа, еңбек етуге тәрбиелейді, патриоттық сезімдерін оятады дене қуаты қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік және ептілік қасиеттерін жетілдіреді, дамытады. Ұлттық спорт ойындары : көкпар, бәйге, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату, аударыспақ, асық ату, арқан тарту, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, т.б. Ұлттық ойындар: «Ақ терек, көк терек», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Белбеу тастау», «Мысық пен Тышқан», «Кім түртті», «Ұшты-ұшты», «Қазан доп», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Бестас», «Жасырынбақ», «Әтештер қақтығысы», «Шымбике» т.б. ойындар. Сол кезден қазіргі уақытқа дейін біз білетін «Ақсүйек», «Орда», «Қызыл ту», «Айгөлек» ойындары кең таралып, көп ойналған.

Дидактикалық ойындар — кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйренетін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Дидактикалық ойынның нәтижесі ойын жолымен ұту емес, бала білімді игеру, ақыл - ой қызметін дамытуда, өзара қарым - қатынас жасауда ой жетістіктерінің көрсеткіші. Сабақтарымда қолданатын - дидактикалық ойындарым: «Дұрыс ата», «Не өзгерді», «Не жоқ?», «Дәміне қарай тағамдарды ажырат», «Ғажайып дорба», «Төлдерді ата», «Бұл ненің дауысы?», «Үйін тауып бер», «Не артық?», «Гүлдене бер, Астана!», т.б..

Тапсырма: 1.Дастарқаннан дауысты дыбыстардан басталатын жеміс-жидектерді алып, сөмкеңе сал.








Рөлдік ойындар. Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа: жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін сезіну және одан әсер алу. Лактардың ішкі күйі мен іс-әркетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін қабілеттерін ояту. Өздерінің тиесілі рөлдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу. Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын дауыс ырғағымен дәл айта, көрсете білуге баулу.

Рөлдерде ойнайтындар: Ешкі, жеті лақ, қасқыр, әтеш (Балаларға рөл ұсынылады)

1. Ертекші:

Сәлем бердік, балалар!

Ана тілін алмаған,

Еркелікпен сандалған.

Лақтар жайлы ертегі,

Сендерге сыр шертеді.

Ертегіні ең қызық,

Сахнага енгізелік.

Бояндайын көріңдер,

Өз бағасын беріңдер!

2. Ерте, ерте, ертеде ешкі мен жеті лақ болыпты.-Лақтар өте тату, көңілді өмір сүріпті. Ешкі әрбіреуінің мінез-құлықына сай ат қойып лақтарын еркелетіпті.

Ән-әуен ойналады, билеп, әндетіп жеті лақ шығады.

Жеті лақ қатарға тұрып өздерін таныстырады.

1. Көңілді білгіш лақ.

2. Көңілді мылжың лақ.

Кенже лақ: Тоқтаңдар достарым, сапты мен басқарам (3 рет қайталайды)

Барлығы кенже лақтың артынан саппен жүреді.

Лактардың анасы келеді, лактарын әндетіп ұйықтатады.

1. Ұйықтай қойшы, білгіш лақ.

2. Ұйықтай қойшы, мылжың лақ.

Анаң кетті орманға, есікті ашпа!

Анасы тамақ әкелуге орманға кетеді. Анасы кеткен соң көңілді лақтар секіріп ойнайды. Мылжың лақ пен білгіш лақ қол ұстасып секіреді.

Мылжың лақ пен Білгіш лақ.

Біз білеміз, біз білеміз

Тәтті тұрған жерді 6ілеміз.

Сүзгіш лақ: Сүземін, сүземін бәріңді де сүземін.

Ұрыншақ лақ: (сыпырғышты қолына алып):

Секіремін,секіремін.

Барлық жерді бүлдіремін.

Осы кезде қасқыр келеді, есікті тоқылдатады. (тук-тук).

Лақтар бір бұрышқа жиналады.

Касқыр: Көңілді лақтар есікті ашыңдар!

Лактар: Біз білеміз, біз білеміз,

Сен қасқырсың, сен қасқырсың!

Қасқыр: Қап бәлем, сендерді ме.

Қасқыр жұдырығын түйіп кетіп қалады.

Қасқыр қайтадан келеді, есікті тоқылдатады (тук-тук, даусын өзгертіп).

Қасқыр:

Мылжың лағым, ұрыншағым есікті аш!

Білгіш лаққа — балалайка

Ұрыншаққа-қуыршақ, әкелдім.

Лақтар есікті ашады.

Қасқыр: А, ұсталдыңдар ма, мен сендерді жеймін!

1,2,3,4,5,6...........

Кенже лақ жасырынып қалады.

Қасқыр: Келсін ешкі апаң,

Лақтарын іздеп таппасын!

Қасқыр (лақтарды орманға алып кетеді.)

Әтеш жүгіріп кетеді.

Әтеш: Ку-ка-ре-ку! Ку-ка-ре-ку!

Қолайсыз жағдай, қолайсыз жағдай.

Кенже лақ: Тезірек, тезірек кұтқарайық лақтарды.

Анасы келеді (Әтеш пен кенже лақ қорыққанынан ымдап көрсетеді).

Анасы басын шайқап тұрады, не істерің білмейді.

Анасы: Әтеш пен кенже лағым тезірек лақтарды кұтқарайық.

Анасы, кенже лақ, әтеш лақтарды іздеп шығады.

Бұларды көрген қасқыр, лақтарды тастап қашып кетеді.

Анасы лақтарын алып келеді. Барлығы қайтадан секіріп әндетеді.

Лақтар: жеті, жеті, жеті лақ,

Көңілді, көңілді, көңілді шулап.

Осылай жеті лақ қасқырдан аман-есен құтылып, аналарына қосылады.


Қорытынды


Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Оқушылар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан, оқушыларды ойындар арқылы үйлесімді тәрбиелеу дене динамикасы және оны пайдалану технологиясын төмендегідей ұйымдастыру оң нәтижеге жететіндігі дәлелденіп отыр:

1. Әр түрлі ойындар оқушылардың қызығушылығын, ынтасын туғызады және белсенділіктерін арттырады.

2. Балаларға эмоциялық жағынан әсер ету қажет болғанда, олардың назарын көңілді, шабытты күйді орнықтыратын қимыл-қозғалыс ойындарды пайдалану арқылы тәрбиелік әсер қалыптастырады.

3. Оқушылардың пәнге деген құштарлығын арттырады, дұрыс оқу жүйесін дамытады.

4. Шапшаңдыққа үйретеді, ақыл-ойын жетілдіреді.

5. Логикалық ойын дамытады, еске сақтау қабілетін арттырады.

6.Өз ойын толық, әрі дұрыс жеткізуге жетелейді, білім деңгейлерін тереңдетеді.

7.Тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік қарым-қатынасты жүзеге асырады.

8. Сұрақ қоя білуге дағдыландырады және қойылған сауалға жауап қайтара білуге жаттықтырады, қатынас жасауға қызығушылықтарын арттырады.

Ойын - балалар өмірінің нәрі. Ойын баламен мәнгілік өмір сүреді. Ойынды баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, ойын арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман-тілегін білуге, зейінін, жадыны қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады. Ойын -бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Оқушылардың білім, білік-дағдыларын дамыту тиімділігін арттыру жолдарына қатысты психологиялық-педагогикалық, әдістемелік негіздемелеріне және тәжірибе жұмысының нәтижелеріне сүйене отырып төмендегідей қорытындыға келдім: Ойындарды өткізу – балаларды тәрбиелеу құралы.





Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар


Ойынды өткізудің мақсаты:


  • Оқушыларға әрбір сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуді, сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету;

  • Әр түрлі ойындар оқушылардың қызығушылығын, ынтасын туғызужәне белсенділіктерін арттыру;

  • Балаларға эмоциялық жағынан әсер ету қажет болғанда, олардың назарын көңілді, шабытты күйді орнықтыратын қимыл-қозғалыс ойындарды пайдалану арқылы тәрбиелік әсер қалыптастыру;

  • Оқушылардың пәнге деген құштарлығын арттыру, дұрыс оқу жүйесін дамыту;

  • Шапшаңдыққа үйрету, ақыл-ойын жетілдіру:

  • Логикалық ойын дамыту, еске сақтау қабілетін арттыру;

  • Өз ойын толық, әрі дұрыс жеткізуге жетелеу, білім деңгейлерін тереңдету;

  • Тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік қарым-қатынасты жүзеге асыру;

  • Сұрақ қоя білуге дағдыландыру және қойылған сауалға жауап қайтара білуге жаттықтыру, қатынас жасауға қызығушылықтарын арттыру.


Енді, әртүрлі ойын түрлерімен танысайық. Бұл ойындарды ұстаз өз мақсатына сай шығармашылықпен түрлендіріп, өзгертіп қолдануына болады. Мысалы, төменде ұсынылатын ойын түрлерін тіл үйрету барысында лексикалық және грамматикалық тақырыптармен таныстыруда әр мұғалім өз сыныптарының дайындық деңгейіне лайықтап жеңілдетіп, күрделендіріп құруына болады.

Сабақта қолданылатын ойын түрлері:


«Шашыранды сөздерден сөйлем құра»

Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады. Бұл жарыс-ойын түрі.

Ойынның тәртібі: Оқушылар төрт шағын топқа бөлінеді. Әр топта бес-алты оқушыдан болуы керек. Егер «шашыранды сөздерден дұрыс сөйлем құрастырсаңыздар, сіздерге бұрыннан таныс мақал-мәтел шығады» десе, оқушылар қызыға жұмыс істейді. Алайда олар шулап кетпес үшін «қай қатар тез табады, солар қағаз бетіне түсіре қойсын» деп тапсырған дұрыс. Неше шағын топ болса, сонша сөйлем шығатындай шашыранды сөздер тізбегі болуы керек.

Ойынның міндеті: Тақтаға шашыранды сөздер тізбегі беріледі, оқушылар ақылдаса отырып, сөйлем құрап шығаруы тиіс. Әр топтың алдында А4 формат жатады, құрастырып болған топ дұрыс нұсқасын сол форматқа жазуға міндетті.

Мәселен,

  1. Білімде, білім, күш, кітапта. /Күш – білімде, білім – кітапта/.

  2. Білім, оқу, шырағы, білім, өмір, бұлағы. /Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шыарғы/.

  3. Кеме, мектеп, теңіз, білім. /Мектеп – кеме, білім – теңіз/.

  4. Білімсіз, оқусыз, жоқ, жоқ, білім, күнің. /Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ/.

Осы төрт қатарда берілген сөздер тізбегін төрт ашығн топқа бөліп беру қажет. Әр шағын топ өздеріне берілген сөздерді дұрыс құрастырғанда, мақал-мәтел шығады. Қай шағын топ тез, әрі дұрыс құрастырса, сол топ жеңімпаз атанады. Мақал-мәтел шығару міндетті емес, бұл ойынды белгілі бір тақырыпты өткенде немесе сол өткен тақырыпты сабақтың пысықтау кезеңінде білімдерін тексеру мақсатында сөйлемдерді дұрыс құрату үшін де ойнатуға болады.

Ойынның мақсаты: Жұмыла жұмыс істеу, бірі білмегенді екіншісі толықтыру. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту.


«Түсіп қалған қазақ тіліне тән дыбысты тап» ойыны


Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Оқушылар төрт шағын топқа бөлінеді. Ойын белгілі бір тақырып бойынша ойналады.

Ойынның міндеті: Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөзді қалпына келтіру. Мәселен, «Анамның туған күні» тақырыбын өткенде әр топқа екі тармақтан беруге болады. Мысалы, бірінші топ: «Айналайын, ана, Ту..ан к..н..ңмен!», екінші топ: «Сыйлайыншы са..ан, Дала г..л..н мен», үшінші топ: «Мерекел.. к..ні.., ..андай тамаша!», төртінші топ: «Кеудедег.. г..лі.., ..алды жараса» т.б. осы сияқты сөздерді қалпына келтірулері керек.

Ойынның мақсаты: Жазу сауаттылығына үйрету.


«Орфографиялық сандықша» ойын


Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Оқушылар үш-төрт шағын топқа бөліп, ойынды жарыс түрінде ойнату. Мұғалім алдын ала сандықшаны дайындап қояды. Сол сандықшаның ішінде төл әріптері түсіріліп қалған сөздер болады. Төрт шағын топқа уақыт мөлшеріне және оқушылардың білім деңгейіне орай, өтілген тақырып бойынша сөздер беріледі. Немесе жуырда өткен жаңа сөздермен де өткізуге болады. Мысалы: «Қазақстан» тақырыбы бойынша сөздер беріледі: те..із, к..л, ..зен, ..ала, Б..йтерек, Бал..аш, м..ражай, ..имарат, К..кшетау, таби..ат, т.с.с.

Оқушылар сандықшадан сөздерді алып, тиісті әріптерді қоюға міндетті. Қай топ қателеспей бүкіл сөздің түсіп қалған төл әріптерін дұрыс қойып шықса, сол топ жеңгені. Егер оқушылардың ішінде біреулері қате жіберіп алса, екінші басқа топтың мүшелері оны толықтырып, ұпай санын көбейтуге мүмкіндіктері бар.

Ойынның мақсаты: Қазақ сөздері үндестік заңына бағынатынын естерінде нық сақтауға жаттықтыру. Сөздердің жазылу сауаттылығына меңгерту.


«Сергіту» ойыны


Ойынның тәртібі: Ойыншылар екі қатарға бөлініп тұра қалады. Мұғалім екі қатардың бас жағында немесе орталарында.

Ойынның міндеті: Мұғалім қазақша бұйрық беріп тұрады, оқушылар бұйрыққа ілесіп оны қимылмен көрсетіп тұрулары қажет. Мәселен, мұғалім: оң қолыңды көтер, сол қолыңды көтер, қолыңды түсір, көзіңді жұм, көзіңді аш, отыр, тұр, орныңда жүгір, алға бір қадам, артқа бір қадам, т.с.с. деген сияқты бұйрықтарды айтып, ойыншылар орындап тұрады.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөз мағынасын түсіне ме екендігін тексеру. Сөз мағынасын түсінуге дағдыландыру. ІІ жақ бұйрық рай етістікті меңгерту.


«Мен саған, сен маған» ойыны

Бұл ойынды синоним, антоним тақырыптарын өткенде ойнатуға болады. Сондай-ақ басқа тақырыптарды өткенде де қолдануға болады.

Ойынның тәртібі: Ойын ойнауға байланысты үй тапсырмасы алдын ала беріледі. Сыныпты екі топқа бөлу қажет. Бірін «синонимдер» тобы, екіншісін «антонимдер» тобы деп атау. Орнында отырып сөйлесе, ол топ бір ұпайдан айырылады.

Ойынның міндеті: Ойынды мұғалім жүргізеді. Мұғалім бір сөз айтады, бірінші топ ол сөздің синонимін айтулары, екінші топ антонимін айтулары тиіс. Мысалы, мұғалім: «сөз басы» деді, бұл сөздің синонимі «кіріспе» , антонимі «қорытынды». Бір сөз айтылған соң сөз кезегін «синонимдер» тобына, одан кейін «антонимдер» тобына кезектестіріп отырады. Егер қай топ болсын орындай алмай жатқан топтың тапсырмасын орындауға мүмкіндіктері бар. Мысалы:


Синонимі:

Көп – мол

Дұшпан-қас

Әлді-күшті

Антонимі:

Көп – аз

Дұшпан-дос

Әлді-әлсіз

Қай топ шапшаң, тез, әрі дұрыс жауап берсе, сол топ жеңімпаз атанады.

Ойынның мақсаты: Сөздерді неғұрлым көп естеріне сақтату, әр сөздің мағынасын дұрыс меңгерту.



«Септеу эстафетасы» ойыны

Бұл ойынды септік категориясын өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Оқушылар үш топқа бөлінеді де ойын жарыс түрінде өтеді. Тақтада үш қатар сөздер тізбегі жазылуы немесе әр топтың алдында А4 формат қағазы болуы тиіс.

Ойынның міндеті: Тақтаға әр қатардан бір-бір оқушыдан кезекпен шығып, әр қатар өздеріне арнап тақтада жазылған сөздерді тез септеп шығулары немесе әр топтың алдында жатқан А4 форматқа жазулары керек. Бұл ойынды рет-ретімен әр оқушы сөзді белгілі бір септікке қойып септеп шығуларына да болады. Қай топ қатесіз орындаса, сол топ жеңімпаз атанады. Оқушылардың септіктердің орын тәртібін және олардың жалғауларын ауыстырып алмау талап етіледі.

Ойынның мақсаты: шапшаңдыққа үйрету, септік жалғауларын бекіту.


«Кімдікі?» ойыны

Бұл ойынды «Менің отбасым» тақырыбын өткенде ойнатуға болады.

Келесі сабаққа кітап, газет, көзілдірік, журнал, ойыншық, доп, дәптер оқулық алып келу керек. Тағы басқа да заттарды алып келуге болады.

Ойынның тәртібі: Сыныптағылар дөңгелене тұрады. Ойын кезек күтіп жүргізіледі.

Ойынның міндеті: Бірінші тұрған оқушыға бір зат беріледі. Мұғалім «Сенің отбасыңда көзілдірік кімдікі?» деген сұрақ қояды. Оқушы «Менің отбасымда көзілдірік әжемдікі» деп жауап беруге тиіс. Ойын сағат тілі бойынша барлық заттарды қолдана отырып, осы ретпен жалғаса береді.

Ойынның мақсаты: буын үндестігіне бағынбайтын, меншік ұғымды білдіретін –нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары жаттықтырылады. Ауызекі сөйлеуді дұрыс қолдана білуге үйрету.


«Ы» әрпі ме, әлде «і» әрпі ме?» ойыны

Бұл ойынды «Етістік» тақырыбы бойынша ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Ойын шағын топпен немесе жеке жұмыс түрінде де өтілуі мүмкін.

Ойынның міндеті: Топқа немесе ойыншыға берілетін кеспе қағаз (карточка) беріледі. Кеспе қағазда жазылған сөздің соңғы дыбысын табулары қажет. Кім дұрыс орындаса, сол жеңеді. Мысалы, оқыд.., көрд.., ойнад.., бард.., көмектест.., сақтайд.., келед.., тұрғызд.., сөйлеттірд.., болд.., күтт.., жазад.., тамақтанд.., киінд.., ұйықтад.., сәлемдест.., т.с.с.

Ойынның мақсаты: Сөздердің жуан, жіңішке буындарын ажыратуға дағдыландыру. Қазақ сөздері үндестік заңына бағынатынын естерінде нық сақтауға жаттықтыру. Сөздердің жазылу сауаттылығын меңгерту.

Ескерту: Диктантты сауатты жазу үшін бұл ойынды алдын ала өткізуге болады.




«Менде бар, сенде жоқ» ойыны

Бұл ойынды «Жемістер», «Көкөністер» тақырыптарын өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Ойын жұптық жұмыс түрінде өтіледі. Мұғалім сабаққа жемістердің, көкөністердің суреттерін алдын ала дайындайды.

Ойынның міндеті: Әр оқушыға жемістің немесе көкөністің суреті беріледі. Оқушылар орнында отырып сөйлейді. Мәселен, бірінші қатардағы оқушылардың біреуіне алманың суреті, екіншісіне алмұрттың суреті беріледі. Сонымен, оқушы «Менде алма бар, ал сенде алма жоқ» дейді, қасында отырған екінші оқушы «Ал менде алмұрт бар, сенде алмұрт жоқ» деп айтулары тиіс. Ойынды әрі қарай келесі партада отырған оқушылар берілген суреттері бойынша ретімен жалғастыра береді.

Ойынның мақсаты: Тілдерін дамыту. Жемістер, көкөністер атауларын оқушылар жақсы меңгеріп, оны естерінде бекіту.


«Фишка» ойыны

Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады. Мәселен, «Дүкен», «Асхана», «Жануарлар әлемі», т.б. тақырыптарын өткен кезде.

Ойынның тәртібі: Мұғалім сабаққа өткен тақырып бойынша суреттерді алдын ала дайындайды. Ойын жеке жұмыс түрінде өтіледі. Ойын басталмас бұрын оқушылардың міндеттерін түсіндіреді. Кім бірінші қол көтерсе, сол фишканы алады.

Ойынның міндеті: Ойын барысында мұғалім суретті көрсетіп тұрады, яғни ол заттың атауын оқушы айтуы тиіс. Мәселен, «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбы бойынша суреттер: нан, ірімшік, ет, май, айран, сүт, тұз, қант, т.б. Қай оқушы бірінші болып қолың көтерсе, әрі дұрыс жауап берсе, сол оқушы фишканы қанжығасына байлайды. Қолың көтермей жауап берсе, ол оқушыға фишка берілмейді.

Ойынның мақсаты: Әр заттың дұрыс атауын дұрыс айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа үйрету. Еске сақтау қабілетін арттыру.


«Мына үйде кім тұрады?» ойыны

Бұл ойынды «Менің отбасым» тақырыбын өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Мұғалім баспалдақ бойынша берілген суреттер мен сандарды алдын ала дайындайды. Ойын жұптық жұмыс түрінде өтіледі. Ойын басталмас бұрын оқушылардың міндеттерін түсіндіреді.

Ойынның міндеті: Балаларға өзінің отбасында тұратын адамдарды ататып, санату. Сол сөздерді қатыстырып үйде кім тұратынын айтқызу.

Ойынның мақсаты: Балаларға отбасы мүшелерін жеке – жеке таныта келе, ең соңында жалпы атауын бір сөзбен атату.






«Сөздік» ойыны

Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Мұғалім жүргізуші болады. Ойын жарыс түрінде жүргізіледі.

Ойынның міндеті: Мұғалім өткен тақырыптар бойынша сөзді орыс тілінде айтады, ал оқушылар бұл сөзді қазақ тіліне аударады. Ойын жеке жұмыс түрінде өтіледі. Ойын басталмас бұрын оқушылардың міндеттерін түсіндіреді. Кім бірінші қол көтерсе, сол жауап береді. Мәселен, «Спортзалда» тақырыбын өткен кезде ойнатсаңыз: урок физкультуры, игра, мяч, играем, скакалка, прыгаю, старт, финиш, площадка, ворота, интересно. т.с.с.

Ойынның мақсаты: өтілген тақырыпқа қатысты сөздерді еске сақтау қабілеттерін дамыту.


«Жалғаулар ұясы» ойыны

Бұл ойынды жалғаудың төрт түрімен өткен кезде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Оқушылар үш-төрт топқа бөлініп, орындарында отырып жұмыс жасайды.

Ойынның міндеті: Әр топқа жалғаулар жазылған кеспе қағаз бен сызба (таблица) таратылып беріледі. Кеспе қағаздардағы жалғаулар жүйелі түрде, топтап жазылмаған, тек әншейін сөздер тізбегі іспеттес. Ал сызбада жалғаудың төрт түрі бар. Жалғаудың түрлері әр тор көзде жазылуы керек. Оқушылардың міндеті - берілген сөздерді жалғаулардың ережесі бойынша сол қатарларға орналастыру. Түсінікті болу үшін төмендегі сызбаға назар аударыңыз. Дәл осындай сызба ұсынылады:


Көптік жалғау

Септік жалғау

Тәуелдік жалғау

Жіктік жалғау






Әр шағын топқа алдыңдағы жалғаулар тізбегін осы торларға сәйкестігіне орай орналастырады. Мәселен, көптік жалғау деген тор көзге: балалар, гүлдер, кітаптар, сызғыштар, т.с.с., септік жалғау деген тор көзге: баланы, өшіргішпен, сыныпта, т.с.с., тәуелдік жалғау деген тор көзге: дәптерім, оқулығымыз, мектебің, т.с.с., жіктік жалғау деген тор көзге: баласың, оқушымын, мұғалімсіз, т.с.с.

Ойынның мақсаты: Жалғаулар түрлерін бір-бірінен ажырата білуге, дұрыс айтуға дағдыландыру. Жазу сауаттылығын арттыру.


«Лингвистикалық домино» ойыны

Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады.

Мұғалім алдын ала қос-қостан, жұп кеспе қағаз (карточка) дайындауы керек. Оның біріншісіне мақал-мәтелдің, тұрақты сөз тіркестерінің немесе мәтіннің біріншісі жартысы, ал екінші кеспе қағазға екінші жартысы жазылады.

Ойынның тәртібі: Ойын шағын топпен немесе жеке жұмыс түрінде де өтілуі мүмкін.

Ойынның міндеті: Бір ойыншыға берілетін кеспе қағаздың саны бірнешеуі болуы керек. Өйткені бір-екі мақал-мәтел, екі-үш тұрақты сөз тіркестері және мәтін жазылған кеспе қағаздар бір ғана оқушыға беріледі. Ал тілді жақсы білетін ойыншыларға кеспе қағазда берілетін мақал-мәтелдің, жұмбақтың, тұрақты сөз тіркестерінің, мәтіннің саны бірнешеу болуы керек және олар ұқсас мақал, я тұрақты тіркес болса тіптен жақсы. Ойыншылар өз кеспе қағаздарын қарастыра отырып, мақал-мәтел, жұмбақ, тұрақты сөз тіркестер мен мәтіндердің сыңарын табулары керек. Кім сыңарын тез тапса, сол жеңеді. Мысалы, Дос жылата, дұшпан күлідер айтар (мақал). Дос егіз, дұшпан сегіз (тұрақты тіркес). Міне осы сияқты мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркесті және мәтінді кеспе қағазға бөліп-бөліп жазып бір ғана оқушыға немесе бір шағын топқа беру керек (бұл сіздің оқушыларыңыздың білім деңгейлеріне байланысты). Олар өз кезегінде дұрыс құрастырып шығуға тиісті. Жұмыс орындалып болған соң әркім (егер ол шағын топ болса, топтан бір адам) өз құрағанын оқиды, ал мұғалім дұрыс нұсқасын оқып беруі керек.

Ойынның мақсаты: Еске сақтау қабілеттерін жаттықтыру, әрі сөз мағыналарын түсінуге дағдыландыру.

«Мәтінді қалпына келтіру» ойыны

Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады.

Мұғалім алдын ала қос-қостан, жұп кеспе қағаз (карточка) дайындауы керек. Оның мәтіннің біріншісі жартысы, ал екінші кеспе қағазға екінші жартысы жазылады.

Ойынның тәртібі: Ойын шағын топпен немесе жеке жұмыс түрінде де өтілуі мүмкін.

Ойынның міндеті: Бір ойыншыға берілетін кеспе қағаздың саны бірнешеуі болуы керек. Өйткені мәтін жазылған кеспе қағаздар бір ғана оқушыға беріледі. Ал тілді жақсы білетін ойыншыларға кеспе қағазда берілетін мәтіннің саны бірнешеу болуы керек. Ойыншылар өз кеспе қағаздарын қарастыра отырып, мәтіннің сыңарын табулары керек. Кім сыңарын тез тапса, сол жеңеді. Мысалы, «Түркістан» мәтінін алсақ, кеспе қағаздың мәтіннің бірінші бөлігіне «Түркістан – көне қала. Ол Қаратау мен Сырдария өзенінің ортасында орналасқан. Қаланың көне аттары – Шабған, Йасы» берілсе, мәтіннің екінші бөлігін өздері толтырулары қажет. Екінші бөлігі «Түркістан – «түріктер мекені» деген сөз. Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи кесенесі бар. Бұл – ғажайып ғимарат. Қожа Ахмет Йасауи – белгілі түрік ғалымы. Түркістан – қасиетті жер» деп, дұрыс жазып шығуға тиісті. Жұмыс орындалып болған соң әркім өз жазғанын оқиды, ал мұғалім дұрыс нұсқасын оқып беруі тиіс.

Ойынның мақсаты: Еске сақтау қабілеттерін жаттықтыру, әрі сөз мағыналарын түсінуге дағдыландыру.



«Нөмірлеу» ойыны

Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады.

Мұғалім алдын А4 форматта жазылған мәлімет дайындауы керек.

Ойынның тәртібі: Ойын шағын топпен немесе жеке жұмыс түрінде де өтілуі мүмкін.

Ойынның міндеті: Шағын топқа немесе оқушыға А4 форматтағы сызбада жазылған мәлімет таратылып беріледі. Нөмірлеу арқылы кестенің екі жағындағы мәліметтер сәйкестігін көрсетуі тиіс. Кім сәйкестігін тез тапса, сол жеңеді. Мәселен, «Қазақстан табиғаты» мәтінін құрастыру. Түсінікті болу үшін төмендегі сызбаға назар аударыңыз. Дәл осындай сызба ұсынылады:

Сәйкестіктер

Сөйлемнің басы

Жалғасы

1 -3

1

Қазақстан -

1

өзендер, көлдер, теңіздер бар.

2 -

2

Мұнда таулар,

2

әрбіріміздің парызымыз.

3 -

3

Ормандар мен тау бөктерлерінде қарағай, шырша,

3

бай өлке.

4 -

4

Табиғатты қорғау -

4

емен, үйеңкі және өзге ағаштар өседі.


Әр шағын топ немесе оқушы алдыңдағы сөйлемдер тізбегін осы торларға сәйкестігіне орай нөмірлеу арқылы орналастырады. Жұмыс орындалып болған соң әркім өз жазғанын оқиды, ал мұғалім дұрыс нұсқасын оқып беруі тиіс.

Ойынның мақсаты: Еске сақтау қабілеттерін жаттықтыру, әрі сөз мағыналарын түсінуге дағдыландыру.


«Әр әріптен бір-бір сөз» ойыны

Бұл ойынды кез келген бірнеше тақырыптарды өтіп болған, нәтиже сабақтарда ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Ойыншылар үш топқа бөлінеді.

Ойынның міндеті: Тақтаға үш қатарға бірдей сөз жазылады. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығап, тақтада жазылған сөздің әрбір әрпінен бір-бір сөз шығаруы керек. Мысалы, тақтада «Сөмке» деген сөз бір жолда үш рет жазылған, әр топтан шыққан оқушылар осы сөздің әр әрпінің астына осы тақырыпқа қатысты сөздер жазуға тиісті. Мысалы,


с

ө

м

к

е


с

ө

М

к

е


с

ө

м

к

е

у

ш

е

і

д













р

і

н

т

е













е

р

д

а

н













т

г

е

п















і


































Ойынның мақсаты: Сөздік қорларын дамыту. Сауатты жаза білуге дағдыландыру.


«Қажеттісін қой» ойыны


Бұл ойынды етістіктің шақтарын өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Мұғалім әр оқушыға әр түрлі жазылған кеспе қағаздарды алдын ала даярлап алып келеді. Оқушылар өз орындарында қалады. Ойын жеке түрінде өтіледі.

Ойынның міндеті: Ойынға қатысушыларға кеспе қағаздар таратылып берілген соң, өз сөйлемдерін іштерінен бір-бір оқып шығып, «баста» деген бұйрықпен ойынды бастап кетеді. Ойыншылардың міндеті: тиісті етістіктің қосымшаларын көп нүктенің орнына қойып жазулары тиіс. Бірінші, әрі дұрыс жазған ойыншы жеңімпаз атанады. Оларға берілетін сөйлемдер төмендегідей тұрғыда болуы мүмкін:

Мен бара....... .

үшінші сыныпқа

Сен бара...... .

Мен ал....... .

оқу құралдарын

Сен ал...... .

Мен келе....... .

мектептен үйге жаяу

Сен келе...... .

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау деңгейлерін жетілдіру. Тиісті қосымшаны дұрыс қоя білуге жаттықтыру. Тілдерін дамыту.


«Пошта жәшігі» ойыны

Бұл ойынды «Сөйлем, оның түрлері» тақырыбын өткенде ойнатуға болады. Сондай-ақ кез келген тақырыпты өткен кезде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Тақтаға үй түрінде қиылған хат жәшігі ілінеді. Және оқушылардың әрқайсысына таза парақтар және сөздер жазылған екінші бір кеспе қағаз таратылады.

Ойынның міндеті: Әр ойыншы парақтарға кеспе қағаздарында жазылған бес-алты сөзді қолдана отырып үш-төрт сөйлем жазуы тиіс. Ол сөйлемдер айтылу мақсатына қарай біреуі хабарлы, екіншісі сұраулы, үшіншісі лепті сөйлем және төртіншісі бұйрық рай тұлғалы сөйлем болуы керек. Мысалы, оқушының кеспе қағазында: жолға, шығады, шықты, әжем, сүйінші, ертең, жолға шықсын, т.с.с. деген сөздер мен сөз тіркестер жазылған делік, оқушы енді осы сөздер мен сөз тіркестерді қолдана отырып: 1. Әжем ертең жолға шығады. 2. Әжең ертең жолға шыға ма? 3. Сүйінші, әжем келді! 4. Әжем ертең жолға шықсын сияқты сөйлемдері бар хат жазады да, хатын мұғалімге әкеліп береді. Мұғалім хаттың (сөйлемдердің) дұрыстығын тексеріп пошта жәшігіне салады. Егер Сіздер «Поштада» өткен болсаңыздар, яғни олар хат жазу, құттықтау жазу, рәсімдеуді өткен болса, хаттың сыртына кімге жолдағандығын, мекен-жайын көрсетуді талап етуге болады.

Ойынның мақсаты: Оқушыларға айтылу мақсатына қарай сөйлем құратып үйрету. Тілдерін дамыту. Жалпы қазақ тілінде сөйлемді дұрыс құра білуге дағдыландыру.


«Топтап жаз» ойыны

Бұл ойынды дыбыстарды өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Ойын орындарында отырып, жеке өзіне ұпай жинау үшін ойнайды. Ойын жеке түрінде өтіледі.

Ойынның міндеті: Қолдарына жуан, не жіңішке дауысты дыбыстары бойынша сөздері жазылған кеспе қағаздары таратылып беріледі. Оқушылар кеспе қағаздарындағы дауысты дыбыстардың олардың түрлеріне қарай сөздерді топтап жазуы тиіс. Кеспе қағазда берілген сөздер адам, сынып, әдепті, балалар, оқулық, мектеп, қабат, әдемі, т.с.с. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстарын ажырата отырып төмендегідей сөздерді топтап жазулары керек:

Жуан дауысты дыбысы бар сөздер: адам,

Жіңішке дауысты дыбысы бар сөздер: мектеп

Ойынның мақсаты: Дауысты дыбыстарды дұрыс ажыратып, жуан-жіңішке буындарды дұрыс қолдана білу.

Ескерту: Ашық-қысаң, еріндік-езулік дауысты дыбыстары бойынша өткізуге де болады.


«Сандар» ойыны

Тақтаға А3 форматы ілінеді.

Ойынның тәртібі: Сыныптағылар 2-3 топқа бөлінеді. Мұғалім А3 форматта жазылған және сызба бойынша берілген сандарды алдын ала дайындайды.

Ойынның міндеті: Тақтаға үш А3 форматы ілінеді. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығап, А3 форматта жазылған сандарды сөзбен жазулары керек. Бір оқушы тек бір санды ғана сөзбен жазады, әрі қарай келесі оқушы жалғастыра береді. Ал түсінікті болу үшін төмендегі сызбаға назар аударыңыз. Дәл осындай сызба ұсынылады:


Ондықтар

Жүздіктер

Мыңдықтар

10


100


1000


20


200


2000


30


300


3000


40


400


4000


50


500


5000


60


600


6000


70


700


7000


80


800


8000


90


900


9000


Ойынның мақсаты: Сандар бойынша білімдерін тексеру. Сауатты жазуға дағдыландыру.

Ескерту: 1-2 сыныптарға 1-ден 10-ға дейін жарыс түрінде өткізу керек.


«Жалғасын тап» ойыны

Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Сыныптағыларды екі топқа бөліп, ойынды жарыс түрінде өткізу керек. Мұғалім тақтаға екі топқа арнап алдын ала А3 форматта жазылған мақал-мәтелдерді әкеліп, іліп қояды.

Ойынның міндеті: тақтаға ілінген мақал-мәтелдер екі қатарда тұрады.

Бірінші қатарда мақалдың басы жазылған. Ал екінші қатарда мақалдың соңы жазылған. Алайда олар рет-ретімен жаылмауы керек. Керісінше олардың орындарын ауыстырып тастау қажет. Оқушылардың міндеті сол екі қатардағы мақал-мәтелдердің басы мен аяғын тауып, бағытпен (стрелкамен) көрсету. Мысалы,

А) Отансыз адам, а) туған елдей ел болмас.

Ә) Отан оттан да ә) ормансыз бұлбұл.

Б) Тазалық – б) ыстық.

В) Туған жердей жер болмас, в) саулық кепілі.

Ойынның мақсаты: Логикалық ойлауын дамыту. Мақал-мәтелдерді естеріне сақтау қабілеттерін арттыру.

Ескерту: Бұл ойынды мәтіндегі сөйлемдерді дұрыс аяқтау бойынша өткізуге де болады.


«Артығын тап» ойыны

Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Бұл ойын белгілі бір тақырыпты өтіп болған соң ойнатылады.

Ойынның міндеті: Мұғалім төрт-бес сөздерді айтып тұрады. Оқушылардың міндеті: Оқушылар мұқият тыңдауы керек. Әр жолдан мағынасы жағынан сәйкес келмейтін сөздерді анықтап, қолдарын көтеріп, артық сөзді атауы тиіс. Мысалы, оқулық, дәптер, ұштағыш, асхана, өшіргіш, деген сөздер берілсе, артығы: асхана сөз болып табылады. Мұғалім сөздердің мағынасы жағынан артық сөздерді ажырата алу-алмауын тексереді.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың тақырыпты жақсы меңгергендіктерін білу.


«Дұрыс, дұрыс емес» ойыны


Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Оқушылардың шағын топқа бөлу. Бәріне берілетін мәтін бірдей. Мәтінде кездесетін, кездеспейтін сөйлемдер сызбада беріледі.

Ойынның міндеті: Әр шағын топ оқушылары ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды. Ойын түсінікті болу үшін төмендегі сызбаға назар аударыңыз. «Дене тәрбиесі» тақырыбы бойынша осындай сызба ұсынылады:

Сөйлемдер

Дұрыс +

Дұрыс емес -

1

Бізде аптасына үш рет дене тәрбиесі сабағы болады.

+


2

Сабақта біз дұрыс сөйлеуді, сөздерді аударуды үйренеміз.


-

3

Волейбол, баскетбол ойнаймыз.

+


4

Асық та ойнаймыз.

+


5

Түрлі есептерді шығарамыз.


-

Ойынның мақсаты: Мәтіннің мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтау. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Жұмыла, ақылдаса отырып жұмыс істеуге дағдыландыру.

«Есіңе сақта!» ойыны

Ойынның тәртібі: Ойын жеке түрінде өтіледі. Партаның үстіне А4 форматта жазылған сөздер қойылады.

Ойынның міндеті: Алдарында А4 форматта жазылған сөздер беріледі. Сол сөздерді дұрыс аудармасын жазуы керек. Кім бірінші, әрі дұрыс орындап болса, сол оқушы жеңімпаз атанады.

Одуванчик – бақбақ, Лилия – лала, Ювелир – зергер,

Стишок - ......... . Ребенок – ..... . Врач - ........ ., т.с.с.

Ойынның мақсаты: Тілдерін жетілдіру. Сөздік қорларын байыту.


«Ойыншықтар» ойыны

Бұл ойынды «Ойыншықтар» тақырыбын өткенде ойнатуға болады.

Ойынның тәртібі: Ойын жұптық немесе шағын топтық түрінде де өткізуге болады.

Ойын міндеті: Берілген суреттер арқылы мұғалім балаларды ойыншық атауларымен таныстырады. Мұғалім ойыншықтарды атайды, ал балалар оның нөмірін атайды. Керісінше, мұғалім нөмірін атайды, ал балалар ойыншықтын атын атайды.

Ойынның мақсаты: Ойыншық атауларын үйрету, сандарды қайталау.


«Еңбек және мамандық» ойыны

Бұл ойын «Мамандық» тақырыбын өткеннен кейін жүргізіледі.

Ойынның тәртібі: Әр оқушы өзі үшін ұпай жинайды. Ол үшін әр оқушыға таратпа парақтар таратылады. Әркім мамандықтың мағынасына, сәйкестігіне қарай сол таратпа қағаздарды толтырулары қажет.

Ойынның міндеті: Тор көздерге мамандық атаулары болуы керек, ал екінші тор көзі бос болады. Ойыншының міндеті - бос тор көздерді толтыру. Түсінікті болуы үшін төмендегі сызбаға назар аударайық.


Мамандық атауы

Орындайтын тапсырмасы

1.

Мұғалім

мектепте сабақ береді.

2.

Дәрігер


3.

Аспаз


4.

Жүргізуші


5.

Әртіс


6.

Суретші


7.

Спортшы


8.

Биші


9.

Шаштараз


10.

Инженер



Міне, тор көздерді толтырған кезде кез келген сөзді емес, мағынасы жағынан сәйкес келетін тиісті сөзді жазатынын тексере аласыз.

Ойынның мақсаты: Сөздерді жай ғана жаттату емес, түсініп жаттауға дағдыландыру. Ойлау деңгейін жетілдіру.




Тұжырымдайтын болсақ, оқушыларды өздігінен іздендіре күрделі сөздерді оқытуда барлық ойындардың пайдасы зор. Алдымен, ізденіске, творчестволықпен еңбек етуге жұмылдарса, екіншіден, қызықтырып, әр ойындағы тапсырманы тезірек орындауға ұмтылады.





















Ойын туралы даналардан шыққан сөз


Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?

Абай


Ойын – балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады.

А. С. Макаренко


Ойын – бала үшін ойын емес, шындық.

К.Д. Ушинский


Сәбиге ойынның бәрі елеулі, өйткені ол ойнап жүріп өмір сүреді. Ол ойнаған кезде ғана өмір де сүреді, жаттығады да, жан мен тәнін өсіреді де. Л.В. Луначарский


Бала ойынында көбінесе терең мән бар.

Ф. Шиллер


Баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек.

А. Байтұрсынов

Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес.

В.А. Сухомлинский


Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды.

В.И.Сухомлинский


Ойын - күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады.

К.А.Покровский


Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді.

К.Чуковский


Балалықтың қанына ойын азық.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2006 .

  2. Резуанова Ғ.Қ., Шнайдер В.А. Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар. - Павлодар, 2006.

3. Қордабаева А. Ойындардың тиімділігі // Ұлағат. - №7. – 2005.

4. Қазақ тілі және әдебиеті орыс мектебінде. №11/2006

  1. Қазақ тілі және әдебиеті орыс мектебінде. №4/2007

  2. Педагогикалық альманах, Павлодар, 2007

  3. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, Рауан,1991.

  4. Ұлұқман Асылов. Даналардан шыққан сөз. - Алматы, «Мектеп», 1987.





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза? тілі саба?тарында ойын т?рлерін ?олдану ж?не оны? тиімділігі.

Автор: Бекенова Таттыгуль Кундызбековна

Дата: 19.11.2015

Номер свидетельства: 255324


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства