kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан - елта?басымен е?селі

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? Елта?басы туралы білімдерін тере?детеді.Мемлекеттік р?міздерді ??рметтеп,о?ушыларды? ту?ан жерге деген патриотты? сезімдері артады. Саба?та т?рлі ойын, тапсырмалар орындап белсенділіктері мен ?ызы?ушылы?тары  артады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан - елта?басымен е?селі»

Тақырыбы: «Қазақстан – елтаңбасымен еңселі»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы туралы білімдерін тереңдету. Міндеттері:Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге баулу.Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың рухани патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, сөзжұмбақ, суреттер, мақалдар, нақыл сөздер,.

Әдіс-тәсілдері: суреттеу, сұрақ-жауап, әңгімелесу, галереяға саяхат, ойын.

Түрі: аралас

Барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық ахуал туғызу.

Отан –жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді

- демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің нышандары –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Елтаңба – егемендік  және  тәуелсіздік белгісі.

«Елтаңбамызда – бар халықтың басын  біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызда алға апарар қанатты пырақтарымыз бар» Н. Ә. Назарбаев .

        Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Топқа бөлу. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын сіздерге мынадай сұрақ қойғым келеді.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан мемлекетінде.

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Тәуелсіз, егеменді мемлекет.

-Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?

-1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болды.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?

-Қазақ тілі.

Сөзжұмбақ шешуден бастау. 3 топқа бірдей сөзжұмбақ беріледі.

  1. Сенің тұратын қалаң. (Семей)

  2. Қазақстанның оңтүстік астанасы. (Алматы)

  3. Рәміздің бірі.(Ту)

  4. Мемлекеттік тіл. (Қазақ)

  5. Киіз үйдің бөлігі.(Шаңырақ)

  6. Орта жүздің биі.(Қазыбек)

  7. Тәуелсіздік күні қай айда тойланады? (Желтоқсан)






С

Е

М

Е

Й


А

Л

М

А

Т

Ы




Т

У



Қ

А

З

А

Қ



Ш

А

Ң

Ы

Р

А

Қ


Қ

А

З

Ы

Б

Е

К


Ж

Е

Л

Т

О

Қ

С

А

Н


Мұғалім: 

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім Әнұран,Ту,Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

- Олай болса, балалар, Мемлекеттік рәміздер туралы не білетінімізді ортаға салайық?

Мемлекеттік Елтаңбаға сипаттама беру  

1 оқушы: 

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік   нышандарының ресми  хаттарының өз тарихы бар. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылы, 4-маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарының пайда  болуы үшін қол қойды.

2 оқушы: 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов ҚР еңбек сіңірген архитекторы және ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жандарбек Мәлібеков- сәулетші.

3 оқушы:

Шаңырақ-отбасы амандығының бейбітшілік пен тыныштық айғағы,елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі.

4 оқушы:

Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған оны аңыз-әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр.

5 оқушы:

Жылқы-пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар.

6 оқушы:

Елтаңбаның жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екенін көрсетеді.

7 оқушы: 

Ал көк түс аспан барша әлемнің халықтарына ортақ деген сөз.Бұл біздің жер бетіндегі барлық елдермен бейбітшілікте, достық пен бірлікте, өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды.

8 оқушы:

Гүлдене бер , Отаным жаңа таңда ,

Ертеңіміз жазылған Ата заңда .

Әйгілі боп келеді бар әлемге ,

Көк байрағым , Елтаңбам , Әнұран да .

9-оқушы:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

10- оқушы:

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынын да танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Нұр төгеді елтаңба

Ақ орданың төрінде.

11-оқушы:

Өр қанатты сұңқардың

Қанатымен шырқар кім?

Қазақстан – Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр таңда

Мемлекеттік Елтаңба.

Бейнебаян көрсету

Ойын. «Сөз құрау»

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба Байрақ Әнұран

Ел Бай Ән

Таңба ай Ұра

Таң қар Ұн

Аң ар нан

Оқушылар шығармашылығы: Постер құрап қорғайды.

Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік нышаны.

Кім жылдам? Сұрақ-жауап.

– ҚР тәуелсіз мемлекет пе?

– Еліміздің бас қаласы

– ҚР президенті

– ҚР елтаңбасының авторлары

– Отан туралы мақал-мәтел. Жалғасын тап.

Отан- елдің анасы, (Ел- ердің анасы)

Туған жердей жер болмас, ... (Туған елдей ел болмас).

Отанды сүю- ... (отбасынан басталады)

Отан оттан да ... (ыстық)

Отансыз адам- ... ( ормансыз бұлбұл)

Ел іші- ... (алтын бесік)

Тіл- тәуелсіздік ... (тірегі)

Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)

Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)

Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)

Шешендік сөздер.

Қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билер -Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық.

Төле би:

Уа, халқым, сөз қадірін білесің:

Жаңбыр жаумаса - жер жетім,

Басшы болмаса - ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім…

Қазыбек би:

Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт-берекең - атаң қымбат

Аймалайтын - анаң қымбат,

Мейірімді - апаң қымбат.

Әйтеке би:

Бай болсаң Халқыңа пайдаң тисін.

Батыр болсаң, Жауға найзаң тисін.

Қорытынды: Ант қабылдату.

«Біз Қазақстан Республикасының азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламыз, мәдениетті адам боламыз. Туған халқымыз-дың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз, Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»

Мұғалім: Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұра-ды. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының ас-тына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы-ның қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет - ғұрыпты, салт - дәстүрді қастерлеу болып табылады.
«Туған ел» әні хор.

Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын!- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза?стан - елта?басымен е?селі

Автор: Кабакаева Айман Есболатовна

Дата: 04.05.2016

Номер свидетельства: 324172


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства