kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ханды?ына 550 жыл «Мені? Отаным-?аза?стан»

Нажмите, чтобы узнать подробности

       Хал?ымызды?  ту?ан жер,  Отан,  мемлекет ж?ніндегі ??ым-т?сініктеріні? ?алыптасып дамуы  ?за? тарих?а,  есте  жо?  ескі  замандар?а  ме?зейді.  Орыс с?уегейі  Солженицын  сандыра?та?анындай,  бізді?  ата-бабамыз мал айдап  ?ткен  жерді? б?рін  ?зімдікі дей бермеген.  К?л  т?гіп, ірге бекіткен, кіндік ?аны тамып, ата-бабасыны?  басы жат?ан  ?асиетті топыра?ты кие т?тып, соны? аманды?ы мен абыройы ?шін жан алып, жан беруге дайын т?р?ан.  Шынтуайт?а келгенде,  ?аза? хал?ы  тарихты? ?зыны бойында б?гдені?  жеріне с??ына кіріп мал жай?ан да, ?зімдікі деп озбырлы? ?рекетке бар?ан да емес.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ханды?ына 550 жыл «Мені? Отаным-?аза?стан» »

Қазақ хандығына 550 жыл «Менің Отаным-Қазақстан»



Мақсаты: Халқымыздың туған жер, Отан, мемлекет жөніндегі ұғым түсініктердің қалыптасып дамуына ықпал ету. Қазақ хандығыныың 550 жылдық тарихына шолу, Ата Заңымызға қасиетіне шолу. Тәрбиелік мәні: Мейірімділікке, отансүйгіштікке, ерлікке, достыққа, шешендікке тәрбиелеу.

Барысы: Сахналық қойылым, өткен шаққа шолу

Мақал – мәтел жаттау

Қорытынды:


Жүргізуші:

Халқымыздың туған жер, Отан, мемлекет жөніндегі ұғым-түсініктерінің қалыптасып дамуы ұзақ тарихқа, есте жоқ ескі замандарға меңзейді. Орыс сәуегейі Солженицын сандырақтағанындай, біздің ата-бабамыз мал айдап өткен жердің бәрін өзімдікі дей бермеген. Күл төгіп, ірге бекіткен, кіндік қаны тамып, ата-бабасының басы жатқан қасиетті топырақты кие тұтып, соның амандығы мен абыройы үшін жан алып, жан беруге дайын тұрған. Шынтуайтқа келгенде, қазақ халқы тарихтың ұзыны бойында бөгденің жеріне сұғына кіріп мал жайған да, өзімдікі деп озбырлық әрекетке барған да емес.

Қасиетті жеріне, ата-баба басы жатқан қарайған төбесіне ат ойнатқысы келген озбыр да сұғанақ дұшпанынан қорқып бұқпантайламай атойлап: «Малым – жанамның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп қасық қаны қалғанша айқасқан. Сондықтан да қазақта тар мағынасындағы ең нәзік те шікәмшіл дау - жер да дауы мен жесір дауы саналады. Ал кең мағынасында ол- мемлекеттің тұтастығы мен халқының ауызбіршілігін қамтамасыз ету жолындағы ымырасыз күрес, керек жерінде қанды соғысқа дейін барған.

Бұл күндері отандық, алыс-жақын шетелдік тарихшылардың басым көпшілігі Азия мен Еуропаның ұлан байтақ даласы мен көк тіреген тауларын дүбірлетіп өткен ұлы қанаттар құрған ежелгі Сақ, Хұн, Үйсін, Қаңлы, Түркеш, Қарлық, Қарахандар, Кимек ( Иемек, Қимақ) Қыпшақ, Керей, Найман, Меркіт, Қоңырат, Уақ (Оңғыттарды) бүгінгі қазақ халқының (басқада түрік халықтары сияқты) түп атасы, зәу-заты деп есептейді. Тарихи білім-білігіміздің тайыздығынан әрі отаршыл өктем державалар жасаған жалған да жалалы тарихсымақты малданып, батыл ізденістерге бара алмағаныдығымыздан түп-түқиян деп жүргеніміз әрі кеткенде әркім өзіне бейімдеген 2-3 ғасырлық рулық шежіре ғана болды.

Белгілі француз тарихшысы Марк Блок әділ атап көрсеткендей, біз енді ғана «Өткен күннің жәрдемімен бүгінгі күннің биігінен өткенді пайымдайсың... Көңіл жететін жердегі ғана тарих көз жететін жердегінің бәрі саясат» екенін сезіне бастаған халықтың ұрпағымыз. Әрине, ештен кеш жақсы.

  1. Даурен: Түбі бір түркі халықтарының тарихқа белгілі, жазба деректерге ілінген ең алғашқы мемлекеті әкелі-балалы Тұман мен Мете қағандар құрған «Ұлы Хұн империясы» еді.

  2. Нұрдана: Мете қағанның туған жылы белгісіз болғанымен, қартайып қайтыс болған жылы б.ж.с. бұрынғы 176- жыл деп есептелінеді. Ал таққа б.ж.с. бұрынғы 209, яғни, аты шулы қытай патшасы Шы Хуанди қайтыс болған уақытқа тура келеді. Хұн қағанатының құтты тағында 33 жыл мызғымай отырған Мете қаған өз елінің даңқын әлемдік тарихқа өшпестей етіп жазып кетті. Ғасырлар бойы ұмытылмастай болған ұлы жорықтарға тікелей қолбасшылық жасап, бәрін де тамаша жеңістіктерге жетіп отырғанын қытай тарихшылары жазып қалдырған.

Мете таққа отырып, көп уақыт өтпей шығыс көршісі тұңғыс елінен бір елші келе қалады. Елші арнайы өтінішпен келіпті: « Кезінде Тұмен қаған тақымына басқан, күніне мың ли (500 километр) жол баса алатын тұлпарды қалап сұрайды». Тарихи естелікте ендігі оқиға былай баяндалады:

  1. Шералы: ...Мете елінің бетке ұстарларын шақырып алдырады. Қасқа мен жайсандар бас қоса келіп Метеге былай деді: «Мың лилік тұлпар хұндардың қастерлі аты. Сондықтан бұл ат тұңғыстарға берілмейді». Сол кезде Мете оларға былай деді:

  • 5. Бекзат: -Е,бір атты көрші елден артық көргеніміз бе?

Сонымен жүйрік тұлпарды тұңғыс еліне жетектетіп жібереді

Тұңғұстар қолқасының орынсыз екенін, оған Метенің қатты ашуланарын біле тұра, араға көп уақыт салмай әлгі елшісін қайыра жұмсап, енді Метенің сүйікті қатындарының бірін тарту ретінде сұратады

6. Шералы: Мете өзінің сол, оң қолдарын (мемлекеттің көрнекті қайраткерлерін) тағы да алдына шақыртты. Жиналғандар бірден тұғұстардың бұл қылығына тарс ашуланып, былай депті: «Мынау тұңғұстар ар-ұяттан жұрдай болған екен. Енді бір қатын сұрата қалыпты. Біз олармен тек соғысу керек деп қараймыз!»

-Мете былай деп жауап қайтарады:

7. Бекзат: - Е, бір қатынды көршілес елден артық көреміз бе?

Сөйтеді де, сүйікті қатындарының бірін тұңғұстарға беріп жібереді. Осыдан былай қарай тұңғыстар тіпті еркінсіп кетеді. Тұңғұс билеушісі қалың әскерін бастап батысқа қарай жайлап қозғалады.

Хұндар мен тұңғұстар аралығында шөпсіз,сусыз иен дала болушы еді. Адам тұрмайтын шөл даланың аумағы мың шақырымдай болатын. Екі елдің қарауыл-шолғыншылары шөлдің екі шетін ғана күзететін. Ортасы бос екен еді. Тұңғұстар тағы бір елшілік аттандырып, Метеге былай дегізеді:

8. Шералы: -Арамызда иен жатқан осы өңір екі жақтың да әскери, күзет қосымыздың сырт жағында қалады. Хұндар ол жерге жете алмай алыс жатыр. Біз сізден осы жерді алғымыз келеді.

Мете тағы да жайсаңдарын жинап, олардың не істеу керегін сұрады. Олардың кейбіреулері былай депті:

  • Ділмұрат:

  • Осынау иен бос қалған жерді біреуге берудің де, бермеудің де пәлендей мәні жоқ!

Шералы:

Оған Мете ашуланып, қаһарлана:

-Жер (немесе жайылым) – мемлекеттің негізгі әр түп тамыры! Біз бұл жерде қалайша сауғаға бере салмақпыз, - деді. Сонымен бірге әлгі иен даланы тұңғұстарға бере салайық дегендердің басын алғызады.

Мете атқа қонып, қалың қолмен тұңғұстарға қарсы жойқын жорыққа аттанды. Тұңғұстардың әскерін жермен жексен ете талқандады. Елін талапайға салып, аяусыз қанды қырғынға ұшыратады.

Сапаркүл:

Біз білетін ұлы державашыл, саясиланған тарихшылардың бағалауынша: көшпенділер деп жалпылай атаған біздің ата-бабамыз да ел билеу дәстүрі, мемлекеттік шекара, тұрақты мекен- жай деген болмаған, атты халықтар тек талап- тонаушы, өркениетті қиратушы, дипломатиялық мәмілені білмейтін озбырлар ғана.2200 жылдың алдында ұлы мемлекет құра білген Мете жоғарыдағы оқиғаларға халықаралық қатынастар тұрғысынан талдау жасай келіп, өз елінің тыныштығы, көршімен тату-тәтті болудың шарасы ретінде, қанша ауыр болса да: «Бір атты көршілес елден қалай артық көруге болады?» дегенді алға тартады. Елдің мүддесі мен тыныштығы жеке адамның сүйіспеншілігі мен мүддесімен жоғары қойылады. Өйткені, Мете қағанның кәміл сеніп айтқанындай, мемлекеттің сүйенер өмір нәрі әрі жалғыз тірек- тұғыры жер,9 топырақ болатын. Ат пен қатын-жеке адамдікі, әрі өкініші – баянсыз дүниелер. Салт-дәстүр бойынша да, адамгершілік тұрғысынан да қаншалық қастерлі болса да, мемлекеттің өмір сүруінің жалғыз да қастерлі негізі болған. Жер – топырақпен салыстыруға келмейтін біздің ата-бабамызға бұдан 2200 жыл бұрын, бәлкім, жер жаралғалы, адамзат оның үстінде өмір сүре бастағалы белгілі еді деуге неге болмасын?!

Еліміздің 1995 жылы қабылданған Ата Заңының 1-бөлім, 2-бап, 2-тармағында Мете бабамыздың айбынды рухы атойлап елес беріп тұрғандай әсерде қалдық. Онда: «...мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» деп жазылған. Елінің еңсесін көтеріп, ерінің мәртебесін асқақтатар нағыз түркілік-қазақтық отаншылдық осындай-ақ болар.

Жер-мәңгілік, мемлекет-мәңгілік, әрі өлшеусіз. Жеке адамдар, көсемдер мен билеушілер уақытша. Өлшеулі мен өлшеусізді, мәңгілік пен уақытшаны салыстыруға бола ма?! Уақытша мен өлшеуліні әспеттеп, мәңгілік пен өлшусізге билік айтқызып, өкім шығаруға бола ма екен?!

Гүлім:

Осындайда Мете қағанның тікелей ұрпағы, 19-Хұн қағаны Ву Жулюдің (б.ж.с.д. 8-жыл-б.ж.с. бергі 13-жыл) Хұн-Қытай аралық жер дауы жөнінде айтқан сөздері еске түседі.

Бұл қағанның әкесі әйгілі Ху Хание қаған еді.

Ху Хание қаған Қытаймен кейбір келелі мәселелер бойынша ымыраға келіп, келсімдер жасасқан болатын. Сол келсім шарттардың 1-бабында «Қытай қорғанының солтүстігі – Хұндарға, оңтүстігі қытайларға қарасты болатыны ашық жазылған. Қытай жағы келісім-шарттың бұл бабын естен шығарып, хұндардан жер даулай бастаған жолсыздығы «Ханнамада» - 94 В. 3809-парақта былай баяндалады:

«Әкемнен қалған жерді бере алмаймын!»

«...Патшаның қайын інісі Ваң Кен сол тұста бас уәзір болып тұр еді. Жөні келгенде ол былай дейді: «Хұндардың жері (бір тұстарда) біздің иелігіміздегі жердің арасында сынаша қағылып кіріп тұр. Бұл жер біздің Жаңа ие аймағымыздың аумағында, басқа жерлерде сирек ұшырасатын пайдалы ағаштар, садаққа жарамды ең жақсы ағаштар да ол маңда өте көп . Осы араны өзімізге қаратып алсақ, шекара аймақтарымыз үшін өте қолайлы болар еді. Еліміздің аумағын да кеңейте түсер едік. Әрі патшамызды мәңгі даңққа бөлер жеңіс ретінде тарихта қалар еді».

Ділмұрат:

Патшаның өзі де хандардан бұл жерді алуды көздеп жүрген болатын. Тек, ала алмасам, абыройыма нұқсан келер деп қаймығатын. Сонымен қытай хұндардан жер сұрауға шындап кірісті. Қытай бас уәзірі хұндарға жіберген бір елшіге Хұн қағанының емеурінін біле келуді тапсырады. Елші хұндарға барғаннан кейін сөз арасында қағанға былай дейді:

Шералы:

«Пақырыңыз осылай келе жатып, біздің жаңа ие аймағымыздағы Қытай жеріне сынаша сұғынып кірген Хұн жерінің бір пұшпағына көзім түсті. Біздің шекаралық үш үлкен әскери гарнизонымыздың штабы сол арада. Дәл сол жерде біздің жүздеген әскеріміз қақаған аязда, қиын – қыстау жағдайда кезекшілікте тұр. Осы жерден баз кешкендігіңізді айтып, біздің патшамызға бір хат жазбас па екенсіз?»

Бекзат:

Қаған оған: - Бұл патшаның өз аузынан шыққан сөз бе әлде елшілікті жосынмен емеурін таныту ма?-дейді. Елші де іркілмеді.

-Бұл патшамыздың жай бір ишарасы еді. Ал осы игі тілекті қағанға өз тарапымнан айтып отырмын.

Қаған оған былай дейді: - Мұнан бұрынғы Қытай патшалығы Шуан және Иуандар (б.ж.с.д.73-32 жылдар) әкеміз Ху Ханиемен келісіп , Қытай қорғанынымың солтүстігін Хұндардың иелігі ретінде таныған болатын.

Қытай елшісі араға уақыт салып тағы бір келгенде әлгі қолқасын қайта еске салғанда, Хұн қағаны қаһарланып:

Шералы:

-Жер бере алмаймын! Әкем мен ағаларым бес рет (Хұн тағына) алма – кезек отырды Сол замандардан бері Қтый бізден бұл жерді сұрамай келді. Енді ол жерді қалайша қайталап сұрай береді?Осы туралы білгім келеді!.. Әкемнен қалған жерлерімді қолдан шығара алмаймын!

Айгүл:

Хұн қағаны Қытай патшасына арнайы хат жазып, істін мән-жайын сұрастырады

Қытай патшасы істің насырына шабарынан қорқып былай деп хат жолдайды: «Елші... өз бетінше қағаннан жер сұрағаны үшін өлім жазасына кесіледі...»

-Тарихи шежірелер бізге осылай дейді. Арғы тегіміз, зәу-затымыз болған Мете қаған мен оның 19-тақ мұрагері Ву Жулю қағандар алып Қытайдың азуын айға білеген патшаларымен қалай сөйлескені, елінің мәртебесі мен жерінің тұтастығы үшін қалай арпалысқаны белгілі болған шығар.

Мақал-мәтелдер жарысы:



Сарбазға жанынан ары қымбат


Ердің туы- намыс


Парыздан-биік шың жоқ.


Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де қят күшті


Тексізден тезек артық, Арсыздан айуан артық.


Азамат жолы- ар жолы


Батылдық пен қорқақтық


.Ердің Еділ тобығынан келмейді, Қорқақ қаққа шөгіп өледі.


Тізе бүгіп тірі жүргеннен Тіке тұрып өлген артық.


Қарабет болып қашқанша, Қайрат көрсетіп өлген артық.


Таяқтан тайсалмастаң, семсерден сескенбесең, Жеңдім дей бер...


Батыр-батыр емес, батырларды бастаған батыр.



Қорытынды:

Содан бері де 2000 жыл зулатып, шулатып өте шығыпты. Уақыт өзгерді, жағдайда адам айтса нанғызсыз дәрежеге жетті. Әйтседе өзгермей, баяғысынша – елдік пен ерліктің, мемлекетің өмір сүруінің бірден- бір шарты болған Жер- Топырақ, қасиетті отан территориясының қол сұғылмас тұтастығы , бір сөзбен айтқанда, Қазақстан дейтін киелі жерге игершілік құқығын сақтау сол күйінше тұр. Сіздер мен біздер сол болашақ ұрпаққа қандай үлгі-өнеге қалдырамыз, ел билеушілерміз тарих беттеріне қандай естелік белгілер қалдырды? Даңқ пен мақтаныш па, әлде... .

Дегенмен, тарих үшін, сіздер мен біздер үшін де керегі аңыс аңдып бақылаушы емес, еліміз бен жеріміздің ата-баба даңқына сай асқақ та табанды иелері керек. Қасиетті жеріміздің төрт тарапында ала бағандарын шошаңдатып жүрген қомағай көршілеріміз бүгін де аз емес екенін естен шығара алмаймыз. Әр қазақ баласы айтар ұран –« Әкемнен қалған жерлерімді қолдан шығара алмаймын!» болса игі.






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?аза? ханды?ына 550 жыл «Мені? Отаным-?аза?стан»

Автор: МОЛБОСЫНОВА ОЗИПА АЛИЕВНА

Дата: 05.09.2015

Номер свидетельства: 228614


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства