Ма?саты: ?скеле? ?рпа?ымыз?а ата-бабамыздан ?ал?ан тарихи ?алаларымыз бен ескерткіштерімізді? тарихын білуге ?йрету, Отан?а ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру. ?дебиеттерді насихаттау.
Жоспары:
1. Тараз ?аласыны? тарихы;
2. ?лы Жібек жолы ж?не Тараз;
3. К?не Тараз ескерткіштерімен а?ыздары;
4. Киелі ?ала-Таразым. Та?ырыпты? ?ле?дері;
5. «Тамыры тере?, та?ылымы мол ?лке» - атты кітап к?рмесіне шолу.
Жайна?ан Тараз ?аласы.
Кітапханашы: ?улие-ата ??ірі ерте заманнан бері адам баласыны? ??т мекені болып келе жат?ан ?лке. ?аратауды? жа?пар тастарына ежелгі д?уір адамдары жаз?ан жазулары мен сал?ан суреттер археологиялы? ?азба ж?мыстарыны? н?тижелері, б?л ??ірде д?уірімізге дейінгі V -VI ?асырларда мал шаруашылы?ы, а?шылы? к?сіп, ?ол?нері ке?інен дамы?анды?ын к?рсетеді. К?не заман т?р?ындары ?аратау ?ойнауынан т?рлі асыл тастар алып, оларды ?з т?рмыстарында ке?інен ?олдан?ан. Олар заманымызды? II ?асырында алтыннан т?рлі ?шекей б?йымдар жасай білген. Т?ркі ?а?анаты д?уірінде хан ?йіні? с?йегі, ?й б?йымдары алтыннан жасалып, алтыннан ?аптал?аны, ?й ?стіні? асыл матамен жабыл?аны VIII ?асырда жазу ж?мыстары ?шін ?а?аз ?ндіру ісі дамы?аны туралы к?з к?ргендерді? жазбалары б?гінге дейін жетіп отыр.
Тарих бесігінде тербетіліп ?алыптас?ан Т?ран ?лкесіндегі Тараз ?аласы да ?лемдегі ?лы ?алалар та?дырымен та?дырлас, ?зіндік ?айталанбас ??мырды бастан кешіп келеді. Бірде г?л жайнап толы?сы?ан ?сем ару ?ала к?ркімен де, тарихи та?дырымен де ?лемге танымалы болса, бірде жермен жексен болып, естіген-к?рген пенделерді? жа?асын ?статып та жатты. Б?гінде Талас ?лкесінде топыра? жамылып к?п ?асырлы? тарихы бар екі ж?зден астам ?ала жатыр. Оларды? тарихы, ?мір- тіршілігі туралы ерте заманнан бері ел жанында са?талып келе жат?ан а?ыздар мол. К?не Тараз б?рібір ?з та?дырыны? тарихи ізін ?лем тарихыны? беттерінде ?алдырады.
Таразды? іргетасы д?л ?ашан| ?алан?аны жайында к?збен к?ріп, ?олмен ?ой?ан ??жат жо?. Біра?, осы жерде| бекініс бол?аны жайында біраз деректер ?ал?ан. Тараз-?лемге ежелден ?лы Жібек жолы бойында?ы сауда-сатты?ы дамы?ан, салма? ?лшеу ??ралы-таразы ойлап табыл?ан ша?ар. ?ол ?нері, керамикасы, алтын, к?міс зергер б?йымдары, ?айсар жауынгерлері, ??лама ойшылдары, а?ындары ар?ылы белгілі ?ала. ?ала 1856 жылы ?улие ата деп аталды. 1936 жылы Мирзоян аты беріліп, 1938 жылы жыр алыбы Жамбыл есімін иеленді. Ал 1997 жылы 8 ?а?тарда ?аза?стан Республикасы Президентіні? жарлы?ымен ежелгі аты ?айтарылып Тараз аталды. 2002 жылы к?зде Тараз ?аласыны? 2000 жылды? мерей тойы ?ткізілді б?л ж?нінде д?ние ж?зілік ??зырлы ?йым-ЮНЕСКО шешімін ?абылда?ан болатын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Іс-шара "Тамыры тере?-Таразым" »
«Тамыры терең Таразым» – танымдық сабақ
Мақсаты: өскелең ұрпағымызға ата-бабамыздан қалған тарихи қалаларымыз бен ескерткіштеріміздің тарихын білуге үйрету, Отанға туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Әдебиеттерді насихаттау.
Жоспары:
1. Тараз қаласының тарихы;
2. Ұлы Жібек жолы және Тараз;
3. Көне Тараз ескерткіштерімен аңыздары;
4. Киелі қала-Таразым. Тақырыптық өлеңдері;
5. «Тамыры терең, тағылымы мол өлке» - атты кітап көрмесіне шолу.
Жайнаған Тараз қаласы.
Кітапханашы: Әулие-ата өңірі ерте заманнан бері адам баласының құт мекені болып келе жатқан өлке. Қаратаудың жақпар тастарына ежелгі дәуір адамдары жазған жазулары мен салған суреттер археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері, бұл өңірде дәуірімізге дейінгі V -VI ғасырларда мал шаруашылығы, аңшылық кәсіп, қолөнері кеңінен дамығандығын көрсетеді. Көне заман тұрғындары Қаратау қойнауынан түрлі асыл тастар алып, оларды өз тұрмыстарында кеңінен қолданған. Олар заманымыздың II ғасырында алтыннан түрлі әшекей бұйымдар жасай білген. Түркі қағанаты дәуірінде хан үйінің сүйегі, үй бұйымдары алтыннан жасалып, алтыннан қапталғаны, үй үстінің асыл матамен жабылғаны VIII ғасырда жазу жұмыстары үшін қағаз өндіру ісі дамығаны туралы көз көргендердің жазбалары бүгінге дейін жетіп отыр.
Тарих бесігінде тербетіліп қалыптасқан Тұран өлкесіндегі Тараз қаласы да әлемдегі ұлы қалалар тағдырымен тағдырлас, өзіндік қайталанбас ғұмырды бастан кешіп келеді. Бірде гүл жайнап толықсыған әсем ару қала көркімен де, тарихи тағдырымен де әлемге танымалы болса, бірде жермен жексен болып, естіген-көрген пенделердің жағасын ұстатып та жатты. Бүгінде Талас өлкесінде топырақ жамылып көп ғасырлық тарихы бар екі жүзден астам қала жатыр. Олардың тарихы, өмір- тіршілігі туралы ерте заманнан бері ел жанында сақталып келе жатқан аңыздар мол. Көне Тараз бәрібір өз тағдырының тарихи ізін әлем тарихының беттерінде қалдырады.
Тараздың іргетасы дәл қашан| қаланғаны жайында көзбен көріп, қолмен қойған құжат жоқ. Бірақ, осы жерде| бекініс болғаны жайында біраз деректер қалған. Тараз-әлемге ежелден ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттығы дамыған, салмақ өлшеу құралы-таразы ойлап табылған шаһар. Қол өнері, керамикасы, алтын, күміс зергер бұйымдары, қайсар жауынгерлері, ғұлама ойшылдары, ақындары арқылы белгілі қала. Қала 1856 жылы Әулие ата деп аталды. 1936 жылы Мирзоян аты беріліп, 1938 жылы жыр алыбы Жамбыл есімін иеленді. Ал 1997 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ежелгі аты қайтарылып Тараз аталды. 2002 жылы күзде Тараз қаласының 2000 жылдық мерей тойы өткізілді бұл жөнінде дүние жүзілік құзырлы ұйым-ЮНЕСКО шешімін қабылдаған болатын.
Оқушы: «Киелі қала Таразым»
Киелі Тараз қаласы,
Әулие атаның панасы.
Бүгінде Тараз қаласы,
Жырға толы даласы.
Талай қазақ батыры,
Өшпес іздер қалдырды.
Талай қазақ ақыны,
Жырға қосты атыңды.
Қорған қылып өзіңді,
Паналаймыз Таразым.
Сені бәрі біледі,
Киелі қала Таразым.
Айша бибі
Кітапханашы: 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз қаласындағы Қарахан мен Айша бибі ескерткіштерінің сыры мол, сұлулықпен мөлдір махаббат мұңын шертетін Айша бибі туралы аңыз қарапайым жігтті ақылды етіп, батыр еткен әйел махаббаты алдында басі иіуге үйрететін аңыз даусы былай дейді: Зеңгі баба мен Әнуар бибінің қызы Айша өзінің ғашығына қосыла алмай әкесінің теріс батасын ала тұра шешесі берген батамен жолға шығады. Теріс батаның ақыры Айша бибіні сүйгеніне қоспай өзен жағасында Қарахан батырмен некесін қидыра көз жұмады. Қарахан Айшаны басынан мазар тұрғызады күтушісі болған Бабаджа хатунға да кейін мазар тұрғызады. Жылдар өте Қарахан бабаларына: «Менің мазарым мен Айша бибі мазары бір-біріне көрініп тұратындай болсын» - деп өсиет қалдырады. Махаббат ескерткіші ретінде ЮНЕСКО тізімінде тұр.
Бұл Тараз қаласының дәуірлеп тұрған кезі еді Қала шығыс Қарахан мемлекетінің астанасы болып, бүкіл дүниенің сауда жолы орталығы атанды. Қаланың дақпырты бүкіл Еуразияға тарап, саудагерлердің нағыз бас қосқан қаласы болды. Ұлы Жібек жолы адамзат тарихының дамуында біздің эрамызға дейінгі II ғасырда Батыспен Шығысты байланыстыратын құрлық аралық жол ретінде қызмет еткен. Ежелгі қала өзінің 2000 жылдық ғұмырында талай тарихи оқиғаларды бастан өткізіп, өмір өзегі үзілмей төрткүл дүниеге әйгілі болып бізге дейін жетіп отыр.
Қала алдымен хорезмшах Мұхамед әскерінің талқандауына ұшырап, кейіннен монғол шапқыншылығын бастан кешірді. Тараз XIII ғасырдың аяғында монғол империясының темір мемлекетінің маңызды орталығы болып қала берді. Кейінірек XVI ғасырда Жетісу өңірі қазақ хандығы құрамына енген кезде де қала өз жалғасын тауып жатты. XX ғасырлық тарихы бар көне Тараз қаласының аймағында ерте заманнан сақталып қалған көне ескерткіш құрылыстары аз емес. Біздің заманымызға дейін сыртқы көрінісі толық болмаса да орта дәрежеде сақтап қалған Қараханмен Айша-бибі кесенелері бір шама жөндеулерден өткен соң, зиярат жасаушылармен туристердің жиі келетін орнына айналған. Сондай қасиетті орындардың бірі көпке дейін көпшілік көзінен таса болып келген Тектұрмас ата кесенесінің орны.
Оқушы: «Таразым»
Тараз да қала болып гүлденуде,
Көркейіп жылдан-жылға түрге енуде.
Жер-жерден келіп жатыр саяхаттап,
Қаланы аңыз болған бір көруге
Жоғалмай халқымыздан ізгі ниет
Келеді Тектұрмасқа етіп құрмет
Батыр да, әулие де Тектұрмасты,
Тек қана тұрмаса екен қырда жүдеп
Өтіпті неше ықылым содан бері
Қарт иісі сырын айтты көңілдегі
Аңыз ба, ертегі ме айт оқырман,
Шындықты айтты бәлкім өмірдегі.
Тектұрмас ата
Кітапханашы: Тектұрмас ата кесенесі Талас өзенінің биік жарқабағына орналасқан осы бір алып төмпешіктің ел көзіне таса қалмауының өзіндік сыры бар. Әулиенің кезінде алыстан атойлап көзге түсетін алып сақанасы тым ауыр кезендерді бастан өткеріп басқыншылардың жыртқыштығынан қиратылып кеткен. Орта Азия жерін түпкілікті отарлау саясатын жүзеге асыруға асыққан Ресей империясының әскери жорықтарының салқыны Тектұрмас сағанасын да шарпып өтті. 1864 жылы көктемде қоқандықтардың «Әулие ата» қамалынан қуып шығып, осы қаланы басып алған полковник Черняев жергілікті тұрғындардың осы сағанаға паналағанын біліп, зеңбірікпен атқылаған. Снарядтардың соққысынан шыдамаған көне ескерткіш қираған. Бірақ қасиетті кесене құлағанымен, Тектұрмас әулиенің ұмытылмас аты мен киелі кесенесі ел есінде сақталып қалады.
Оқушы:
Талас талас болғалы
Таразға бақ орнады
Тектұрмастың орыны
Осы шығар толғаны
Мың жыл бұрын Тектұрмас
Тұран жұртын қорғады.
Әлі күнге бұл кісі -
Халқымыздың қорғаны,
Мың жылдан соң бұл дала,
Өзін болып толғады
Мен де салдым өлеңге
Қалам деген жорғаны
Арыстан баб, Шашты Әзіз,
Тектұрмастар басқа аңыз,
Сайран жатыр далада
Әулиелер басқан із
Өзің салған соқпақпен,
Келіп кірдік қосқа біз
Ылғи өрден көрініп,
Жақсылыққа бастаңыз
Жазып кеттік сондықтан,
Атыңызды тасқа біз.
Қарахан
Кітапханашы: Қарахан кесенесі - Қазақстанда XI ғасырдан сақталған сәулет өнері. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде,орналасқан. XX ғасырдың бас кезінде бай діндарлардың қолға алуымен қайта жөнделген.
Әулие ата Қараханның шын аты, Ша -Махмуд. Әкесінің аты Әбділ Әзіз. Әулие ата| Қарахан жастайынан ерекше қасиетке ие болды. Ол өңін де де , түсін де әулиелермен сөйлесіп, сұхбаттаса берген. Қарахан атамыз мұсылман дінін қабылдап, аты әлемге жайылған қасиетті хан болатыны әулиелердің аян беруімен білген.
Әулие ата Қарахан өлерінде баласына өсиет айтады. Қарақасқа тұлпарының құйрығынан бір тал қыл жұлып алып,баласына береді де: «Мен өлсем, елге мына жақтан жау келеді. Сонда мына құйрықтың қылын тұтат. Қарақасқаның құйрығының қылы тұтанып, жанғанда, мен де келемін» -деп көз жұмады. Қараханның дүние деп өткеніне едәуір уақыт болады. Оның орынына хан болып қалған баласы қартаяды. Келеді деген жау келмейді. Әулие Қараханның баласы ойға түседі де,қарақасқа тұлпардың құйрығынан қалған бір тал қылды тұтатады. Сонда әулие ата Қарахан қарақасқа тұлпарын ойқастатып, қару-жарағын асынып, «Жау қайдалап» шыға келеді - дейді. Сонда баласы: “Әруағыңан айналайын әулиет әкем, кешіре гөр! Еліңді, жау шапқан жоқ. Сөзіңнің рас-өтірігін білейін деп тұтатып едім құйрықты», - дейді. Әулие ата Қарахан баласына қарап тұрып: «Ой әттеген-ай? тұрғылықты жұртымнан келімсек жұрт озып кететін болды-ау», деп жоқ болып кетеді.
Міне Әулие ата Қарахан туралы аңыздың бірі осындай.
Атамыздың кесенесін киелі жер деп бас иіп мінәжат етеді. Олай болса осындай киелі атамыз өмір сурген қаламызға да құрметпен қарап, аталар рухына бас иіп жүрейік.
«Тамыры терең, тағылымы мол өлке» - атты кітап көрмесіне шолу.
Ендігі ғұмыры еліміздің егемендігімен тікелей байланысты. Сондықтан да ХІY-ғасырда Абу-ар-Рашид айтқан Тараздың таза ауасынан, мөлдір суынан, құнарлы жерінен бүгінгі және келешектегі ұрпақтары нәр алып, енді ешбір жат елдің құзырына түспей бостандықтың көк туын желбіретіп мәңгі жасай берсе екен дейміз.