kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Іс-?рекеттегі зерттеу жобасы туралы есеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Б?секеге ?абілетті дамы?ан мемлекет болу ?шін біз сауаттылы?ы жо?ары елге айналуымыз керек!» - деп елбасымыз Н. ?. Назарбаев ?зіні? 2012 жыл?ы желто?сан айында ?аза?стан хал?ына жаса?ан жолдауында ?азіргі ?лемде жай ?ана жаппай сауаттылы? жеткіліксіз болып ?ал?анын, ?аза?стан азаматтарыны?  ?немі е? озы? жабды?тармен ж?не е? заманауи ?ндірістерде ж?мыс жасау машы?ын ме?геруге дайын болу?а тиіс екендігін атап к?рсетті.      

           « ... Сондай - а? балаларымызды?, жалпы барлы? жеткіншек ?рпа?ты? функционалды? сауаттылы?ына да зор к??іл б?лу ?ажет. Балаларымыз ?азіргі заман?а бейімделген болуы ?шін б?л аса ма?ызды» (Н.?.Назарбаев, «?аза?стан - 2050»,  желто?сан,  2012 жыл).

         ?азіргі та?да адамзат ?ркениетіні? а?паратты? т?ріне айналу барысында ?о?ам мамандарды? т?л?алы?-к?сіби дамуына жо?ары ж?не жа?а сапалы талаптар ?оюда. Б?л, е? алдымен, т?л?аны? зиятты? ж?не м?дени сапаларына ?атысты. Ал осы м?селелерді шешу жолында білім беру ж?йесі - ?леуметтік ?рекет саласы ретінде бас?аларды озып алда келеді. Осы ?арама-?айшылы?тарды шешу барысында білім беру ж?йесіндегі инновациялы? іс - ?рекетті барынша дамыту керек, себебі бас?а ?леуметтендіру институттарына ?ара?анда технологиялы? т?р?ыдан е? тиімдісі білім беру ж?йесі болып саналады. 

        Т?л?алы? ба?дарлы ж?не  ?зін-?зі дамыту парадигмалары е? алдымен білім беру ?дерісіні?  субъектілеріне ерекше талаптар ?ойып , жа?а инновациялы? білім беру ортасын ?алыптастыруын талап етеді.

     «?азіргі ?лемде болып жат?ан ?ар?ынды ?згерістер ?лемдік білім беру ж?йесін ?айта ?арау ?ажеттігін паш етті. ?ар?ынды ?згеріп жат?ан ?лемде білім саласында?ы саясаткерлер ?шін де  ,  жалпы мектептер ?шін де ,   соны? ішінде м??алімдер ?шін де е? басты , ма?ызды м?селе болып отыр?аны: « ХХІ ?асырда нені о?ыту керек?» ж?не де екіншісі –  «М??алімдер о?ушыларды ХХІ ?асыр?а ?алай дайындайды?». ?аза?стан Республикасыны? педагог ?ызметкерлеріні? біліктілігін арттыру курстарыны?  екінші де?гей ба?дарламасыны? мазм?ны осы екінші с?ра?ты шешуге ба?ыттал?ан. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Іс-?рекеттегі зерттеу жобасы туралы есеп »

Туржупарова Гульшат 2 – деңгей мұғалімінің Есеп А

№1 топ портфолиосы

Ақтау қаласы



Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы туралы есеп

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек!» - деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің 2012 жылғы желтоқсан айында Қазақстан халқына жасаған жолдауында қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғанын, Қазақстан азаматтарының үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс екендігін атап көрсетті.

« ... Сондай - ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» (Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан - 2050», желтоқсан, 2012 жыл).

Қазіргі таңда адамзат өркениетінің ақпараттық түріне айналу барысында қоғам мамандардың тұлғалық-кәсіби дамуына жоғары және жаңа сапалы талаптар қоюда. Бұл, ең алдымен, тұлғаның зияттық және мәдени сапаларына қатысты. Ал осы мәселелерді шешу жолында білім беру жүйесі - әлеуметтік әрекет саласы ретінде басқаларды озып алда келеді. Осы қарама-қайшылықтарды шешу барысында білім беру жүйесіндегі инновациялық іс - әрекетті барынша дамыту керек, себебі басқа әлеуметтендіру институттарына қарағанда технологиялық тұрғыдан ең тиімдісі білім беру жүйесі болып саналады.

Тұлғалық бағдарлы және өзін-өзі дамыту парадигмалары ең алдымен білім беру үдерісінің субъектілеріне ерекше талаптар қойып , жаңа инновациялық білім беру ортасын қалыптастыруын талап етеді.

«Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажеттігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де , жалпы мектептер үшін де , соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты , маңызды мәселе болып отырғаны: « ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының мазмұны осы екінші сұрақты шешуге бағытталған.

Білім беру саласында қол жеткізілген білімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай , оларды орынды жеріне қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады , ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында». ( МАН, 4 - бет)

Дәстүрлі оқытуда басты мақсат «нәтиже» болып , ұстаз өзінің барлық күш - қайратын «үйретуге» бағыттайды , шәкіртті қорытынды нәтижеге ең қысқа жолмен жетелеуге тырысады. Мұнда оқытудың нәтижелігі бірінші кезекте

ақпаратпен байланыстырылады: үйрету процесі оқушыға ақпарат «беруге» бағытталады , оны жаңа мәліметпен қамтамасыздандырумен шектеледі. Дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда оқушының сабаққа «таза парақ» күйінде келіп, мұғалімнің оны сабақта біліммен «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсініледі.

Ал белсенді оқыту басты назарды «процеске» , яғни үйрену процесінің өзіне , шәкірттердің «қалай?» және «қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне» аударады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзара белсенді іс-әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруінде , оны ізденуінде , құрастыруында. Мұндай сабақтарға шәкірттер «таза парақ» күйінде келмей, алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ барысында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, әрі қарай оларды дәлелдеу жүйесін құрады , пікірталас жүргізеді , өзге пікірлерді тыңдап , балама көзқарастарды ескереді. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт өмірде әр адамға қажетті білім- білік дағдыларын қалыптастырады. ( А.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО - да қолдану мәселелері , Алматы, 2013 )

Осы негізгі мәселені қамти отырып, оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатын көздеген , яғни сындарлы оқу мен оқыту бағытында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының басым бағыты – қалай оқу керектігін үйрету. Бұл бағдарламаның мақсаты – өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларға тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзіреттілігі мейлінше терең мұғалімдерді даярлау.

Ұстаз еңбегі — шығармашылық енбек. Себебі, ол ұстаздан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді колдануды талап етеді. Елдің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақ. Ал жас ұрпақтың білімді , саналы азамат болып өсіп қалыптасуы ұстазға байланысты. Оқушыларға логикалык ой туғызып , өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру керек. Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні - оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда , өз бетінше ізденуін қалыптастыруда ерекше рөл аткаратын пәндердің бірі. Алайда, кейбір оқушылар оны тез игеріп кете алмайды. Сондықтан да оқытудың түрлі әдістерін дұрыс тандап, оқушылардың ой - өрісін, сана – сезімін жан - жақты дамыту қажет.

Сәуір айы мен мамыр айының бірінші жартысында бірінші бетпе - бет кезеңінен өтіп , курс бағдарламасын меңгеріп , мамыр айының екінші жартысынан маусым айының екінші жартысына дейінгі кезеңде өзім он үш жылдан бері еңбек етіп келе жатқан мектебімде іс - тәжірибеден өттім. Мектепке барғандағы ең бірінші жасаған қадамым – әріптестермен кеңесу болды. Мектеп директоры , директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары , директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары, бірлестік жетекшілері – менің алғашқы тыңдаушыларым болды. Әдістемелік отырыс үстінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей

бағдарламасының мақсат-міндеттері туралы, оқытудағы әдіс-тәсілдері, 7 модуль туралы жеткіздім. Олар курс туралы, оның ерекшеліктері туралы қызыға тыңдасып, менің мектептегі тәжірибеме оң табыстар тілеп, іс – тәжірибемнің сәтті аяқталуына тілектестік білдірді.

Сонымен қатар, осы кеңесте өзімнің іс-тәжірибе кезінде атқаратын міндеттерім туралы әріптестермен ой бөлістім. Іс әрекеттегі зерттеу жұмысы, мұғалімдерге коучингтер өткізу, белгіленген мұғалімге тәлімгерлік ету негізгі міндеттер екендігіне тоқталдым. Және тәлім алушы ретінде әріптесім – жас маман Көпбаева Света Мұхамбетқалиқызымен жұмыс жүргізетіндігімді айттым.

Мен еңбек ететін Мұнайлы ауданындағы «№2 жалпы білім беретін орта мектеп» 1984 жылы 16 қаңтарда аудандағы екінші мектеп болып бой көтерген. Өзінің 30 жылдық тарихында көптеген танымал тұлғаларды қанаттандырып, әрбір оқушының өмірден өз орнын табуына көмектескен, ұстаздардың ұстазы еңбек еткен қарашаңырақ.

Мен бұл мектепте Алматы қаласында ЖОО-ны бітіргеннен соң, 2000 жылы еңбек жолымды бастадым.

Қазіргі таңда мектебіміздегі мұғалімдер саны – 170 - тен асады. Оның екеуі – басқа ұлт өкілдері. Аравиди Ольга Ивановна - мектеп директорының әдістеме жөніндегі орынбасары. Бірі – математика пәнінің мұғалімі Нуфтуллаева Зияда. Оқушы саны – 2000 - ға жуық. Барлық оқушылардың 50% - ынан астамы оралман отбасыларының балалары. Оқыту тілі – қазақ тілі болғанымен, мектебімізде басқа ұлт өкілдері де білім алуда. Атап айтсам, орыс, корей , түрікмен, қарақалпақ ұлтының өкілдері қазақ тілін бөтен демей, өз ана тілімен қатар қойып , сол тілде білім алуда.

Өзімнің мамандығым – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Он үш жылдан бері осы мектепте өз мамандығым бойынша 5 – 11 - сыныптарда сабақ беріп келемін. Осы уақыт аралығында көптеген оқушыларға сабақ оқытып, көптеген мұғалімдермен жұмыстас болдым. Өзімнің іс тәжірибемде оқушыларға қазақ тілін өз ана тілі және өзге ұлт өкілдеріне екінші тіл ретінде жетік меңгерту туралы сұрақ мені жиі мазалайтын. Осы екінші деңгей курстарының дәрістерін тыңдағаннан кейін, өзімді сол ұзақ уақыт бойы мазалаған сұрақтарыма жауап алудың жолын тапқандаймын. Деңгейлік курстың оқытудағы әдіс-тәсілдері, 7 модулі менің осы күмәнді ойларымды сергітіп, педагогикалық шабыт бергендей болды.

Мектептегі іс-тәжірибемді биылғы оқу жылында ашылған 5 «а» гимназия сыныбында жүргізуді ұйғардым. Сыныпта 26 оқушы бар. Оның 20 - сы қыз бала, 6 - ы ұл. Оқу жылының басында гуманитарлық пәндерді, соның ішінде тілдерді тереңдетіп оқытатын сынып болып ашылды. Сыныптың сабақтарына қатыса отырып, сыныптың ішкі жағдайымен таныстым. Тоқсандық қорытындылар бойынша сынып оқушыларының 80% - ы озат оқушылар. Гимназия сыныбы болуына қарамастан бұл сыныпта төмен

деңгейлі оқушылардың барын да байқадым. Дегенмен сыныптағы озат оқушылардың осындай төмен деңгейлі оқушылармен ешқандай байланыс жасағысы келмей, өз білгендерін іштерінде сақтап, білгендерін ешкіммен бөліскісі келмей, тек өздері үшін жаратқысы келіп, оқшауланатынын байқадым. Бірқатар оқушылар тақырыпты меңгергендеріне қарамастан, сабақ үстінде өздерімен-өздері отырды. Тек аты - жөндерін атап, орындарынан тұрғызған кезде ғана жауап беріп отырды. Жекелеген оқушылар өздерінің таным қабілеттерінің жоғары деңгейде екендігін танытуға тырысты. Тағы бір топ оқушылар өздерін көрсетуге ғана тырысып жатты, яғни қойылған жабық сұрақтардың өзіне мардымды жауап бере алмай, орындарына қайтып жатты. Сыныптағы осы ахуалмен танысқаннан кейін «оқушылар арасында татулық, бір-бірінің пікірін тыңдау, пікірмен санасу сияқты жағдайларды қалыптастыру» мәселесі туындады.

5 «а» сыныбының сабағына қатысу барысында сыныптағы ахуалмен таныса отырып, оқушылардың сабаққа қатысын қалт жібермей бақылауға тырыстым. Бақылау барысында, ойымды жинақтай келе, қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларды бірлесе оқу, топтарда жұмыс жасау, тапсырмаларды орындату арқылы сынып оқушыларының ынтымақтастығын дамыту мәселесін нақтылап, өзімнің іс - әрекетті зерттеу тақырыбымды анықтадым. Сонымен алдағы бір ай көлемінде осы сыныптағы зерттеу жұмысының тақырыбын «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың ынтымақтастығын қалыптастыру» деп алдым.

Сыныптағы мен қатысқан бірінші сабақтың тақырыбы - Күләш Ахметованың «Қазағым» өлеңі. Сабақ әдеттегідей, дәстүрлі үй тапсырмасын тексеруден басталды. Үй тапсырмасын сыныптағы озат оқушылардың ішінде санаулы ғана (еті тірі , пысықтары) оқушы қол көтеріп айтып, сұрақтарға жауап берді. Тағы да 5 оқушы мұғалім аты - жөнін атағаннан кейін сұрақтарға жауап беріп, үй тапсырмасын айтып берді. Аты аталған оқушылардың ішінде бірнеше оқушының сабаққа қатысын ерекше назарға алуға тырыстым. Атап айтсам, сыныптағы ең алдыңғы қатарда озат жүрген Д.есімді қыз бала мұғалімнің әрбір сұрағына ойланып, тиянақты жауап беруге тырысты. Бірақ оушының жылдамдығы баяу, өзі сондай ұяң оқушы (бұдан әрі қарай А оқушы), сонымен бірге өз білгенін ішінде сақтайтын, тек қана өзім білсем деген ойды өзіне серік санайтын оқушы. Екінші (А. есімді) оқушы өзі жылдам, мұғалімнің сұрақтарына тез жауап береді, бірақ жауаптары нақты емес, тақырыптан ауытқып кетіп отырды (бұдан әрі В оқушы). Бұл оқушының бойында да менмендікпен қоса өзімшілдік қасиет басым. Үшінші оқушы (О. есімді оқушы. Бұдан әрі С оқушы) өте баяу, сабақ үлгерімі төмен деңгейдегі, жабық сұрақтың өзіне қинала-қинала жауап берді. Өте ұялшақ. Білсе де, білгенін айта алмайтын, ұяңдығы бар.



Сабақ соңында оқушылардан мынадай сұрақтарға жауап алуға тырыстым:


Сұрақтар

Иә

жоқ

Жауап беруге қиналамын

Сабақ қаншалықты ұнады?

11

5

8

Сабақта өз пікіріңді жеткізе алдың ба?

7

13

4

Өзіңнің қолыңнан не келетінін көрсете алдың ба?

5

14

5

Өзіңді сабақ барысында еркін ұстай алдың ба?

8

10

6

Сабақта мақсатыңа жеттің бе?

4

8

12

Осы кестені оқушыларға ұсыну арқылы сабақ барысы туралы және өзінің сол сабаққа қосқан үлесі туралы пікірлерін білуге тырыстым.

Қорытындысында, сабақтың қаншалықты ұнағанын, қаншалықты тиімді болғанын олардың кері байланысы арқылы аңғардым.

Сабақтан шыққан соң, сынып жетекшісі әрі пән мұғалімі К.С - мен сабақты талдауға тырыстық. Талдау барысында «Екі жұлдыз , бір тілек» арқылы мұғалімнің сабағына өз пікірімді білдіруге тырыстым.

Алдымен, пән мұғалімімен (әрі сынып жетекшісі ретінде) сынып жайлы ой бөлістім, яғни сыныптағы ахуал, оқушылардың бір - бірімен қарым - қатынасы, ауызбіршілігі, ұлдар мен қыз балалардың өзара түсінісуі , т. б. мәселелерге мән беруге тырыстым . Сынып жайында пән мұғалімінің айтқаны төмендегідей:

  • Мен бұл сыныпты осы оқу жылының басында жетекшілікке алдым және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Негізгі пәнмен қоса, сыныпта «Сөз мәдениеті» және «Шешендік өнер» сабақтары жүргізіледі. Оқу жылының басында бақылау жұмыстары арқылы іріктелініп, бастауыштан орта буынға өтті. Сынып оқушыларының басым бөлігі қыз балалар. Десек те, сынып қозғалғыш. Сабақта да, сабақтан тыс уақытта да бір-бірінің пікірлеріне құлақ асқысы келмей, өз пікірлерін дәлелдегісі келіп тұрады. Көшбасшылыққа ұмтылады. Мен оқушылардың бұл әрекеттеріне кейде іштей қуансам да, үнемі ескерту жасап отырамын. Яғни, «Бірлік бар жерде , тірлік бар ».

Сынып жетекшісінің сынып оқушылары жайындағы осы пікірлерін тыңдай отырып, өзімнің зерттеу жұмысымның тақырыбын тағы да бір пысықтап алдым. Яғни, оқушылардың өзара ынтымақтастығын, бірлесе оқуын, ауызбіршілігін дамыту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында топтық жұмысты жүргізу.

«...Топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы оқытушы мынадай мақсаттарға жетеді:

  • үйрену процесіне қатысушылардың әрқайсысы бір-бірімен жеке

қарым қатынас орнатады;

- үйренушілер туындаған сенімсіздік пен қобалжудан, қорқыныштан арылады;

- әр үйренушіге өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға жағдай жасалады;

- үйренушілер арасында еркіндік пен сенім атмосферасы қалыптасады;

- үйренушілер топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылық қағидаларды ұстанады...». (Асхат Әлімов, «Интербелсенді әдістемені ЖОО - да қолдану мәселелері» Алматы 2013ж., 136 - бет)

Бұл бағытымды мына тұжырыммен негіздегім келеді: Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл ұстаным – құрастырылған (конструктивтік) білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытта ұстанған оқу - үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды». (Асхат Әлімов , «Интербелсенді әдістемені ЖОО - да қолдану мәселелері» Алматы, 2013 ж .)

Ж. Пиаже бұл туралы былай жазады: «Адамның ақылы өзін таниды, яғни психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдар мен қатынаста ғана болады». Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым-қатынаста ғана дамиды, тек қарым-қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым - қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне) бейімдеу деген сөз.

Шағын топтық (немесе жұптық) жұмыстар үйренушілерде бірлік, бірегейлік сезімдер қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. Ал «Көп түкірсе көл», «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» екендігі баршаға аян, ұжым болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды шаруаға айналады. Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің барлығыда өзара қарым-қатынасқа негізделген әрекеттерді атқарады. Мұнда біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады.

Әдетте, дәстүрлі сабақта бірнеше үйренуші ғана әрекет жасайды: олар ұстаз талабы бойынша берілген тапсырманы жеке - жеке орындап, жасалған жұмысы бойынша есеп немесе жауап береді. Ал бұл мезетте қалған оқушылар белсенді әрекеттер атқармайды. Бұған керісінше топтық жұмысқа барлық дерлік оқушылар қатысады, өйткені берілген тапсырма бірлескен жұмыс арқылы ғана орындалуы тиіс. Әр оқушы идеяларды келтіру мен оларды талқылау, таңдау және шешім қабылдау ісіне белсенді қатысады: топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас құнды. (Асхат Әлімов, «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері», Алматы, 2013ж.)

Пән мұғалімімен осы жайттарды бірге талдай отырып, алдағы сабақтарда топтық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың бірлігін, ынтымақтастығын дамыту жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарладық. Екінші қадам ретінде пән мұғаліміне топтық жұмыстың ерекшелігі, топтық жұмысты жүргізудің әдіс - тәсілдері туралы қысқаша мәлімет бердім.

Пән мұғалімінің бірінші сабағына қатысқаннан кейін, сынып ата аналарымен кездесіп, келесі сабақтарды өткізуге, сабақтарымызды бейнекамераға түсіруге рұқсат алдық.

Сонымен іс әрекеттегі зерттеу жұмысының келесі сатысына да қадам бастық.

Екінші сабақта «Доссыз өмір - тұзсыз ас» деген тақырыпты ала отырып , топтық жұмыс жасатуға бел будық. Мұндағы көздегеніміз – оқушыларға топта бірлесе жұмыс жасауға бағыт – бағдар беру.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдескеннен кейін, өздерінің күнделікті ұранын айту арқылы сабаққа кіріспе жасап, орындарына жайғасқаннан кейін, әр үстелге жемістердің (алма, апельсин, алмұрт, шие) суреті бар парақшалар тасталды. Алғашында балалар «Бұл не? Мұнымен не істейміз ?» дегендей, кішкене ойланып қалды да, бірақ тез жинақталып, парақшалардағы жемістердің ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлінді.

Топтарға бөлінгеннен кейін , топта жұмыс жасау үшін топ ережелері болу керектігі ескертілді де, әр топқа өз топтарының ережесін жасауға ұсыныс жасалды.

Оқушылар әр топта өздерінің ережесін жасағаннан кейін, мұғалім әр топтың ережелерін тыңдай отырып, топ мүшелерінің көмегімен ортақ ережелер жиынтығын жасады. Осылай топ ережелері жасалды.

Топтық жұмысқа кіріспес бұрын, топ мүшелерінің өзіндік атқаратын қызметтері туралы мәлімет беру мақсатында оқушыларға топ мүшелерінің аттары жазылған парақ таратылды. Сол парақтағы топ мүшелерінің аттары - ның тұсына топ мүшелері ойласа отырып, қызметтеріне сипаттама беруге тырысты. Мысалы: көшбасшы – топты алға жетелейтін адам, хатшы – ойды қағаз бетіне түсіруші, дизайнер – бұл көркемдеуші ғой деп қуанған сәттеріне куә болдым. Барлық төрт топ та мейлінше топ мүшелерінің қызметтеріне дұрыс, нақты жауап беруге тырысты.


Топтар жеке жұмыс жасау үстінде

Бұл алғашқы тапсырманы орындау барысында оқушылар бұрынғыша бір - біріне сөз бергісі келмей, тек өздерінің айтқандарын, өз пікірлерін дәлелдеуге тырысып бақты. Бірақ бекітілген топ ережесін мұғалімнің ескертуімен естерінен шығармай, татулықта, бірлесе жұмыс жасауға тырысып бақты.


С оқушы спикер рөлінде В оқушы спикер рөлінде

Осы тапсырмадан кейін оқушыларға ынтымақтастық туралы шағын бейне сюжет көрсетілді және осы көрініс туралы олардың пікірін сұрағанымызда, жасап отырған топтық жұмыспен байланыстырып, жақсы – жақсы пікірлер айтты. Яғни, «Шағын топтарда жұмыс жасау кезінде әрқайсымыз бір біріміздің пікірімізге құлақ асып, бір бірімізді тыңдап, кездескен қиындықтарды бірге жеңуге тырысуымыз керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» деген құнды пікірлер айтты.

Сабақ барысында оқушыларды бір сәт тынықтыру үшін, ойларын сергітіп, сабаққа ынтасын арттыру және өздерін сабақ барысында сенімді сезіне білу үшін сергіту сәті де өткізілді. Сергіту сәтін ұйымдастыру, әсіресе төменгі сынып оқушыларының көңіл - күйіне ерекше әсер етеді.

Оқушылар бұл алғашқы сергіту сәтіне де ерекше атсалысты, дегенмен мқғалім тарапынан қаншалықты еркіндік берілгенімен олар бір –бірінен қысылып, өздерін соншалықты еркін ұстай алмады.

Оқушылар бойларын сергітіп, ойларын жинақтаған соң негізгі тапсырмаға көштік. Сабақта топтарға берілген тапсырма, яғни топтық жұмыс «Доссыз өмір – тұзсыз ас» тақырыбына постер қорғау. Оқушыларға осы тапсырманы топта талқылап, орындау үшін 10 минут уақыт берілетіні ескертілді. Осы уақыт аралығында топ мүшелері сабақ басында өздері бекіткен рөлдер бойынша өз қызметтерін атқаруға тырысты. Бірақ, оқушылардың ойланудағы, жұмыс жасаудағы жылдамдықтары баяу. Уақытты тиімді пайдалана алмай жатты.

Жұмысты топта талқылап болғаннан кейін, оқушылар өздерінің белгіленген рөлдеріне сәйкес спикерлер ортаға шығып , өз топтарының постерлерін қорғады.


Топтық жұмыс А оқушы спикер рөлінде

Осылай топтық жұмыс жүргізе отырып , оқушыларға топта жұмыс жасаудың ережелерін меңгерттік. Сабақ соңында уақытқа бағыну керектігі жөнінде балаларға топ ережесінен алып, тағы да түсінік берілді. Алдағы уақытта тек уақытқа бағынсақ қана көздеген мақсатымызға жете алатындықтары ескертілді. Содан соң оқушыларға стикерлерге өз пікірін жаздырту арқылы кері байланыс жасатты. Оқушыларға сабақтың жаңашылдығы, жаңаша әдіспен өткендігі, бір – бірімен пікір алысудағы еркіндік , ойларын жеткізудегі қолжетімділік ұнағандығын байқадым.

Сабақта ресурстарды түрлендіруге тырыстық. Сабақ мультимедиа кабинетінде өтті. Сондықтан интербелсенді тақта, онда көрсетілетін бейнежазбалар, бейнероликтер, аудиодыбыстық жазбалар, мультфильм үзінділері тиімді пайдаланылды. Сонымен бірге, флипчарт, түрлі – түсті қарындаштар, стикерлер, маркерлер, фломастерлер пайдаланылды.

Осы сабақтан кейін өзім балалардың сабақтан кейінгі ойларын білу мақсатында аз ғана оқушылар тобымен әңгімелескенімде, олар өздерінің көңіл күйлерімен бөлісуге тырысты. Соның ішінде С оқушыға: «Сабақта өзіңді қалай сезіндің?» дегенімде, оның сәбилік сезіммен берген жауабы мынадай болды: «Мен сабақта апайдың қойған сұрақтарына жауап бергім келеді. Бірақ сыныбымызда пысық оқушылар көп қой. Мен үлгермеймін жауап беруге » деген сөздері мені ойландырып тастады. Пән мұғалімі екеуміз бір біріміздің ойымызды көзқарасымыздан танығандай болдық.

«...оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды (МАН , 78 - бет) деп көрсетілген тұжырымдамаға сабақта төмен, орта, жоғары деңгейдегі оқушылардың сабаққа қатысын , белсенділікке қолдан келгенше ұмтылғандарын зерттеу барысында көз жеткіздім. Постер жасау барысында, постерді көркемдеу жұмыстарында бір - біріне көмектесіп, ұсыныстарын айтты. Сабақ үстінде үй тапсырмасына дайындықсыз келетін, үлгерімі төмен оқушылардың да топта жұмыс жасау кезінде топ мүшелерімен ынтымақтаса әңгімелесіп, сабақта өздерін мейлінше еркін ұстауға тырысқандарын байқадым.

Пән мұғалімімен осы сабақты талдау барысында жас маманның да өз оқушыларының бұрынғы сабақтарда сабақтарға белсене қатысып, тақырыптарды талдауда өздерінің алғырлықтарын танытып жүрсе де, дәл бүгінгідей күйді байқамағандығын еріксіз мойындады.

Келесі сабақта осы сыныптағы А,В,С оқушылардың және бүкіл сыныптың іс - әрекеттерін зерттеу мақсатында тағы да бірлесе оқу әдісін таңдай отырып, орыс халқының ұлы ақыны А. С. Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін өткізуді жоспарладық. Мұндағы мақсатымыз «»Пән мұғалімімен бірге сабақтың мақсат-міндеттерінің нақты, қолжетімді болуына назар аударып, тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы меңгертуді көздедік. Топтық, бірлескен жұмыстың барлық ережелерін өткен сабақта түсіндірілуіне байланысты бұл сабақты бірден топқа бөлінуден бастап кетті. Демалыс күндерінде өткізіліп жатқан сабақтар болғандықтан, бұл сабағымызға сынып оқушыларының үштен бірі ғана қатысты. Топтардың ережесін оқушылардың өздеріне қайталатып, еске түсіріп, өткен сабақта бекітілген топ ережелері қайтадан тақтаға ілінді. Топқа бөлініп, топ ережелерін бекіткеннен кейін жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты таныстырылып, өтілетін тақырып әлем әдебиеті тарауында берілген А. С.Пушкиннің ( А. Байтұрсыновтың аудармасы ) «Балықшы мен балық» ертегісі екендігі хабарланды. Сонымен бірге, әр топқа бағалау парақшалары тапсырылды және сол бойынша сабақ соңында бірін-бірі бағалайтындықтары ескертілді.

«... оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың ( оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата – аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын-ала таныс, ұжым талқысынан өткен нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалаудың екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы» (МАН, 130 - бет). Осы тұжырымдамаға сәйкес пән мұғалімімен бірлесе отырып, рубрикатор дайындадық.

Тақырыпқа кіріспе ретінде оқушыларға мынадай ертегіні оқып берді:

Ертеде өте кедей балықшы бала болыпты. Ол ұстаған балығын тамақ қылып, өзінің еңбегімен күнелткен екен.
Бірақ соңғы уақыттарда оның құрған торына еш қандай балық түспей, бала әбден қиналыпты. Бір күні баланың құрған ауына анау – мынау емес, алтын балық түсіпті. Бала қатты қуанып, балықты қуырып жемекші болғанда, алтын балық: - Ей, балақай, егер мені босатсаң, мен саған күнде таңертең бір сыйлық жасап тұратын боламын! - деп сөйлеп қоя беріпті.
Қарны аш бала балықты босатқысы келмепті. Сонда балық: - ол жай ғана сыйлық емес. Сыйлықтар сені бар бақытыңа жеткізетін болады. Ол үшін сен тапсырмалар орындап отыруың қажет! – дейді. Бала әрі ойланып, бері ойланып, балықтың қойған шартына көніпті. Таңертең ұйқысынан тұрған бала есіктің алдында құлыптаулы сандықты көреді. Оның іші толған ақша еді. Сандық ашылу үшін мынандай тапсырманы орындау керек екен: «Оқу мен еңбек - егіз» дегенді қалай түсінесің?

Балалар топта ойласа отырып, осы сұраққа бірге жауап іздеді және жауаптары ұтымды, тиянақты болып шықты. Осы тұста В оқушы қол көтеріп өзінің жеке пікірін айтқысы келіп орнынан көтерілді.




В оқушы «балықтың» сұрағына жауап беруде Топ спикері

Келесі күні есіктің алдында сыртында суреті бар үлкен кітап тұрады. Егер бұл кітаптың тапсырмасы орындалса, бала білімді болады екен. Оқу, білім, еңбек адамды бар бақытқа жеткізеді. Тапсырма: кітаптың сыртындағы суреттің кім екендігін табу және ол туралы білетіндерін айту және топтастыру жасау.

Оқушылар кітап сыртындағы суреттегі кім екендігін тауып, ол туралы көптеген мәліметтер айта алды (Ахмет Байтұрсынов) . Бұрынғы сабақтарда үндемей, өзімен – өзі отыратын С оқушы осы тұста топ ішінде кеңесу барысында А. Байтұрсынов туралы көптеген мәліметтер білетіндігін байқатты. Мысалы, А. Байтұрсынов – қазақ халқының тұңғыш әдебиеттанушы ғалымы, «Маса», « Қырық мысал» жинақтарының авторы екендігін топ мүшелеріне және оны осы қадамды жасауына топ мүшелерінің де ықпалы болған сияқты. Себебі, олар бағалау парағындағы критерийлермен таныса отырып, топтағы әрбір баланың сабаққа қатысын, ұтымды жауап беруін, тәртібін бағалайтындықтарын ескерген сияқты.

Осылай оқушылардың жауаптарын алғаннан кейін олардың білетіндерін толықтыру мақсатында мұғалім төмендегідей мәліметтер берді:

 Ахмет Байтұрсынов Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым,  түркітанушы, публицист,  педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 -ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, ғалым, қазақ тілінде тұңғыш әліппені жазған. Балаларға арнап бірнеше өлеңдер жазған. Аудармашылықпен де айналысқан. «Маса», «Қырық мысал» , «Әдебиеттанытқыш» еңбектерінің авторы.

Осы тапсырмадан соң оқушылар ертегімен бейнежазба арқылы танысты.

Тақырыптың ой толғауы ретінде оқушылар ертегі кейіпкерінің бойындағы қанағатсыздық, тойымсыздық, көрсеқызарлық сияқты әдеттерді сынға алып, әрқашан да азға қанағат етуді өздеріне үлгі ететінін айтып, ауызша ой бөлісті.

Сабақ соңында оқушылар белгіленген критерийлер бойынша бірін-бірі бағалады. Және бағалау кезінде әрбір қойған ұпайына, бағасына тоқталып, ол ұпайларды қандай ерекшелігіне қарай алғанын және соған қаншалықты лайық екендігін айтып өтті.

Сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағына жазуды да ұмытпады.

Осындай мақсатқа жету жолындағы тапсырмаларды орындату барысында оқушылар арасындағы ынтымақтастық, татулық, бір – біріне деген жанашырлық сезімдерінің қалыптасқандығын олардың топтарда жұмыс жасау кезінде бір – біріне қол ұшын беріп, бір – біріне көмектесуге тырысқанын байқадым.

Төртінші сабағымызды А. Құнанбайұлының 17 – қарасөзінің мазмұны мен мәнін талдауға арнадық. Бұл сабақ біздің үш күндік жұмысымызды қорытындылайтын сабақ болды. Бұл сабақты топқа бөлінгеннен кейін оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас!» атты әнін Дастан Оразбековтың орындауында бейнеклиптен тамашаладық. Содан соң бұл әннің авторы туралы топтастыру жасап, инсерт кестесінің «Білемін» бөлімін толтырды.

Бұл жерде әрбір оқушы өз дауысын білдіріп, топтастыруды да, кестені де топта бірге жасады.

Бұл сабақты бастағаннан – ақ оқушылардың топтық жұмыстың мақсатын түсініп, жұмыс жасауға жаттыққандары байқалды. Абайдың он жетінші қарасөзі мәнмәтінде оқушыларға, топтарға таратылып, мәтінмен танысқаннан кейін, оқушылар топта әңгіме кейіпкерлерінің рөлдерін алып, орындап шығуға тапсырма алды. Мақсат – оқушыларды рөлдік бөлініске дағдыландыру, ұйымшылдықпен, жауапкершілікпен, шеберлікпен атқарып шығу болды. Рөлдерге бөлінгенде мен көз қырыма алған А, В және С оқушыларым да тасада қалып қоймады. Яғни берілген тапсырманы топ мүшелері бірге орындауға, әсіресе бұрын көзге онша түсе бермейтін, үнемі көлеңкеде қалып қоятын оқушылар да өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға тырысты.

Ең алғашқы сабаққа қатысқаннан кейінгі әсер мен соңғы сабақтан кейінгі әсер мүлдем басқаша болғанын мен де, пән мұғалімі де, ең алдымен оқушылардың мойындағаны байқалды. Себебі, осы сабақты аяқтағаннан кейін оқушылардың осындай сабақтардың жиі өтуін қалайтындығы сезіліп тұрды. Алғашқы сабақтарға қарағанда, сабақта белсенділік танытушылардың саны көбейіп, сапасы арта бастағандығы мені ерекше қуантты.

Мектепте іс- тәжірибе жүргізу барысында менің түсінгенім мынау: « ...Зерттеу сабағы – оқытуды жетілдірудің ерекше тәсілі, ол бірнеше кезеңнен тұрады: проблеманы белгілеу, оны шешу шарттары мен жолдарын талқылау, экспериментті жоспарлау және өткізу, алынған нәтижені талдау және қорыту, қорытынды жасау және ақпарат алмасу»(МАН, 129 - бет) Яғни, білім беру ісінде зерттеу іс – әрекетінің болашақ тұлға дайындауда ерекше роль атқаратындығы. Келелі проблеманы анықтай біліп, оны шешу барысында әртүрлі тиімді әдістерді таңдап, іс – әрекет жасау арқылы оны шешуде табандылық таныту өзімнің басты міндетім екенін мойындағандаймын.

Әрине, осы аз ғана уақыт ішінде, аз ғана жұмыс жасасам да , біраз қиыншылықтар да, сәттіліктер де болды. Қиындық деп отырғаным – мектепке бара сала, дәстүрлі сабаққа үйреніп қалған маған бірден кірісіп кету де оңайға соққан жоқ. Бірақ, бәрінен өттім. Көп нәрсе үйрендім. Оқығанымды тәжірибе жүзінде пайдалануға мүмкіндік алдым. Бұларды сәттілік деп айта аламын.

Енді, алдағы уақытта осы кезеңдерде алған білімімді, үйренгенімді өз әріптестеріме де білгенімше үйретуге дайындығымды іштей сезінемін.







5



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Іс-?рекеттегі зерттеу жобасы туралы есеп

Автор: Туржупарова Гульшат

Дата: 19.01.2015

Номер свидетельства: 158222


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства