kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елін с?йген, елі с?йген - Елбасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: 1 желто?сан – Т???ыш Президент к?ні мерекесіні? м?нін ашу; Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты? ?мір жолы, туып - ?скен, о?ып білім ал?ан, ?ызмет еткен жерлері туралы ма?л?мат беру; Елбасындай Отанын, хал?ын с?юге, на?ыз азамат, шынайы патриот болу?а т?рбиелеу; О?ушыларды? бойында Елбасына деген с?йіспеншілік, ??рмет сезімін ?алыптастыру.

К?рнекілігі: Елбасыны? ж?не оны? жан?ясыны? фотосуреттері.

Барысы:

М??алім:- ??рметті о?ушылар! Барша ?аза?стан хал?ы 1-желто?санда Т???ыш Президент к?ні мерекесін тойлайды. С?йтіп біз де ?з сыныбымызда «Елін с?йген, елі с?йген-Елбасы» та?ырыбында т?рбие са?атын ?ткізіп отырмыз. (?аза?стан Республикасыны? ?н?раны орындалады).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елін с?йген, елі с?йген - Елбасы»

Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген -Елбасы


Мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Елбасының және оның жанұясының фотосуреттері.

Барысы:

Мұғалім:- Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлайды. Сөйтіп біз де өз сыныбымызда «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. (Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады)

- Балалар, неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

- Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?

Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады.

Дана: Мейрамыңыз құтты болсын, Нұр-аға!

Елін сүйген дара басшы,көсемі,

Сіз бар кезде елім мәңгі өседі.

Елім-тыныш, жұртым-аман,дала-шат,

Бар халықтың аңсағаны-осы еді.

Данияр: Елін сүйген дара басшы, панасы,

Нұрланып тұр қазағымның даласы

Татулықпен тыныштықтың төрінде,

Қуанады әрбір қазақ баласы.


«Балалық шағы»

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.


Саят:Нұрсұлтан ата –Елбасы,

Бар халық оның жолдасы

Жүреді әркез алаңдап,

Бар ойы-Отан ордасы.

Айзере: Нұрсұлтан ата –Елбасы,

Қыдыр ата-жолдасы

Елі үшін тыным көрмеген

Елбасын тәңір қолдашы.

Асанали:Отаным жайнап келеді,

Тыныштық-елге керегі.

Елбасы жақсы адам деп,

Ел-жұрты оған сенеді.


«Жұмысшы Нұрсұлтан»

• Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.


Алихан:Елбасына ұқсағымыз келеді,

Ол кісінің елге көп қой көмегі

Қазақстан танылды бар әлемге,

Еуропа көп білмейтін ел еді.

Аяулым:Соның бәрі елін сүйген Елбасы

Нұрсұлтандай атамыздың беделі

Бақ дарыған Отанында қазақтың

Елі –ерге, ері елге сенеді!


Президенттің саяси өмірбаянының бастауы

• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

• 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

• 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

• 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

•1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.

• 1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

• 1998 жыл 10 маусым Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.

• 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елім әнұраны жаңарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

Сөзін жазған Жұмекен Нажмединов /1956 жыл/ және Нұрсұлтан Назарбаев /2005 жыл/.Әні Шәмші Қадыаяқовтікі, 1956 жыл.


«Ғылыми атақтары»

• Экономика ғылымдарының докторы.

• Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыың, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

• Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры.

• Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі.

• М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

• Басқа лауазымдары мен мансаптары

*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.

*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

*Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы.

*ОБСЕ - нің бас төреғасы

«Елбасы отбасымен»

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы;

Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады;

Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.


Қорытынды:

Құрметті оқушылар бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабағымызды Беделбек Нұрғалиевтың «Елбасы арманы» әнімен аяқтаймын.

Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар. 1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп. Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұлда біздің үлкен мақтанышымыз. 2011 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл болады. Бұл үлкен мереке. 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді. Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 12 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көп деген ауданы, ауылдары бар. Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.

1-сынып оқушыларының орындауында «Атамекен» әні.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Елін с?йген, елі с?йген - Елбасы

Автор: Мауленова Мадина Исатай?ызы

Дата: 08.08.2016

Номер свидетельства: 338812


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства