Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы «Күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың ағылшын тіліндегі атаулары».
Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы «Күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың ағылшын тіліндегі атаулары».
зерттеу жұмысының тақырыбы «Күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың ағылшын тіліндегі атаулары». Осы тақырыпты таңдауымның себебі, қарапайым халықтың күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түлік, сусындар және химиялық жуғыш заттардың ағылшынша атаулары арқылы ағылшын тілін қандай деңгейде білетінінің қызықтыруы. Және елімізде әрбір қазақстандықтың үштілді білу маңызды. Бұл тұрмыстық зат атаулары арқылы қарапайым халықтың ағылшын тіліндегі сауаттылығын қалыптастырады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың ағылшын тіліндегі атаулары». Осы тақырыпты таңдауымның себебі, қарапайым халықтың күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түлік, сусындар және химиялық жуғыш заттардың ағылшынша атаулары арқылы ағылшын тілін қандай деңгейде білетінінің қызықтыруы. Және елімізде әрбір қазақстандықтың үштілді білу маңызды. Бұл тұрмыстық зат атаулары арқылы қарапайым халықтың ағылшын тіліндегі сауаттылығын қалыптастырады.
Зерттеу жұмысымның мақсаты күнделікті өмірде қарапайым халықтың ағылшын тілін білу деңгейін анықтау. Жұмыстың қорытындысы бойынша берілген жұмысты ағылшын тілі сабақтарындағы «Food and drinks» тақырыбында қолдануды ұсынамын.
Тема моей исследовательской работы "Бытовые названия в нашей повседневной жизни". Я выбрала эту тему потому что мне было интересно определить уровень английского языка у простых людей с помощью повседневных названий продуктов питания, напитков и химических моющих средств на английском языке. Знание трехъязычия важно для каждого гражданина нашей страны.
Цель научно-исследовательской работы определить уровень знаний английского языка в повседневной жизни простых людей. И в заключении я рекомендую использовать тему "Продукты питания и напитки" на уроках английского языка.
Абстракт
Зерттеудің мақсаты. Күнделікті өмірде қолданылатын тұрмыстық заттардың ағылшын тіліндегі атаулары арқылы, қарапайым халықтың ағылшын тілін меңгеру, үйрену деңгейін анықтау.
Зерттеудің міндеттері.
Күнделікті өмірде тұрмыстық зат атаулырының мағынасын зерттеу.
Заттардағы атауларға талдау жасау.
Біздің ауыл тұрғындарының заттардың атауларын ағылшын тілінде түсіну.
Зерттеудің ғылыми болжамы.Күнделікті өмірде тұрмыстық зат атаулыры арқылы ағылшын тілін түсіну және үйрену.
Зерттеу нысаны. Күнделікті өмірде тұрмыстық заттардағы: азық – түліктің, сусындардың және химиялық жуғыш заттардың ағылшын тіліндегі атаулары.
Зерттеу пәні. Ағылшын тілі.
Зерттеу әдістері. Алға қойылған мақсаттарды ойдағыдай шешу үшін төмендегідей әдістемелер қолданылды:
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;
- анкеталық сұрақ- жауап;
- педагогикалық бақылау;
Зерттеу кезеңдері:
Дайындық кезеңінде жұмыс бойынша ақпараттар жинақталды.
Екінші күнделікті өмірде тұрмыстық заттардың: азық – түліктің, сусындардың және химиялық жуғыш заттардың ағылшын тіліндегі атауларының ауыл тұрғындарының ағылшын тілін білу деңгейі зерттеліп, көрсетілді.
Қорытынды кезеңде жұмыстың нәтижесі шығарылды.
Зерттеудің жаңалығы: күнделікті өмірде тұрмыстық заттардың: азық – түліктің, сусындардың және химиялық жуғыш заттардың мағынасы мен қателіктері көрсетілді. Тұрмыстық заттардың : азық – түліктің, сусындардың және химиялық жуғыш заттар атауларының ағылшынша-қазақша сөздігі құрастырылды.
Кіріспе
Ел Президентті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына « Қазақстан -2050» стратегиясында: «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтты.Бүгінгі таңда көп тілді оқыту –жас ұрпақтың білім кеңістігіне еркін самғауына жол ашатын, әлемдік білім құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту –заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті ,мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Мемлекет басшысы ағылшын тілінің әрбір қазақстандық үшін жаңа және шексіз мүмкіндіктерді ашатынына сенімді екендігін айта отырып, жас ұрпақ өкілдерін ағылшын тілін үйренуге шақырды.
Ағылшын тілі – жаһан тілі. Бұл тіл қоғамның күнделікті өміріне бірте – бірте еніп келеді. Ағылшын тілін бері айналамда осы тілде жазылып тұрған сөздерге және олардың қолданылуы мен мағынасына көп мән беретін болдым. Кез – келген жерде ағылшын тілінде жазылып тұрған сөздерді кездестіруге болады: үйде, теледидарда, көшедегі жарнамалар, мектепте, газеттер мен журналдарда. Барлық киім, аяқ киім, техника, электронды техника, жиһаз, автокөлік шығарушы зауыттар берілген тауардың нұсқаулықтары ағылшын тілінде беріледі. Осының барлығы менің «Күнделікті өмірде тұрмыстық заттардың ағылшын тіліндегі атаулары» атты зерттеу жұмысын бастауға итермеледі. Осы тақырыпты таңдау себебім, қарапайым халықтың күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түлік, сусындар және химиялық жуғыш заттардың ағылшынша атаулары арқылы ағылшын тілін қандай деңгейде білетінінің қызықтыруы.
Негізгі бөлім.
Дүние жүзінде ғылым мен техниканың қарқынды дамуының салдарынан адамның тұрмысы да тұрмыстық жабдықтары да күн сайын бір жаңа затпен толығып отырады.
Жаңа заттың қолданысқа енуі тілде жаңа сөздің тууына себеп болды. Затқа атау беруде халықтың өмір шындығы, тұрмыс болмысы тіл фактілеріне айналып, халық санасында тұрмыстық білім қалыптасады.
Кез келген заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оның табиғатынан хабар береді. Яғни, атау беруде өмір шындығы мен тұрмыс болмысы тіл фактілеріне айналып, халықтың тұрмыс-тіршілігі тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі зат түрінде тілде таңбаланып, бейнеленеді. Тұрмыстық білім – адамның күнделікті өміріне қажетті заттар жайлы ақпарат беру құралы. Тұрмыстық лексикаға қатысты атаулар сөйлеу актісінде сөйлесім бірлігі ретінде қолданылып, өзара бөлшектенетін жағдаяттық атауышқа ие болады. Тұрмыстық лексикаға қатысты атаулар номинативтер, таңбалар немесе символдар ретінде әртүрлі прагмакоммунативтік қызмет атқара алады. Тұрмыстық лексиканың функционалдық қолданысы сөйлеу актісінің жүзеге асырылу орны мен жағдайы, қатысымның мақсаты мен коммуниканттардың маңызды құралы болып табылатын тіл тек қана қатысымдық қызметпен шектелмейді. Ол – халық даналығының қайнар көзі.
Тілде, оның сөздік құрамында, грамматикасында оны қолданушы халықтың ғасырдан ғасырға, атадан балаға мирас болып келе жатқан мол мұрасы сақталады, бір ұрпақ талабына сай рухани ой-санамыздың өсіп, жетіліп отыруының кепілі, басқа салаларға қарағанда лексика саласының ішкі және сыртқы өзгерістерге ұшырап отыруы – заңды құбылыс. Сондықтан ғалымдар тіл білімінің лексика саласының зерттелуіне көп көңіл бөлуде. Себебі тіл білімінің бұл саласы қоғаммен тығыз байланысты. Оның бойында түрлі тарихи оқиғалардың ізі, соған сәйкес халықтың материалдық және мәдени өмірінің көріністері бейнеленеді.
Тұрмыстық зат атаулары әр уақытта да қоғамның дамуымен байланысты жаңа сөздермен, атаулармен, құбылыстармен, процестермен, ұғымдармен толығып отырады. Сондай-ақ,түрлі жергілікті ерекшеліктер, олардың жеке қолданыстық өзгешеліктері, сөздердің әртүрлі әлеуметтік топтары, кәсіби сөздер және т. б. мәселелері қарастырылады.
Ә. Хасенов еңбегінде тұрмыстық лексика жайлы: «Тұрмыстық лексика – күнделікті жиі қолданылатын аса қажетті, сондай-ақ халықтың тұрмыс жайы, салт-сана, әдет-ғұрпына, өмір тіршілігіне қатысты сөздер. Бұлар, негізінен, күнделікті ауызекі сөйлеу тіліне тән жалпылама лексикамен астасып жатады. Тұрмыстық лексика – халық өмірінің айнасы есепті», деп анықтама бере келіп, оларды былайша топтастырады: үй-баспанаға байланысты сөздер; құрал-сайман атаулары; ыдыс-аяқ аттары; киім-кешек аттары 2, 416 б.
«Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» (авторы Ғ. Қалиев) қарастырып отырған мәселеміз – «тұрмыстық сөздер» деп беріліп, былайша түсіндіріледі: «күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер. Мысалы: төсек, ас, нан, тұз, шам, терезе, сағат т.б» 3, 440 б.
Күнделікті өмірде тұрмыстық заттардың бір бөлігі азық-түлік, сусындар және тұрмыстық заттар. Және олар әдетте көпшілігі ағылшын тілінде беріледі. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға сай әр бесіктегі баладан еңкейген кәрі қарттарғада бұл үлкен міндет. Ағылшын тілін – заман талабы болғандықтан әрі ол экономика тілі болғандықтан көп заттың әсіресе тағам өнімдері, тәттілер, сусындар және химиялық жуғыш заттардың көбісі ағылшын тілінде атау алып жатады. Қазіргі таңда күнделікті тұрмыстық заттардың атауларын біле отыра, ағылшын тілін меңгеру өте қолайлы болып отыр. Мысалы, егерде мұғалім белгілі сөйлем құрылымдарымен тасырма берсе, күнделікті тұрмыстық заттардың атауларын қолдануға болады. Мысалы: I like Kinder surprise. She likes snikers. My mother’s favourite chocolate is Alpen Gold. I’d like some lemonade. Яғни қарапайым тұрмыстық заттар арқылы еш қиналмастан мысалдар келтіруге болады.
Міндеттерімнің бірінде көрсеткенімдей күнделікті өмірде қолданылатын заттар атауларының мағынасын зерттеу. Ол заттардың мағынасына қарай алдымен бүгінгі тоқталатын яғни азық – түлік, сусындар және химиялық жуғыш заттар деп мазмұнына қарай бөліп қарастырсам. Зерттеу жұмысымның барысында өте көп көлемде сатылған, халық таңдауы болған шоколадтар, сусындар және химиялық жуғыш заттар тізімін атап көрсетсем.
№
Заттардың атауы
Аудармасы
Зат атауының сай безендірілуі және сәйкес келуі
Қатесіз жазылуы
Шоколадтар атаулары және өзгеде тәттілер
Kinder chocolate
Kinder
Неміс тілінен бала
Балалар шоколады
+
+
Alpen Gold
Альпі алтындары
-
+
Sniсkers
Негізгі түбірі snicker
Мысқылдау, күлу
-
-
Twix
Ойдан құрастырылған
Twin-eгіз,biscuit-печенье
+
-
Mars
Марс жер серігі
-
+
Kit Kat
Christopher Catling клубының қысқартылып алынуы
-
+
Bounty
Жомарттық,
+
+
Picnic
Үзіліс
-
+
Dove
Көгершін
-
+
Nuts
Жаңғақтар
+
+
Kazakhstan
Қазақстан
+
+
Химиялық жуғыш заттар
Fairy
Ертегідей, пері, сиқыршы
-
+
Comet
Комета
-
+
Finish
Аяқтау, мәре
+
Mr.Proper
Мистер Пропер
+
+
Brief
Қысқа, дөрекі, кедей, тапсырма
-
+
Tide
Ағынмен ағу, ағыс.
-
+
Ariel
Мейірімді гений, Уранның жер серігі
-
+
Absolut сабыны
Мінсіз, таза
-
-e әріпі жазылмаған
Absolut-Absolute
Clin шыны тазартқыш
Тазалау
+
Clean [kli:n] сөзінің транскрипциясы
жазылған
Сусындар
Holiday
Мереке, демалыс
-
+
Coca Cola
Кока жапырақтары (3 бөлігі) және кола жаңғақтары(1 бөлігі) Пембертон Фрэнк Робинсонның каллиграфиялық әріптермен жазған сөзі "Coca-Cola"
-
+
Sprite
Пері, эльф
-
+
Кестеден көріп отырғаныздай ағылшын тілінен аударғанда кейбір заттарың қолданалуы аясына сәйкес келмейді. Барлық заттардың ішінде 75% мағынасының безендірілуіне сәйкеспесе, грамматикалық қателер химиялық жуғыш заттар: Absolut сабыны -e әріпі жазылмаған.Absolut-Absolute, Clin шыны тазартқыш, Clean [kli:n] сөзінің транскрипциясы дұрыс жазылмағанын көреміз. Қалған 25% өзінің мағнасына сәйкес безендірілген.Алайда біз үшін ең маңыздысы осы күнделікті қолданылатын заттардың ағылшын тіліндегі атаулары арқылы өз сөздік қорымызды толықтыру.
Келесі кезекте осы күнделікті қолданылатын заттардың ағылшын тіліндегі атаулары әдетте қалай құрастырылады деген сұраққа жауап беру мақсатында Әр заттардың атауларына қарай төмендегідей топтарға бөлдім.
Географиялық орынға назар аудару: Alpen Gold, “Kazakhstan”
Адамның аты: “Kit Kat”, Mr.Proper
Адамның тегі: «McDonald's», «Adidas».
Табиғат немесе өсімдік, жануарлар атауы:Comet, Mars
Тарихи оқиғалар немесе тарихи тұлға
Мифология: ‘Sprite”
Біріккен сөздер.
Акроним- сөздердің, сөз тіркестерінің бас әріптерінің алынылуы.
Цитата
Аллитерация түбірдің немесе дауысты әріптердің өзгеруі: KitKat, KiteKat.
Заттарға атау қойылмас бұрын қойылатын атаудың мән – мағынасы, таңбалануы және безендірілуіне өте назар аударылуы тиіс.
Практикалық бөлім
Зерттеудің негізгі нысаны күнделікті өмірде тұрмыстық заттардағы: азық – түліктің, сусындардың және химиялық жуғыш заттардың ағылшын тіліндегі атаулары.
Зерттеу барысында келесідей жұмыстар жүргізілді:
Ауылдың ең үлкен дүкенінің сатушысынан алынған сұхбат:
Сұрақтары:
Сізге ағылшын тілі ұнайма? Сіз ағылшын тілінде сөйлей аласыз ба?
Сіз ағылшын тілінде аталатын заттарды күнделікті өмірде қаншалықты жиі қолданасыз? Мысал келтіріңіз. Аудармасын айтыңыз.
Сізге келген тұтынушылар қаншалықты жиі сол заттарды сатып алады?
Ал егер шетелдік тұтынушы келсе не ұсынар едіңіз?
Ағылшын тіліндегі атаулы тұрмыстық заттардың қандай үлесі бар деп ойлайсыз?
Ауыл тұрғындарынан қаншалықты жиі ағылшын тіліндегі атаулы тұмыстық заттардың қолданылу жиілігі және оны түсінуі жайлы сұхбат.
Сұрақтары:
Көрмеде көрсетіліп тұрған заттардың қайсысын сіз жиі қолданасыз?
Сол заттардың ағылшын тіліндегі аудармасын білесіз бе?
Сұхбат алу кезінде 25-50 жас аралығындағы ауыл тұрғындары және «Еркін» дүкенінің сатушысы қатысты. Сұхбат кезінде Holiday, Coca-cola, Sprite сусындары, Alpen Gold, Picnic, Kazakhstan, Kinder Chocolate шоколадтары, ал химиялық жуғыш заттардан Tide, Fairy, Comet, Ariel, Domestos, Cif, Vanish, Wash&Go, Head&Shoulders сусабындары, Gold, Air wick, Glade ауа тазартқыштары, және Absolute, Safeguard, Clean&white сабындары көрмеге қойылып, ең жиі сатылып алынатын заттар анықталды. Олар Kazakhstan, Picnic және Kinder chocolate шоколадтары, Holiday сусыны, Tide, Fairy, Comet химиялық жуғыш заттары, Wash&Go, Head&Shoulders сусабындары және Clean&white сабыны 90% ауыл тұрғындарының тұтынатын заттары екені дәлелденді. Ал 25-50 жас аралығындағы 55% ауыл тұрғындары күнделікті тұтынытын заттырының ағылшын тіліндегі атауының мағынасын білетін болса, ауыл тұрғындарының 20% заттың суретіне қарап мағынасын түсінсе, қалған 25% ауыл тұрғындары мүлде түсінбейтін көрсетті. Бұл сұхбат нәтижесі көрсеткендей, мен өзімнің зерртеу жұмысымның мақсатына жеттім.
Зерттеудің жаңалығында аталып өткендей, үй жағдайында жасалған тәттіге ағылшын тілінде «Funny sweets» атауы берілді.
Қорытынды.
Жұмыстың нәтижесінде ауылымыздың ағылшын тілін күнделікті тұрмыстық заттар арқылы тілге деген қызығушылықтары жоғары әрі тілден хабарларының бар екенін көрсетіп отыр.
Зерттеудің ғылыми болжамы яғни, күнделікті өмірде тұрмыстық зат атаулары арқылы ағылшын тілін түсіну және үйрену мүмкін екені дәлелденді. Әрі мақсатыма жеттім.
Қорытындылай келе ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілін игермей айналамыздағы сөздерді оқып – тани алмаймыз.
Қорытындылай келе ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілін игермей айналамыздағы сөздерді оқып – тани алмаймыз. Зерттеу жұмысы әр адамның тіл мәдениетінің деңгейін де көрсетті.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Аракин В.Д. Ағылшын тілінің тарихы (Жоғарғы мектеп, 1968. -420 с.)
Борисова Л.М. Ағылшын сөздерінің тарихы - М.(Просвещение, 1994.-95 с.)
Булыко А.Н. Ағылшын тілінің сөздігі.- Мартин, 2007
Иванова И.А. Ағылшын сөздерінің этимологиясы. 2000 г. (Интернет)
Медведев Я. Ағылшын тілінің тарихы 1999 (Интернет)
Смирницкий А.И. Ағылшын ілі лексикасы - М.( 2000. –260 с.)
Переводчик Google -[электронный ресурс]- http://translate.google.ru/
Жетекшінің пікірі
Бұл ғылыми жұмыс үш кезеңнен тұрады. Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар, мәтін көлемі және жазба жұмыстардың мақсаты ашылып отырылды. Қазіргі заман талабына сай күнделікті өмірде тұрмыстық заттардағы: азық – түліктің, сусындардың және химиялық жуғыш заттардың ағылшын тіліндегі атауларының мағынасын қарапайым халықтың қай деңгейде білетінін зерттеп көрсетті. Ағылшын тілінің заман талабына сай қажеттілігі туралы мәселе қозғалды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге сүйене отырып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижелеріне байланысты қорытынды шығарылды. Зерттеу жұмысының өзектілігі айқындалып,тақырып ашылып,мақсаттары орындалды.