Просмотр содержимого документа
«Эссе.Тақырыбы: "Мен шабыттандырамын"»
Эссе.
« Мен шабыттандырамын»
Өзін-өзі тану өмір бойы жалғасып отыратын үздіксіз үдеріс. Ол адамның өзін-өзі , өзінің жан дүниесін танып білуге, түрлі өмір белестерінен жаңылмай өтуіне көмектеседі. Жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды жақсы меңгерген адам өмірдің мәнін терең түсіне алады. Бернар Фонтельдің айтуынша «Адам өміріндегі ең қажетті білім- өзін-өзі тану».
Өзін-өзі тану пәні - адамдардың құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, қиянат жасамау, шыншыл болу, әр кезде дұрыс әрекет жасау,өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, шығармашылық дамуда үйлесімділікте болуға тәрбиелейтін бірден-бір пән.
Мен сәті түсіп, биылғы оқу жылында ««Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми—әдістемелік негіздері» курсына келгеніме қуаныштымын. Курста адам үшін аса маңызды адамгершілік құндылықтардың мән-мағынасы, адами қарым-қатынас , әдістемелік нұсқаулар туралы білімімізді жетілдірудеміз. Бір сәт болса да ұлы педагог ойшылдардың әлеміне еніп, олардың айтқан сөздерімен сусындадық. «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген, осы орайда дәріс беруші жетекшіміз Зайсанбаева Гүлнұр Нығметқызына алғысымыз шексіз. Өз басым рухани-адамгершілік білім беру үдерісінде тек қана позитивті және ізгі әдістерді қолдану қажеттілігін түсіндім. Әр уақытта сабырлы болу, табиғатқа жақын болу, өз ойыңды әрқашан жақсыға бұрып отыру арқылы өзімізді танимыз, тәрбиелейміз. Ең бастысы қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүру!