Кейінге шегініс жасасам,.Барлық ғалым да, шахтер де, президент те, инженер де осы ұстаздың тәлімімен алға қарай қадам басып, талай биіктерді бағындырған. Ең алғаш қолға қалам ұстатқызып, әліппені жаттатқызатын кім? Әрине, ұстаз. Ал сол мектеп қабырғасында жүрген кезінде шалалығыңды жасырып, балалалығыңды асыратын кім? Ол да ұстаз. Мен 1985 жылы ең алғаш мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа имене басып келгенде, қолымнан ұстап партаға отырғызып, басымнан сипаған ең алғашқы ұстазым - Омарова Сәуле апай еді. Менің ол кісіге деген алғысым шексіз. Себебі, оқушы білімінің бастапқы іргетасы қалай қаланса, кейінгі болашақ өміріндегі жолдары жарқын болады. Бізді білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбиесін бойымызға сіңіру жолында аянбай еңбек еткен, мейірімін бізден аямаған сынып жетекшімізлеріміз еді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Эссе"Мен таңдаған мамандық"»
Мен таңдаған мамандық
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Нұрсұлтан Назарбаев
Мен, Ауезова Айнаш Болатқызы №44 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, 3 «А» сынып жетекшісімін. Ары қарай сөзімді жалғасам, бүгінгі күнге осы тынымсыз еңбектің ұлы ұстаздардың бізге арнаған еңбектерінің арқасында, соны оқып үйренумен қатар тәрбиесінен тәлім алып жеттік. Ұлы дана адамдардың әрбір айтқан ақыл сөздерімен, бала бойына ұстаздың дарытар тәрбиесін қоса ала жүріп бүгінгі күні жиырма үш шәкірт тәрбиелеп отырмын.
Кейінге шегініс жасасам,...Барлық ғалым да, шахтер де, президент те, инженер де осы ұстаздың тәлімімен алға қарай қадам басып, талай биіктерді бағындырған. Ең алғаш қолға қалам ұстатқызып, әліппені жаттатқызатын кім? Әрине, ұстаз. Ал сол мектеп қабырғасында жүрген кезінде шалалығыңды жасырып, балалалығыңды асыратын кім? Ол да ұстаз. Мен 1985 жылы ең алғаш мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа имене басып келгенде, қолымнан ұстап партаға отырғызып, басымнан сипаған ең алғашқы ұстазым - Омарова Сәуле апай еді. Менің ол кісіге деген алғысым шексіз. Себебі, оқушы білімінің бастапқы іргетасы қалай қаланса, кейінгі болашақ өміріндегі жолдары жарқын болады. Бізді білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбиесін бойымызға сіңіру жолында аянбай еңбек еткен, мейірімін бізден аямаған сынып жетекшімізлеріміз еді. Осы екінші анамыздай болған ұстаздарға, оның ішінде сынып жетекшіні ерекше бір ыстық ықыласпен атағым келеді. Өйткені, ол кісінің біз үшін сіңірген еңбегі орасан зор. Біздің қуанған және мұңайған кезімізде жанымыздан табылып, анамыздай бізді аялаған, сыныптағы бар баланың тілін тауып, жаманын жасырып, жақсысын асыратын, өзінің табиғатына лайық сабырлы мінезімен баурап алатын қасиеті біз үшін үлгі-өнеге. Жарық дүниеге әкелген, өмір нәрін сепкен анамызға қалай қарыз болсам, қателігімізді түзеп, осынау жарқын өмірге жол сілтеген ұстаздарымызға да сондай қарыздармыз. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»,- дейді Абай атамыз. Шынында да бүкіл жан-тәнін бала тәрбиесіне арнап, барлық баланы бес саусағындай көретін асыл жандарға жетер жан бар ма? Сондықтан да, осынау асыл жандардың еңбегін зая кетірмей, үмітін ақтау қазіргі кезде босаңсып барады-ау деймін. Маған әрқашан қамқоршы бола білген, білім шыңына жетелеген, таң шапағымен бізді мектептен күтіп, күліп қарсы алатын ұстаздарымды мақтан тұта отырып, сол адамдарға еліктеудің арқасында мен осы ұстаздық жолында жүрмін десем, дәл айтқаным болар еді. Сіздердің берген білім-тәрбиелеріңіз менің басталған үлкен өмір жолымда және мамандығымда көп әсерін және пайдасын тигізгені анық! Сіздерге мың алғыс! Қиын да қызықты еңбектеріңізге тек қана сәттілік, биік белестер және ақылды, білімді шәкірттер тәрбиелей берулеріңізге тілектеспін!, - дей келе бүгінгі күнге оралайын.....
«Бала болашағы менің қолымда», бұл ұстаздың ойына күніне сан мың рет оралатын тұжырым. Бірақ осы жайлы сөз қозғаған кезде менің ойыма: «Бала болашағы қандай болуы керек? Ұстаздың қолында келешек ұрпақтың тағдырына ықпал ететін қандай мүмкіндіктері бар? Бала болашағы жарқын болу үшін не істеуім қажет?» - деген сұрақтар оралады. Бала болашағы қандай болуы керек... Ұстаз да адам баласы. Бұл мәселені шешу үшін, өзім де бір пенде болғандықтан, баласының болашағына үміт артқан көп ата-аналардың бірі болғандықтан ана ретінде көз жүгірттім. Мен, ең алдымен, баламның аман-саулығын тілеймін, осыдан кейін барып қана, оның келешекте қандай азамат болатындығы, өзі өмір сүріп жатқан ортаның, яғни болашақтың қандай болатындығы толғандырады, өйткені әр адам өз баласына әлемнің асылын, бар жақсылықтың болуын қалайды емес пе?! Тағы да өзіме келсем, ұлымның өскенде тәрбиелі, ақылды да парасатты, ата-анасына, ағайын-туысқандарына қамқор бола алатын азамат болуын, өз күнін өзі көре алатын, өз нанын өзі тауып жей алатын, ешкімнен именбейтін, ешкімге кіріптар болмайтын, жауапкершілігі мықты, белсенді, адал да әділ дара тұлға болуын армандаймын. Ал, ол өмір сүретін ортаның осыған сәйкес жақсылыққа талпынған прогресшіл, салауатты өмір салтын ұстанатын, қоршаған ортаға қамқор, адамзатқа тек қана ақ ниетпен қарайтын қоғам болғанын қалаймын. Ата-ана ретінде, бұл арманға жету үшін бала алдында өзімнің де үлгі боларлықтай тұлға болу міндетін, сырттан бақылаушы болмай қолымнан келген барлық мүмкіндіктерді қолдана отырып тәрбиелеп, оқыту қажеттігін, яғни ұрпағымның болашағы менің қолымда екендігін айқын түсінемін. Арманымдағы азаматты өсіруге ата-ананың ғана емес, мектептің де көп ықпалы барлығын мойындаймын. Болашақтың есігі де, бесігі де мектеп қой. Ал, сол бесікті тербетер, мәпелер – ұстаздар қауымы. Қарасаңыз, ұстаздың да ойы осы: жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, белсенді, парасатты, алғыр да зерделі, тәрбиелі жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан, баланың болашағы ата-анасымен ұстазының, яғни менің қолымда. Мен өзімнің еңбек жолымда «Мына баладан көп үміт күтуге болады, ал мыны баланың өмірде бір нәрсеге қол жеткізуі екіталай»,-деп сырттай бала болашағына өзінше теріс көзбен қарайтындар да бар екенін байқадым. «Сіз білмейсіз, ол өте нашар оқитын бала ғой!»-деп тыңдағысы келмейтіндер болса айтарым; Қарап тұрсаңыз, ол кісі үлкен педагогикалық, адамилық қате жіберді. Өйткені, әлгі бала да біреудің «бауыр еті - баласы» емес пе, оның да ата-анасы ұрпағынан үлкен үміт күтіп, ұстаздарға сеніммен қарап та жүрген болар, ал біз болсақ, оның жолын ашудың орнына селқос қарап, назар аудармадық. Бұл мұғалімге кешірілмейтін күнә емес пе? Осы жайттарды ойлай келе «әр бала – жеке тұлға, жаман бала жоқ, нашар педагог қана бар» деген тоқтамға келдім. Егер, біз баланы зерттеп, оның қабілеттілігін анықтап, дұрыс жолға салып, дамыта білсек, барлық баладан зор үміт күтуге болады, ол үшін әр баланың жеке дарындылығын ашып, оның жүрегінің кілтін таба білу қажет, сонда ғана ертеңгі күні ол азаматты кездестіргенде бетіне тіке қарай аламақпыз. Біз болашағымыздың жарқын болуын қалаймыз, бірақ жай ғана қалау жеткіліксіз. Қарыштап алға ұмтылған ағымы қатты заманда сол толқыннан қалмай алға ұмтыла отырып, армандаған мақсатқа жету үшін аянбай еңбек ету қажет, яғни, өзіміз де заман талабына сай болуымыз керек, сондай-ақ, оқушы көз алдында үлгі аларлықтай тәрбиелі, инабатты, бала жанын түсінер жан болуымыз қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев та бізге сенім артып: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- деп ұстаздардың жаңа заман қалыптастырудағы алатын орнын өз сөзінде айқындап атап өткен болатын. Ал, біз, ұстаздар қауымы, осы жүктемені халық айтпақшы: «Нар тәуекел – ер ісі», - деп бар күшімізді салып арқалап көтеруге тиіспіз, сонда ғана діттеген мақсатымызға жетіп, Елбасы сенімін, халық сенімін, ата-ана сенімін болашақ алдында ақтай алмақпыз. Ал, ендігі кезекте, бала болашағы жарқын болу үшін не істеуім қажет... Бұған бірден «сапалы білім беруім, құнарлы тәрбие беруім қажет» деп жауап берер едім. Білімнің сапалы, жоғары деңгейде болуы, тәрбиенің саналы, жеткіншек ұрпақтың бойына сіңімді болуы, тікелей мұғалімнің кәсіпкерлігімен шеберлілігіне, баламен қарым-қатынас жасауына, ол құрастырған әр сабақтың құрылымына байланысты деп ойлаймын. Әр сабақты жоспарлай отырып, алдыма келген оқушының білімі сабақ соңында бір сатыға жоғарылап, рухани жетілуі тиіс екендігін ешқашан естен шығармауға тырысамын. Сонымен, менің мақсатым - әрдайым білімім мен біліктілігімді арттыру, жетілдіру, баланың дамуы үшін бар күшімді салу. Айтылған ойлар ұстаздар қауымына дарып, ісіміз сауатты да, сапалы болып, ел болашағының көркеюіне қызмет етсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Біздер - болашақ жеке тұлғаны қалыптастыратын таудан аққан ағын судың бір тамшысымыз. «Тамшыдан тама, тама дария болады», - дейді, сондықтан мен тек қана, сол тамшының берері көп болсын, ұшан-теңіз дарияға айналсын деп тілеймін! Ойымды жинақтаған шақта, қазіргі алдымыздағы шәкірт, жас ұрпақтың келешегі бақытты да жарқын боларына сенемін! Бала болашағы біздің қолымызда, сол ертеңгі күніміз арайлы, бақытты да жарқын болуы үшін тізерлесе тер төгелік, ұстаздар!
Бастауыш сынып мұғалімі: Ауезова.А.Б
Мен мұғаліммін
«Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»
Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Мен, өз тәжірибемде,оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау үшін, оқытуды жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқыту үшін, «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбымен жұмыс жасауды жөн көрдім. Себебі, қай пәнге болсын баланың тіл байлығы және өздігінен ойланып, соны іске асыра алатын шығармашылық қасиеттің бойында болғаны дұрыс. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.
Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарма-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақтарда әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілімен өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Осы айтылғандардың бір дәлелі ретінде биылғы 2015-2016 оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданған шәкірттерімнің ішінде Қалиева Әсемгүл бұрын отбасы жағдайына байланысты даярлық тобында оқи алмаған, яғни үйден келген оқушы болған. Ол бала алғаш мектепке келген күні қорқып, оқымаймын деп анасынан қалмай жылайтын. Алдап, ойнатып алып қалуға тырысқанымда «мен әріптерді білмеймін ғой» деп жылайтын. Ал қазіргі уақытта Әсемгүл сыныптағы алғыр, зерек оқушы. Сабаққа деген қызығушылығы өте жоғары. Әсемгүлге сабақ барысында әр түрлі шығармашылық тапсырмалар беріп, белсенділігін арттыру мақсатында алға жетелеп отырдым. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып танылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі танда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздардың алдына тұрған үлкен мақсат өмірдің барлық саласына белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.
1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайда болу;
3.Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу;
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз- оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оған байланысты «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбын алдыма келелі мәселе етіп таңдауым да осыдан. Бұл мәселені алудағы мақсатым- оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптасуына жол ашу шығармашылығын дамыту. Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар»
Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;
Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру;
Шығарма ,шағын әңгіме құру;
Сөзжұмбақ құру, шешу;
Қиялдау арқылы сурет салу;
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Жоғарыда айтылған мәселелерді орындау барысында мен, бірінші сынып оқушысының алғашқы оқуынан бастап шығармашылыққа байланысты тапсырмалармен жұмыс жасаудамын. Қадылбек Арнұр мен Қадылбек Ернұр сабақ үлгерімдері төмендеу болғанымен шығармашылық тапсырмаларға келгенде, белсенділіктері өте жақсы. Қазіргі уақытта олардың оқу үлгерімдері жақсарып келеді, жыл соңына дейін өз нәтижесін береді деген ойдамын.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлан табу» дегенде келіп сыяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жалпы шығармашылық үрдістің пайда болуына шарт түзуден басталатыны белгілі. Кейінгі кездерде оқу үрдісіне оқушылардың шығармашылығын дамыту технологиясы, білім және тәрбиелеу Шығармашылық тапсырманы шешімін жобалау арқылы ойлау амалдарын ұйымдастыру оны тиімді шешудің бір жолы. Оқушылардың шығармашылық іскерліктерін дамыту олардың сын пікірін қалыптастырумен тығыз байланысты. Білім беру мектептен басталады. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу материалы терең ұғына білуге баулу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты. Қазіргі уақытта менің сыныбым өз ойларын еркін жеткізе алады, бала өз қиялын суретпен немесе әңгіме арқылы жеткізе алады. Тағы бір нәтижесі ана тілі және қосымша тіл дамыту пәндерінде жеңіл қарапайым сөздерді пайдалану арқылы өлең, тақпақтарын құрастырады. Өтірік өлеңдер құрастыруға тырысады. Оқушыларымның жұмыстарының ішінен таңдалған жұмыстарды «Ертіс өңірі» газетіне жолдадық. Алдағы уақытта жарық көреді деп күтудеміз.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқылу талаптарына сай болып келу қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалім күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осындай талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс- тәсілдерін қолдана білгенде ғана оқушының шығармашылық қабілеті дами түседі. Мектеп жасындағы оқушыларды технология пәніне баулу қашанда кезек күттірмейтін міндеттер болып табылады. Технология пәні адамның өз ортасынның әсемдігін түсінуге, эстетикалық талғамның дұрыс қалыптасуына жол көрсететін алғашқы қадам. Ол адамның ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке әсемділікке үйретеді. Өмірде кездесетін келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншелікке баулиды.
Еңбек пәні орта мектептерде алатын орны ерекше. Әрбір оқушы еңбек пәні арқылы өзін қоршаған ортадағы заттардың әдемілігін көріп сезіну арқылы өзінің шығармашылық қабілетін жетілдіреді.
Педагогтық қызметімде, 2011-2012 жылдары 4 сыныпқа сабақ бердім. Сыныпта 26 оқушы болды. Сыныптың білім сапасы 55% ды көрсетті. Осы уақыттарда сынып оқушылары көптеген конкурстарға қатысып орындарға ие болды. Оқушылардың жұмыстары газет беттерінде жарық көрді. 2012-2013 жылдары 1 сыныпқа сабақ бердім. Сыныпта 17 оқушы болды. Білім сапасы 53% болды. 1 сыныпқа бұл көрсеткіш төмен. Себебі, сынып оқушыларының 7 бала интернатта тұрды, 3 бала орыс тілді болды. Осы аталған жайттар білім сапасына көп әсерін тигізді. 2013-2014 оқу жылында 3 сыныпқа сабақ бердім. Сыныпта 25 оқушы, білім сапасы 68% болды. Сынып оқушылары белсенді, әртүрлі іс-шараларға қызығушылықпен қатысып отыратын.2014-2015 оқу жылы 4 сыныпта болып, 28 оқушы, білім сапасы 54% болды. Яғни білім сапасы төмендеп кетті. Себебі, сыныпқа жаңадан келген 5 оқушының 4-еуінің үлгерімдері төмен болды, ал кеткен 2 оқушы оқу озаттары болған. Жетістіктеріміз де жоқ емес. Атап айтсақ қалалық олимпиададан Бажакупова Гүлайым қазақ тілі пәнінен ІІІ орынға ие болды. Бірнеше оқушылар әртүрлі конкурстар мен сайыстарға қатысып отырды. 2015-2016 оқу жылында 1 сыныпта 31 оқушы, оның 1оқушы үйден оқытылады. Қазіргі уақытта сыныптың білім сапасы мөлшермен 64% болады деп күтілуде. Сынып оқушылары «Дарын» орталығынан өткізілетін конкурстарға белсене қатысады, жүлделі орындары да бар. Қалалық «Еркеайым» конкурсына Бақыт Дильназ өнерін, білімін көрсетіп мақтау қағазымен қайтты.
Алдағы уақытта, мақсатым шығармашылықпен үнемі жүйелі жұмыс жасап, оқушылардың білім сапасының артуына ұмтыламын. Оқушылардың осы орайда нәтижесіз болмайтынына сенімдімін.
Қорыта айтқанда, оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.