kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе "Мен та?да?ан маманды?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«А?ырын ж?ріп, аны? бас,

Е?бегі? кетпес дала?а.

?стазды? еткен жалы?пас,

?йретуден бала?а»

  Абай ??нанбаев

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе "Мен та?да?ан маманды?"»


ШҚО Семей қаласы

«Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Айтишева Гульнар Газизовна

Мен таңдаған мамандық.

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»

Абай Құнанбаев

(Эссе)

Әр адамның өз арманы болады. Менің де бала кезімнен бір арманым болған еді. Ұстаз болуды мектепте оқып жүріп армандадым. Менің алғашқы ұстазым Валида Абдрахмановна Ельшибаева болды. Сол кісіден алғашқы әріп танып, үлкен өмірге жолдама алған едім.Мектеп табалдырығын аттап осы мамандыққа да қол жеткіздім. Арманым орындалды. Мен ұстазбын.Өзім оқып туып өскен жеріме, Шақаман орта мектебіне келіп, отыз үш жыл осы мкетепте еңбек етіп жүрмін. Талай шәкірттерімді ұшырып, олардың әрқайсысын мақтан етемін.

Әр ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші және психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас ұрпаққа болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға.

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы» ,- деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық.

Әр ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын адам болу керек, ұшқыр ойлы, көреген, батыл және шешен болуы керек. «Әр ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс» - дейтін қанатты сөзі бар. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстаз қолынан ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп тәлім алған. Біздің мектептен де талай жақсы, білімді, еліне танымал болып еңбектері сіңген тұлғалар шықты. Олардың көбі жақсы маман иелері болып, өз алған білімдерін дәлелдей алатындай дәрежеге жетіп отыр.

Біздің мектепте көптеген сыйлы ұстаздар да баршылық. Өз білімдерін болашақ ұрпаққа үйретіп, қазырғы таңда зейнеттік демалыста . Ол менің әріптестерім Омарбеков Слямбек Урустембекович, Рахимгалиева Надя Орынбековна, Ельшибаева Менсулу Асгатовна.

Ұстаз қандай болса, қоғамы да сондай болмақ деген заңдылық ерте уақыттардың өзінде –ақ белгілі болған. Осыдан келіп, білім беру мен ғылым қызметкерлерінің қазіргі кездегі рөлі мен беделі еліміздің түрлі жыиындарында ерекше атап көрсетіліп жүр. мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам...Өйткені адамды адам қылып шығару – ең жауапты іс. Сондықтан осы жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен. Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының,жеткіншек ұрпақтың қоғам мен мемлекет тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады.

Ұстаз шеберлігінің тағы бір ең басты қасиеті - әдеп. Әдеп – мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығының айнасы болып есептелінеді. Әдепті ұстаз болмай тұрып, шебер ұстаз болу мүмкін емес деп санаймын.

Менің ойымша ұстаздық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардың толық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі. Ұстаз шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге деген қызығушылығы артпайды. Өйткені, мұғалім тақырыпты бастан - аяқ өзі талдап, өзі түсіндіріп, оқушының ойлау қабілетін дамытпайды. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты білім беруді оқушы өзі ізденіп, өз білгенін жолдастарына жүйелі түрде жеткізе білсе, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді.Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезі. Алдымызда отырған шәкірттер – білімді қажет ететін шәкірттер. Олар заман талабына сай қазіргі компьютер тілін жетік біледі, интернеттен хабардар, барлық затты ажырата алатын дәрежеде. Сондықтан олар мұғалімнен көп жаңалықтар күтеді. Мұғалімнің нақты, нық, дұрыс, қысқа да нұсқа түсіндіргенін қажетсінеді.

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным - өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден - өз мамандығымды сүйдім, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен қуаныш. Екіншіден – шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп, өз ерік-қалауымен білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы жүрегіне ұялаттым.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымның артқан сенімін ақтау жолында, бала бойына күніне түймедей болса да, жаңа бір білімді сіңіртіп, бірақ осы аздау-ау, ертең тағы қандай жаңалық алғым келсе екен деген ой, мазалап, ертеңгі сабақ жоспарына тағы бір нәрсені түртіп қоюына себеп бар болса, ұстаздың шығармашылығы сарқылмас.

Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.

Қазіргі таңда менің оқушыларым әр салада еңбек етуде. Бірі дәрігер, бірі адвокат,бірі менің жолымды қуып ұстаз болып еңбек етуде.. Осы мектепте де менің шәкірттерім бар. Ол дене шынықтыру маманы Оразбаев Думан Мубаракович, Балапанова Нургуль Сериковна, Рахимгалиева Гулистан Төлегеновна .Мен оларды мақтан етемін. Менің оқушыларым Акимова Зарина, Адамова Аружан бастауыш сынып мұғалімі мамандығына үйреніп жатыр. Мен өз оқушыларыма сәт-сапар тілеймін!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Эссе "Мен та?да?ан маманды?"

Автор: Айтишева Гульнар Газизовна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301610


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства