kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эко – трендтер: киім мен табиғаттың үйлесімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Таза экологиялық  талшықтардан жасалатын бұйымның адам денсаулығы  мен қоршаған ортаға пайдасын зерттеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эко – трендтер: киім мен табиғаттың үйлесімділігі»

Секциясы: музыка, сурет, қолданбалы өнер бағыты






Зерттеу жұмысы







ЭКО – ТРЕНДТЕР: КИІМ МЕН ТАБИҒАТТЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ





Құрмаш Сымбат





ІІІ курс (мамандығы «Техник-технолог»)



«Орал «Сервис» технологиялық колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны








Ғылыми жетекшісі: Муратова Гульнара Ерсаиновна-

арнаулы пәндер оқытушысы








ОРАЛ, 2017

Мазмұны:


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

1. Теориялық бөлімі

    1. Органикалық маталардан киім жасау – өткенге оралу

    2. Мата, құрамы және қасиеттері

    3. Табиғи маталардың кемшіліктері

2. Практикалық бөлімі

2.1 Қазақ халқының жүн мата өнімдерін пайдалану тарихынан

2.2 Киіз бен фетрдің қасиеттері

2.3 Таза экологиялық жүн талшығынан бұйымдар дайындау

Жүнді ылғалмен бастыру техникасы арқылы палантин дайындау

Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  2. Қосымша

Нунофелтинг техникасымен палантин дайындау технологиясы



Зерттеу жұмысының мақсаты:

Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті, экология мен денсаулықты қорғаудың маңыздылығын, тігін бұйымдарының таза экологиялық жүн талшығынан дайындау технологиясын түсіндіру;

Cтуденттерді танымдық белсенділікке ынталандыру, сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылығын арттыру, материалдық құндылықтарға экологиялық ұқыптылықпен қарауға, табиғи материалдарды эстетикалық көзқараста қабылдай білуге тәрбиелеу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Таза экологиялық талшықтардан жасалатын бұйымның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға пайдасын зерттеу.
















Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы киімдегі эко стильге арналған. Соңғы кездері біз эко сөзін жиі еститін болғанбыз. Экологиялық сөзінің мағынасы-«эко» және «логикалық», «экология тұрғысынан өмірге қисынды жақындау» деп түсіндіріледі.

Ал тренд дегеніміз не? Тrend сөзі ағылшын тілінен «тенденция» деп аударылады. Тренд болу дегеніміз заманға сай болу немесе осы сала бойынша соңғы жаңалықтардан хабардар болу.

Таңдалған тақырыптың өзектілігі қазіргі кездегі өзін өзі сыйлайтын әр адамның ешнәрсеге қарамастан, қоршаған ортаны қамқорлауымен, ғаламшарымыздың болашағын ойлауымен түсіндіріледі.

Экологиялық стильдегі киімдер, аяқ киімдер, тіпті аксессуарлар табиғи материалдардан жасалады. Эко-стильдегі киімдерді қолмен жасалатын аксессуарлармен толықтыру артық болмайды. Әрине, экологиялық стильге тән материалдарды ата-бабаларымыз бұрын да қолданған, бірақ оған ешкім ат қойып, айдар тақпаған.

Әйгілі дизайнерлердің барлығы дерлік табиғи матадан тігілген киімдерді өз коллекцияларына қосып жүргенімен, эко-стиль тенденциясын ең алғаш өз топтамасында ұсынған дизайнер - Линда Лаудермик болды.

Ал отандық эко бағытын ұстанып жүрген дизайнерлерді атап кететін болсақ, олар: Айжан Беккулова, Аида Кауменова, Ая Бапани, Балнұр Асанова,  Самидэль (Динара Абдуллина), және т.б.

Жаңа бағыттың негізгі идеясы тек табиғи материалдарды қолдану болғандықтан, оның пайдасы ғасырлар бойы келе жатқан тігін дәстүрлерімен дәлелденгендіктен, эко-стиль қазіргі таңда ұлтымыздың денсаулығын нығайту жолы болып табылады.

Қазіргі маталардың құрамында әр түрлі қоспалардың барын білеміз, олар адам организміне әсер етеді. Мысалы, синтетикалық матадан тігілетін бұйым адамның денесін қысып, электрленіп, ауа жібермей, денеден тез тер шығаратындай жағдайларға әкеліп соғады. Кейбір адамдардың денелеріне бөртпе шығып, аллергиялық қасиеттерге душар етеді. Әсіресе кішкене нәрестелер мен жас балаларға синтетикалық маталардан киім тікпеуге немесе сатып алмауға тырысу керек. Ал табиғи маталар тұтынушылардың сұранысына толық жауап береді.

1. Теориялық бөлімі

Органикалық маталарды сәнге айналдыра отырып біз қайтадан бұрынғы нәрселерге ораламыз.

Қазіргі кезде органикалық маталарды өндіру үшін шикізаттың кең спектрі қолданылады. Бұл тек әдеттегі мақта, зығыр емес оның ішінде әдеттегіден тыс бамбук, қалақай, қарасора, эвкалипт, соя талшықтары, жүгері және балдырлар. Органикалық маталарды бояу үшін табиғи бояғыштар қолданылады: минерал ұнтақтары, өсімдік сірінділері, жеміс-жидектер шырыны және гүл тозаңы.

Өсімдіктен жасалған табиғи материалдар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттекті бөлетін өсімдіктерден өндіріледі.

Органикалық маталардың артықшылықтары:

  • Антибактериалдылылығы;

  • Мықтылығы және киюге төзімділігі;

  • Ауа өткізу қабілеті мен салқындылықты ұстап тұруы;

  • Жоғары гигроскопиялығы (су сіңіргіш қасиеті);

  • Жұмсақтығы және жылтырлығы;

  • Жағымды иіс шығару қасиеті;

  • Гипоаллергиялылығы.

Табиғи маталардың артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Эко-маталар қыртысталады, әркезде мінсіз боялмайды, оларды күту қиын. Табиғи бояғыштар күн сәулесінен қорқады.

2. Практикалық бөлімі

Қазақ халқының жүн мата өнімдерін пайдалану тарихынан



Киіз басу – дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр  басу процестері де киіз басу дәстүрлі технологиясымен бірдей. Жүннің қандай жолмен жасалғанына да көңіл бөлу керек. Жүннің тірі қойдан қырқылып, бірінші рет қолданылуы өте маңызды.

Киіз бен фетрдің қасиеттері

- Фетр (киіз)  ауа өткізетін қасиетке ие;

- Жүн қан айналымын жақсартып, қысымды қалыпқа келтіріп, капиллярлық деңгейде адам денесінің нервтік ұштарын массаждайды;

- Жүн ұстап қарағанда құрғақ болып қала тұра, өз салмағынан 33% ылғалды сіңіріп өзінен атмосфераға өткізе алады;

- Жүн-улы заттарды жояды;

- Жүн өңдеуден кейін аллерген болып есептелмейді және құрамында ланолиннің 8-10% болады.  Ланолин керемет табиғи антисептик болып табылады;

- Жүн өз бетімен тазаруға қабілетті. Ауа жүннен өтіп шаң мен ластану бөлшектерін шығарады;

- Жүннің емдік қасиеті. Жүннен жасалған бұйымдарды кию ревматизм, остеохондроз, ортопедиялық аурулар, аллергия, демікпе аурулары, қан айналымының ауруларымен ауыратын адамдарға ұсынылады;

- Жүн талшығының электростатикалық өрісі өзара әсер етіп адам денесіндегі оң иондалуды азайтатын электростатикалық өрісті жасайды;

- Толық бітпеген киізден жасалып жатқан бұйымның адам денесіне шақ келмеген жағдайда, оны қайта сулап, ақауы бар жерін илеп, не болмаса сипалау арқылы реттеп алуға болады.

Киіз бен фетрден күнделікті өмірде, салтанатты жиындарға, сахналық киім ретінде киетін ыңғайлы, заман талабына, сұранысына сай етіп әртүрлі пішінді бұйымдар жасалады. Яғни, киізден  көптеген көйлектер, түрлі пішінді пальтолар, жакеттер, желеттер және т.б жасап шығарылуда. Тағы бір мысал «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясының коммерциализациялау департаментінің директоры Дәулет Еркінбаевтің мәліметі бойынша Астана қаласында өтетін «Экспо-2017» көрмесінде құны 20000 теңге тұратын киізден жасалған Vip-билеттер сатылатын болады, бұл билеттер иесіне шектеусіз кезкелген күні көрмені қарауға мүмкіндік береді. Табиғи жүн материалдарынан дайындалған билет әлемде тұңғыш пайдаланылуы да әбден мүмкін.


Жүнді ылғалмен бастыру техникасы арқылы бұйымды дайындау


Қажетті заттар: жүн, көпіршікті қабықша, сабын, жылы су, орамал, торлы мата, тоқылған ши (оқтау), субүріккіш.


1. Бұйымның лекалосын дайындайды (жүн талшығының ылғалмен бастыру әдісінде 30-40% ға отыратынын ескеру керек);

2. Лекалоның бетіне көпіршікті қабықшаны жаяды;

3. Жүн таспасынан 8 см-ге жуық біркелкі бөліктер айырып отырып көпіршікті қабықшаға, біркелкі етіп, әуелі бір бағытта, сонан соң оған көлденең бағытта орналастырады, 2-3 қабат болу керек;

4. Дайындаманы таза сумен субүріккіш арқылы ылғалдайды;

5. Сабын ерітіндісін дайындайды;

6. Ылғалданған дайындаманы торлы матамен жауып, толық сабын ерітіндісін сіңіртеді;

7. Жеңіл айналмалы қозғалыстармен барлық бағыттар бойынша жүнді бастыра жаяды. Бұл кезеңді бөлек талшықтар жаймадан бөлінбейтін болғанда аяқтауға болады.

8. Дайындаманы көпіршікті қабықшамен бірге тоқылған шидің үстіне салып, тығыз орайды, сол кезде артық ылғал шығады, сонан соң жүз мәрте ысады;

9. Тоқылған шиді ашып, дайындаманы 90 градуқа бұрып тығыз орап, сонан соң тағы жүз мәрте ысады;

10. Дайындаманы (ысып, нан сияқты илеп) басады және жаяды, осы кезде дайындаманың көлемі 30-40%- ға кішірейеді;

11. Дайындаманы жылы сумен шайып сәл сығып, қажетті формада жайып кептіреді.


Нунофелтинг техникасымен палантин дайындау технологиясы

Нунофелтинг немесе нунокиіз - бұл матаға жүнді бастыру. Жапон тілінен аударғанда Nuno – (қақтау) жүнді бастыру саласындағы сәнді заманауи тендецияға атау берген мата. Бұл әдістің пайда болғанына көп болған жоқ. Оның авторлары - 1994 жылы нунофелтинг техникасында алғаш рет бұйымдарды көрсеткен австралиялық тоқыма дизайнері Полли Стирлинг және жапон дизайнері Сачико Котако. Талшықтарды (қақтағанда) бастырғанда жүн талшықтары матадан өтеді. Осылай материалдар бірігіп бір жайма жасалынады. Жүнді мата бетіндегі суреттің үстіне немесе матаның теріс жағына бастырады. Осындай тәсілмен орындалған матаны, әдемі фактураларды жасай отырып, киімді дайындағанда немесе сәндегенде қолдануға болады.

Қажетті заттар: жүн, көпіршікті қабықша, сабын, жылы су, орамал, торлы мата, тоқылған ши, субүріккіш.

1. Үстелге көпіршікті қабықшаны жаяды;

2. Дайындаманың керекті көлемі белгіленеді, палантин ұзындығы - 2 метр 30 см, ені – 1метр. (жүн талшығының ылғалмен бастыру әдісінде 30-40% ға отыратынын ескеру керек);

3.Үстелге көпіршікті қабықшаны үстіне матаны жайып қояды;

4. Жүн таспасынан 8 см-ге жуық біркелкі бөліктер айырып отырып матаға әуелі бір бағытта, сонан соң оған көлденең бағытта орналастырады, 1-2 қабат болу керек;

5. Дайындаманы таза сумен субүріккіш арқылы ылғалдайды;

6. Сабын ерітіндісін дайындайды;

7. Дайындаманы торлы матамен жауып, толық сабын ерітіндісімен сіңіртеді;

8. Жеңіл айналмалы қозғалыстармен барлық бағыттар бойынша жүнді бастыра жаяды. Бұл кезеңді бөлек талшықтар жаймадан бөлінбейтін болғанда аяқтауға болады.

9. Дайындаманы көпіршікті қабықшамен бірге тоқылған шидің үстіне салып, тығыз орайды, сол кезде артық ылғал шығады, сонан соң жүз мәрте ысады;

10. Тоқылған шиді ашып, дайындаманы 90 градусқа бұрып тығыз орап, сонан соң тағы жүз мәрте ысады;

9. Дайындаманы (ысып, нан сияқты илеп) басады және жаяды, осы кезде дайындаманың көлемі 30-40% ға кішірейеді;

10. Дайындаманы жылы сумен шайып сәл сығып, қажетті формада жайып кептіреді.

Осы тәсілмен текеметтер, суреттер, сөмкелер, киімдер және түрлі әшекей бұйымдар дайындалады.



Таза жүн талшығынан киіз басу техникасымен дайындалған бұйымдардың күтімі мен сақталуы

- Ұқыптылықпен қолмен жуу қажет етіледі!

- Жүн ыссы және өте салқын суды жақтырмайды!

-Жүннен басылып жасалған бұйымдарды құрамында ағартқыштары бар жуғыш ұнтақтармен жууға болмайды!

-Қайнатпайды!

- Қолмен ысқылауға және бұрауға болмайды!

- Горизонталды беттікте жайылған күйінде кептіру қажет!

- Жүн бұйымдарын жиналған күйінде сақтау керек (Жүн бұйымдарының қасында күйе көбелекке қарсы құралдардың болғаны пайдалы)

- Сақталу мерзімінде жүн бұйымдарын желдетіп тұру керек!





Қорытынды

Табиғи материалдардан киім тігу қиындау, себебі тігу үдерісі күрделенген. Табиғи материалдардың жасанды материалдарға қарағанда қымбат екенін ұмытпауымыз қажет. Нәтижесінде бұйым қымбат болып шыққанымен, қауіпсіз болады. Әңгіме денсаулықтың қауіпсіздігі туралы ғана емес, тұтас қоршаған ортаны сақтап қалу туралы болып тұр.

Газдалу, пластика және гендік тұрғыдан модификатталған өнімдер ғасырында ЭКО қосымшасы саналы және принципиалды өмір салтын білдіреді. Әсіресе, эко-стиль болашағымыз бен дені сау ұлтты сақтап қалатын жастар үшін өзекті.

Замануи киім дизайнында эко-стильді енгізу өткенге оралу емес, болашаққа сенімді қадам болып табылады.









Әсемдігі адамның киім деген

Сән әлемі әр кезде сан өзгерген

Ұмытылған бүгінгі кейбір киім

Экотренд боп өмірге қайта келген

Құрмаш Сымбат




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Эко – трендтер: киім мен табиғаттың үйлесімділігі

Автор: Муратова Гульнара Ерсаиновна

Дата: 07.06.2017

Номер свидетельства: 420857


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства