kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад на тему "?аза?ты? ?лтты? ойындары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Жас?спірім о?ушылар?а ?аза? хал?ы ?ашанда ?лтты? ойын т?рлеріне бай халы? екенін т?сіндіре отырып, ?лтты? ойындарымыз туралы ма?л?маттар беру. ?з хал?ыны? ?лтты? ойындарын ?з на?ышында, ?рпа?тан – ?рпа??а жал?астыру ?шін оны с?йіп ойнау?а, са?тау?а т?рбиелеу.

         К?кпар – Шы?ыс пен Орта Азия халы?тарына ежелден-а? таныс ойын. «З?лымды? атаулыны? аты ?шсін» деген сеніммен ?ара ешкі сойылып дода?а салынады. Ойынны? т?ртібі мынадай: к?кпаршылар ала?ды айнала т?рады да, ?олында к?кпары бар т?реші ала? ортасына серкешті тастап, «баста» деген ?мір берсе, даяр т?р?ан жігіттер лап ?ойып, ептісі іліп алады. Оны белгілеген межеге, не сыйлы бір ?йге апарады. Ол ?йде де ?арымтада ?арап ?оймай, жігіттерді риза етуге тырысады.

         Аударыспа? – салт аттыларды? бірін – бірі ер ?стінен аударып алу сайысы. Б?л ойын?а ?айрат-к?ші мол, батыл да т?зімді, шапша? ?имылдап, ат ??ла?ында ойнайтын жігіттер ?атысады.

         ?ыз ?уу – к?неден келе жат?ан ойын. Заманны? ?згеруіне ?арай жа??ырып, екі-екіден ж?п жаса?танатын бол?ан. Негізінде ?лтты? киім киген ?ыз орта?а шы?ып, топ болып т?р?ан жігіттерді? ішінен ?зіне ?на?ан жігітті? мінген атыны? сауырынан т?ртеді де, шаба ж?неледі. Жігіт атын тебініп, ?ыз со?ынан ?уады. Ойын шарты бойынша жігіт ?ызды ?уып жетсе, ??ша?тап бетінен с?йеді. Егер межені жерге дейін жігіт ?уып жете алмаса, ?ыз ?олында?ы ?амшымен жігітті бас демей, к?з демей т?пеп, орнына ?уып ?келеді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад на тему "?аза?ты? ?лтты? ойындары"»

Қазақтың ұлттық ойындары

Мақсаты: Жасөспірім оқушыларға қазақ халқы қашанда ұлттық ойын түрлеріне бай халық екенін түсіндіре отырып, ұлттық ойындарымыз туралы мағлұматтар беру. Өз халқының ұлттық ойындарын өз нақышында, ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру үшін оны сүйіп ойнауға, сақтауға тәрбиелеу.

Көкпар – Шығыс пен Орта Азия халықтарына ежелден-ақ таныс ойын. «Зұлымдық атаулының аты өшсін» деген сеніммен қара ешкі сойылып додаға салынады. Ойынның тәртібі мынадай: көкпаршылар алаңды айнала тұрады да, қолында көкпары бар төреші алаң ортасына серкешті тастап, «баста» деген әмір берсе, даяр тұрған жігіттер лап қойып, ептісі іліп алады. Оны белгілеген межеге, не сыйлы бір үйге апарады. Ол үйде де қарымтада қарап қоймай, жігіттерді риза етуге тырысады.

Аударыспақ – салт аттылардың бірін – бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнайтын жігіттер қатысады.

Қыз қуу – көнеден келе жатқан ойын. Заманның өзгеруіне қарай жаңғырып, екі-екіден жұп жасақтанатын болған. Негізінде ұлттық киім киген қыз ортаға шығып, топ болып тұрған жігіттердің ішінен өзіне ұнаған жігіттің мінген атының сауырынан түртеді де, шаба жөнеледі. Жігіт атын тебініп, қыз соңынан қуады. Ойын шарты бойынша жігіт қызды қуып жетсе, құшақтап бетінен сүйеді. Егер межені жерге дейін жігіт қуып жете алмаса, қыз қолындағы қамшымен жігітті бас демей, көз демей төпеп, орнына қуып әкеледі.

Алтыбақан. Алтыбақан құру үшін әрқайсысының ұзындығы 3-4 метрдей алты сырық пен мықты арқан керек. Мосыңа ұқсатып үш-үштен ағашты бір жақ басына байлап, жерге қадайды. Ойнаушылар аяғын тірейтіндей етіп түйіп, арқан байланады. Бір-біріне қарама-қарсы отырып тербелген жұптар ән бастайды, қалғандары екеуіне қосылып, түнді әуенмен көмкереді.

Ақсүйек. Ақсүйек ойнаушылар екі топқа бөлініп, әрқайсысы өз жетекшілер белгілейді. Жеребе бойынша ойынды бастау кезегі кімге тисе, сол топтың қарулы жігіті сүйекті құлаштап алысқа лақтырады. Бұл сәтте қалған ойыншылар теріс айналып тұрады. Содан соң ойыншылар ақсүйекті іздеуге кіріседі. Сүйекті алғаш тапқан адам «ақсүйек, ақсүйек» деп айқай салады да, межеге қарай жүгіреді. Ақ сүйегі бар адамның соңынан басқалары тұра қуады, ал қуып келе жатқан адамның қолы сүйекке тигенше өз тобындағы ойыншыларға лақтырып үлгеруі керек. Мәреге жеткен топ қажетті ұпайды алады, ақсүйекті лақтыру кезегіне ие болады. Қанша ұпай жинағанша ойнайтындары алдын ала келісіледі. Көп ұпай жинаған жеңіске жетіп, жеңілген жақ екінші топтың талабын орындайды.

Арқан тартыс. Ойыншылар бір немесе бес-бестен бөлінеді де, ойын басқарушысының берген белгісі бойынша арқан тартысады. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп әкетсе, сол жағы ұтады да, бәйгесін алады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Доклад на тему "?аза?ты? ?лтты? ойындары"

Автор: Коштаев Ербол Кабдыкалыкович

Дата: 17.03.2016

Номер свидетельства: 307016


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства