kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?дебиет ?леміне саяхат" атты 6-сыныптар арасында?ы зиякерлік сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «?дебиет ?леміне саяхат»

Ма?саты: О?ушыларды? ?дебиет п?нінен ?тілген материалдарды ме?геруін, білім де?гейін  тексеру.

Міндеттері:

О?ушыларды? білім-білік да?дыларын ?алыптастыру, ?дебиет п?ніне

?ызы?ушылы?ын арттыру.

Ана тілін с?юге, ??рметтеуге т?рбиелеу, ізденімпазды??а

баулу.

О?улы? пен ?осымша материалдар деректерін пайдаланып,?ылыми   танымды? ?рекеттерін жетілдіру.

?йымдастыру  формасы:   зияткерлік сайыс

К?рнекілігі:   интерактивті та?та,  компьютер, санды? белгі, ?оржын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?дебиет ?леміне саяхат" атты 6-сыныптар арасында?ы зиякерлік сайыс»



Тақырыбы: «Әдебиет әлеміне саяхат»

Мақсаты:   Оқушылардың   әдебиет пәнінен  өтілген материалдарды меңгеруін,  білім

деңгейін  тексеру.

Міндеттері:

Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, әдебиет пәніне

қызығушылығын арттыру.

Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа

баулу.

Оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып,ғылыми   танымдық әрекеттерін жетілдіру.

Ұйымдастыру  формасы:   зияткерлік сайыс

Көрнекілігі:   интерактивті тақта,  компьютер, сандық белгі, қоржын.

 

Сайыстың   барысы:

1 —   жүргізуші:

 — Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын 6- сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған «Әдебиет әлеміне саяхат» сайысына қош келдіңіздер!

2 —   жүргізуші:

— Әдебиет- сөз өнері. Сөз өнері –халық даналығының жемісі.

1 —   жүргізуші:

—  Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі.

2 —   жүргізуші:

— Олай болса,  бүгінгі сайыс барысында осы әдебиет  пәні  бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін,білімдерін,ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

1 —   жүргізуші:

Күйге толы дүние-ай, дүбірлеген,

«Қайран шешем», «Кішкентай» күнім деген.

«Көбік шашқан», «Сары өзен» жағасында,

«Ерке сылқым», «Айжан қыз» күлімдеген.


«Дайрабай», «Байжұманың» өзін көрдім.

«Адаймын», «Жекпе-жекке» төзімді ермін.

Толғанып «Төремұрат», «Жеңгем сүйер»,

Бүлкілі, «Былқылдаса», «Бозінгеннің».


2 —   жүргізуші:

«Ақ жауын» «Алатауға» нәрлі жауын,

«Аңшының зары» емес пе, ал мынау үн?

Құрса егер күй керуен «Салтанатын»,

«Той бастар» топты жарып «Балбырауын».


Құдыретін көрдің бе күйдің осал,

Салтанатқа сән қосып сыйды жасар.

«Сейтектің сексен ері» серт байласып,

«Бес қыздың бел шешпесі» биге ұласар. --дегендей, алдарыңызда «Балбырауын» күйін тамашалайық.








1 —   жүргізуші:

—Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,

Ренжімей тараса,озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-

Ендеше ортамыздағы әдебиет  пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс  үстінде жүретін алғыр оқушыларымызға қошемет көрсетейік:  …      (5  оқушы қатысады)

2 —   жүргізуші:

-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:  

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдраимова Маржан Тұрысбекқызы

Қазақ тілі мен Әдебиеті пәні мұғалімі...................................

      (әділқазылармен  таныстырады)


1 —   жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дей отырып ойынымызды бастаймыз. Алдымен әр топ өзін-өзі таныстырса.

Бүгінгі сайыс бес асудан тұрады.

І. “Суретті сөйлет»

ІІ. «Мәнерлеп оқу»

ІІІ. “Жауап аймағы”

ІV «Маржан сөз»

Ү «Таным таразысы»


    

2 —   жүргізуші:

Ендеше І кезең «Суретті сөйлет» деп аталады. Шарты: бізге он екі сұрақ берілген,әр топ үш сұраққа жауап береді. Жауаптары сурет түрінде көрсетіледі. Дұрыс сурет бойынша толық жауап айтасыз.


1.Бұл 1900- жылы дүниеге келген жазушы,қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері, «Өмір мектебі» романының авторы.

Сәбит Мұқанов


2.Бұл «Түйебай» әңгімесінің авторы

Бейімбет Майлин


3.Адамдық борыш,ар мәселесіне жиі оралып отыратын ақын

Ш.Құдайбердіұлы


4.«Оюлар» өлеңінің авторы

Ф.Оңғарсынова


5.Бұл А.Байтұрсынов аудармасын жасаған «Балықшы мен балық» өлеңінің авторы

А.С.Пушкин


6.Өлең жолдарында өзін арыстанға,жолбарысқа теңейтін ақын.

М.Жұмабаев


7.«Алаш» деп ұрандатқан «Мен қазақ» өлеңінің авторы

С.Торайғыров


8.Абай өміріне арнап өте көлемді шығарма жазған жазушы.

М.Әуезов


9.«Менің атым Қожа» повестінің авторы Б.Соқпақбаев


10. «Дүние қалай етсең табылады?» шағын әңгімесінің авторы

Ы.Алтынсарин


11.1803-1846 жылдары өмір сүрген 1836-1838 ж шаруалар көтерілісінің басшыларының бірі

М.Өтемісұлы


12. Оқиғасы жарты ғасырды қамтитын, әлемнің 30 тіліне аударылған еңбегі бар жазушы кім?

М.Әуезов



2 —   жүргізуші:

Ана тілім, дана тілім,бай тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсіз менің қасіретім , шаттығым

Сенсіз менің тазалығым пәктігім,-дей отыра «Мәнерлеп оқу» сайысына кезек береміз.



1 —   жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі «Жауап аймағы». Топ басшыларына жекелеген сұрақтар беріледі. Жылдам әрі нақты жауап беру керек.


1 топ

  1. Бата дегеніміз не? Оны кім береді? Қайда беріледі? (ақ ниетпен айтылған жақсы тілек, жылы лебіз.Көпті көрген ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, кемеңгер даналар, аузы дуалы би-шешендер,, молдалар береді.Дастарханда, Сапарға аттанарда т.б)

  2.  Халықтың ауызша тараған көркем әңгімесі. (ертегі)

  3. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде? (Мақалда ой нақты, ал мәтелде ым, ишара түрінде тұспалдап жеткізіледі.)

  4. «Шыңырау», «Зәм-зәм» шығармаларының тақырыбы қандай? (Су)

  5. Диалог деген не? (екі адам арасындағы сөйлеу)



2 топ


  1. Халық ауыз әдебиетін кімдер шығарған? ( халық)

  2. Қой иесін ата. (Шопан ата)

  3. Эпитет дегеніміз не?( (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.)

  4. Мақал - мәтелдердің көлемі қандай болады? (қысқа)

  5. Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді? (3)


3 топ

  1. Теңеу дегеніміз …..(кейіпкер бейнесін ашудағы көріктеу құралдарының маңызы.Затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым.)

  2. Қобыланды мінген ат. – Тайбұрыл

  3. Жиренше кім? – тапқыр шешен

  4. Мақал: Ел іші – ( алтын бесік)

  5. Сиыр иесін ата. (Зеңгі баба)






4 топ


  1. Мақал дегеніміз не? (толық аяқталған ой бөлігі, онда тәжірибе жүзінде дәлелденген белгілі бір тақырыптағы тәлім-тәрбиелік ой, қағида көрініс табады)

  2. Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады?( айтыс,ертегі,жұмбақ,мақал,мәтел)

  3. Ер Тарғынның тұлпары қалай аталады(Тарлан)

  4. Аңыз дегенді қалай түсінесін? (Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады)

  5. Қорқыт ата қай ғасырларда өмір сүрді және ол кім?(Қобызшы, 7-8 ғ өмір сүрген)


1 —   жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі

«Маржан сөз» деп аталады. Шарты: Сіздерге қоржын ішінен әр түрлі тақырыптар беріледі . Біреуін таңдап сол тақырып бойынша көркем сөзбен, араторлық қасиетпен жауап бересіздер.

(Тақырыптар: «Тәуелсіз елдің ұланымыз», «Мен қазақпын деп мақтанамын», «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте», «Менің сүйікті әдеби кейіпкерім»)


2—жүргізуші:

«Көрермендер көрімдігі»

Топ мүшелері тапсырмаға дайын болғанша көрермендерді де сынап көрейік. Бәлкім сайысымызды тамашалап отырған көрермен қауымның арасында да көркем сөз зергері мен әдебиетшілер отырған шығар. Ол үшін бізге 2 адам қажет, оқушы немесе мұғалім. Сіздерге сұрақтар қойылады. Жеңген адамға арнайы сыйлығымыз да бар. (2 адам шығып жауап береді)

  1. Абай Құнанбаевтың неше қара сөздар саны. (45)

  2. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)

  3. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)

  4. Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз).

  5. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

  6. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)


2—жүргізуші: Жеңісіңіз құтты болсын..........................!


1- жүргізуші:

-Асыл-тастан,өнер-жастан,

Шығады деп дарынды

Халық айтса, қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- дей отырып, келесі «Таным таразысы» кезеңін бастаймыз.


2- жүргізуші:

Бұл кезеңде 3 бағыт берілген.Әрқайсысында 4 сұрақтан 12 сұрақ бар.Қай ұяшықты таңдайтындарың еріктеріңде.Дұрыс жауапқа сол ұяшықтағы санның балы қосылады.Таңдалған ұяшық алып тасталынып отырады


Әдебиет теориясы

10 ұпай      Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді не деп атайды?     (Портрет)

20 ұпай Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін не деп атайды?    (кейіптеу)

30 ұпай Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп аталады?

(Диалог)

40 ұпай

Дамыту(градация) дегеніміз не?







Өлең- сөздің патшасы

10 ұпай.

Адамдық борышың

Халқыңв еңбек қыл

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл. «Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»


20 ұпай

Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан,

Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан.

Болыпты мұңын шақпақ, зарын айтпақ,

Қырғиды жолықтырып көрсе қайдан. (Cәбит Дөнентаев «Бозторғай»)


30  ұпай

Сен құрметте оны!

Түсіндін, бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын. ( Әбу Сәрсенбаев «Сен құрметте оны,қарағым»)


40 ұпай

Жанбота,өзің болыс әкең Қарпық

Ішінде сегіз болыс шенің артық.

Өзіңдей Азнабайдың поштабайы

Қолымнан домбырамды алды тартып. Өлең жолдарының авторы (Біржан сал)





Кейіпкерлер әлемі.

10 ұпай

«-Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын, құстың жаманын және шөптің жаманын тауып әкеліңдер.»

Қай ертегідегі кімнің сөзі?

(«Аяз би» ертегісіндегі Мадан хан)

20 ұпай

«Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар-жоғары идеялы есімдер».

Кімнің,  қай  шығармасындағы   кейіпкердің сөзі?

(Б. Соқпақбаев   «Менің  атым-Қожа»   Қожаның сөзі  )

30 ұпай.

«Шынында да ,оның киген киімі тазалығымен бұл жолы мені қызықтырған еді. Пәлендей су жаңа емес. Бұтында шолақ балақ шалбар. Үстінде кеше суға киіп келген торкөз көйлек»

Кімнің, қандай шығармасындағы қандай кейіпкердің портреті?

(Сансызбай Сарғасқаев    «Тәмпіш қара»    Шаншатай портреті)


40 ұпай

«Суффикске екі жыл бойы тілім келмей қойғанда ,сол дөкір тілді еріксіз икемге келтірген, түріне тілім келмесе де, мағынасын терең ұғындыруға жанын салған оқытушыларымды алғыспен еске аламын.... Кімнің,  қай  шығармасындағы   кейіпкердің сөзі?

Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме» Ғабиттің сөзі




1- жүргізуші:

Міне, біз «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушылармызды анықтайтын кезге де жеттік.Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек.  (Сайыс жеңімпазы мен  сайысқа қатысушыларды марапаттау.)

 

2- жүргізуші:

— «Билекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,

Білікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,-деп даналарымыз айтқандай,

«Келешек-білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның кемел  болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес.  Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды тәмамдаймыз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік тілейміз!


1- жүргізуші:

Ана тілсіз тарих та жасалмайды,

Ана тілсіз іс өрге аса алмайды

Желмаяның үстінде желіп тұрып;

Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.

Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?дебиет ?леміне саяхат" атты 6-сыныптар арасында?ы зиякерлік сайыс

Автор: Базарбай ?сия Базарбай?ызы

Дата: 14.04.2016

Номер свидетельства: 318752


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства