kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Даланы ?ыл?аламмен ?рнектеген

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: ?.?астеевті? шы?армашылы?ы мен ?мірі жайлы таныстыру.

К?рнекілігі: ?.?астеевті? суреті, на?ыл с?здер, кітап к?рмесі.

1-ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар, о?ушылар! Т?рт??л д?ниеге есімі белгілі ?аза? бейнелеу ?неріні? негізін салушы, ?аза?станны? халы? суретшісі, Ш.Уалыханов атында?ы Мемлкеттік сыйлы?ты? иегері ?білхан ?астеев 2016 жылды? 1 ?а?тарда ту?анына 112 жыл болады.

2-ж?ргізуші:

Жаркентім – жазиралы жасыл елім

Ысты??ой ?рбір тауы?, тасы? белі?

Тарихты? ?ойнауында ?шпес із бар

?зімні? ма?танышым ту?ан жерім

Жаркентімні? ?ойнауы ту?ан а?ыз

Жар?ырап жайнаса екен г?л ?аламыз

?білхан ?астеевпен барша ?лемге

«?аза?» деген атпенен таныл?анбыз.

?білхан ?астеевты? ту?ан к?ніне орай «Даланы ?ыл?аламмен ?рнектеген» атты т?рбие са?атымыз?а ?ош келіпсіздер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Даланы ?ыл?аламмен ?рнектеген»



Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп – лицейі






















Даланы қылқаламмен өрнектеген










Сабақтың мақсаты: Ә.Қастеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы таныстыру.

Көрнекілігі: Ә.Қастеевтің суреті, нақыл сөздер, кітап көрмесі.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Төртқұл дүниеге есімі белгілі қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы, Қазақстанның халық суретшісі, Ш.Уалыханов атындағы Мемлкеттік сыйлықтың иегері Әбілхан Қастеев 2016 жылдың 1 қаңтарда туғанына 112 жыл болады.

2-жүргізуші:

Жаркентім – жазиралы жасыл елім

Ыстыққой әрбір тауың, тасың белің

Тарихтың қойнауында өшпес із бар

Өзімнің мақтанышым туған жерім

Жаркентімнің қойнауы туған аңыз

Жарқырап жайнаса екен гүл қаламыз

Әбілхан Қастеевпен барша әлемге

«Қазақ» деген атпенен танылғанбыз.

Әбілхан Қастеевтың туған күніне орай «Даланы қылқаламмен өрнектеген» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.

  1. Көрініс: «Ә.Қастеевтің балалық шағы»

(Осы кезде сахнаның сыртынан кітапханашы ақынның өміріне арналған өлең оқуды. Күй шертіліп жатады. Сахнаға бала Әбілхан шығып қой бағып, құмға сурет салып, неше түрлі мүсіндер жасап жүреді)

Тылсым ауағ қоңыр салқын жай мамық

Кербез дала жатқандай бір ойланып

Сол далада өзгеменен ойы жоқ

Бір бала жүр жалғыз өзі қой бағып

Шүйгіп шөпке тойып алып ешкі, лақ

Ойнақтайды тастан-тасқа шапқылап

Таудан төмен сылдыр қағып ағады

Сылқ-сылқ күліп кербез сұлу ақ бұлақ

Пай-пай неткен кербез сұлу кең дала

Тұнып тұрған сұлулық қой айнала

Туған жердің әрбір тау мен тасынан

Қала қойшы көз алмайды таңдана

Қоңыр дала қоңыр салқын қоңыр жел

Көкжиекте тізбектеліп қоңыр бел

Қоңыр бояу бойтұмары қазақтың

Қоңыр тірлік келіңдер де көріңдер

Сол тірлікке артып бала құмыры

Сұлулыққа албырт көңіл ауады.

Туған жедің кереметін келтіріп

Жас суретші құм бетіне сызады...

(ортаға ақ сақалды бай шығады)

Бай: Әй Әбілхан, не істеп жүрсің? Саған сурет салма дегенім қайда?

Қойларың болса шашырап, жайлып кетіпті ғой.

Әбілхан. Мен сурет салып отырмын, қойға да қарап қоям.

Бай: сенің сурет салғаның кімге керек. Малыңа қара. Енді сурет салсаң қаңғытып қуып жіберемін. Түсіндің бе?

Жүргізуші:

Қойын бағып, терін жуа, бүлдірген

Жас жүрегін әсемдікке сүйдірген

Қошақандай сол баласы Шежінің

Шедевр боп шығатынын кім білген

Оқу-білім, өнер, ғылым керегі

Қиындықтың бәрін білім жеңеді

Деген сертпен Әбңлхандай жас қыран

Жаркент жаққа бетке алып келеді.

1-жүргізуші:

Шежінің бөктерінде туып едің

Өнерді жастайыңнан қуып едің

Бойға біткен тумалы талантыңмен

Жер әлемге әйгілі боп шығып едің,-деп ақындарымыз жырлағандай, ақындардың Ә.Қастеевке арнаған жыр шумақтарынан үзінді

  1. Ақындар Қастеевті жырлайды.

  1. Сұлулықты тоқып алған шілтерден

Шыңда емессің биігінен бұлт өрген

Бәгетөбе бозбаланы ұмітпа

Баурайында қозы бағып гүл терген

Жалаң көйлек жалаң аяқ жас бала

Қозы бақты сурет сызды тасқа да

Қалжырап кеп қой соңында мызғитын

Жарғақ тонын жамбасына жастана

  1. Жылдар өтті, өзгерді өмір жақсарды.

Тау ұлының талабы да тас жарды

Жалаң көйлек жалаң аяқ бала үшін

Өрнегі мол өзгеше өмір басталды

Өнер үйдің тербетіп тал бесігін

Көркемдіктің ашып сырлы есігін

Жалбыр тонды жалшы бала кешегі

Жалпақ елге әйгіледі есімі

  1. Бастау болған тұнығы мол ғұрыпқа

Өнер көші тірелмейді тұныққа

Биігіңді берген ғажап бедерлеп

Бәйгетөбе сол ұлыңды ұмытпа

  1. Кімдер жақын жүрмейді жаны асылға

Сен бүгінде айналдың дара шыңға

Шабытыңды шалқыттың бала кезден

Қой бағып Шежін таудың аясында

Сан бояумен суреттеп сан тұлғаны

Суреткерге айналдың нар тұлғалы

Ас беріп аламанға ат шаптырып

Қуанып жатыр міне халқың-дағы

Сырлы мекен бізден де сыр тыңдасын

Қалың ақын жырламай кім жырласын

Мәртебең бүгін биік асқақтап тұр

Көпті ұйытып сезімдер сыңғырласын

Текке кетпес білгенім ұғынғаным

Ұқсасын деп бір ұлым сыйынғаным

Алты алаштың ішінен сезіліп тұр

Жүз жылда бұл текті боп туылғаның

  1. Шоқай киіп аяққа қозы баққан

Сөйтіп жүріп өнердің отын жаққан

Теңбіл тасқа телміріп төскейдегі

Сырласқанды бұлақпен сылдырлаған

Тулағына ешкінің сурет салған

Көмірі қарағайдың бояқ болған

Тасқа салған суретін ел көргенде

Талантына баланың қайран қалған

Кереге, уық, маңдайша, табалдырық

Киіз үйге тіреді ұзын сырық

Қозы жайып,и желіге құлын байлап

Болашаққа жол тартты белді буып

Бар жоқты елемеген есті бала

Оған дарын берген ау тау мен дала

Әр суреті сөйлейді тарих болып

Арманы болған екен сурет қана

2-жүргізуші: Халқымыздың біртуар перзенті, қылқалам шебері Әбілхан Қастеев шығармашылығы мән-мәнісімен де, халықтың өмір-тіршілігін кеңінен қамтығанымен де, туған жерге деген сезім иірімдерінің тереңдігімен де, Отанға деген адалдығымен де танылған халық суретшісі жайлы туралы бірге жүрген замандастарының толғаулары:

Әубәкір Ысмайлов: Әбілхан Қастеев осынау ғажайып адаммен сырлас, қанаттас болып жүріп бірге өнер төгу шын мәніндегі бақыт еді.

Хәкімжан Наурызбаев: Әрине, Әбілхан дегенде тұңғыш деген сөз ауызға түседі. Ол өзгелерге еліктеп, елпілдеген жоқ. Өмірден көрген-түйгенін халықтың өз бояуымен беріп кетті. Егер өнердің ұлттық рухани паспорты десек, соның бастауында Әбілхан тұр.

Гүлфайруз Ысмайлова: Ол жер жаһанға өз елінің сұлулығын, даналығын, дарындылығын дәледеу үшін өмір сүрген екен. Егер қазақстанның көркем тарихын білгісі келген адам Әбілханның туындыларын бір сүзгіден өткізсе жүріп жатыр. Ол өмірдегі , өнердегі қарапайымдылықтың, мейірімділіктің көзі еді.

Юрий Домбровский: Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев – портреттің ғажайып шебері. Әбілханның кереметі шындылдығында. Оның портретінің үнемі бір әдемі саз, өоңыр леп есетін еді. Оның туындылары ұлттық мінезге бай жомарт.

Үкі Әжиев: Өнертанушылар мені Әбілханның шәкірті дейді, мен үшін мұндай сөзді есту – бақыт. Ол кісіден көп үйрендік. Бірге жүрдік. Әңгімешіл еді. Қарапайым өмірді сүйетін.

1-жүргізуші: Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Ұлттық тарихымыздағы Тәуелсіздік мерекесін кеше ғана тойлап өттік. Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Жазиралы Жаркент өңірінде өмірге келген Әбілхан Қастеев атамызбен мақтанамыз.

Ән-жыр мен би ұсынылады.

2-жүргізуші: Ұлттық бейнелеу өңірінде өзіндік мектебінің ерекше тағлымы бар, тарихымызда аты әйгіленіп, әлемге тараған кәсібін мамандық, білім алған суретші, қарапайым ауылдан туып, өсті. Өскен даласын, айналасын, табиғатын, адамын, жан-жануардың бәрінде –көзі-көргенді көңіліне ұялатып, оны өыл қаламың ұшы , дәл табылған бояудың түсінің кұшімен тартымды талантын әйгіледі. Біз әйгілі суретшінің есімін әрқашан құрметтейміз. Осымен «Далалы қылқаламмен өрнектеген» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Даланы ?ыл?аламмен ?рнектеген

Автор: Ботаева Мария Данабатшаевна

Дата: 20.11.2015

Номер свидетельства: 255870


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства