kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру мекемелері кітапханаларыны? білім беруді?

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Білім   беру  мекемелері  кітапханаларыны?    білім  беруді?

мазм?нын жа?арту  жа?дайында?ы ?ызметі

          Б?гінгі та?да барлы? адамзатты?  алдында  т?р?ан  басты  ма?саттарыны? бірі- білімді ?рпа?  т?рбиелеу.  Олай болса, бізді?    барлы?  іс-?рекетіміз осы  ба?ытта болуы тиіс. Ал  ?сіп   келе жат?ан  жас  ?рпа?  білімді  кітаптан  алатыны  с?зсіз. Елімізді?  Президенті  Н. Назарбаевты?  ?аза?стан   хал?ына  арнал?ан  Жолдауында?ы: «ХХІ ?асырда   білімсіз  ?мір с?ру м?мкін   емес,  халы?ты  салауатты  да  сауатты  ?мірге  ба?ыттауымыз   керек» деген  с?здерін  тірек  ете отырып, жас  ?рпа??а т?рлі  ба?ытта?ы   ?дебиеттерді   насихаттап, жас?спірімдерді?   Отан?а,  ана  тіліне   деген  с?йіспеншілігін  кітап  о?у ар?ылы  ны?айтуды? ма?ызы зор.

          Біз ?мір  с?ріп  отыр?ан  ХХI ?асыр – ?ылым   мен  технологияны?   ?арыштап   дамы?ан  ?асыры.  А?параттандыру, жа?анды? ж?не интеграция ?асырында  жа?а д?ние  ?шін  к?рес  жолында  адамзат   баласына  білім   беру, кітап   о?у  бірінші кезекке   ?ойылатыны  с?зсіз. Егеменді  ?аза?станны?  ?ркениетті  ?о?ам мен ???ылы мемлекетті? ?алыптасуы   де?гейінде  ?рпа?ты?  рухани  байлы?ы  мен  м?дениеттілігін,  ??зіреттілігін арттыру  ?ажеттілігі б?гінгі  та?да   ма?ызды м?селе, білім  беру парагдимасы  ?згерді,  білім   беруді?  жа?а    мазм?ны  пайда   болуда.  ХХI ?асыр – м?дениетті?,  ?ылым  мен  білімні?  ?асыры.  Осы  білім  б?ла?ыны?   н?рін келер  ?рпа??а  жеткізіп, хал?ымызды?  рухани   ?азынасы  кітап  ?орын са?тап  ?алу - ?азіргі кітапхана   ?ызметкерлеріні?    асыл парызы. Т?сінген   адам?а   кітап - ба?а жетпес   байлы?.  Кітап - к?пті   к?рген   к?нек?з  а?са?алдай  та?лымы  к?п, т?рбиесі  мол  а?ылшы?  да сырласы?.  Сонды?тан да елімізді?  болаша?ы  жар?ын болуы  ?шін,  е? алдымен  рухани  азы?ымызды реттеу  ?ажет. Ол  ?шін  ?о?амны?  о?у?а деген  ынтасын  арттыру, руханият  н?рін,  ?ыр-сырын   ме?герту керек.  Осы орайда кітапхана  о?ырмандарды?   кітаптан   ал?ан  білімін  санасына   сі?іріп, к?кірегіне  то?ып, т?уелсіз елімізді?     игілігіне  жаратып  жатса  д?рыс болар  еді.  Кітапхана мен  кітапты?   жастар  т?рбиесіне  ?атысы,   жалпы?а   білім беру  ?рдісінде  ат?арар міндеті  ?андай?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру мекемелері кітапханаларыны? білім беруді?»

Білім беру мекемелері кітапханаларының білім берудің

мазмұнын жаңарту жағдайындағы қызметі

Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі- білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса, біздің барлық іс-әрекетіміз осы бағытта болуы тиіс. Ал өсіп келе жатқан жас ұрпақ білімді кітаптан алатыны сөзсіз. Еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы: «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздерін тірек ете отырып, жас ұрпаққа түрлі бағыттағы әдебиеттерді насихаттап, жасөспірімдердің Отанға, ана тіліне деген сүйіспеншілігін кітап оқу арқылы нығайтудың маңызы зор.

Біз өмір сүріп отырған ХХI ғасыр – ғылым мен технологияның қарыштап дамыған ғасыры. Ақпараттандыру , жаһандық және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында адамзат баласына білім беру, кітап оқу бірінші кезекке қойылатыны сөзсіз. Егеменді Қазақстанның өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, құзіреттілігін арттыру қажеттілігі бүгінгі таңда маңызды мәселе, білім беру парагдимасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. ХХI ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Осы білім бұлағының нәрін келер ұрпаққа жеткізіп , халқымыздың рухани қазынасы кітап қорын сақтап қалу - қазіргі кітапхана қызметкерлерінің асыл парызы. Түсінген адамға кітап - баға жетпес байлық. Кітап - көпті көрген көнекөз ақсақалдай тағлымы көп, тәрбиесі мол ақылшың да сырласың. Сондықтан да еліміздің болашағы жарқын болуы үшін , ең алдымен рухани азығымызды реттеу қажет. Ол үшін қоғамның оқуға деген ынтасын арттыру, руханият нәрін, қыр-сырын меңгерту керек. Осы орайда кітапхана оқырмандардың кітаптан алған білімін санасына сіңіріп, көкірегіне тоқып, тәуелсіз еліміздің игілігіне жаратып жатса дұрыс болар еді. Кітапхана мен кітаптың жастар тәрбиесіне қатысы, жалпыға білім беру үрдісінде атқарар міндеті қандай?

Қазақ халқы кітапты қасиетті, құдіретті деп бағалаған. «Ой маржаны- кітапта», «Кітап-білім бұлағы, білім - өмір шырағы», «Кітапппен кеңес-білімдімен теңес», «Білім тозбайды, ақыл азбайды»,- деп, кітапты жоғары бағалап, оны қолға алып, оқу үшін әсемдік әулиеге балап, кітап сөздерін жаттап жадында сақтай білген. Тіпті «Қатар-қатар қаттама, қаттамадан аттама», - деп кие тұтып, «оны биікке қой» деп уағыздайды. Кітап- адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, өнер- білім бұлағы, оқу- тәрбие құралы. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның бәсекеге қабілетті әлемдегі 30 мемлекеттің қатарына ену стратегиялық бағыт- бағдарынан бастау алған білімді, ізденімпаз оқырмандарымыздың ақпаратқа деген сұранысы өте жоғары. Сондықтан халқымыздың ғасырлар бойы саралап,сақтап келген мирасын ХХI ғасыр - жаһандану кезеңінде озық ойлы ғылыми кітаптармен, мультимедиалық басылымдармен толықтыру - уақыт талабы. Басты мақсатымыз - Қазақстан азаматтарының әлемдік ақпараттық ресурстарға қажеттілігін қамтамасыз етуде қорды санымен емес, сапасымен, ақпараттық құндылығымен арттыру. Осы тұрғыда жыл сайын қатары көбейіп отырған отандық баспалардың өнімдерін, ТМД және шет елдерде Қазақстан мен Орта Азия туралы жарық көрген басылымдарды мұқият қадағалау қолға алынған. Бұл игілікті істе интернетті, электронды құжаттарды жеткізу жүйесін, электронды поштаны пайдалануымыз тиімді нәтижесін беріп отыр. Өркениетті елімізде кітапхана ғылыми- ақпараттық орталық қызметін көрсететін мекеме ролін атқаруда. Қоғамның рухани талабын қанағаттандыруда қордың жаңа заманауи басылымдармен үздіксіз қамтылуы ең өзекті мәселе болып отыр. Толық және сапалы мәлімет - мәдениетімізді әрі экономикамызды жетілдірудің негізгі көзі және құралы. Осындай толғақты мәселелердің оңтайлы шешімдерін табу, қорды жинақтау жұмысы - жауапкершілігі үлкен іс.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе - жаңа ақпарат беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы кітапхана болса, ал мектеп кітапханасы жаңа ақпараттық білім орталығы екендігі баршаға мәлім.

Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін, педагогикалық-психологиялық диагностиканы, нақты іс-әрекетті зерттеуші жаңалық иелерінің озат тәжиірибелерін насихаттайтын кітапхана. Кітап - білім бұлағы, даналықтың қайнар көзі. Кітап - адамның досы, ақылшысы, сырласы. Барлық қауым, барлық адамзат кітапты осылайша бағалаған, құрметтеген. М.Жұмабаев: «Кітап оқудың маған тигізген пайдалы әсерінің шексіздігін сіздерге айтып жеткізе алмас едім»,- деген. Кітаптың осыншалықты орасан зор қасиетін жас ұрпаққа ұғындыратын, оларды кітапты сүйе білуге, оның құдіретті нәрін таратуға дағдыландыратын орынның бірі - мектеп кітапханасы. Мектебімізде 21976 мыңнан астам кітап қоры бар. Осыншалықты мол қазынаны оқушылардың білім қажетіне тиімді пайдалануды меңгерту- мектеп кітапханасының міндеті. Осы міндетке орай мектеп кітапханасын тәрбие мекені, білім орталығы десек, артық айтқандығым емес.

Осыдан 17 жыл бұрын ЮНЕСКО-ның бас конференциясы 23 сәуірді «Бүкіл әлемдік кітап және авторлық құқық күні» деп жариялаған, ЮНЕСКО осы күнді бүкіл дүние жүзінде атап өте отырып, кітап оқуды, кітап баспасын және интеллектуалдық меншікті қорғауды насихаттайды. «Кітап - рухани қазынамыз» деп жиі айтамыз. «Бірақ қазіргі өмірде сол рухани қазына қоғамның қажетіне айналып отыр ма? Қоғамдағы барлық буынның пайдалануына мүмкіндігі бар жаңа технологиялық өнімдер адам өмірінен кітапты ығыстырып, үстемдік танытып жатқан жоқ па?» деген сұрақтар бәріміздің көңілімізді алаңдататыны сөзсіз. Біз кітаппен өсіп, одан рухани нәр алып өскен ұрпақпыз. Сондықтан біздер үшін кітап - қасиетті, киелі дүние .

Әр кітапханашы өз кітапханасындағы кітабын балапандай мәпелеп күтіп, сақтап , олардың неғұрлым оқырманның қолынан көбірек өткенін қалайды. Сол жолда шырылдап, кітап қорын көбейтудің әр түрлі жолдарын іздейді, өркенниеттен қалғысы келмей жаңа технологияларды ашудың жолдарын қарастырады. Қайтсем оқырмандарға қызықты кітаптар ұсынып оны үлкеннің де, кішінің де рухани кәусар бұлағына айландырсам деген оймен қызмет жасайды. Олай болса, кітап руханияттың каусар бұлағы болары сөзсіз. Ендеше, кітаптар күні деп аталуының негізгі бір міндеті кітапқа назар аудару, кітап оқуға ынталандыру, оны өмір дағдысына айландыру еді. Бұл тұрғыдан мектебімізде нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда кітапхананың қызмет көрсету ауқымы кең. Ақпараттық технологиялардың даму қарқыны бүгінгі жас ұрпақтың дүниетанымдық аясын кеңейтіп отыр. Бүгінгі оқырман жастардың талабы да заман талабына сәйкес өте жоғары, олардың сұранысын қанағаттандыруға кітапхана қызметі жаңа деңгейде жауап беруге барлық жағдайды жасауға тырысуда. Мектебіміздің барлық мұалімдері мен оқушылары кітапханамен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.Ұстаздарға арналған әдістемелік ғылыми- танымдық журналдар кітапханаға алынып тарады. Кітапханамызда күнтізбедегі атаулы күндерге байланысты көрмелер ұйымдастырылып, көрмедегі кітаптарға шолу жасалынды. Төмендегі тақырыптарға арналған кітап көрмелері оқырмандар көңілінен шықты: «Елбасы мұраты - ел бақыты», «Гүлденген Қазақстан», «Ата- заңымыз- ең үлкен тарихи жетістігіміз», «Тәуелсіздік - ел тірегі», «Қазақ тілі- байсалды баба тілім,

Қазақ тілі - ол менің ана тілім», «Қазақ хандығына - 550 жыл», «Рухы биік тұлғалар», «Ұлы Жеңіске - 70жыл». Айтулы күндер мен ақын- жазушылардың мерейтойларына байланысты «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Тілім Менің –Тірлігімнің Айғағы», «Қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 90 жыл», «Жазушы Әбдіжамал Нұрпейісовтің туғанына - 90 жыл», «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамы», «Өлең,сені аялап өтемін», «Бар қазақ қадірлеген Қадыр ақын», «Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы» тақырыптарында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Кітапханада кейінгі буын оқулықтарына байланысты мектеп оқушыларына үлкен ақпараттандырылған материалдар берілген және оны ой елегінен өткізу, өзін-өзі тексеру әдістері көрсетілген, түсінбеген материалды қайта жаңғырту, сұрау мүмкіндігі ойластырылған. Әрбір пән бойынша білімдерін тексеруге берілген арнайы кітаптар «Кітаппен кеңес - білімдімен теңес» атты бұрышқа топтастырылған. Осындай ақпараттандыру жұмыстары білім беру сапасын көтереді, мектептегі оқу танымдық үрдісті жандандыруға мүмкіндік береді.

Лицей оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жыл сайын төрт тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде) кітап оқу жарысы өткізіліп тұрады. Әр тоқсан соңында кітап мазмұны бойынша тест алынып, қорытындысы шығарылады, жеңімпаз атанған оқырмандар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Осы жарыс нәтижесінде оқушылардың көркем шығармаға деген сұранысы, қызығушылығы артты.

Оқушылардың кітапханада сыныптан тыс ізденуі, оқып білім алуы білім сапасының артуына да оң ықпалын тигізеді. 2014-2015 оқу жылында 43 мектеп бітіруші түлектердің 11-і түрлі халықаралық деңгейдегі білім сайыстарының қатысушылары мен жеңімпаздары болса, 6 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды, 2 оқушы мектепті «Үздік куәлікпен» бітірді.

Кітапхана - сапалы білімнің сенімді кепілі. Кітап біздің рухани құндылығымыз,теңдесіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихын да, әдебиетті де басқа ғылым кереметтерін де осы кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі - осы кітаптар. Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника , жоғары технология дамыған ХХI ғасырда да бәрінің бастау алар көзі - кітап. Әр кітап өзінше бір құпия. Қолға алып парақтай бастасаң, ғасырлар қойнауының тұңғиық тереңінен ғажайып талай-талай рухани қазынасына айналады. Қазіргі қоғамымыздың қайнар көзі осы кітапханадан бастау алады. Осы қасиетті қазынамыз кітаптарды көзіміздің қарашығындай сақтайтын оқырмандарды кітап мұхитына жетелейтін мәдени ошақтардың бірі кітапхана болып табылады.

ЖаҺандану ғасырында ұлттық мәдениетті сақтап қалу , ұлттық тілді дамыту, Отанын шексіз сүйетін патриоттарды тәрбиелеуде, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұштастыруда, білімдерін жетілдіруде кітапхананың мүмкіндіктері мол. Осы білім бұлағының нәрін келер ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың рухани қазынасы кітап қорын сақтап қалу - қазіргі кітапхана қызметкерлерінің асыл парызы. Түсінген адамға кітап баға жетпес байлық. Кітап көпті көрген ақсақалдай тағлымы көп, тәрбиесі мол ақылшың да сырласың. Кітапхана оқырмандардың кітаптан алған білімін санасына сіңіріп , көкірегіне тоқып , тәуелсіз еліміздің игілігіне жаратып жатса дұрыс болар еді. Олай болса егеменді еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті ұрпақ» өсіру үшін, ұлтымыздың намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін ұрпақты баулап тәрбиелеуде ақпарат құралдарын насихаттау біздің қолымызда. Себебі , рухани байлығымыз тек қана мәңгілік екенін ұмытпағанымыз жөн.




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Білім беру мекемелері кітапханаларыны? білім беруді?

Автор: Камытбекова Н?рг?л

Дата: 24.11.2015

Номер свидетельства: 257560


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства