kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біліктілікті арттыру-уа?ыт талабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыбырай Алтынсарин   "М??алім мектепті? ж?регі, ?йткені ол б?ріне де ?ымбат"?стаз.М??алім.Ия, осы ?демі с?здер мені? бала к?німде ??ла?ыма ерекше сезіммен естілетін. М?мкін мені? ?стаз жолына т?суіме осы бір ?н ?сер еткен шы?ар? Со?ыл?ан ?о?ырау ?ні мен балаларды? шат к?лкісін естігенде ?зімні? е?бек жолында ?ателеспегенімді т?сіндім. ?стаз орны б?лек. «?р істі? ?стазы бар,?р ?стазды? ?стазы бар»-деген емес пе?  Ал   ?лы а?артушы Ахмет Байт?рсынов: «Мектепті? жаны – м??алім. М??алім ?андай болса, мектебі ??м сондай болма?шы, я?ни м??алім білімді болса, білген білімін бас?а?а ?йрете білетін болса, ол мектептен балалар к?бірек білім біліп шы?па?шы. Солай бол?ан со?, е? ?уелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, о?ыта білетін м??алім», – деген.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біліктілікті арттыру-уа?ыт талабы»

Ахметжанова Нургуль Оразгалиевна

1 мектеп-гимназиясы

Сарқан қаласы

Алматы облысы

[email protected]




Біліктілікті арттыру-уақыт талабы


Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі аясында педагогтің жеке тұлға ретіндегі бейнесі,оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда.Себебі педагог білім беру үрдісін жаңартудағы басты тұлға болып келеді.Бұл жаңарудың бастамасы қаншалықты серпінді,шығармашыл болса,ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болатыны сөзсіз.

Қазіргі әлем жедел өзгеріп жатқан жағдайда,білім беру жүйесіне де тың серпіліс қажет екендігі сөзсіз.Осы орайда Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік бағдарламалары бойынша дайындықтан өткен мұғалімдердің оқу әдістемелік жүйеге қойылған жаңа талаптарға сай жұмыс жүргізіп жатқаны қуантады.Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім.Ол әр оқушыға қарап,оның тұлғалық қасиетін ашып,сыни ойлауын жетілдірсе,өз бетінше білім алатын және өз білімі үшін жауапты болатын жоғары қабілет деңгейі қалыптасқан жеке тұлға тәрбиеленіп шығады. «Кісінің бойындағы үйрену құмарлығын оятқан адам ең жақсы мұғалім» деген А.Фердинанд сөзі бүгінгі замандағы білім беру талабына сай келеді. Деңгейлі бағдарламаның мақсаты:мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді.Дегенмен мұғалім тиімді тәсілдерді дұрыс қолданылған жағдайда сыныпта, мектепке өзгеріс енгізе алады. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.Мектеп қабырғасынан шыққан оқушы біреудің көмегіне мұқтаж болмай,өз проблемасын өзі шеше алатындай шәкірт болып тәрбиеленуі керек.Білім беру саласында ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.Курсқа келгенге дейін үздік мұғалім болу үшін ең бастысы – оның білімі деп білдім. Берген біліміңді оқушылардан талап ете білсең, балалар да білімді болады деп санадым. Алайда осы курсқа келгелі, жаттанды, дәстүрлі білім балалардың шығармашылық қабілетін, сыни ойлау тұрғысын тежейтінін, алған білімдерін көп жағдайда, өмір белестерінде қолдана алмайтынын түсіндім. Қазір жеткен жетістігім десем болар, әлде түйгенім, түсінгенім - балаларды қызықтырып, берілетін тақырыбыңды сан түрлі әдіс - тәсілдермен түсіндіру оқушыларыңның білім сапасын ғана емес, сонымен қатар олардың өзіндік терең ұстанымдарын дамытуда үлкен рөл атқаратынын ұғындым.Алдағы уақытта жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдана отырып,оқушының білім білік дағдыларын,белсенділігін арттыратын болса,ал оқушы алған білімін өмірде оңтайлы қолданып жатса,ұстаз еңбегінің нәтижесі көрінері анық.Сондықтан қиын да қызықты мамандықтың тізгінін ұстаған жандардың еңбектеріне жеміс,шығармашылық табыс тілеймін дегім келеді.
 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Біліктілікті арттыру-уа?ыт талабы

Автор: Ахметжанова Нургуль Оразгалиевна

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 313095


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства