kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастапқы-техникалық үлгілеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастапқы-техникалық үлгілеу тақырыбындағы әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне және қосымша білім беру педагогтарына арналған әдістемелік құрал. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастапқы-техникалық үлгілеу"»
















ҚАЙРАЛАПОВА ЖАЙНАГҮЛ НАҒИҚЫЗЫ


«БАСТАПҚЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҮЛГІЛЕУ»












































Орталықтың ғылыми-тәжірибелік кеңесінде қарастырылып, баспаға ұсынылды.







Автор-құрастырушы

Қайралапова Жайнагүл Нағиқызы-

Қалалық техникалық шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогі



Пікір жазғандар:


Сутеева М.А.- АӨМУ кәсіби білім беру кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.


Абдрахманова А.Б.- Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығының жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау және тәрбиелеу бөлімінің әдіскері.


Бұл әдістемелік құрал орта мектептерінің «Технология» пәні мұғалімдеріне, қосымша білім беру педагогтарына арналған әдістемелік көмек ретінде береді. Әдістемелік нұсқау балалар шығармашылығы орталығы, тәрбие орталығының әдіскерлеріне арналған. Әдістемелік нұсқауда үйірме мүшелерінің мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беретін, жасөспірімдердің тиімді жұмыспен қамтылуын, олардың мамандыққа бағдарлануын жүзеге асыратын қосымша білім беру ұйымдарының қызметіндегі үйірме мүшелерінің кәсіби бағдар алуы, мамандық таңдауына дайындығы айқындалады. Әдістемелік өңдеудің мақсаты- технология пәнінен мұғалімдер мен үйірме жетекшілеріне көмек көрсету.

Ұсынылып отырған құралда, балалардың ерекшеліктері мен қызығушылықтарын, қағаз, бисермен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру мен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамуыне ескере отырып, педагогтарға сабақты ұйымдастыруға көмек береді.

















«Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек.

Біз баға жетпес білім қорын арттырып,

Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек».

Н.Ә.Назарбаев



Тәуелсіздікті алған күннен бастап Қазақстан өзінің дербес даму жолында күннен-күнге алға қарай нық сеніммен ілгеріліп келеді. Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Еліміздің іргетасын нығайтып, келер ғасырға жалғастыратын, көкірегі ояу, саналы, арманшыл жастар екені даусыз. Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің дамуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.

Біздің болашағымыз-бүгінгі бала, оқушы, ертеңгі білімді маман. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болу үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру- бүгінгі күннің басты талабы. Тарихтың асыл қазынасын оқып үйренуде, халықтың мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуде дана халқымыздың қолөнерін үйренуде шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. Шығармашылық қабілеті дамыған, өнер тілін түсінген, өмірде бір мақсатқа қол жеткізген оқушы кез келген істе осы қабілеттерін қолданады.

Абай Құнанбаев: «Кей қасиет туа бітеді, кейбірі еңбек арқылы қалыптасады»,- деп айтқан. Сондықтан да еңбек жолында әрқашан шығармашылық ізденістен қоол үзбеу керек. «Бала нені білсе жастан ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан»,- дегендей, бала жасынан оқушылар өнердің қыр-сырын меңгеріп, әдемілігін бағалай білуі тиіс. Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болжай білу өте қиын.

Технология пәні мұғалімдері ұлттық қолөнерді оқушыларға үйретіп, өздерін ізденіс зерттеулерге кірістіруге, одан ары қарай дамытуға мақсат қояды. Сондықтан да оқушыларға қазақ қолөнерінің барлық түрі тұрмысқа қажеттіліктен пайда болған дүниелер екенін, осы қажеттіліктің арқасында елде пайда болып, жалғасын тауып келе жатқаны түсіндіріледі.Оқушылар бұл дүниелерді шеберлер заман талабына сай жаңаша туындыларға айналдырып, елімізді дамытып келе жатқанын біледі.

«Жалпытехникалық» үйірме сабақтарында оқушыларды қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, мәдени мұрасын қадірлеп, сәндік қолданбалы қолөнермен тереңірек таныстыруда, эстетикалық жағынан дамыған, ойлау қабілеті кең, жеке тұлға тәрбиелеуде еңбекті өнермен тығыз байланыстыра отырып, одан қоғамға немесе өзіне пайдалы, ұнамды жаңа дизайн талаптарына сай әсемделген, жыл бойы жасаған шығармашылыө жобаның рөлі орасан зор.

Қазіргі таңда ұлттық бұйымдарға сұраныстың артуы оқушыларды қазақ халқының кәсіптік қолөнер бұйымдарын жаңа дизайнда дайындай білу іскерлігіне баулу қажеттігін тудырады.

Шығармашылық жұмыс жасарда оқушы алдына мақсат қойып, жоспар жасайды. Соның нәтижесінде оқушылардың бойында үлкен ізденіс, еңбекқұмарлық, өнерсүйгіштік, пәнге деген қызығушылық пен жауапкершілік артады. Қолөнермен айналысу оқушының шығармашылық қабілет алға ұмтылуына, ізденуіне, ішкі жан дүниесінің сұлу болуына, жетістікке жетуге себепкер болады. Оқушылардың пәнге, ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту- үйірменің басты бағыттарының бірі. Педагог оқушыларға білім бере отырып, жоғарғы сатыдағы сыныптарда бейінді тәрбиемен оқушы қабілетін кәсіби еңбек түріне бағыттай келе, нарық экономикасының бәсекелестік заңдылығының талабына шыңдай түседі. Педагогтің еңбегі- шығармашылық еңбек. Ол оның үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені жас ұрпақтың білімді, саналы азамат болып өсіп қалыптасуы ұстазға тікелей байланысты.

Я.А.Коменский «Мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі»,- деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға берген. Шығармашыл ұстаздың шәкірті де шығармашыл болу керек деген ой туындайды. Дарынды балаға дарынды ұстаз қажет. Олай болса, оған білімнің нұрын құйып, шығармашылық ынтымақтастықта әрекет етсе, «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстанға» жету жолы анықталады.


КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім – тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика ғылымы мен озат тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет. Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды шарты бұл әлеуметтік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» — деп атап көрсеткен.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады.

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.
Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:
- оқушылардың бойында ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
- түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
- кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
Мектептегі кәсіптік бейімделу жұмыстарының теориясы мен практикасы оның жүзеге асырылуы жолында біраз кемшіліктер байқалатындығын көрсетеді:
- Оқыту мен тәрбие берудің жалпы үдерісінен айтарлықтай қол үзіп қалу;
- Тұрақты, мақсатқа бағытталған жұмысты өзара байланыспаған /әсіресе оқытудың аяқтау кезеңіндегі/ іс-шаралар өткізумен айырбастау;
- Практикалық қызмет пен еңбек тәжірибесінің жетіспеушілігі. Осының барлығы мамандық таңдауға немқұрайды қарау, оның жеңіл меңгерілуі, жеңіл орындалатын келешек еңбек пен өмірлік игіліктерге қол жеткізу мүмкіндігінің тапшылығы, кәсіби өзін анықтаудағы селқостық сияқты жағымсыз көріністердің күшеюіне себепші болды.
Еңбек жөніндегі аймақтық органдардың мәліметтері бойынша бірінші ондықты негізінен колөнершілер мен қызмет көрсету саласы мамандықтары тапшы мамандықтардың болжалды тізімін құрайды. Алайда, мектеп түлектері заңгер,менеджер мамандықтарын таңдаулы қолданысқа лайықты деп бірнеше жылдар қатарынан бірінші орынға қойып келеді, сонымен бірге оқушылар көптеген жаңа мамандықтар туралы ақпараттан мүлдем бейхабар, сондай-ақ дәстүрлі мамандықтардың өздері елеулі өзгерістерге ұшырауда.

Қоғам барлық уақытта да өскелең ұрпақты әлеуметтік және кәсіби тәжірибемен қамтамасыз етіп келеді. Адамзат өмір сүруінің бастауы кезінен бұл тәжірибе ұрапқтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп отырған. Өндірістің дамуына орай әр түрлі мамандықтарға қызметкерлер іріктеудің ғылыми негіздерін әзірлеу қажеттілігін туғызған адамға қойылатын талаптар да артты.
Кәсіптік бейімдеудің мақсаты-өскелең ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау. Ол үшін оқушылардың мамандық таңдауға байланысты әлеуметтік маңызды ішкі /психикалық/ тәртібі мен қызмет реттеуіштерін құру;кәсіби өзін анықтаудағы әлеуметтік құнды белсенді қызметінің сыртқы және ішкі жағдайын жасау қажет.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеудің жан-жақты және күрделі міндеттерін ойдағыдай шешу үшін әрбір мұғалім, сынып жетекшісі өзінің күнделікті педагогикалық іс-әрекеттерінде еңбек тәрбиесінің негізгі қағидаларын берік меңгеріп және оны басшылыққа алуды талап етіп отыр.
Кезінде мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мәселесі көптеген ғалымдар мен қайраткерлердің ғылыми еңбектерінде, мақалаларында сөз етілді. Атап айтқанда, Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, П.П.Блонскийдің, А.С.Макаренконың, С.Т.Шацкийдің еңбектері оның күрделі мәселелерін шешуге үлкен маңызы зор болды.
Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмысында кездесетін елеулі кемшіліктердің де беті ашылып көрсетілді. Олар ең алдымен мынаған байланысты: мектеп бітіруде жастар өндіріс сферасындағы еңбекке практикалық дайындықсыз келеді немесе халық шаруашылығына қажетті мамандықтары жөнінде теориялық жағынан белгілі бір түсінігі болмады.
Мектеп бітіруші жастарымыздың ішінде өмірге тұтынушылық қатынас, еңбектен бой тасалау, сақтамау сияқты жағымсыз құбылыстар байқалып қалады. Мұндай кемшіліктердің себебін біз мектеп қабырғасындағы еңбекке тәрбиелеу мен кәсіптік бағдар жұмыстарының белгілі бір жүйеге қойылмағандығы деп білеміз.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептердің барқатар мұғалімдері мен сынып жетекшілері еліміздің ғылыми-техникалық прогрестің даму тенденциялары туралы және оның қазіргі заман адамдарына қоятын талаптары жөнінде жеткілікті хабары болмады. Сынып жетекшілері оқушылардың қоғамға пайдалы өнімді еңбегі мен оқытуды өнімді үнемі біртұтас үдеріс етіп біріктіріп, оған политехникалық бағыттылық бере алмады. Мұғалімдер қоғамдық пайдалы еңбектің мазмұнын анықтауда, еңбек үдерістерін жоспарлауда, ұйымдастыруда, педагогикалық ықпал етудің әдістерін таңдап алуда қиындықтары тап болып отырды. Сондықтан оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен кәсіптік бағдар беруде заман талабына сай тәрбие жұмысының неғұрлым жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін таңдап, оны жетілдіруде мектеп ұжымының алдында үлкен маңызды міндеттер қойылды.

1993 жылдан бастап мектептен кәсіптік бағдар беру бойынша әдістемелік кабинеттер жабылып, еңбекке дайындық бағытына бөлінген сағаттар азайды, оқу-материалдық база төмен деңгейде жабдықталды. Тек 2000 жылдан бастап, еңбекке дайындық бағытындағы оқу жұмыс түрлеріне зейін аудару қолға алынды.
Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.
Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б.
Адам қабілеттілікке қоршаған табиғатқа, әрбір адамның өзін-өзі шыңдауға байланысты, адамның әлеуметті бейімделген қызметі деп қарау қажет. Сол себепті де К.К.Платонов «Қабілеттілік – ол жеке адамның қасиеті, бірақ оның белгілі бір қызметке қатысына қарай анықталады».
Қабілеттілік дегеніміз белгілі қызметтің әдіс-тәсілдерін игерудегі тездік, тереңдік және икемділік болып есептеледі.
Сондықтан мамандық таңдауда қабілеттілік есепке алынады. Мысалы, адамның абстракты ойлау жүйесі күшті дамыған болғанмен практикалық істе қабілетсіз болуы мүмкін немесе өте жақсы білгенмен ұйымдастыруды нашар атқаруы мүмкін. Сондықтан баланың оқудағы, еңбектегі, ойындағы қабілеттілігін біртұтас қарастыру қажет те, солай дамыту нәтижелі болмақ.
Балаларға қосымша білім берудің заманауи ұйымы –бұл балалардың әрдайым өзгеріп отыратын индивидуалды қажеттіліктерін қанағаттандыратын, білім алушыларды қызмет үлгілері мен түрлерін таңдау еркіндігін қамтамасыз ететін, өмірлік өзін анықтауына қажетті көмек пен қолдауды жүзеге асыра отырып, әрбір білім алушының шығармашылық дамуына, оның әлеуметтік өзгерістерге бейімделуіне жағдай туғызатын әлеуметтік-педагогикалық жүйе.
Балаларға қосымша білім беру жүйесі Қазақстанда 1990 жылы пайда болды. Ол сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың сабақтастығы. 2013-2014 оқу жылында пәндік және эстетикалық бағыт бойынша 162 қосымша білім беру педагогы қызмет атқарып, аудан бойынша 3676 (56,1%) оқушы үйірмеге тартылды. Пәндік үйірме бойынша 51 педагог, эстетикалық бағыт бойынша 111 педагог қызмет атқарды. Жоғары білімді 139 педагог, арнаулы орта білімді 23 педагог.
Балаларға қосымша білім беру – жасөспірімнің білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі және баланың жеке тұлға ретінде дамуына, кәсіптік бағдар алуына тиімді жағдай жасаушы жүйе, үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі. Бүгінгі күнгі барлығымызға ортақ мақсат – жасөспірімге білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау.
Жас ұрпаққа қосымша білім беретін мектептен тыс мекмелерінің алдына қойылатын талап-тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, оқушылардың ұлттық сана сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті көзқарасын қалыптастыру, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, баланың өз қызығушылығы мен қабілетіне байланысты ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын жетілдіру, шығармашылық деңгейінің өсуіне қолдау көрсету бұл да өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты дамыта тәрбиелеу қосымша білім беру ұйымдарының тікелей атқаратын міндеті. Қосымша білім беру баланың тұлғалық өсуін, өмірде өзін тануын, шығармашылық әлеуметінің ашылуымен қамтамасыз етеді. Осындай қосымша білім беру орталықтарының бірі-Қалалық техникалық шығармашылық орталығы. Жасөспірімдер мен балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, рухани тәрбие беру, балалардың техникалықшығармашылығын дамыту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен демалысын қамтамасыз ету, мақсатында Ақтөбе қаласында Қалалық техникалық шығармашылық орталығы жұмыстануда.
Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі-балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу,  қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу.

«Жалпытехникалық» үйірмесінде баланың ой-өрісінің  дамуына түсініктерінің кеңейюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негіделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып,  білім аясы терең әрі жан-жақты болуы  шарт.

Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. «Жалпытехникалық» үйірменің міндеті-осы мақсаттарды шешуді көздейді.  Үйірменің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін ,формаларын игеру. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді.

Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін «Жалпытехникалық» үйірменің жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады.  Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені,  сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын  аттаған жасөспірімдердің бойына  ерте бастан дарыта білу керек. 

Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып саналатындығы белгілі екенін ескерсек те дегенмен әрбір  пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді.

«Жалпытехникалық» үйірменің сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды іздені паздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Үйірменің сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі.  Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі.  Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу  сабақтарында оқушылардың орныдайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады.  Бұл  жұмыстар алғашқы күннен бастап педагогтің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. 

Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт. Сабақтың  жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. "Сабақ мұғалім, күнбе-күн  оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты дамытатын оқу-тәрбие процесінің негізгі саласы", деген Сухомлинский.  Сабақта мұғалімнің жеке басының үлгісі оқушылар үшін маңызды екені белгілі. Бұл туралы Сухомминский былай деп  жазған : "Сабақ мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бет-бейнесі, оның зияттық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің , білімдарлығының көрсеткіші". Енді, міне бірнеше бағыттағы ашық сабақтарымды ұсынайын.

Балаларға арналған қағаздан жасалған бұйымдар

Қағаз адамзаттың ойлап тапқан ең керемет заты екенін айтпаса да белгілі. Оның шын екені Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығындағы тәрбиеленушілеріне мәлім. Қағазды алып,қиып, бояп бір-біріне жапсырып көлем берсең керемет затқа айналады. Осындай керемет нәрселерді жасауға әуес қыздар мен ұлдар «Бастапқы-техникалық үлгілеу» сәндік қолданбалы өнер үйірмесіне бірнеше жылдан бері қатысуда.

Түрлі-түсті қағаздан бұйымдардың неше түрін жасауға болады. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына арналған түсті қағаздан жасалған «Алма» бұйымы. Көлемді «Алманы» балалар үлкен қызығушылықпен жасайды.

Сізге керегі:

-түрлі-түсті қағаз

- түрлі-түсті картон

- ақ қағаз

- желім

- қайшы

-жай қарындаш


Дайындау әдісі:


1. Ақ қағазға алманың пішінін салып алыңыз. Көлемі- ұзындығы- 3,5 см, ені-4 см.



2. Үлгі-қалып қиып алыңыз.


Егер де осындай алмұрт жасағыңыз келсе, алмұрт пішіні ұзындығы 5,5 см, ені 3,5 см. болатындай үлгі-қалып қиып алыңыз.



3. Алманың күлтесін жасау үшін ені 6,5 см. ұзындығы 11 см. болатындай төртбұрыш қиып алыңыз, алмұртқа қоңыр түсті қағаздан: 11 смХ 8,5 см.

4. 0,5 мм болатындай сызық сызып алыңыз.

5. Төртбұрышта сол сызыққа қарай жаймендеп қиыңыз

  1. Қағазды бұрып алып оның шеттерін желімдеңіз.

Үлгі қалып бойынша 12 дана қызыл түсінен және 6 дана жасыл түсті алмаларды жасап алыңыз.

Қызыл алманың бөлігін күлтеге желімдеп жабыстыр.


Қалған қызыл түсті алманың бөліктерін осылай желімдеңіз.

Жасыл түсті бөлікті де осылай желімдеңіз.

Кішкентай жапырақты қиып алып оны күлтеге желімдеңіз.

Осындай әдіс бойынша мынадай панно жасадым.



Қағаздан тағы да менің балаларым мынадай ғажайып бұйымдарды жасады.

«Кішкентай қояндарды», «Балапанды» және «Торғайларды» 4-5 жастағы балалар жасай алады.




Ашық сабақ тақырыбы: «Аппликация жасау жолдары».

Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр.
Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген.Осылардың ішінде біз жапсырмалау өнеріне тоқталамыз. Ежелден келе жатқан қолөнердің бір түрі - жапсырмалау енері. Бұл өнер жылдан-жылға өркендеп, өмірге жаңа түрлермен еніп келеді. Жапсырмалау деп мата түрлерінің құрақтарын басқа матаға әр түрлі бейнеде көркемдік ретпен араластыруды айтады.
«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай 3-ке бөліп қарастыруға болады.
1) түрлі қағаздармен орындалатын аппликация;
2) әр түрлі мата, тері, шүберек, киіз, т.б. қолданумен орындалатын аппликация;
3) табиғи материал (сабан, ши, қамыс, т.б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет ретінде қағаздан орындалєан аппликация б.з.д. ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі Ібғасырда Италия мен Испанияда, 17ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18-19 ғасырда Ресейде жақсы дамыды. Өнердегі қара силуэтті аппликация орыс дворяндарының үйлерін әшекейлеуге жиі қолданылған. Аппликацияға аса көңіл л бөлген француз суретшісі Анри Матисс (1869-1954) «Қайшыны пайдалану арқылы кереметтей аппликация түрлерін жасауға болады» деген жақсы пікір айтқан. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше, әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады.

Аппликация шығыс пен батыс елдерінде, сонымен қатар Орта Азия және Қазақстанда жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі -аппликацияның бір түрі, әсіресе ұлттық киімдерді ою-өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздары, ашық хаттарды безендіруде қолданады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Осы үлгімен әр түрлі түсті қағаздардың алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою-өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі тақырыпта тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.Бұл өнерден қазіргі кезде, сәндік интерьер үшін панно, коллаж дайындауға болады.Жапсырманы мата қалдықтарынан немесе киізден жасауға болады. Ол үшін ең алдымен қағазға, жасайтын жапсырманың суретін түсіреміз, яғни бейнелейміз содан кейін оны матадан, қағаздан, киізден жасауға болады. Оны түрлі-түсті жіппен көркем тігіс арқылы кестелеп, әшекейлейміз. Әшекейлеу де үлкен өнер. Жапсырманы желіммен де жасауға болады, оған ПВА желімін пайдаланамыз, бірақ жапсырманың үстінен бастырып кестелеген әдемі көрінеді. Матадан, киізден жасалған жапсырма өнері баланың ой-өрісін, қабілетін, шығармашылық шеберлігін арттырады. Жапсырма өнері оқушы-ларды үнемділікке, ұқыптылыққа, әсемдікті қолдан жасауға, әдемілікті сүйе білуге тәрбиелейді.

Жапсырма өнері қазіргі кезде сәндік интерьер ретінде қолданамыз.
Сурет салумен, мүсіндеумен, аппликациялаумен айналыса отырып, балалар түрлі материалдарды (қағаз, бояу, балшық, бор т.б.) біледі, олардың қасиеттерімен, әсерлеу мүмкіншілігімен танысады, олармен жұмыс істеу дағдыларына ие болады. Балалар сондай-ақ адамдардың іс-әрекеттеріндегі кейбір құралдармен жұмыс істеу тәжірибесін үйренеді. Ал осы әрекеттерді меңгеру балалардың ақыл-ойының дамуына септігін тигізетіні белгілі. Қазіргі кезде бейнелеу іс-әрекетін үйрену талдау, синтездеу, салыстыру, жалпылау сияқты ойды қажет ететін операцияларды қалыптастырмайынша мүмкін емес. Бақылаулар процесінде, бейнелеу алдында заттарды және оның бөлшектерінің формасын, көлемін, заттағы бөлшектерінің орналасуын, түр-түсін бөліп ала білуге үйретеді. Сонымен қоршаған дүниедегі заттарды формасы жағынан бірнеше топтарға біріктіруге болады (дөңгелек формалы, тік бұрышты және т.б. заттар). Формасы жағынан заттардың ұқсастығы негізінде суреттегі, мүсіндеудегі бейнелеу әдістерінің ортақтығы пайда болады. Мысалы алманы, жемісті, жаңғақты немесе балапанды жасау үшін (дөңгелек формалы заттар) балшық кесегін айналма қозғалыспен илеу керек. Тәрбиешінің басшылығымен балалар заттарды талдау қабілетіне бірте-бірте ие болады. Талдау қабілеттілігі неғұрлым жалпылама және қарадүрсін айырудан нәзік айыруға дейін дамиды. Сурет салу, мүсіндеу, аппликациялау және конструкциялау сабақтарында балалардың тілі дамиды: формалардың, түр-түстердің және олардың реңктерінің, кеңістік белгілерінің аттарын үйрену сөздік қорының баюына септігін тигізеді; заттар мен құбылыстарды бақылау процесінде, құрылыстарды зерттеу кезінде, сондай-ақ иллюстрацияларды, суретшілердің картиналарын репродукцияларды көру кезінде өз пікірін айтуы сөз байланысынң қалыптасуына жағымды ықпал етеді. Педагог сондай-ақ тапсырмаларды, оның орныдалу ретін түсіндіруге балаларды белсенді араластырады.

Біз жұмысымызды киізден және мата қалдықтарынан жасауды жөн көрдік. Қазіргі киіз өнеріне келетін болсақ, жаңа сұраныстардың салдарынан қолдануы және жасалу технологиясы жағынан көптеген өзгерістерге түскен. Бұл мәселе киіз өнерінің бүкіл әлемдік ассоциясының 2004 жылдың 12-24 тамыз аралығында Венгер елінде өткен симпозиумында қаралды. Бұл симпозиумға Орта Азия және Қазақстан суретшілері алғашқы рет қатысты. Осыдан жиырма жыл бұрын бүкіл әлемнің киіз өнері суретшілерін біріктірген Ұлыбританиялық 76 жастағы Марин Буркет осында болды. Жыл сайын әр елде өткізілетін бұл кездесуде өнер шеберлері шеберлік үлгісін жүргізіп, жаңа технологияларымен танысып, киіз өнерініѕ көрмесін ұйымдастырады. Мал шаруашылығы дамыған Жапон елінің өзінде осы өнерді кәсіп еткен суретшілер көп. Солардың бірі Джори Джонсон. Киіз өнері ассоциясының әрбір елде жауапты суретшілері бар.

Швейцарияда, Венгрияда, Будапештте сәндік қолөнер және арнайы киіз өнері музейі бар. Киіз өнері осы елдерде бала-башаларда ойыншық жасаудан бастап үйретіледі.Швейцарияның қатынастарды дамыту агенттігінің Орта Азиядағы Тау программасы шетелдерден киіз өнерінің суретшілерін арнайы шақырып семинарлар өткізуде. Бұл ауыл әйелдерінің қолдарында бар материал жүннен әртүрлі бұйымдар жасаудың технологиясын меңгеріп, табыс табуына мүмкіндік жасау мақсатында болып отыр. Осындай семинарлардың бірі 2002 жылдың 1-10 тамыз аралығында Қырғызстанда өтті. Дәстүрлі өнеріміздің күнделікті тұрмыста қолданылатын саласымен қатар, жоғарғы деңгейдегі шығармашылық киіз картиналары өз дәрежесінде бағаланып, көпшіліктің сұранысына ие болатындығын Венгриядағы симпозиум дәлелдегендей.

Киіз келешектің өнері деген сөз жиі айтылады.Бүкіл дүние жүзі халқы қазақ колөнеріне қызығып жатса, неге бізге өз ата кәсібімізді үйренбеске. Халыќтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырады. Ата кәсіпті қайта дамыту, ата мұраны қалыптастыру, мәдени дамуымызға үлес қосу деп білеміз.
Жалпы жапсырма (аппликация) өнерін зерттеу барысында оның түрлері, жасалу жолдары айтылған. Адам, қоғам үшін жапсырма өнерінің жасалуын зерттей келе, қолөнер байлығымыз екенін білдік. Сол себепті жапсырма өнері арқылы біз осы жұмысты ары қарай жалғастыру өзіміздің міндетіміз деп зерттеп, оны ары қарай, жасалуын дамыту, түрлендіру керек екенін іздестіреміз деген жоспардамыз.

  Біздің заманымыз ғылым мен техниканың шыңына жеткен заманы деп біз жоғарыда атап өткен болатынбыз. Әр заманның ғылым саласынан адамға қоярлық өзінше талаптары бар.

Біз өмір сүріп жатқан заманның адамға қоятын талабы ретінде «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қазақ халқының көнеден келе жатқан мақалын алғым келіп отыр. Себебі, бүгін алға шабам дегендер, білімнің бұлағынан нәр алуы, ғылымның әр саласынан хабардар болу керек. Жан-жақты ақпараттандырылған адам өмірде өз жолын тауып, мақсаттарына жете біледі. Бірақ білім-ғылым деп, тәрбиені тыс қалдыруға болмайды. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдеріне қойылатын талап – баланы оқыта отырып тәрбиелеу. Осы принципті басшылыққа алған ұстаз оқушысын білімді, өнегелі әрі мәдениетті етіп шығарады. Осы айтылғандардың барлығын меңгерген оқушы творчество, техника т.б. салаларында жан-жақты дамиды.
  Қазір мектеп бітіруші жастарды техниканы меңгеріп, оның тетіктерін жетік білетін етіп тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Адам баласы қандай бағытқа бейім болсын, ең алдымен оның шығармашылығының деңгейі биікте болу керек. Ал шығармашылық кез-келген ғылымның саласын меңгеру барысында дамиды. Сол сияқты техникалық еңбек сабағында балаларға заманымызға сай білім бере отырып, шығармашылық және жеке қасиеттерін дамытудың мәні зор.
  Осы бағыттағы істер 1-сыныптан басталуы керек. Еңбекке баулудың алғашқы күндерінен жүйелі білім беруді, олардың ой-өрісін дамытуды, тапсырмаларды орындау жоспары мен жұмысқа қажетті материалды таңдап алатындай етіп ұйымдастыру керек. Олар қарапайым нәрселерді құрастырудан бастап, біртіндеп күрделі өмірде жиі кездесетін машиналарды ажырата білуге үйренеді. Оқу жылының екінші жартысынан бастап, математика сабақтарында кесінділерді және геометриялық фигураларды жолсыз ақ қағазға сызғызу жүргізіледі. Мұғалімнің өзі жасаған кестесі не тақтаға сызған бұйымы мен оның құрылысының бейнесі сызба түрінде берілуі керек. Осы сызба бойынша олар орындалатын бұйымның құрылысын аңғаруға үйренеді. Сонан кейін бұйымның сызбасы және үлгісі, не техникалық суреті салыстырылып, орындалатын жұмыс операциясы белгіленеді. Оқушылар сызбамен жұмыс істеуден бұрын, сызбада берілген бүктеу, кесу, жалғау сиқты шартты белгілерді оқи алу білуге үйрету керек. Оқушылар негізінен бұйымдар мен жұмыстарды үлгі және дайын сызба, нұсқау бойынша белгілі жоспармен үйренеді.
 Сызбаны оқу және белгілеу – еңбекке баулу сабағында орындалатын операцияларды алдын ала жоспарлау барысының алғы шарты. Сызба оқылып белгіленгеннен соң, олар жоспарда көрсетілген жұмыстарды орындауға кіріседі. Егер берілген тапсырма бір сағатта орындалатын болса, алғашқы сабақ сызбаны оқуға, белгілеуге арналады. Қалған уақыт материалды өңдеуге, бөлшектерді дайындауға, құрастыруға, әшекейлеуге жұмсалып, оның орындалуын тексеруге бөлінеді. Олар белгілеу тәртібін дұрыс жоспарлап, жете түсінсе ғана еңбек операциялары ойдағыдай орындалады.
  Қажетті сызықты жүргізу қарындаштың дұрыс ұшталуына байланысты. Қарындаш кедір-бұдырсыз, теп-тегіс ұшталуы қажет. Сонда жүргізілген сызық дұрыс болып шығады. Түзу сызық сызғанда, қарындашты жылжытатын бағытына қарай аздап көлбете ұстап, үлгінің не сызғыштың қырына тақап сызады. Сызу үшін қалыңырақ ағаш сызғыш, өлшеу үшін металл сызғыш пайдаланылады.
  Шеңбер циркульмен сызылады. 1-сынып оқушылары балалар бақшасынан алған дағдылары негізінде мұғалімнің айтқаны, тақтаға сызғандары бойынша жұмыс істеп, шеберлікке үйренеді. Циркульмен дөңгелектер сызып, оларды тең бөліктерге бөлуге төселеді. Оқушылар 1-сыныптан бастап, жоспарлаудың алғашқы элементтерін, графикалық бейнелеуді, сызбаны оқуды және белгілеуді, фигураларды салудың алғашқы элементтерін, сызу жабдықтарымен жұмыс істеуді, сызу тақтасын, қағазды тақтаға дұрыс бекітуді, көмекші сызықтар жүргізуді, қағаздың бүктелетін, кесілетін жерлерін сызықтар арқылы белгілеуді үйренеді.
  Жұмыстың ойдағыдай орындалуы үшін 1-сынып оқушыларын өздерін-өздері бақылай білуге үйрету керек. Өзін-өзі бақылау – дайындық кезеңі, негізгі кезең және қорытынды кезең болып бөлінеді. Олар дайындық кензеңінде жұмыс орнын әзірлейді. Бұл жерде тексеріп бақылау іске асырылады. Мұғалім осы кезеңде балалардың назарын материалды зер сала қарап, аспаптардың жұмысқа жарамдығын анықтай білуге аударады.
 Оқушыларды, өз жұмыстарын бақылай білуге үйретудің мақсаты – сынап көруге және жіберген қатесін аңғарып, кемшілігін анықтай білуге үйрету, сонда олар жұмыстың я дұрыс я бұрыс орындалғанын байқайды. Сонан соң жұмысты әрі қарай жалғастыру керек пе, жоқ па, соны біледі.
  Модель жасау үшін оқушылар материалдар мен аспаптардың қасиеттерін, модельдер технологиясын және олардың атқаратын қызметін жақсы білу керек. Ол жұмыстарды мұғалімнің бақылауымен, көптеген қайталаулардың нәтижесінде меңгереді, соған дайындалады.
 Балалар мұғалімнің тапсыруы бойынша кептірген өсімдіктердің және басқа да өздерінің назарын аударған әр түрлі табиғи материалдарды алып келеді. Бұл материалдар балаларды мектеп төңірегіндегі жергілікті жердің табиғатымен нақты таныстыруға көмектеседі.
  Мұғалімнің міндеті – бұл материалдарды балалармен бірлесе отырып жүйеге келтіру, мектепке сақтау үшін іріктеп алу. Бұл міндет алғашқы еңбек сабағында орындалуға тиіс. Әр түрлі материалдарды сақтауға папкалар және қорапшалар керек. Сондықтан балаларды сызба, оқу құралдарын, басқа да бұйымдарды салып қоюға арналған қорапшалар, сауыттар жасауға арнап қағаз түтікшелер шиыршықтау әдістеріне үйрету керек.
 Бұйымдар жасау үшін әуелі табиғи материалдардың түрлі ерекшеліктерін білу қажет. Мысалы, үлкендігі, пішіні, түсі, қаттылығы, өңдеуге болатындығы, желімделуі т.с.с.
  Іскерлік пен дағдылардың белгілі бір жүйесін қалыптастыру үшін бұйымдар өз ретімен жасалуға тиісті. Мұғалімнің белгілі бір бұйымдардың орнына қиындығы бірдей сол тәрізді бұйымдар жасатуына болады.
 Қағаз және қатырма қағаздан сан алуан ойыншықтар жасатып үйрету жұмыстарындағы ерекше мән беруге тиіс жұмыс – балаларға шырша ойыншықтарын жасауды үйрету. Мұнда пайдаланылатын басты материалдар: қатырма қағаз, ақ қағаз, түрлі түсті қағаздар, әр түсті бояулар, желім т.б.
  Жаңа жылда ұйымдастырылатын шыршаларды безендіретін ойыншықтардың өздері-ақ жасап алады. Ойыншықтарын өздері жасамаған, өздері әшекейлеп безендірмеген шырша балалр үшін онша қызықты болмайды. Бүкіл сынып ұжымшылдыққа, еңбек үстіндегі жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиеленеді, олардың шеберлігін, көркемдік-әсемдік талғамдарын дамытуға игі әсерін тигізеді.
  Шыршаға арнап қандай ойыншықтар жасату, оны қалай әсемдеу әр мұғалімнің шеберлігі мен талғамына байланысты. Дегенмен, қатырма қағаздан, қағаздан т.б. материалдардан келістіріп жасалған алуан түрлі ойыншықтар, түрлі түсті қағаз тіліктерінен жасалған алуан түрлі шығыршықтар тізбегі, үш бұрыштап, төрт бұрыштап, дөңгелектеп, қошқар мүйіздеп т.б. қиылған алуан түсті қағаз қиындыларынан тізбектер, түрлі түсті басқа да ленталар, қатты қағаздан жасалған әр түрлі фигуралар, түрлі жеміс макеттері, безендірулер шыршаны барынша әсемдей түседі.
  Аналар мерекесі – 8 наурыз еңбек сабақтарындағы жұмыстардың біраз түрлеріне тақырып бола алатыны мәлім.
 Балалар еңбек сабағында 8 наурыз мерекесі күні аналарына, апаларына сыйлайтын түрлі бұйымдар жасай алады. Бұл үшін мұғалім тарапынан оларға тиісті ақыл-кеңес берілуі керек. Мұндай жұмыстарда көбіне қағаз, қатырма қағаз, мата т.б. материалдар пайдаланылады. Бұл материалдардан кішігірім бұйымдар дайындауға болады. Мерекелердің еңбек сабағына негіз болуының ұтымдылығы – балалар жасап жатқан бұйымдарын аса бір қызығушылықпен, махаббатпен, сүйіспеншілікпен жасайды. Мысалы, жоғары да аталып өткен 8-наурыз мерекесін алайық. Оқушы анасы, апасы және ұстазына өз қолынан сыйлық жасап беруге асығады. Сыйлықты жасау барысында баланың ойына әр-түрлі идеялар келеді және бала оны жүзеге асыруға тырысады. Тіпті кейбір балалар гүл жасаймын деп, өзі гүлдің бір түрін ойлап табуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ата-аналар, ұстаздар тарапынан тәрбиелеудің ынталандыру, мадақтау әдстері іске асып отырғаны жөн. Үлкендердің марапатына ие болған баланың қызығушылығы, еңбекке деген талпынысы арта түседі. Сонымен қатар баланың кемшіліктерін де айтып отыру керек. Кемшіліктерін көре білген бала, болашақта кемшіліктерді, қателіктерді болдырмауға тырысады және өз кемшіліктерін өзі мойындай алатын болады. Яғни, шығармашылықты дамыта отырып тәрбиелеу кезінде баланың жеке қасиеттері дамиды.
  Аталған жұмыстарды өңдеу, әр түрлі бұйымдарды жасау барысында баланың эстетикалық талғамы, кеңістіктегі түрлі құбылыстарға деген көзқарастары дамып, эстетикалық және патриоттық тәрбие беруде үлкен әсерін тигізеді. Бұған дәлел ол экскурсия кезінде, туған еліміздің табиғатына сүйсінеді, оны мақтан тұтып, аялай қарайды.
 

Олар сабаққа керекті табиғи материалдарды жинағанда, өсіп тұрған өсімдіктердің бұтағын сындырмай, жапырағын, піспеген жеміс-жиегін орынсыз жұлмау, тек жерге түскен түсті жапырақтарды, жемістерді жинауға

болатындығын түсіндірулері керек.



Сабақтың тақырыбы: «Қағаздан гүл жасау»

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту. Көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты: Ұқыптылыққа, өз өз орнының тазалығын, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау әдісінің үш кезеңін қолдану, қызығушылықты ояту, мағынаны таныту, ой-толғаныс.

Сабақтың көрнекілігі: Гүлдер, мақал-мәтелдер, үлгі, 20 дана мәтін үлгісі.

Керекті құралдар: Түрлі – түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш т.б.

Пән аралық байланыс: Дүниетану, сурет.

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі.

Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жаңа сабақ: «Қағаздан гүл жасау»

  1. Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, қазір біз түрлі-түсті қағаздан гүл жасаймыз. Әрқайсымыз гүлдер туралы не білеміз, гүл сөзін естігенде ойымызға не келеді, соны айтайық. (Қуаныш көтеріңкі көңіл күй, туған күн, аналар мерекесі, сұлулық, қызыл-жасыл түстер, той-мерекелер)

Жұппен жұмыс.

  1. Қандай гүлдердің атын білесіңдер?

  2. Гүлдердің өсетін орындарын айт.

  3. Гүлдер қалай көбейеді?

  4. Гүлдер немен қоректенеді? Т.б. сұрақтар төңірегінде көршіңнің не білетінін сұрап ой бөлісіңдер.

Тақтаға гүл жайында не білетінімізді жайында не білетінімізді жазайық. (Оқушылар өз ойларын айтады). Ойымызды тізбектеп жазып шықтық.

ІІ. Мағынаны тану (түсіне білу)

Мәтін оқушыларға таратылып беріледі.

Лалагүл жасау

Жабайы түрде тек Қазақстанның оңтүстігінде және Өзбекстан мен Қырғызстанмен шектесетін жерлерінде өссе де, әлемге таныс. Бұл гүл сәуірдің басынан маусымның басына дейін гүлдейді. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген, сөйте тұра әлі де базарларда және темір жол станцияларында жиі гүл шоқтары сатылады. Бұл гүлді жинауға, пиязшықтарын қазуға тыйым салынған. Ол қолда жақсы өседі. Пиязшығының құрамында қант бар, бұрын тағамға пайдаланған. Бұны халық медицинасында бас және өкпе ауруларына қарсы ем

ретінде пайдаланған.

Топпен жұмыс. (топқа тапсырмалар)

І топ. «Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі» - деген мақалдан не аңғардыңдар?

ІІ топ. Мына гүлге сипаттама жаса.

ІІІ топ. Үлкендерге қызды неліктен «Гүлім» дейтінін түсініп көріндер.

ІV топ. Жұмбақ.

Ақ күлгін шөп тұр өсіп,

Қарсы ап дәйім таң нұрын. Шешуі: тау гүлі.

  • Балалар, енді біз оқулықта берілген гүл жасаудың ретін басшылыққа ала отырып, гүл құрылысын қарастырамыз. Гүл құрылысын жүйелі жасап шығу үшін жасалу технологиясын 4 кезеңге бөліп, 4 түрлі жұмыс жасаймыз.

  1. Гүл басы (қызыл қағаздан)

  2. Гүл ұрығы (пиязшылық)

  3. Сабағы (жасыл қағаздан)

  4. Жапырағы (жасыл қағаздан)

Жасалған жұмыс топтастырылып, сабаққа жапырағы, гүл, гүл ұрығы желіммен жапсырылады. Әр оқушының ұтымды шығармашылығына, жұмыс жасау қабілетіне қарай бағаланады.

Ой-толғаныс бағдарламасының үшінші кезеңі «Венн» диаграммасы.

Сабақты қорыту, пысықтау.

Қалалық техникалық шығармашылық орталығы жыл сайын бастапқы-техникалық үлгілеуден Ақтөбе қаласы мектеп оқушылары арасында байқау өткізеді. 2015-2016 оқу жылында «Саяжай телімі» атты қалалық байқау өткізді.

Байқау қатысушылары еңбек сабақтарында, немесе БТМ үйірме жұмыстарында қағаздан жасалған макеттерді ұсынды. Қалдық тастама және табиғи материалдардан жасалған макеттер. Қалалық байқауда 35 қала мектептерінен 35 оқушылар қатысты. 1 орынды-№29 ОМ, 2 орынды- №32 ОМ, 3 орынды-№ 51 ОМГ жеңіп алды.

Байқаудың тапсырмалары: көрме (үй тапсырмасы), өз жұмысын ұсыну және практикалық жұмыс. Байқау қатысушыларының жұмыстары





















ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:


  1. Мектептегі технология№ 11-12- 2015 ж.

  2. Е.Стольная «Бисерден жасалған ағашпен гүлдер»- МАРТИН-2006 ж.

  3. Т.Ткаченко, К.Стародуб «Бисермен жұмыс»- Феникс, 2006 ж.

  4. «Бастауыштарға арналған гүлдер» Москва, «Дрофа-Плюс»-2008 ж.

  5. Балалардың техникалық шығармашылық. П.А. Андрианов-1986 ж.

  6. Мектептегі декоративті-қолданбалы өнер- А.С Хворостов-1988 ж.

  7. Мектеп алдындағы балаларға техникалық шығармашылығын дамыту- М.А. Галагузова-1990 ж.

  8. «Мектептегі технология» № 10- 2015 ж.

  9. «Мектептегі технология» №3-2016 ж.

  10. «Еңбекке баулу» Мәскеу- 1997 ж.

  11. «Мектеп» журналы- №11- 2015 ж.

  12. Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы.





















.

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Бастапқы-техникалық үлгілеу"

Автор: Қайралапова Жайнагүл Нагиевна

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 385988


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства