kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала т?рбиесі-жауапты іс

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                Бала т?рбиесі - жауапты іс


Отбасы - адамзат ?о?амыны? е? ша?ын бейнесі. Д?ниеге келген с?биді т?ндік жа?ынан дамуды ?амтамасыз етіп, ?мір бойы рухани жа?ынан жетілдіріп, оны т?л?а ретінде ?алыптастырады. Отбасы т?рбиесі ?о?амда?ы ?згерістермен ты?ыз байланысты. Баланы? отбасында?ы т?л?алы? ?асиетін жетілдіретін жа?дайды? бірі - отбасы ішілік ж?не отбасынан тыс?ары ат?арылатын е?бек. Отбасында?ы к?нделікті т?рмыс ?ажеттігін ?амтамасыз етуден туындайтын е?бек баланы ?леуметтік ?атынас?а т?сіріп, оны ересек ?мірге т?рбиелейді. Сондай е?бекті? барысында баланы? жауапкершілігі артып, е?бек ету ?ажеттігін т?сінеді. А. С Макаренко «Ата - аналар?а арнал?ан кітабында» «Бала т?рбиесінде сізді? іс ?имылы?ызды? ?зі шешуші р?л ат?арады. Сіз т?рбиені с?з ар?ылы немесе ?йрету, б?йыру ар?ылы іске асырамын деп ойлама?ыз. Т?рбие ?мірді? ?р с?тінде іске асады. Т?рбие сізді? ?алай киінетіні?із, с?йлейтіні?із, ?алай к?лгені?із, осы іс ?рекетті? барлы?ы бала ?шін ?те ма?ызды. Ал отбасында сіз д?рекілік к?рсетіп, ж?байы?ызды ж?бірлесе?із осы ісі?ізбен сіз бала?а жаман т?рбие бересіз», - дейді. Жа?сы перзент ата - ана ?олында?ы аманаты. Отбасында баланы? жан д?ниесін рухани п?ктігіне т?рбиелеген абзал. Отбасында ата - ананы? ы?ыласына б?леніп, т?рбие к?ріп ?скен бала балаба?шада да мектепте де ?з ісіне жауап бере алады. 
?лт т?рбиесі - ?лт болаша?ы. Егеменді елімізді? ерте?гі болаша?ы жас ?рпа? т?рбиесі. Білімді денсаулы?ы мы?ты азамат ?сіру ?шін, мектеп болып ынтыма?тасып та ат салысуымыз ?ажет. Кейін опы? жеп барма? тістемеу ?шін баланы ?аршадайынан д?рыс т?рбиелеуге, бала ба?ытыны? шынайы ба?баны болу?а атсалыс?ан ж?н. Бала ба?ытыны? кепілі - ата – ананы? ?негелі т?рбиесінде.

Баланы жан?яда д?рыс т?рбиелеу, оны? мектепте жа?сы о?уына, болаша?та жа?сы азамат болып шы?уына ?лкен ы?палын тигізеді. ?йде балаларды жазу сызу?а, ауызша есепке машы?тандыру, олар?а ?ызы?ты ??гімелер айтып беру сия?ты істермен ?оса оларды бір мезгіл ?й шаруасымен айналыстырып отырса, бала ?шін оны? ма?ызы зор. Б?л ретте бала біріншіден білімге ??штар болса, екіншіден ол е?бекке да?дыланады. Ал е?бек пен білім егіз екенін естен шы?армауымыз керек. Жас жеткіншекке жан?яда д?рыс т?рбие берілсе, болаша?та одан ?лкен н?тиже к?туге болады. Д?рыс т?рбие ал?ан бала ата - анасын ?уантып отырады. Бала?а д?рыс т?рбие беруді? ?зекті бір саласы жас жеткіншекті е?бекке деген ?леуметтік к?з?арасын ?алыптастыру болып табылады. Б?ны тек м??алімдер ?ана емес ?рбір ата - ана ?ол?а алып, ?з балаларыны? г?л, а?аш егіп, ауланы к?галдандыру сия?ты игілікті іске ?атысуын ?ада?алап отыруы керек. Сонда ?ана е?бекс?йгіштік ?асиет берік да?ды?а айналады. Елімізді? болаша?ы - ерте?гі т?ртіпті де т?рбиелі ?рпа? екені даусыз. Сол т?ртіпті, т?рбиелі ?рпа? ?сіру - барша?а орта?, ?рі міндет. ??рметті ата - аналар, балалары?ызды? бойынан жат ?ылы? к?рсе?іздер, м??алімдерді жолдастарын, ?о?амды кіналаудан г?рі, «мен баламды т?рбиелеуде ?ай жерінен а?атты? кетті, баламны? бойына жа?сы ?дет сі?іруде, жа?сы т?рбие беруде ?ай жерден жа?ылдым» деген ой т?йсе?іздер екен. Т?рбиені? от басынан басталатыны с?зсіз. К?нделікті « беті ?олы?ды жу, тісі?ді тазала, ?тірік айтпа, біреуді? затын р??сатсыз алма т. б» деген сия?ты с?здерді айту?а же?іл бол?анмен, осы с?здерді? т?рбиелік м?ні зор екенін естен шы?армау керек. Осыдан бала тазалы??а, шыншылды??а, ??ыптылы??а ?йренеді. Адам баласыны? шыр етіп ?мірге келгенде к?ретіні ата - ана, ал ата - ана ?міріні? жал?асы - бала. ?міріні? жал?асы баласыны? керемет ?алым болмаса да, т?рбиелі ?лгілі, а?ылды кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып ?суін ата – ана ?ада?алайды. «Т?рбие басы тал бесік», «?яда не к?рсе?, ?ш?анда соны ілерсі?» деп айтыл?ан дана с?здер текке айтылмаса керек. Баланы т?рбиелеуде ата – ананы? бір – біріне деген ?арым - ?атынасы, ?алай с?йлесетіндігі, ту?ан – туыспен, к?рші - к?леммен ?алай араласатынды?ы, келген ?она?ты ?алай сыйлайтыны, тіпті ?са?-т?йек болса да ?алай тама?танатыны, дастархан басында?ы ?дептілігі, ?алай киінетіні б?ны? барлы?ы бала?а ?сер етеді. Бала ?лкенге ?арап ?седі. Баланы ?немі ?рып - со?ып, ?ателескен жерінде ?ата? жазалап т?рбиелеуді? ?ажеті жо?. А?ылмен, мысал келтіре отырып т?сіндіру керек. 

Баланы адамгершілікке, ?арапайымдылы??а, жа?сы ?детке, ?демілікке, ?дептілікке ??ыптылы??а, жауапкершілікке с?збен жеткізе отырып т?рбиелеуге болады. «Жа?сы с?з жан азы?ы» деп бекер айтылмаса керек. ?ай заман, ?ай ?о?амда болмасын адамзат баласы жас ?рпа? т?рбиесіне зор м?н беріп келген. ?ркениет жолында ал?а ?мтыл?ан ?лт, е? алдымен жастар?а о?у білім беру ісін д?рыс жол?а ?оюы тиіс. Сонды?тан да Елбасымыз XXI ?асырды білім жарысы ?асыры деп атап отыр. Т?рбиені? ма?саты п?нді керемет ме?герген о?ушы т?рбиелеу емес, е? бастысы Адамды т?рбиелеу. Б?гінгі к?ні біз – ?лем хал?ы, бір кісідей жа?а д?уір, жа?а ?асыр - жа?а мы?жылды??а ая? басып отырмыз. Ш?к?рімні?: «Адамны? жа?сы ?мір с?руіне ?ш сапа негіз бола алады, олар барлы?ынан басым болатын адал е?бек, мінсіз а?ыл, таза ж?рек. Б?л саналар адамды д?ниеге келген к?ннен бастап т?рбиелейді»- деген с?зі бар. Адамгершілікке т?рбиелеу ісі білім берумен ?ана шектелмейді. Б?л баланы? сезіміне ?сер ету ар?ылы ішкі д?ниесін оятуды? н?тижесінде оны? д?ниетанымын ?алыптастырады.
Ана - тіліні? та?дыры отбасынан басталады. Рухани байлы? д?ниетаным, 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала т?рбиесі-жауапты іс»

Бала тәрбиесі - жауапты іс


Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінеді. А. С Макаренко «Ата - аналарға арналған кітабында» «Бала тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», - дейді. Жақсы перзент ата - ана қолындағы аманаты. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Отбасында ата - ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да мектепте де өз ісіне жауап бере алады. 
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде.

Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. Жас жеткіншекке жанұяда дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен нәтиже күтуге болады. Дұрыс тәрбие алған бала ата - анасын қуантып отырады. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек мұғалімдер ғана емес әрбір ата - ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, ауланы көгалдандыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыруы керек. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Еліміздің болашағы - ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет. Құрметті ата - аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, мұғалімдерді жолдастарын, қоғамды кіналаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен. Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті « беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т. б» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата - ана, ал ата - ана өмірінің жалғасы - бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі үлгілі, ақылды кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата – ана қадағалайды. «Тәрбие басы тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата – ананың бір – біріне деген қарым - қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші - көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек. 

Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы Адамды тәрбиелеу. Бүгінгі күні біз – әлем халқы, бір кісідей жаңа дәуір, жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»- деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
Ана - тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан осы түсініктерді ана - тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз. Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына, арманына бағалаған. Сондықтан да халқымыз «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар» деп асыл сөзін арнаған.
Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата – аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата – аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата – ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс - әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады. Күн ырғақ – бұл өмір тәртібі. Ал бала өз міндетін қашан да орындауға тырысады. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін - өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез – құлықтарды байқайды. Сондықтан ата – ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап бала жан дүниесіне оң әсер ететін іс - әрекеттерді дағдыға айналдыру керек.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.
Баланы мектепке апарып алып қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады.

Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бала т?рбиесі-жауапты іс

Автор: Эрднэбат Аманжан

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279916


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства