Просмотр содержимого документа
«"Бала т?рбиесі -ата-ана борышы" Баяндама»
«Бала тәрбиесі - ата-ана борышы»
(Баяндама)
«Ұлтынды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле,
рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле»
Платон.
Қай заман, қай қоғам болсын, бала тәрбиесі басты мәселе болып келеді. Қазіргі замандағы басты мақсаттарымыздың бірі жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Бала десе елжіреп, еміренбес жүрек болар ма? Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-аналардың атқаратын қызметі зор. Баланы құр айналмай, оны бесіктен тәрбиелеу қажет.
Тәрбие отбасынан, ата-анадан басталатыны белгілі. Қазақта мынадай сөз бар: «Әке асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ». Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады.
Ата-ананың өміріндегі ең үлкен қуаныш –бала сүю. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, көзқарас-тарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата-аналар күнделікті өмірде балаларының мінез –құлқына қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударады, тәрбие үрдісіне теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата-ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Адам өз ортасына қарап өсетіні белгілі.
«Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады»,- деп текке айтылмаған.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»- деп те бекер айтылмаған. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керектігін, өзін –өзі қалай ұстай білу керектігін, жағымды, жағымсыз мінез –құлықтарды байқайды. Сондықтан, ата-ана балаға үніле қарап, үнемі бақылап, зерттеу жағдайын ескеріп отыруы тиіс. Соңғы уақытта ата-ана өз міндетін орындау барысында жіберілген кемшілігін қоғамға, білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерге арта бастады.
Ата-ана үлгісінің әлсіреуімен жастар арасындағы адамгершілік, ізгілік, мейірім, ар-ұят, қанағат, намыс секілді құндылықтардың бағаланбауы етек алуда. Педагог А.Макаренко: «Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің жеке мінез –құлқыңызды тексеріңіз, ата –аналардың өздеріңе талап қойып, өз отбасын қадірлей білу, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы –тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» деген.
Ата Заңымызға сүйенсек «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген. Балаға керегі тек тамақ пен киім емес, балаға ең қажетті - сүйіспеншілік, мейірімділік, жүрек жылуы.
Ал балаға отбасындағы мейірімділік жетіспесе, ол кейін қылмыс жолына түсуі де мүмкін. Баланың мінезін, жалпы деңгейін, ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілік қасиеттерінің қалытастыруына не нәрсе қажет екенін әрбір ата-ана білуге міндетті. «Сіздің балаңыз қалай өмір сүреді, неге қызығады, нені сүйеді, нені қажет етеді ең алдымен сіз осыны білуіңіз керек. Ата –ананың тәлімімен, өнегесімен ештеңе теңесе алмайды.