Просмотр содержимого документа
«Балаба?шада т?рбиеленушілерді? ойлау ж?не с?йлеу ?абілеттерін дамыту жолдары.»
Алматы облысы
Балқаш ауданы
Ақдала ауылы
«Балауса» балалар бақшасы
«Үміт» ортаңғы топ тәрбиешісі
Тукубаева Салтанат Маликовна
Балабақшада тәрбиеленушілердің ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту жолдары.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жітіліп, кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз елінің жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады» деп көрсетілгендей – ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күшбіліде. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі ұрпақ. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, еркін, сауатты, жүйелі сөйлеуін, ұшқыр ойлауын дамыту, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай балабақшада тәрбиелеп, оқытудың басты құралы – бағдарлама жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнынан елеулі өзгерістер енгізіліп отыр. жаңа бағдаралама да мектепке дейінгі кезеңде баланың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмірге қажетті білім дағдыларды меңгерту, ой еңбегіне баулып, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге үйрету өзекті мақсат етіп алынған. Ақыл-ойды жетілдірудің негізі болып табылатын баланың тілін, сөздік қорын молайты, еркін, дұрыс сөйлей білуге үйрету де негізгі нысана болуы керек. Әрине, бұл талаптар тәрбиелеу жұмысындағы сабақтастылық, бірізділік принципін сақтау арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі дүниенің күн санап тез өсуі білім беруге деген талапты күшейте түсуде. Жаңа идеялар білім беруге жаңаша көзқарас, кәсіби біліктілік біздің бұрынғыдан да жаңа жоғары сатыға көтерілгеніміздің белгісі. Міне, мұның бәріне қол жеткізуде әр тәрбиешінің шығармашылығы, жұмыс істеуі ерекше болып саналады. Бүгінгі күні аудандық семинарда алынып отырған негізгі тақырып баланың ойлауы мен сөйлеуін жетілдіру бағытында болғандықтан, мен өз тәжірибемнен мысалдар келтіре отырып сөйлесем деп отырмын. Мен «Қатынас» білім беру саласындағы тіл дамыту оқу іс-әрекетінде «Бау-башада,бақтарда» тақырыбы бойынша балаларды қалай ойлауға жетелеп, өз ойын сөздермен жүргізуге жұмыс істегенімді таныстырсам. Мұндағы мақсатым: «Балалардың сөздік қорын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру». Ұйымдастыру-оятушылық кезеңінде шаттық шеңбері жүргізіліп жаңа тақырып төңірегінде балаларға сұрақтар қойылды. Әрине, балалардың анық сөйлеуі және толық жауап беруі басты назарда болуы керек. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын біртіндеп жетілетін процесс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы жанұядан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілу тиіс.