kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Балаба?шада?ы ?дістемелік ж?мыстарды ?йымдастыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаба?шада ?дістемелік ж?мыстарды ?йымдастыру ар?ылы т?рбиешілерді? шеберлігін 
шы?дау.


?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейінгі білімді дамыту т?жырымдамасында «Мектепке дейінгі т?рбие – ?здіксіз білім беруді? ал?аш?ы сатысы. Ол баланы? жеке бас ерекшілігін ескере отырып дамытатын орталы?»[1] делінген.
Білім беру ж?йесіні? ал?аш?ы баспалда?ы мектепке дейінгі т?рбие ?йымы бол?анды?тан т?рбиешілерге м?дениетті, білімді, белсенді жеке т?л?а т?рбиелеу міндеті ж?ктеледі. ?лемдік білім ке?істігінде мектепке дейінгі педагогикалы? м?селелерін шешуде т?рбиелеу мен білім беруді? жа?аша жетілдірілген ?діс-т?сілдерін іздестіру, ?немі жа?алы??а жол ашу ба?ыттары ?арастырылуда. Сонды?тан да ?азіргі кезде болып жат?ан тарихи – ?леуметтік ?згерістер, ?ылымда?ы жа?алы?тар б?гінгі ?рпа? т?рбиесіне, оны? ішінде, мектепке дейінгі жаста?ы с?билерді? дамуына, т?рбиелеуіне жа?аша к?з?араспен ?арауды ?ажет етеді.
Демек, бізді? ?о?амда, б?гінгі та?да жас с?биді? ?мірін толы??анды ?йымдастыру ?шін балаба?шаны? орны ерекше. Міне, осындай жеке т?л?аны ?алыптастыруда ма?сат?а жеткізетін сара жолды? бірі жа?аша балаба?шада о?у-т?рбие ж?мысын ?йымдастырып ж?ргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ?ылымында жиі пайдалана баста?ан жа?а ?йымдарды? бірі- инновациямен байланысты.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Балаба?шада?ы ?дістемелік ж?мыстарды ?йымдастыру" »

Балабақшадағы әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру


Балабақшада әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы тәрбиешілердің шеберлігін 
шыңдау.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшілігін ескере отырып дамытатын орталық»[1] делінген.
Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Сондықтан да қазіргі кезде болып жатқан тарихи – әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Демек, біздің қоғамда, бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның орны ерекше. Міне, осындай жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін сара жолдың бірі жаңаша балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұйымдардың бірі- инновациямен байланысты.
«Біз, бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзіміздің елімізде іске асыра отырып, біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жеткен бағыттарды жаңырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет, екіншіден, жаңғырта жаңғыртуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек» деп ҚР Президенті Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан»[2] Жолдауында көрсетілгендей қоғамдағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді. 
Осы орайда қазіргі таңда балабақшалардың алдына қойған міндеті де жоғары. Себебі, ұрпақ бойындағы алғашқы білім мен тәрбие дағдылары дәл осы мектепке дейінгі мекеме табалдырығында қаланатыны ақиқат. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еркіндік берді. Еркіндік бере отырып, баланың жан-жақты дамуына жоғары деңгейде әсер ететін технологияны таңдау міндеті жүктелді. Ал ол міндетті шешетін де, жүзеге асырушы да шебер тәрбиеші екені баршамызға белгілі. Осы ретте тәрбиешілердің жаңа бағдарламаны тиімді пайдалану үшін олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен еңбек етуіне бағыт беріп, қазіргі заман талаптарына сай инновациялық бағытта дұрыс ұйымдастыра білу- әдіскер ретіндегі үлкен ізденіс пен жауапкершілікті талап етеді. Балабақша әдіскерінің негізгі міндеттері білімділік, зерттелушілік, ендірушілік, ақпараттық, кеңес берушілік, сараптамалық, бағалаушылық бағытта анықталады. 
Инноватор тәрбиешілер дайындау үшін әдіскер жұмысы үнемі жаңарып, инновациялық бағытта дамып отыруды талап етеді. Ол мынадай бағыттарда қамтылуы тиіс.
1. Тәжірибеде бұрыннан қолданып келген жүйені өзгертіп, педагог мамандармен жүргізілетін жұмыстарға жаңалықтар енгізу;
2. Жинақталған іс-тәжірибені шығармашылық іс әрекетпен жаңарту;
3. Әдістемелік көмек бетшілерін дайындап, тәрбиешілерге ұсыну;
4. Тәрбиешілердің тәжірибелік іс- әрекеттеріндегі кейбір мәселелерді шешу жолында әдістемелік көмек беру.
Тәрбиешілерге диагностикалық және жекелеу негізінде әдістемелік тұрғыдан нақты бір көмек көрсету, шеберлігін шындау мақсатында білім беру үрдісінің сапасын жоғарлату үшін балабақшада мынадай жоспарлы жұмыс түрінің моделі құрылды. Модель төрт сатыдан тұрады:
1 саты – аналитикалық талдау; 
2 саты – жоспарлау – прогностикалық;
3 саты – ұйымдастыру және үйлестіру;
4 саты – бақылау диагностикалық.
Аналитикалық талдау сатысы- тәрбиешілерге мониторниг, диагностика жүргізу нәтижелері арқылы белгілі бір проблеманы анықтау, яғни, тәрбиешілердің білім деңгейін, тәрбиеші қызметіндегі қиыншылықтарды анықтау және зерттеу, мәселеге бағытталған талдау жүргізу .
Осындай мониторниг, диагностика нәтижелері арқылы проблема анықталғаннан кейін жұмыс түрлері жоспарланады. Жұмыс жоспары жасалған кезде, оның:
• Ғылымилығы ( жоспардың нақтылығы мен шынайлығы)
• Оптималды (нақты есепке алу мүмкіндігі)
• Белгілі бір мақсатқа бағытталуы
• Перспективалық (болашақтағы мақсат пен міндеттердің қойылысы)
• Мектепке дейінгі ұйым мен педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшілігін есепке алу ескеріліп отырылады.
Бұдан кейін жоспарланған жұмыс ұйымдастыру және үйлестіру саты бойынша жүргізіледі. Ұйымдастыру және үйлестіру сатысы- тәрбиешілердің мамандық деңгейін жоғарлатуына бағытталған әртүрлі әдістемелік жұмыс түрлерін дайындау арқылы жүзеге асады. 
4саты- бақылау диагностикалық. Жасалған жұмысты оқып түсіну,өткізілген шараларға талдау жасап, әрекеттерді түзету. 
Яғни, жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру арқылы білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Тәрбиешілердің қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.
Балабақшада жүргізілетін сан – салалы жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізеді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс, олардың білімдерінің жоғарлауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылақ потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызды, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарлатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар инновация тек қана педагогтардың кәсіби шеберліктерін жоғарлату емес, әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің жоғарлағандығын көрсетеді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Балаба?шада?ы ?дістемелік ж?мыстарды ?йымдастыру"

Автор: Т?рсынбекова Сауле Муратовна

Дата: 25.12.2014

Номер свидетельства: 147942


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства