Просмотр содержимого документа
«Бала т?рбиесіне ?лтты? сананы ?алыптастыру »
Бала тәрбиесіне ұлттық сананы қалыптастыру
Баланы тәрбиелей отырып,ұлттық сананы қалыптастыру арқылы ұлттық тәрбиені дамытамыз. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» деген. Ұлттық тәрбие отбасынан басталып,балабақша мен мектепте жалғасады. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»,-дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп,өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұрғандығын жоққа шығара алмаймыз.
Ұлттық тәрбие халқымыздың сан ғасырлар тарихымен тығыз байланысты,осы уақытқа дейінгі дәстүрлі құндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді.
Заман жетістіктері негізінде жас ұрпаққа сапалы білім беруді мақсат еткен көпшілік қауым,ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие негізделген білім нәрімен қатар,ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңінен таразылап,болашағын барынша болжайтын тұлға ретінде танылатыны анық. Олай болса,қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап,тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін,қоғам дамуында қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы жастардың адами құндылықтарын қасиеттерін қалыптастыра аламыз.
Ұлттық сана мен дәстүрді бойына қалыптастырған тұлға тәрбиелегенде ғана адамзаттың рухани биіктерге өрлеуіне ықпал жасайды. Сонда ғана Қазақстанның болашағының жарқын болуына еңбек ететін ұлттық тұлғаны қалыптастыра аламыз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында халықтың ұлттық нобайы мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып,білім мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастармен қатар тұра алатын,бойында ұлттық,отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі негізгі бағыттардың бірі ретінде ұсынылған. Ұлттық тәрбие беру-бұл ел болашағының негізі болып табылады. Өйткені,ұлттық тәлім-тәрбие алған ұрпақ қана ана тілін,ел тарихын,салт-дәстүрін құрмет тұтып,елінің патриоты бола алады. Ұлтжанды,тәрбиелі,білімді, дені сау,еңбекшіл болып өседі. Қазіргі жастар арасында ана тілін,салт-дәстүр мен ұлт тарихын білмеу,теріс жолға түсу,нашақорлық,заң бұзушылық,енжарлық,жалқаулық,әдепсіздік, сияқты түрлі келеңсіз жағдайлар көрініс тауып жүр. Ұлттық менталитетімізге жат қылықтардың жастар арасында көрініс табуы жас ұрпақты ұлттық рухта толық ақпараттандырмағанның нәтижесінде туындап отыр. Түрлі себептерге байланысты ұлттық тәрбие беруді әлсіретіп алғанымызды көрсетеді. Олай болса,еліміздің тұғыры биік болатын ұлттық тәрбиеге аса көңіл бөлу керек. Ұлттық тәрбиенің мақсаты-үлкенді сыйлайтын,ізетті,адамгершілігі мол, саналы, ұлттық намысы мен дүниетанымы бар,ұлтжанды жастар тәрбиелеу. Бойында осындай қасиеттері бар азамат қана халқына адал қызмет етіп,елінің гүлденуіне, көркеюіне аянбай қызмет етіп,елінің гүлденуіне тер төге алады.
Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың патриоттық сезіміне кері әсер етуші факторлар:соғыс ойыншықтары,жат қылықты жариялайтын фильмдер, компьютерлік ойындар бар. Әрине,баланы осындай жағдайлардың әсерінен мүлде оқшау ұстау мүмкін емес,дегенмен жанұяда,мектепте жас ерекшелігін ескере отырып фильмдер алып беру,көрсету,ұлттық құнды қасиеттерді насихаттау,ұлтжандылыққа өмірден мысал келтіріп,үлгі етуге,ұлттық мерекелерді отбасында бірге атап өтуге болады. Сонымен қатар,спорт , табиғатқа серуен,әсерлі әңгімелер,мұражайлар мен театрларға бірге бару,үйірмелерге жіберу-осының бәрі рухани адамгершілік, отансүйгіштік тәрбие үшін тамаша құрал.
Егемен Қазақстанның болашағы,тағдыры жастардың қолында. Сондықтан жастарымыз білімді де,тәрбиелі,жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасуы керек. Кез-келген азамат өзінің елі мен жері үшін жанын берер патриот болуы керек. Ең мықты мемлекет болу үшін жастардың бойында отансүйгіштік, әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық,ізет-тілек болуы керек.
Отанды сүю,қастерлеу секілді сезімдерді дамытудың негізгі жолы жас ұрпақтың өзі туып өскен жеріне,еліне сүйіспеншілігін қалыптастырумен байланысты. Академик Қаныш Сәтпаевтің: «Туған еліне,жеріне,тіліне деген сүйіспеншілік,ең алдымен-өз жанұясына,үйіне,мектебіне,Отанына деген сүйіспеншіліктен басталады. Біртіндеп туғанына деген бұл сүйіспеншілік кеңейіп,өз еліне,тарихына,өткені мен бүгінгісіне,ал содан кейін адамзат қоғамына,мәдениетіне деген сүйіспеншілікке айналады» деген сөздері тәрбиенің тал бесігі отбасынан басталып, қоршаған ортаның ықпалымен қалыптасып дамитынын көрсетеді.