Бала е?бегін ?анау проблемасы б?кіл ?лемде орын алып отыр. Бала е?бегі баланы? дене дамуы мен психо?леуметтік дамуына ?лкен, кейде о?алмайтын н??сан келтіреді. Жас м?лшеріне сай емес, ауыр е?бекке негізінен халы?ты? ?леуметтік не??рлым осал топтарыны?, т?рмыс де?гейі т?мен отбасыларыны? немесе толы? емес отбасыларыны? балалары араласады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бала е?бегін ?анау?а жол жо?!»
Бала еңбегін қанауға жол жоқ!
Бала еңбегін қанау проблемасы бүкіл әлемде орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Жас мөлшеріне сай емес, ауыр еңбекке негізінен халықтың әлеуметтік неғұрлым осал топтарының, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе толық емес отбасыларының балалары араласады. Соңғы нәтижесінде бала еңбегі адамзаттық ресурстардың дамуына және еліміздің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымсыз әсер етеді. Бала еңбегі Қазақстанда да кеңінен етек жайып келеді. Жүргізілген зерттеулер шектеулі ақпарат бергенімен, бала еңбегі масштабтарының кеңею үрдісі байқалуда. Қалыптасып келе жатқан еркін рынок жағдайларында жұмыс жасайтын балалардың саны қарқынды түрде көбеюде. Бала еңбегі тұтастай экономиканың барлық өндірістік және өндірістік емес салаларында ұшырасады, қалалық бейформал экономикада, ауыл шаруашылығында, жергілікті базарлардағы ұсақ саудада, сондай-ақ үй шаруашылығында пайдаланылады. Базарларда, мысалы, кәмелетке томағандардың еңбегі негізінен көкөністер мен жемістерді сұрыптау, жүк тиеу жұмыстары («арбакеш» жасөспірімдер деп аталатын) кезінде қолданылады, ал сирек жағдайларда жастары кіші кәмелетке толмағандар «қайыршы» ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Халықаралық еңбек ұйымының пікірі бойынша, Қазақстандағы бала еңбегін пайдалану салалары мен нысандарына мыналар жатады:
Ауыл шаруашылығы жұмыстары (мақта, темекі, жүзім және т.б. дақылдар);
Үй шаруашылығы;
Еңбегін пайдалану (7-18) (ауыл, қала), ауыл шаруашылығы мектептері (мектеп жанындағы учаскелер, базарлар, мал шаруашылығы (мал бағу), құрылыс, шағын бизнес (қара жұмысшы ретінде, май-, бензинқұю стансаларында, базарларда тауарларды түсіру және тиеу (жас ерекшеліктері мен шарттық міндеттемелер бұзылады);
Көліктік қызметтер (шағын автобустардағы кондукторлар);
Қайыршылық (жергілікті балалар, көшіп-қонушылар, дені сау адамдар мен мүгедектер);
Сексуалдық қанау (11-18 жас аралығындағы қыз балалар, трассалар, сауналар, пәтерлер);
Ұсақ тонау;
Есірткі трафигі (сора тозаңын жинауға қатысу; мектептерде, шетелге, ел ішінде шабарман болу);
Ата-аналарының, қамқоршыларының бала еңбегін пайдалануы (жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу, балаларды сату); пайда табу үшін бала асырап алу немесе қамқоршылықты ресімдеу; әлеуметтік жәрдемақылар, пайда алу үшін баланың дене мүшесін кемтар ету);
Балалардың (2-18 жас) ішкі, өңірлік, сыртқы трафигі (бала еңбегін пайдалану немесе сексуалдық қанау мақсатында).
Өтпелі кезеңнің жаңа экономикалық жағдайларында бала еңбегінің пайда болуына әкелген әр түрлі әлеуметтік факторлар туындады, атап айтқанда:
Жұмыссыздық пен тұрмыс деңгейінің төмендігі. Бірнеше балалы көптеген отбасылар балаларын жұмыс істеуге жіберуге мәжбүр болды;
Отбасылық қарым-қатынастардың өзгеруі мен экономикалық құрылымдағы өзгерістер отбасындағы рольдердің өзгеруіне тікелей әсер етті. Қазіргі уақытта кейде алты жасар балалардың өздері де (сондай-ақ ата-аналары мен үлкен аға-апалары) отбасының және өзінің қамын ойлауға мәжбүр. Отбасы кірісіне өз үлесін қосу қажеттігі бала еңбегі үшін түрткі болатын негізгі сарын болып табылады;
Өмірлік құндылықтардың өзгеруі: мысалы, жақсы білім алу басымдық болудан қалды. Кейбір балалар білім алғаннан гөрі жұмыс жасаған неғұрлым пайдалы деп есептейді;
Өңірдің бір елінен екінші елге еңбек көші-қоны. Көптеген көшіп-қонушылар мен олардың балалары экономиканың бейформал саласынан немесе заңсыз бизнестен жұмыс іздейді.
Бала еңбегіне көңілдің жеткіліксіз бөлінуі қоғамның да, үкіметтің де осы мәселеге көзқарасына негізделген.
Кейбір жұмыс берушілер бала еңбегін пайдалануды тиімді деп есептейді. Қазіргі жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуына орай ересек адамдардың арасынан неғұрлым арзан және тілалғыш жұмыс күші болғандықтан, балаларды жұмысқа жалдайды. Дамымаған еңбек рыноктары сондай-ақ балаларды тегін жұмыс күші ретінде пайдалануды меншігінде жері бар ата-аналар үшін тиімді етеді.
Ересек адамдардың бала еңбегіне деген көзқарасы бір мәнді емес. Көпшілігі бала еңбегінің балалардың денсаулығы мен білім алуына зиянды әсерін атай отырып, бала еңбегін пайдалануды азайту қажет деп есептейді. Бір бөлігі бала еңбегіне қатысу балаларды тәрбиелеуде пайдалы болып табылады және оның зиянды әрі бос уақыт өткізуден көңілін аулайды. Сонымен қатар ересек адамдарда бала еңбегіне деген кейбір шарасыздық сезімнің бой алуын атап көрсету қажет.
Балалар еңбегі проблемасының туындауының негізгі себебі, әрине, кедейлік болып табылады. Бала еңбегіне, негізінен, қоғамның неғұрлым осал топтары – білім алуға, денсаулық сақтауға қол жеткізуі шектелген, табыс деңгейі төмен немесе мүлдем табысы жоқ ауылдық және қалалық кедей отбасыларынан шыққан балалар тартылады. Көп балалар өздерінің отбасынан шеттетілген немесе жағдайсыз отбасының балалары, олар: жетімдер, ата-анасының біреуі ғана бар толық емес отбасының немесе отбасының басшысы бала болып табылатын отбасылар. Осылайша, балалар еңбегі өзге әлеуметтік проблемалардың жалғасы және сонымен қатар осы проблемаларды қиындата түсетін фактор болып табылады. Осының бәрі мемлекеттің балалар еңбегі проблемасын елемеу жағдайларында орын алып отыр, осы тақырып бойынша толық және жүйеленген ақпараттың болмауы оған дәлел бола алады.