Бастауыш білім – ?здіксіз білім беруді? баспалда?ы. М??алімні? негізгі ?стан?ан ма?саты - білімні? жа?а ?лгісін жасап, белгілі бір к?лемдегі білім мен білік да?дыларын ме?герту, о?у мен т?рбие ?рдісін ?йымдастыруды? сан т?рлі жа?а ?діс - т?сілдерін іздестіру, жа?а технологияларды саба??а тиімді пайдалана білуі, бір с?збен айт?анда - о?у ?рдісін дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Бастауыш сыныпта о?ытуды? жа?а технологияларын ?олдану"»
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше. Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр.
Технология сөзі / techne - өнер, шығармашылық, logos - ілім / «Технология» - қалыпты өзгерту, өңдеу әдістері, өнері, шеберлігі, іскерлігі жөніндегі ғылым жиынтығы. (В. М. Шепель) «Педагогикалық технология» - оқыту, тәрбиелеу құралдары түрлерін, әдістері, тәсілдерін үйлестіретін, әрі анықтайтын арнайы жинақ, психологиялық – педагогикалық ұстанымдар жиынтығы; (Б.Лихачев) Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Педагогикалық технологияның тиімділігі: 1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады; 2. Оқушының жеке қабілеті анықталады; 3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады; 4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады. 5. Өзін - өзі тексеруге дағдыланады. 6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады. 7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Баланың шығармашылық қабілетінің ашылу мүмкіндігі қай кезде байқалады деген сұрақтарға жауап берелік.
Шығармашылық кезеңдерін төмендегіше бөлуге болады:
Балабақша кезеңі (3-5 жас), бастауыш кезеңі (6-9 жас) орта кезең (10-15 жас) жоғары кезең ( 16-18 жас) Біздің қарастыратынмыз бастауыш буын (6-9 жас) аралығы болғандықтан осы жас ерекшелігі қандай дәрежеде соған назар аударайық.
6-9 жастағы оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу өте қиын кезең. Қиын болғанымен көп қабілет-қасиеттердің басталуы жеткіншек кезеңнен басталады, кейінгі жаста тереңдей түседі.Бұл жас ой қызметіне ерекше ынтамен ұмтылып тұратын кезең,алғырлығы, шапшаңдығы, сезімталдығы басым кезең. Ештеңені жасырып, іркіп қалмай, ішіне сақтап тұра алмайды, нені болса да ашық, еркін айтады. Мақтау сүйгіш, мұғалім жетегіне тез көнгіш, таптырмайтын тамаша қасиеттері бар кезең.Бала бойындағы қасиеттердің шығармашылық үшін тиімді-тиімсіз жақтары үнемі қатар келіп, бірін-бірі жоққа шығарып отырады.Біздің ойымызша бастауыш сыныптағы оқушылармен шығармашылық жұмыс кезеңінде төмендегі жайттарды ескерген дұрыс.
Бастауыш сынып оқушылары:
тиімді жағы
тиімсіз жағы
Дүниені қиялына қиыстыра алады.
Қиялы тұрақсыз,бір образды, сюжетті ұстап
Белсенділік көрсетеді.
Шығармашылықты ойын ретінде қабылдайды.
Жетелеп отыруға еріп отырады.
Бастаған ісін аяқтауға шыдамсыз.
Үлкендердің ой-пікіріне қатты сенеді.
Оқушыларда өзіндік сын мүлдем жоқ.
Сурет салуға құмар.
Сөзді құбылтып қолдануға шебер емес.
Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын молайтып, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін пән-тіл пәндері.Бастауыш сыныпта ана тілі және қазақ тілі пәндерінде оқушымен жұмыс жасау кезеңінде төмендегі жайларды ескеріп отырған артықшылық етпейді.
Бастауыш сынып балаларының тілі қарапайым
қысқа
жете дамымаған
ережесіз
тіл дамыту мақсаттары тілдің нормасын білу
оқу,жазу нормаларын қалыптастыру
тіл мәдениетін меңгерту
сөйлеу тілін қалыптастыру
тіл дамыту мақсаттарының мектепте жоспарлы, жүйелі
орындалуы үйде әке-шеше, отбасы
қоғамда теледидар,газет,журнал
бала тілі дамуының шарттары қажеттілік,орта
баланың айтар мағлұматы
ой дамыту (ойлы тіл)
бала тіліне қойылатын талаптар:
* мазмұнды, анық болу;
*логикалық байланысы болу
* ойдың дәл, тартымды болуы
* тіл байлығын жақсы білуі
*өте түсінікті болу (артық сөз, орынсыз тіркес болмауы)
*мәнерлі, әсерлі, таза, сенімді, әдеби болуы
* тіл нормасына сай болуы
Олай болса, қазіргі жаңа буын оқулықтарында оқушыға «өлең жалғастырып көр», «өлең жазып көр» деген тапсырмалар жиі кездеседі. Бәрақ осы өлеңді жазу үшін оқушыны неге, қалай үйрету керек? Әлде оны өзі жаза ала ма? деген сұрақтар тууы мүмкін. Кейде мектеп мұғалімдері оқушыға сұрақ қойып жатады. «Осы біз сыныптағы барлық оқушыға өлең жаз дейміз. Барлығы да өлең жазуға міндетті ме? Егер оқушының өлең дегенң өлеңге ұқсамайтын бірдеңе болса, оны қалай түзетуге болады? Әрине бұл өте орынды сұрақ. Ол үшін оған мұғалім алдымен дайын болуы керек.
Ол үшін:
шығармашылыққа үйрету үшін мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп,әдеби процестің тетігін түсінбесе,оқушыны шығармашылыққа баулымақ түгілі,оқушы жұмысына нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін тани алмайды;
шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптың оқушылары айналысуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызу керек;
шығармашылық процеске баланы үзбеу, сатылы қатыстырып отырған жөн;
жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұнын оқушының жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай құрған дұрыс;
оқушы жетістігін мадақтап, көтермелеу керек.
Шығармашылыққа баулудың мынадай түрлері бар:
- тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;
- арнайы тақырыпта пікір-талас тудыру;
- сөзжұмбақ құру,шешу;
- шығарма, шағын мәтін құрау;
- әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, мәтінге ат қойғызу;
қиялдау арқылы сурет салғызу,рөлге бөліп оқыту;
ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру,әңгіменің мазмұнына мағынасы кері әңгіме құрау;
мазмұндама түрлерін жазғызу;
Сыныптан тыс жұмыс кезінде шығармашылыққа баулу түрлері:
мектеп шеберханасына, мұражайға бару, әр түрлі кездесулер бойынша шығарма жазу;
суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату;
мектептегі үйірмелерге, сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына жағдай жасау;
газет-журналдарға жазғызып, оны оқу үрдісінде үнемі пайдалану;
ауыз әдебиетінің түрлерін пайдалану;
әрбір оқылып отырған шығарманың авторы туралы мәлімет беру;
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу, шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялық ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді. Өлең құрау-шығармашылықтың бір түрі. Ал енді өлең құрау үшін, өлең шығару шығармашылығына үйрету үшін біз алдымен оқушыларға өлең құрылысы туралы теориялық білім береміз. Шумақ, тармақ, бунақ, ұйқас және олардың түрлері, өлең мазмұнын құруға үйрету жолдарын қарастырамыз. Оқушыларға «Өздерің өлең құр», «Өлеңді жалғастырып келіңдер» деп айту оңай болғанымен, өлең жазуға үйрету оңай жұмыс емес. Ол үшін оқушыларды жетелейтіндей, қызықтыратындай шығарым-тапсырмалар берген жөн.
Өз іс-тәжірбиемізде оқушыларды өлең құрастыруға 1-сыныптан бастап көңіл бөлеміз.Өлең құрастыруда әуелі жайдан күрделіге, жеңілден қиынға үйреткен дұрыс.
1-тәсіл: 1-сыныпта оқушыларға затты пайдалана отырып өлең құрастыруға болады. Мысалы: қызыл қарындаашты көрсетіп:
-Мынау қандай қарындаш? (Баладан толық жауап алу керек)
-Мынау қызыл қарындаш.
-Мұнымен нені бояйсың?
-Мұнымен гүлді бояймын.
Көк қарындашты көрсетіп:
-Мынау қандай қарындаш?
-Мынау көк қарындаш.
-Мұнымен нені бояйсың?
-Мұнымен көлді бояймын.
Сары қарындашты көрсетіп:
-Мынау қандай қарындаш?
-Мынау сары қарындаш.
-Мұнымен нені бояйсың?
-Мұнымен күнді бояймын.
Қоңыр қарындашты көрсетіп:
-Мынау қандай қарындаш?
-Мынау қоңыр қарындаш.
-Мұнымен нені бояйсың?
-Мұнымен жерді бояймын
Сонда мынадай өлең жолдары құрастырылады.
Мынау қызыл қарындаш
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынау көк қарындаш
Мұнымен көлді бояймын.
Мынау сары қарындаш
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау қоңыр қарындаш
Мұнымен жерді бояймын.
2-тәсіл: Буындарды пайдалана отырып, өлең құруды ұсынуға болады. Буын келесі тармақтың соңғы сөзінің соңғы буыны болу керек. Мысалы:
Ға-ға-ға
Жолама жаман балаға
Ға-ға-ға
Ұшып жүр қара қарға
Оқушылар шығармашылығынан:
Са-са-са
Сап-сары маса
Са-са-са
Шағып алды маса.
(Көптлеуова Ақмаржан)
Ла-ла-ла
Дастан жалқау бала
Ла-ла-ла
Жалқаудың ісі шала.
(Құлмұханбетова Назерке)
3-тәсіл: «Ұйқасын тауып ойнаймыз!» ойыны. Көп нүктенің орнына сөз мағынасына қарай қажетті сөздерді тауып қою.
Керекті сөздер: қия,жасыл,мөлдір, туған, биік, әсем, көгілдір, байтақ т.б.
Қайсысына не керек?
Қыранға ..... тау керек,
Бұлбұлға ... бау керек,
Балыққа .... көл керек,
Батырға .... ел керек.
Осыны білген қор болмас,
Осыны білген ер зерек.
Оқушы шығармашылығынан:
Қыранға биік тау керек,
Бұлбұлға жасыл бау керек,
Балыққа мөлдір көл керек,
Батырға туған ел керек.
Осыны білген қор болмас,
Осыны білген ер зерек.
(Тоғаева Ақмарал)
4-тәсіл: Өлеңдегі сөздерді пайдаланып, оқушылардың өздеріне өлең құрастырту. 2-сыныпта С.Жиенбаевтың «Ботақан», «Бұзауқан», «Қошақан» атты өлеңдерін оқығаннан кейін мынадай жұмыстар жүргізуге болады.
А) Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ә) Балаларға сұрақ қою.
-Малдың қандай төлдері болады?(бұзау,қозы,лақ,құлын,бота)
-Бұзаудың қандай түрлері болады?(ала, ақ, қара, тарғыл т.б.)
-Құлынның қандай түрлері болады?(жирен, торы, бурыл,шабдар)
-Лақтың қандай түрлері болады?(шұбар,ақ,қара,бөрте)
-Қозының қандай түрлері болады? (бұйра, қоңыр,ала, қара)
-Ботаның қандай түрлері болады? (ақ бота, қара бота)
Б) Өлең жолдарының ұйқасын табу.
Алмастан тыным, Алмастан тыным,
Шабады .... (құлын) немесе Шабады ... (жирен) құлын.
Жағасында құрақ, Жағасында құрақ,
Жайылып жүр ... (лақ) немесе Жайылып жүр..(шұбар)лақ.
В) Өлеңдегі сөздерді пайдаланып, оқушылардың өздеріне өлең құрастырту. Жаудырап, сүрініп, маужырап,, жетіліп,еміп көр сөздерін пайдаланып, өлең құрау.
Оқушылар жұмыстарынан:
Екі көзің жаудырап,
Төрт аяғың сүрініп,
Күн көзіне маужырап,
Қалдың өзің жетіліп.
Анаңды барып еміп көр! (Тоғаева Ақмарал)
5-тәсіл: Мұғалім оқушылардың өлең құрауға талпыныстарын одан әрі жалғастыру үшін ұйқастарды ұсынған орынды. Мысалы, М.Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңін оқығаннан кейін мынадай ұйқастар ұсынуға болады:
Күркіреп-сіркіреп
Көк кілем-жоқ білем
Күн шығып-бүр шығып-тіршілік
Күркіреп-қыр түлеп
Шуақты-су ақты
Оқушыларға осындай тектес ұйқастарды бергеннен кейін туған өлең жолдарына көз жібереейік. (Ұйқастар: кірістім-тырыстым, киәнәп-түйініп)
Оқушылыр шығармашылығынан:
Көп ойланып түйініп,
Сабағыма кірістім.
Сабақтан соң киініп,
Ойнауға мен тырыстым. ( Мұхит Жәнібек)
Жылы киім киініп,
Далаға шықтым түйініп.
Жұмысқа мен кірістім,
Жақсы істеуге тырыстым. (Уалиева Аружан)
6-тәсіл: Дыбыстық жағынан өзгеріске түскен сөздерді қатыстырып, мағыналарын ажырата білуге үйретететін өлеңдер құрастыру.
А) Қон.
Қоң.
Жайлауға қон,
Жиясың мол қоң.
Е.Елубаев
Оқушыларға өлең құрау үшін дайын сөздер беруге болады. Мысалы: шын-шың, мен-мең, сен-сең, он-оң, өрмегін-өрнегін т.б.
Оқушы жұмыстарынан:
Сен.
Сең.
Менің айтқаныма сен,
Өзенде жүзді сең.
(Құрманбаева Айда)
7-тәсіл: Кейде қазақ тілі оқулығында жаттығулар беріледі де, онда қандай тапсырмалар орындайтыны нұсқалады. Шебер мұғалім берілген тапсырманы өзгертіп не қосымша тапсырмалар орындайтыны нұсқалады. Мысалы, төмендегі жаттығуға мынадай тапсырма беруге болады.
Мәтінді оқы. Мәтіннен алған әсеріңді өлең жолдарымен беріп көр.
Көктем келді. Күн ұзарды. Жер көктеді. Жеміс ағаштары гүл ашты. Далада қызғалдақтар жайнайды. Мал көкке тойынды. Төл уызға жарыды. Өріс кеңейді. Жыл құстары оралды.
Осы мәтінді оқушылар мынадай өлең жолдарына айналдырды.
Оқушы шығармашылығынан:
Көктем келіп, құстар сайрап,
Жер көгерді, гүлдер жайнап.
(Тоғаева Ақмарал)
Көктем келді, күн ұзарды,
Көктеді жер, кеңейді өріс
Төл уызға жарыды.
(Көптілеуова Ақмаржан)
8-тәсіл: Ана тілі оқулығында оқушылардың өздеріне өлеңді оқығаннан кейін өлең құрастыру ұсынылады. Ол үшін өлеңді бірнеше қайтара оқыту және өлеңді талдау қажет. 2-сыныпта «Не қымбат?» өлеңіне байланысты жүргізілетін жұмыстар:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Алтын ұяң-Отан қымбат,
Құт-берекең-атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат
Ұят пенен ар қымбат.
Қазбек би
2) Өлеңге байланысты сұрақтар қою.
-Балалар адамға бұдан да байланысты не қымбат болуы мүмкін? (Туған жер, ұстаз, бауыр,, достар т.б.)
3) Өлеңді талдау.
-Өлең неше шумақты? (Өлең бір шумақты)
-Өлеңде неше тармақ (қатар) бар?( 6 тармақ)
- Өлең соңы қандай сөздің қайталануы арқылы жасалған? («Қымбат» сөзі әр жолдың соңында қайталануы арқылы жасалған.)
4) Оқушыларға өлең құрастырту.
Оқушылар шығармашылығынан:
Әкең айтқан ақыл қымбат,
Ақ сүт берген анаң қымбат.
Тәрбие берген ұстаз қымбат,
Аймалайтын апаң қымбат.
(Бабашов Аманат)
Білім берген ұстаз қымбат,
Ақ сүт берген анаң қымбат.
Ақыл айтқан атаң қымбат,
Туып-өскен жерің қымбат.
( Амангелді Аяулым)
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады
Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Оқушыларымның жеткен жетістіктері де аз емес.
Мектепішілік 2012-2013 оқу жылында Аналар мерекесіне орай өткізілген «Жыр жазамын жүрегімнен» поэзиялық байқауда бірнеше оқушым анасына арнап жыр шумақтарын шығарды. Жалмұхамбетов Алишер 2-орын, Бабашов Аманат, Құмұханбетова Назерк, Көптлеуова Ақмаржан, Тоғаева Ақмарал арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
2013-2014 оқу жылында облыстық «Кішкентай зияткерлер» атты интеллектуалды ойын-байқауында Көптлеуова Ақмаржан, Хасен Зейнеп, Құлмұханбетова Назерке 2-орын, Аманжолова Медина 3-орынды иеленіп мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бабашов Аманаттың «Отан», Жалмұхамбетов Алишердің «Біз», Көптлеуова Ақмаржанның «Туған жер» атты шығарған өлеңдері « Ақтөбе» газетінің кезекті санында жарияланды.
2014-2015 оқу жылында аудандық «Бастау» математикалық олимпиадасында оқушым Мұхит Жәнібек жүлделі 2-орын алып, білімін көрсете білді.
2015-2016 оқу жылында Мұхит Жәнібек пен Амангелді Аяулым аудандық «Кішкентай білгірлер» олимпиадасына қатысып, жүлделі 2-орынды иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.
Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі - бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында»
№2 орта мектебі
Жаңа технологияның тиімділігі - әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу.