Просмотр содержимого документа
«Баяндама "О?ушыларды? ж?ргізіп о?уын, тілдік ?орын байытуда?ы ?олданылатын т?сілдер"»
Елбасымыз “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр. Ал, Елбасымыздың көрсетіп отырған жолын ұстана отырып өскелең ұрпағымызды білім шыңына бағыттау – біз үшін әрі мақтаныш, әрі өмірлік ұстаным және өз білімімізді жетілдіріп, кәсіби біліктілігімізді арттыра отырып, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде орынды қолданып еңбектенуіміз – оқытудағы басқару мен көшбасшылығымыз деп түсінемін. Көшбасшылығымызды дамыту жұмыстарын жалғастырып отыру жеке жоспарларымызға енгізілді. Әріптестермен бірігіп жұмыс істей отырып, Бағдарлама мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру жолында талай шәкірттің білім әлемінде еркін самғауына жол аша аламыз деп ойлаймыз.
Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізіліп, бүгінгі заман талабына, білім беру жүйесінің халықаралық талаптарға сай – ең үлкен міндет болып тұр. Бұл міндетті жүзеге асырудың жолы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңашаландыру, яғни өмір бойы үздіксіз білім алып, оқуға көшу. Оқытудың озық технологиялары мен қатар сауатты, жан-жақты маман болу, ғылыми-әдістемелік қызмет барысында мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру. Бастауыш сынып әр баланың білімін қалаушы болып келеді. Ол ең бірінші оқушының ынтасына және ұстазының кәсіби шеберлігіне байланысты деп ойлаймын. І сыныпқа оқушы: «Мен оқимын!»- деп келсе, 4-5 сыныптарды аяқтаған кезде мектепке барғысы келмейтін оқушыларда кездесіп жатады. Неліктен осы арада баланың ынтасы түсіп кетті? Не себептен оқушының қызығушылығы төмен?-деген сұрақтар туындайды. Оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек. Ол үшін мұғалім бойында Шульман бойынша «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8-бет) деп атаған қасиеттер міндетті түрде болу керек. Біріншісі: кәсіби түсінігі; екіншісі: оқытудың тәжірибелік дағдылары; үшінші көмекші: жүрек жылуы. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанып, балаға мейірім және құрмет көрсете білетін әділ жан бола білгенде ғана, шәкірт сеніміне ие болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алады. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынайы қарым-қатынас орын алғандықтан өзіміздің сабақтарымзда жоғары нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл - күйінің куәсі бола алдық. Ұстаздар еңбегіне жаңа леп беріп, серпіліс енгізіп отырған Оқытудағы жаңа тәсілдерінің теориялық негіздері уақыт талабына сай қажеттілік екеніне көзіміз жетті. Не үшін жоспарлау керек? Жоспарлау – табысқа жету үшін пайдаланатын әйгілі амал-тәсіл. Жоспарлау стратегия жасауға, ресурстарды ұқсатып пайдалануға, кемшіліктерді анықтауға және келешек үшін қажет болжау мағлұматтарын алуға мүмкіндік береді. Орта мерзімдік жоспарлау өте үлкен және көлемді жұмыстың бірі. Сабақ үдерісіне өзгеріс енгізуді біз орта мерзімді жоспардан ббастадық. Бұрын екі-үш баған толтырып, соны дұрыс пайдаланбайтын едік, енді өзіміз үшін жаңаша жасау барысында мыналарға назар аудардық: а) сабақ барысында жұмыс кезеңдерінің тізбектеліп келуі; ә) жеті модульді барынша тиімді ықпалдастыруға; б) әрбір сабақтарымыз үшін оқыту мен оқу мақсаттарын сауатты анықтауға; в) нәтижеге қол жеткізу үшін әрекет етуге; г) сабақтың әрбір кезеңінің алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз етуге; ғ) сабақ барысында барлық оқушыларды қамтуға аса назар аударуға; д) оқушыларды өздерін, сыныптастарын бағалауға. Кездесетін кейбір аспектлерге тоқталғымыз келеді:
1. Оқыту үшін қандай тақырыптар мен іс әрекеттер алгоритімі қажет және оқушылардың оқып үйренуіне септігін тигізу үшін оны қалай ұйымдастырамыз?Барлық тарау және жеке сабақтар бойынша мақсатты қоя білу. Мақсат негізінде нақты, өлшенетін, қол жетімді, орындалатын, белгілі бір уақыт аралығымен шектелетін болуы керек. Мысалы:1 сыныпта сауат ашу мен әдебиет пәнінің мақсаты: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру.
1-сынып. Математика пәнініңоқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау. Дүниетанупәнінің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпы адами құндылықтарды қалыптастыру.
2. Күтілетін нәтиже мақсатқа байланысты және 1 сынып бітіретін оқушыға қойылатын талаптардан шығады (сауат ашу):
Оқу. Шағын көлемді, тілі жеңіл шығармалар оқиды; әдеби жанрлар туралы алғашқы түсініктері қалыптасты; шығармалардағы көркем, бейнелі сөздерді сезінеді, мәтінді талдайды; оқу түрлерін меңгерді; сөздерді тұтас оқиды; дауыс ырғағы, нақышын келтіре отырып оқуға машықтанды.
Жазу. Сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, жазу дағдысы жетілді; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазуға дағдыланды; есту арқылы жатқа жазады, көргенін есте сақтау сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазады; дыбыстық, буындық құрылымы әртүрлі сөздердегі дыбыстардың ретін анықтай алады; жазғанын өздігінен тексереді; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазады; сөздерді тасымалдай алады.
Тіл дамыту. Сөздік қорын жаңа сөздерді орынды қолдана біледі, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра біледі; сөйлеудің диалогтік түрін практикалық тұрғыда меңгерді; суреттер топтамасы, тірек сөздер, дайын үлгі, жоспар бойынша әңгіме (мәтін) құрастырады, мәтінге ат қояды; мазмұндаманың негізгі түрлерімен танысты; сөйлеу мәдениетін қалыптасты.
Дыбыс және әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер туралы білімдерін жалпылау, пысықтау; жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен әріптер, оларды салыстырады, ажыратады; а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі; қосарлы и, ё, я, ю дыбыстары мен әріптері, олардың емлелерін игерді.
Буын; тасымал; тасымалданбайтын сөздер; сөз; сөз және оның қызметі; кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер; бас әріптен басталып жазылатын сөздер; не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер; қандай? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы түсінік қалыптасты.
Сөз және сөйлем; Сөйлем; сөйлемнің бас әріппен басталып жазылып, соңына тыныс белгілерінің қойылатыны; сөйлем түрлері (жай, лепті, сұраулы) жайлы түсінік қалыптасты.2 сынып.Қазақ тілі пәні бойынша болжамды түрде күтілетін нәтиже:
- тіл туралы оқушыларды тұтас ғылыми ұғым қалыптасуда;
- оқушылардың өз ана тілі –қазақ тіліне қызғұшылық оянып, тілдің және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыруда;
-тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиеленуде;
-ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасаудағдыларын жетілуде;
-тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптасуда және дамуда;
-алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгеруде, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптасуда;
-оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілуде.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша төмендегідей нәтиже күттім:
-оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіруде;
- ауыз әдебиетінің жанрларымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысуда;
- ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындауда;
- талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтауда;
- әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптасуда;
- адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптасуда;
- оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) орындауға машықтануда;
- әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгеруде;
- тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптасуда;
- кітап және анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдылануда.
Математика пәні бойынша болжамды түрде мынадай нәтиже күттім және соған жеттім деп ойлаймын: тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша санау, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыды; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауы дамыды;
-бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігі қалыптасты;
-оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптасты;
-оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысы қалыптасты;
-стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашты және дамыды;
-баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу.
Дүниетану пәні бойынша күтілетін нәтиже:туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптасты;оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік берілді; күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыланды; «адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғынды; танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттері дамыды;қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиеленуде; картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйренді; тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігі дамыды; танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана біледі, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдылары қалыптасты;бақылау, өлшеу, салыстыру дағдылары қалыптасты, өмірлік тәжірибелері жетілді;адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысы, қоршаған орта заңдылығы, құбылысы, нысандары меңгерілді және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктері кеңейді.
Күтілетін нәтиже Блум таксономиясына негізделеді. Әр сабақ сайын оқушының не меңгергенін тексеріп отырдық: жаңа тақырыппен танысады, оны қаншалықты түсінеді, ұғынады; сол ұғынған тақырыбын орынды қолданатынын. Мұғалім мынадай сұрақтарға жауап беруге тырысу керек: Не үйретем? Неге үйретем? Қалай үйретем? Оқушылардың сабақ соңында не істеу керек екендігін ұғынып, түсінгендігі туралы күтуім. Мысалы: 1 сынып сауат ашу сабағын жоспарлаған кезде «Отбасы»(сөз)Мақсаты:Оқушыларға отбасы жайында, бір- бірімен қарым – қатынасы, көмегі, үлгі- өнегесі туралы мағлұмат беруболып табылса, нәтиже осы мақсаттан туындау керек.
3. Оқытуда қолданылатын әдіс –тәсілдер: топ ішіндегі жұппен жұмыс; топтық жұмыс; диалогтік оқытудың сұрақ-жауабы мен пікірталасы, зерттеушілік әңгімелесу әдістері; “Мясо по китайский”; “топтастыру”; “Венн диаграмма”; тақырыпқа сай презентацияны демонстрациялау; тірек сызбаны демонстрациялау. Сабаққа әдіс-тәсілдерді таңдаған кезде оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері ескердім. 1 балаға бір айтқанда ұғып алса, екінші бала бірнеше рет қайталағанды, түсіндіргенді талап етіп отырады. Топтық жұмыс барысында жақсы оқитын оқушы нашар оқитын оқушыға тақырыпты түсіндіреді, нашар оқитын оқушы тыңдайды, содан кейін нашар оқитын оқушы түсіндіреді, ал жақсы оқитын оқушы оны тыңдайды. Өзара оқыту барысында нашар оқитын оқушы жетіледі деп ойлаймыз, өйткені «Оқушылар өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап, ой әрекетінің жоғары деңгейін көтереді» (Мүғадімге арналған нұсқалық, 155 бет).
4. Оқушылардың оқып-үйрену барысын бағалау критерийлеріне сүйендік. Формативті бағалау сабақ басынан аяғына дейін ынталандыру, жігерлендіру және қуаттандыру үшін қолдандық: тапсырманы дұрыс орындап болғаннан кейін қол шапалақтап, қолпаштадық; әр дұрыс орындалған тапсырмаға жұлдызша беріп, мадақтап отырдық, сабаққа оң көзқарас болуына ықпал еттік.».
5. Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстары: белсенді оқыту түрлері- топпен, жұппен, жеке жұмыстар кеңінен қолданысқа иелендік. Білім берудің сапасын жақсарту және көтеру үшін АКТ-ні пайдаланамыз.
Мұғалім осы аспектілер бойынша жұмыстанып, Бағдарлама модульдерін біліп және түсінуі тиіс, тәжірибеде қалай қолданатынын нақты қамти білу керек. Мұғалім модуль идеяларын өзінің оқыту мен сабақ беру тәжірибесінде дұрыс қолдануы тиіс, оқушыларды оқытудағы сенімді дәлелдемелері жеткілікті болуы қажет: видео-ролик, фотолар, тапсырмалардың үлгілері, бағалау критерийлері, постерлер. Орта мерзімді жоспар жақсы, нақты, толық құрастырылған болса, күнделікті сабақтың жоспарын құрастыруға жеңілдік туғызады. Сабақ жоспарланғаннан кейін барлық сатылар сақталды немесе осы тақырып бойынша оқушыға «оқыту барысы жеткілікті болды ма?», - деген сұрақтар әр мұғалімде туындау керек. Содан кейін не өзгертер едім? Қалай оқушыға дәлелді түрде жеткізер едім?- деген сұрақтарға жауап іздеген мұғалім жауабын әрқашанда тауып отыруы тиіс, әр жоспарлау үдерісіне талдау жүргізіп отыру. Әр жұмыстың соңынан қорытынды жасап, бір тұжырымға келгенде ғана біздің жұмысымыз нәтижелі болады деп есептейміз.
Алдағы уақытта, мүмкіндігімізше, бұл жаңа зерттеушілік жұмысты өзіміз үшін әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжірибемізге енгізуді алдымызға мақсат етіп қойдық. Білім мен ғылым жолында жаңа көзқараспен үлкен жобаны іске асырып отырған елімізде білім ұяларындағы кездесетін кейбір қиыншылықтардың жолын табар деген үмітпен ертеңгі күнге қараймыз. Еңбек сіңіріп меңгерген оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерімізді тәжірибе барысында толықтай пайдалану үшін мектептерімізде жаңа заман талабына сай АКТ құралдары жеткілікті болып, ғаламтор желісіне қосылу мүмкіндігі барлық оқу кабинеттерінде қол жетімді болса, талай арман мен мақсаттың орындалуына сенеміз. Сондықтан да Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген нақыл сөзін өзіміздің ұстанымыз етіп жас ұрпақты тәрбиелеуде ерінбей, талмай жұмыс жасайық!