?аза?станда?ы білім беру реформаларыны? жалпы ма?саты білім беру ж?йесін жа?а ?леуметтік-эканомикалы? орта?а бейімдеу болып табылады. ?аза?стан Республикасында?ы білім беру ж?йесіне мектепке дейінгі т?рбие, орта білім, к?сіптік-техникалы? білім ж?не жо?ар?ы білім жатады. Оны? ма?саты м?мкіндігі шектеулі жандарды? о?ып, к?сіптік даярлы?тан ?туі ?шін кедергісіз орта ??ру болып табылады. Бізді? елімізде инклюзивті білім беру ж?йесіні? дамуы туралы ресми дерек «?Р білім беруді дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасында» к?рсетілген: ?Р білім беру ж?йесіні? ?лсіз жа?тары ретінде инклюзивті білімні? нашар дамуы сипаттала отырып, оны? жоспарлы дамуына ?сер ететін ?ауіп-?атер ретінде елімізде м?мкіндігі шектеулі балаларды? к?беюі атап к?рсетілді. «М?гедектер ???ы?тары туралы» инклюзивті білім беру ережесі Біріккен ?лттар ?йымыны? бас Ассамблеясымен, ма??лданып, Б??-ны? Конвенциясына 2006 жылды? 13 желто?санында енгізілген. К?ршілес Ресей мемлекетінде 1990 жылдан бастап, инклюзивті білім беру ж?йесі ??рыла бастады.
Инклюзивті о?ыту – ерекше м??тажды?тары бар балаларды? жалпы білім беретін мектептердегі о?ыту ?рдісін сипаттауда ?олданылады. Инклюзивті о?ыту негізінде балалар ???ы?ын кемсітпеу, барлы? адамдар?а деген те?дік ?атынасты ?амтамасыз ету, сонымен бірге ерекше о?ыту ?ажеттілігі бар балалар?а арнайы жа?дай ?алыптастыру идеологиясы жатыр.
Инклюзивті о?ыту – барлы? балалар?а мектепке дейінгі о?у орындарында, мектепте ж?не мектеп ?міріне белсене ?атысу?а м?мкіндік береді. Инклюзивті о?ыту – о?ушыларды? те? ???ы?ын аны?тайды ж?не ?жым іс – ?рекетіне ?атысу?а м?мкіндік береді. Инклюзивті о?ыту – адамдармен ?арым – ?атынасына ?ажетті ?абілеттілікті дамыту?а м?мкіндік береді. Инклюзивті о?ытуды? негізгі принциптері: Адам ??ндылы?ы оны? м?мкіндігіне ?арай ?абілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен аны?талады. ?рбір адам сезуге ж?не ойлау?а ?абілетті. ?рбір адам ?арым –?атынас?а ???ылы. Барлы? адам бір – біріне ?ажет. Білім шынайы ?арым – ?атынас ше?бернде ж?зеге асады. Барлы? адамдар ??рбы – ??рдастарыны? ?олдауы мен досты?ын ?ажет етеді. ?рбір о?ушы ?шін жетістікке жету – ?зіні? м?мкіндігіне ?арай орындай алатын ?рекетін ж?зеге асыру. Жан – жа?тылы? адам ?міріні? даму аясын ке?ейтеді. Инклюзивті о?ыту – барлы? балаларды? м??тажды?тарын ескеретін, ерекше ?ажеттіліктері бар балаларды? білім алуын ?амтамасыз ететін жалып білім ?рдісіні? дамуы. Инклюзивті о?ыту балаларды о?у ?рдісіндегі ?ажеттіліктерін ?ана?аттандырып, о?ыту мен саба? беруді? жа?а ба?ытын ??деуге талпынады. Егер инклюзивті о?ытуды? о?ыту мен саба? беруге енгізілген ?згерістері тиімді болса, онда ерекше ?ажеттіліктері бар
балаларды? жа?дайлары да ?згереді. Инклюзивті о?ытуды? аш?ан мектептерде о?ы?ан балалар адам ???ы?ы туралы білім алу?а м?мкіншілік алады, ?йткені олар бір – бірімен ?арым – ?атынас жасау?а, танып – білуге, ?абылдау?а ?йренеді. Инклюзивтік білім беру – барлы? балаларды жалпы білім ?рдісіне толы? енгізу ж?не ?леуметтік бейімдеуге, жынысына, шы?у тегіне, дініне, жа?дайына ?арамай, балаларды айыратын кедергілерді жою?а, ата – аналарын белсенділікке ша?ыру?а, баланы? т?зеу – педагогикалы? ж?не ?леуметтік ?ажеттіліктерін арнайы ?олдау, ?орша?ан ортаны? балаларды жас ерекшеліктеріне ж?не білімдік ?ажеттіліктеріне бейімделулеріне жа?дай ?алыптастыру, я?ни, жалпы білім беру сапасы са?тал?ан тиімді о?ыту?а ба?ыттал?ан мемлекеттік саясат. Мемлекеттік ба?дарламада инклюзивті білімді жетілдіру ?шін белгіленген ма?саттар, 2015 жыл?а ?арай мына міндеттерді шешу ар?ылы ж?зеге асырылатыны аны?тал?ан: - м?мкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп о?ытуды? модульдік ба?дарламалары жасал?ан; - м?мкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп о?ыту ережесі ?зірленеді, т?рлі кемістігі бар балалар ?шін бірігу нысандары аны?тал?ан; - м?гедек балалар?а ?ашы?тан білім беруді ?йымдастыру ?а?идалары ?зірленген; Осылайша, ?аза?стан Республикасында 2020 жыл?а ?арай инклюзивті білім ж?йесі енгізеледі; инклюзивті білім ?шін жа?дай жасайтын мектептерді? ?лесі мектептерді? жалпы санынан 70 % - ?а ?л?аяды; м?гедек балалар ?шін «кедергісіз ?ол жеткізуді» жасайтын мектептерді? ?лесі мектептерді? жалпы санынан - 20 %; инклюзивті біліммен ?амтыл?ан балаларды? ?лесі даму м?мкіндігі шектеулі балаларды? жалпы санынан 50 % ??райтын болады. ?азіргі уа?ытта ортамызда болып жат?ан ?леуметтік жан?я м?селелері, экологиялы?-эканомикалы? да?дарыстар ж?йке ж?йелері б?зыл?ан, психикалы? аурулары бар, кемтар болып туылатын н?рестелерді? саны жыл сайын ?сіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мысалы бізді? мектебімізде 23 бала ?й жа?дайында о?ытылса, 3 бала инклюзивті білім берумен ?амтыл?ан. Салыстырмалы т?рде ?араса?
жылдар
?йде о?ытылатын о?ушылар
Инклюзивті о?умен ?амтыл?андар
2013-2014 жж
15 бала
4 бала
2014-2015 жж
21 бала
4 бала
2015-2016 жж
23 бала
3 бала
Олар 7 «В» сыныбында?ы Сайлаухан Даулет -Туа біткен а?ау. Жо?ар?ы ерінні? екі жа?ты альвеолярды ?сіндісі ж?не ?атты ж?мса? та?дайды? туа біткен жары?ы. Ринолалия. Т?жірибеде: Даулет саба?тар?а ?атысып отырады, мейірімді, біра? с?йлеген с?зі т?сініксіз. 7 «?» сыныбында?ы Серікбаев Нышанбек – Туа біткен сол жа? жо?ар?ы ерінні? ?атты ж?не ж?мса? та?дай жары?ы. Отадан кейінгі жа?дай (2014ж) Ринолалия.Т?жірибеде: Нышанбек ?те зерек, ойлау ?абілеті жо?ары, балалармен жа?сы тіл табыса алады. 4 «В» сыныбында?ы Абильда Сер?али Церебралды салдану, спастикалы? дипелегия, орташа ауырлы? д?режесі. Т?жірибеде: Сер?али ойлау ?абілеті жа?сы, балалармен жа?сы тіл табысады, мейірімді, ашы?, белсенді, саба??а ?ызы?ушылы?ы жо?ары. Ринолалия-грек тілінен аудар?анда «м?рын», «тіл» - немесе ма??а с?йлеу аппаратыны? анатомиялы? –физиологиялы? а?аулы?ыны? б?зылыстары болып табылады. Осыны? салдарынан артикуляция, фонация ж?не дауыс механизімдерінде елеулі а?аулы?тары болады ж?не дауыс ?уезділігі мен дыбыстарды? айтылуы б?зылады.
?сыныс:
1.Инклюзивті білім беруді талап?а сай орындау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама "?азіргі кездегі инклюзивті білім беру"»
Қазіргі кездегі инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру дегеніміз не?
Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-эканомикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіне мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, кәсіптік-техникалық білім және жоғарғы білім жатады. Оның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың оқып, кәсіптік даярлықтан өтуі үшін кедергісіз орта құру болып табылады. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген: ҚР білім беру жүйесінің әлсіз жақтары ретінде инклюзивті білімнің нашар дамуы сипаттала отырып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың көбеюі атап көрсетілді. «Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясымен, мақұлданып, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Көршілес Ресей мемлекетінде 1990 жылдан бастап, инклюзивті білім беру жүйесі құрыла бастады.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс – әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым – қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым –қатынасқа құқылы. Барлық адам бір – біріне қажет. Білім шынайы қарым – қатынас шеңбернде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы – құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан – жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалып білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар
балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытудың ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір – бірімен қарым – қатынас жасауға, танып – білуге, қабылдауға үйренеді. Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата – аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделулеріне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Мемлекеттік бағдарламада инклюзивті білімді жетілдіру үшін белгіленген мақсаттар, 2015 жылға қарай мына міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылатыны анықталған: - мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалған; - мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталған; - мүгедек балаларға қашықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленген; Осылайша, Қазақстан Республикасында 2020 жылға қарай инклюзивті білім жүйесі енгізеледі; инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 70 % - ға ұлғаяды; мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан - 20 %; инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50 % құрайтын болады. Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-эканомикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мысалы біздің мектебімізде 23 бала үй жағдайында оқытылса, 3 бала инклюзивті білім берумен қамтылған. Салыстырмалы түрде қарасақ
жылдар
Үйде оқытылатын оқушылар
Инклюзивті оқумен қамтылғандар
2013-2014 жж
15 бала
4 бала
2014-2015 жж
21 бала
4 бала
2015-2016 жж
23 бала
3 бала
Олар 7 «В» сыныбындағы Сайлаухан Даулет -Туа біткен ақау. Жоғарғы еріннің екі жақты альвеолярды өсіндісі және қатты жұмсақ таңдайдың туа біткен жарығы. Ринолалия. Тәжірибеде: Даулет сабақтарға қатысып отырады, мейірімді, бірақ сөйлеген сөзі түсініксіз. 7 «Ә» сыныбындағы Серікбаев Нышанбек – Туа біткен сол жақ жоғарғы еріннің қатты және жұмсақ таңдай жарығы. Отадан кейінгі жағдай (2014ж) Ринолалия.Тәжірибеде: Нышанбек өте зерек, ойлау қабілеті жоғары, балалармен жақсы тіл табыса алады. 4 «В» сыныбындағы Абильда Серғали Церебралды салдану, спастикалық дипелегия, орташа ауырлық дәрежесі. Тәжірибеде: Серғали ойлау қабілеті жақсы, балалармен жақсы тіл табысады, мейірімді, ашық, белсенді, сабаққа қызығушылығы жоғары. Ринолалия-грек тілінен аударғанда «мұрын», «тіл» - немесе маңқа сөйлеу аппаратының анатомиялық –физиологиялық ақаулығының бұзылыстары болып табылады. Осының салдарынан артикуляция, фонация және дауыс механизімдерінде елеулі ақаулықтары болады және дауыс әуезділігі мен дыбыстардың айтылуы бұзылады.
Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзеу жұмыстарын ұйымдастыру керек. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткен аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интелектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Дамуында артта қалудың екі негізгі түрін ажыратады: жүйке жүйесінің органикалық бұзылыстарымен байланысты және арнайы клиникалық-психологиялық немесе медициналық көмек пен зейінді талап ететін артта қалушылық, және психикалық дамуында уақытша артта қалушылық, дені сау балалардың дамуының жағымсыз сыртқы және ішкі жағдайларымен байланысты қалыптан тыс тәртібі. Психикалық дамуы тежелген балалардың зейін ерекшеліктері тұрақсыздығымен, шашыраңқылығымен, шоғырлануының төмендігімен, ауысуының қиындылығымен сипатталады. Зейінді ұйымдастырудың жетіспеушілігі балалардың интелектуалдық белсенділігінің әлсіз дамуымен, өзін бақылау дағдысының жетілмеуімен, оқуға деген жауапкершілік сезімінің, қызығушылықтың төмен болуымен түсіндіріледі. Зейіннің төмендеуі қабылдау жылдамдығын тежейді. Табысты түрде білім мен дағдыларды меңгеру тек жоғарғы зейіннің дамуы кезінде ғана жүзеге асырылады. Осы кезде обьектісі санасы қалыптасады. Психикалық дамуы тежелген балалардың ынтасы тұрақсыздық алаңдаушылық сезімінің жоғарылауы арқылы сипатталады. ПДТ балаларда зейін тұрақтылығының даму баяулығы мен бірқалыпсыздығы байқалады, сонымен қатар бұл қасиеттің жекедаралық пен жас ерекшелік айырмашылығының едәуір екені байқалады. Тапсырманы орындау барысында материалды қабылдау жылдамдығы жоғарылаған жағдайда, ұқсас тітіркендіргештері дифференциялдау қиындаған кезде талдау процесінің жетілмеуі анық көрінеді. Психикалық дамуы тежелген балаларда зейінді бөлу деңгейі 3-ші сыныпта бірден жоғарылай түседі, ал ақыл-ойы кем балаларда келесі сыныпқа өткен сайын біртіндеп жоғарылайды. Көптеген зерттеушілер ырықты зейіннің жетіспеушілігін психикалық дамудың тежелуі кезіндегі таным іс-әрекетінің сипаты ретінде анықтайды. Мектеп жасына дейінгілердің зейіні кейбір мақсаттың әсерінен туындауы мүмкін. Олар күрделі емес болып табылады. Күрделі зейінді дамыту белсенді тілді меңгеру мен қабылдауды ретке келтіру қабілетін жетілдіріп танымдық қызмет белсенділігінде міндетті түрде: 1. ойлау, қабылдау, еске сақтау, танымдық қабілеттерін түгелдей дерлік дамыту; 2. санасын ретке келтіру қабілетіне жаттықтыру (бір заттан екінші затқа көшуге машықтандыру). Зейіннің тұрақсыздығы мен жұмыс қабілетінің төмендеуі жеке даралық формаларға ие: кейбір балаларда тапсырманы орындаудың басында зейін мен жұмыс қабілеті жоғарғы деңгейде болады да, соңына қарай төмендейді; басқаларында зейін біраз уақыттан кейін шоғырланады, яғни ол балаларға іс-әрекетке ену үшін қосымша уақыт қажет; үшіншілерінде бүкіл тапсырманы орындау барысында зейіннің құбылуы мен жұмыс қабілетінің бірқалыпсыздығы байқалады. Зейін тұрақсыздығы әр балада түрлі көрініс табады. Осылайша кейбіреулерінде аса жоғары зейін қою және неғұрлым жоғары жұмыс қабілеті тапсырманы бастағанда байқалады да, оны орындау барысында төмендей береді; енді бірінде – зейіннің артуы жұмыстың біраз уақыты өткен соң басталады (яғни, оларға жұмысқа ену кезеңі қажет); ал тағы басқаларында зейін қоюы және жұмыс қабілеті біркелкі болмай, мезгіл-мезгіл толқып тұрады. ПДТ балалар зейінінің ерекшеліктері оның тұрақсыздығынан, бір обьектіге тұрақты көңіл бөле алмайтындығынан көрінеді. Бала тұлғасының психикалық дамуы мен қалыптасуы тек үлкендермен қарым–қатынасқа түскенде ғана мүмкін және ең алдымен, аталмыш іс-әрекетте, ол онтогенездің аталмыш кезеңінде жетекші болып саналатында жүзеге асады (мектепке дейінгі балалық шақта–ойын, бастауыш мектеп балалық шағында – оқу іс-әрекеті). Дамудың негізгі шарттары болып келесілер табылады:
1. мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып, әр жас кезеңінің сензитивтігіне, жақын арадағы даму аймағына сүйене отырып, педагог ұжымының оқушылармен жұмыс жасауда әр жастағы мүмкіндіктерін максималды жүзеге асыруы.
2. әр жас кезеңінің ішінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін оқу-тәрбиелік үдерісінде дамыту – қызығушылықтарын, өзіндік сана сезімін жетілдіру өзін-өзі бағалауға, құндылық бағдарын, өмірлік жоспарларын құруға.
3. арнайы білім беру мекемесінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуына жағымды психологиялық жағдайды туғызу, ол, ең алдымен, өнімді қарым-қатынаспен, бала мен мұғалім, бала мен құрдастарының өзара әрекеттесуімен белгіленеді.
Жағымды қатынас, мұғалімге сенімділік білдіру балада оқу іс-әрекетіне деген құштарлықты туғызады, оқудың танымдық ынтасының қалыптасуын қамтиды. Ал, бастауыш сынып оқушыларын алсақ, олардың мұғалімге деген теріс қарым-қатынасы сирек кездеседі, ал белгісізі жиі кездеседі. Бұндай қатынаста мүмкіндіктері шектеулі балалардың танымдық мотивациясының қалыптасуы тежеледі, өйткені оларда мұғаліммен сенімдік қатынасқа түсу қажеттілігімен бірге оған деген сенімсіздік ұштасады, сондықтанда оның іс-әрекетіне де сенімсіздікпен қарайды, жеке жағдайларда – одан қорқады. Бұндай балалар тұйық, әсерленгіш немесе мұғалімнің нұсқауларына мән бермейтін, өз бетімен отыратын, қатыспайтын балалар. Мұғаліммен қатынасқа түскенде еріксізден бағынышты, бейімделуге ұмтылуды білдіретін балалар. Кейде балалар өздерінің уайымдарының, күйгелектілігінің, ашуланғандығының себептерін саналы түсінбейді, кейде оны үлкендер де саналы түсінбейді. Бастауыш сынып оқушылары өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігінен өздеріне елестеткен мұғалім қаталдығын көбейтіп жоқ нәрсені терең уайымдайды. Оқудың бастапқы кезеңінде аталмыш құбылыс мұғалімдермен ескерілмейді. Бірақ бұл маңызды: келесі сыныптарда теріс эмоциялар бекітіліп оқу іс-әрекетіне, мұғаліммен және құрдастарымен өзара әрекетесуіне ауысуы мүмкін. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың психикалық және тұлғалық дамуында күрделі ауытқулар пайда болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың келесі формалары белгілі: арнайы мектептер мен интернаттар, орта мектептердегі коррекциялық (түзету) сыныптар, үйде оқыту және қашықтықтан оқыту. Соңғы уақытта елімізде атқарылып жатқан келесі істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз болары анық. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек.