kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Авторлы? ба?дарлама: ?аза?ты? шешендік ?нері

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?нтізбелік жоспар.

Апталы? са?ат саны  - 1  са?ат.  Жылды?  са?ат  саны  - 34  са?ат.

Та?ырыбы

Са?ат  саны

Саба? т?рі

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер

І  б?лім. Аталар  с?зі – а?ылды?  к?зі  

   14  са?ат

1. 

Кіріспе. 

1

Саяхат саба?

Б.Адамбаев.  Асыл  ?азына

2.

Халы?  даналы?ы

2

??гіме  саба?

С.Негимов.  ?дебиет  ?лемі

3.

С?зді?  к?ркі  - ма?ал

1

??гіме саба?

Тіл  туралы  тол?ам

4.

Е?бек  туралы  ма?алдар

2

лекция саба?

Мерзімді басылымдар, \зерттеулер

5

?нер – білім  ха?ында?ы  ма?алдар

2

лекция саба?

Мерзімді басылымдар, зерттеу е?бектер

6

Адамгершілік  жайында?ы  ма?алдар

2

лекция саба?

Мерзімді басылымдар, зерттеу  е?бектері

7

Отан  ?ор?ау  туралы  ма?алдар

2

лекция саба?

Мерзімді басылымдар, зерттеу  е?бектері

8

Ел  бірлігі  ха?ында?ы  ма?алдар

2

лекция саба?

Мерзімді басылымдар, зерттеу е?бектері

ІІ  б?лім.  ?аза?ты?  билері – даланы?  кеме?герлері

8  са?ат

1.

Т?ле  биді?  шешендік  ?нері

2

Сайыс  саба?

Б.Адамбаев.  Халы?  даналы?ы

2

?аз  дауысты  ?азыбекті?  шешендік  с?здері

2

Жарыс саба?

Б.Адамбаев.  Асыл  ?азына

3

?йтеке  биді?  шешендік  с?здері

2

Талдау саба?

Х.С?йінш?лиев.  ?асырлар  поэзиясы

4

Б?йдібек -  би,  батыр,  с?з  шебері

2

Лекция саба?

Мерзімді басылымдар

ІІІ  б?лім.  Елдік  пен  ерлікті  жырла?ан

Жыраулар  поэзиясында?ы  на?ыл  с?здер       

  6  са?ат

1

Асан  ?ай?ы  жырларында?ы  на?ыл  с?здер

2

Шы?ар – ? ізденіс

М.Ма?ауин.  ?асырлар  бедері

2

Б??ар  жырау  шы?армаларында?ы  ел  бірлігі

2

Лекция саба?ы

?аза?  ?дебиетіні?  тарихы

3

Махамбет  жырларында?ы  патриотизм

2

Саяхат саба?

Н.?буталиев.  ?айран  Нарын

ІV  б?лім.  Дар?ан  даламызды?  даналары   6  са?ат

1

?абылиса  жырау

2

Сайыс саба?

Мерзімді  басылымдар

2

Б?лтірік  шешен

1

Жарыс  саба?

Мерзімді  басылымдар

3

Жолбарыс  биді?  айт?андары

1

Сайыс саба?

Мерзімді  басылымдар

4

Шиырбайды?   шешендігі

1

Саяхат  саба?ы

Мерзімді  басылымдар

5

?тілгендерді  жина?тап  ?орыту  саба?ы

1

Талдау  саба?ы

Барлы?ы

34

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Авторлы? ба?дарлама: ?аза?ты? шешендік ?нері»



«Бақанас мектеп-интернаты» мм




АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА









(4-сыныпқа арналған)





ҚҰРМАНБЕКОВА АҚМАРАЛ ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ


Бастауыш сынып мұғалімі








Бақанас - 2016


Түсінік хат

Ұлан-ғайыр жерді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған қазақтың құдіреті тек күшінде емес, елінің бірлігінде болатын. Ал ел бірлігін жүзеге асырған қара сөзден май қалқыған, мәйекті сөздерді, дәйекті пікірлерді айта білетін сөз зергерлерінің ерен еңбегі екенін ешкім жоққа шығара алмас. Жаңа ғасыр көгіндегі білім беру ісінің жаңа бағытқа бет алуындағы басты жетістігіміз - өткенімізді саралап, асылдарымызды аршып алуға қолымыздың жеткені. Құм суырған сары даланы әнге бөлеп сал - серілердің, елі мен жерін қорғап талай батырдың өмірден өткенін, туған жердің тұтастығын, елінің татулығын көксеп талай би-шешендердің, сөз зергерлерінің өткенін бүгінгі ұрпақ санасында жаңғырту – ұстаз атаулының қасиетті міндеті. Олай болса, бүгінгі еліміз егемендік алып, көк байрығымыз желбіреп, асқақтап әнұранымыз шырқалған кез – халқымыздың, бабалармыздың арманынын жүзеге асырған ең бақытты кезеңі екенін жас ұрпақтың біліп жүргені, терең сезіне білгені абзал. Тарих сахнасында «мың өліп, мың тірілген» ұлтымыздың тарихы терең. Әр тауы, әр төбесі, әр көлі - сан тарихи жағдайлардың куәгерлері. Бүгінде аузын айға білеген алып мемлекеттердің өзі мойындаған Қазақстан Республикасының ерекше дамуын насихаттау - бір бөлек те, оның кешегі тарихын зерттеп, зерделеу бір бөлек. Осы орайда, елдің басын біріктіру, ел билеген тұлғалардың саясатын елге терең ұғындыру – сөз зергерлерінің ерен еңбегі екенін «білім бастауы саналған бастауыш» сынып оқушыларының сезінуіне қол жеткізу үлкен арнаға апарар жол. «Елдің амандығы - оның бірлігінде» деген қағидаға сүйеніп, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, егемендігін алып, бүгінде төрткүл дүниеге танылып, Азиада ойындарында жетістіктерге жеткен, ЕҚЫҰ – ның саммитін өткізіп даңқы алысқа кеткен қазақ елінің өткен тарихында өзіндік ролі бар би-шешендердің сөз өнерін кейінгі ұрпаққа паш ету, насихаттау мақсатында «Қазақтың шешендік өнері» авторлық бағдарламасын жасадық. Мақсат – егеменді еліміздің өнер тарихының кейбір қырларын білу, ел өнері тарихын зерттеуге жаттығу, оқулықтардағы бағдарламалық материалдар бойынша алған білімдерін толықтыру, білік - дағдыларын қалыптастыруға, жетілдіруге жағдай туғызу. Әрине, бүгінгі теледидар етек алған, кино өнерінде өзге мемлекеттердің схематизмге құрылған қанды қырғындарды қамтыған киноларды көріп жүрген балалар өз елінде де батырлар, ел бірлігін ойлаған шешендердің болғанын біліп жүргені жөн. Кешегі Қоқан, Хиуа хандықтарының қысымын, Жоңғар қонтайшылары мен қытай боғдыхандарының шапқыншылығын көрген қазақтың батырлары, сонымен бірге олардың шешен сөйлей білуі де - насихаттай алсақ, бір – бір тұлға. Сол себепті олардың ерлігін шешендікпен, шеберлікпен өзінен кейінгіге жеткізер – бүгінгі жас ұрпақ. Таланты тас жарып, білімді терең игерген баланың елін шын сүйсе, ертең-ақ еліміздің кешегі тарихын да аспандатар азамат болатыны анық деген оймен жасалған авторлық бағдарлама бүгінгі және келешек ұрпаққа берер пайдасы мол екеніне сенімдіміз.

Бағдарламаның мақсаты:

Жалпы авторлық бағдарлама 4 – сыныпта қамтылған бағдарламалық материалдарды толықтыру, туған өлкеміздің қазақ халқының басынан өткен барлық теперіштерді, тарихи жағдайларды, небір зұлматтарды көргендігін, сол шақтағы сөз зергерлерінің еңбектерін жеткізу бағытында дайындалды. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Қазіргі білім үрдісіндегі мұғалімнің бағыттаушылық міндет атқаратындығына орай оқушылардың өз бетінше ізденуіне ықпал етуді ойластырдық. Дана халқымыздың данышпан ойларының көрінісі мақалдарды, нақыл сөздерді де қамтыдық. Себебі олардың да о баста авторы болған. Жазу – сызу болмаған есте жоқ ескі заманда авторы ұмытылып, кейін халық сөзі атанып кеткен. Бастауыш сыныпта оқитын балалардың ойы таза, қабылдауы және жаттауы жылдам. Олай болса, мақалдарды тез жаттауға мүмкіндігі мол балғындардың жыраулар поэзиясынан да үзінді жаттауда да қабілеті жетерлік. Оның үстіне жас балғын шақта баланың қиялы көп. Еліктеуі де мол. Олай болса, қоғамдық сананың дамуындағы алғашқы кездерінде шығарылған жыраулар поэзиясы қазіргі теориялық құрылысы күрделіленіп, өркендеген поэзиядай емес, бала танымына жақын. Оқушылардың мәнерлеп оқуына да, талдауына да қиындық тудырмайтын жырларды жинақтап, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктері де ескерілді. Жалпы 4 – сыныптағы балғындар меңгеретін материалдар тым қарабайыр да болмау керек. Сондықтан «қиынға қызықтырып жетелеуді» де мақсат еттік.

Бағдарламаның өзектілігі: «Қазақтың шешендік өнері» атты таңдау курсының бағдарламасы «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Білім» бағдарламасының, мемлекттік «Мәдени мұра» бағдарламасының, Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасының аясында дайындалды. Осы кезге дейінгі жылнамалар, ғылыми монографиялар, сақталған мұрағат материалдары, зерттеушілер еңбектері және жарық көрген кітаптар мен мерзімді басылымдардағы материалдар, сондай-ақ жекелеген жазбалар осы бағдарламаны жазуға негіз болды.

«Қазақтың шешендік өнері» атты таңдау курсы бағдарламасының міндеттері:

1. Оқушыларға білім беруде ең бастысы ел өнерінің тарихына, ұлтына деген сүйіспеншілік, қызығушылық қалыптастыру.

2. «Мәдени мұра» аясында көшпелі халықтың мәдени құндылықтарын зерттеп, оны сақтау, насихаттау істеріне баулу.

3. Жері ұлан-ғайыр қазақтың осыншама жерді қорғаудағы сөз зергерлерінің ролі туралы, олар өмір сүрген орталар туралы мағлұмат беру, өздері естіп-білген білімдерін дамыту.

4. Шешен сөйлеуге, ойын орайлы тіркестермен өрілген салиқалы сөздермен жеткізуге дағдыландыру.

5. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға үлес қосу.


Таңдау курсының бөлімдері төмендегідей:

Бірінші бөлім. «Аталар сөзі – ақылдың көзі». Қазақтың мақал – мәтелдерінің алғашқыда авторлары болғандығы белгілі. Халқымыз көшпелі әрі жазу – сызуы болмағандықтан, сол мәйекті сөздердің авторлары бертінде ұмытылды. Сондай-ақ кейін жазу қалыптасқан кезде де жарық көрген шығармалардағы ел көңілінен шыққан қанатты сөздердің халық нақылы деп те айтылып кететінін білеміз. Олай болса, қазақ халқы бала да, дана да, одан шыққан сырлы сөз де халықтікі деген тұжырымға жақын. Осы орайда, халқымыздың еңбек, өнер – білім, адамгершілік, Отан қорғау және ел бірлігі тақырыптарындағы мақалдарды зерделеу ойластырылды.

Екінші бөлім. «Қазақтың билері – даланың кемеңгерлері». Онда кешегі шапқыншылық замандағы, қиын – қыстау кезеңдегі қазақ билерінің атқарған елеулі істері қамтылмақ. Қазақ билері Төле би, қаз дауысты Қазыбек би мен Әйтеке билердің жаугершілік замандағы ел басын біріктіріп, ел қорғауға жұмылдыруда, ел арасындағы бірлікті нығайтудағы ерен еңбектері олар жайлы жазылған шығармалар арқылы түсіндірілмек. Сонымен бірге ел аузында аңызға айналған, алып күштің, ерекше ерік – жігердің, салиқалы ойдың сарабдалы Бәйдібек би туралы да жарық көрген кітаптар негізінде деректер берілмек. Қазақ даласынан шыққан аузы дуалы абыздардың сөз толғауларындағы өзгешеліктер мен ерекшеліктері қамтылмақ. Бұл «есіктерін құлып та күзетпеген» қазақ халқының өз арасындағы ерекше тәртіптің де бастауы екендігі, әрі олар туралы білу адамтану – өзін-өзі тануға да қосылған үлес деп білмекпіз. Бұл бағдарламада осындай ғылымилыққа бағыттау жағы да қарастырылады.

Үшінші бөлім. «Елдік пен ерлікті жырлаған жыраулар поэзиясындағы нақыл сөздер». Бұл бөлімде қазақ тарихындағы ең ауыр кезең алғашқы қазақ хандығын құрудан бастап Жоңғар қалмақтары мен қытай боғдыхандарының шапқыншылығы кезінде елді аман сақтауда, жұртты біріктіруде, патриоттық сезімді ояту мен қалыптастыруда, төзімділікке, шыдамдылықа баулудағы жыраулар поэзиясының ролі туралы айтылмақ. Қазақ хандығы құрылған алғашқы кезеңдегі Асан Қайғы Сәбитұлын, ХVІІІ ғасырдағы Бұқар жыраудың және ХІХ ғасырдағы Махамбет ақын шығармаларынан сусындатуды қамтудағы бір мақсатымыз ел бірлігі, ел қорғау үнемі сабақтастық танытып отыратын тақырып деген ойымыздан туындады

Төртінші бөлім. «Дарқан даламыздың даналары». Қазақ даласындағы барлық теперіш біздің өңірді айналып өткен жоқ. Біздің бабаларымыз да осындай қиындықтарды бастан кешірді. Олай болса, «Бір қазақ бар қазақ үшін, бар қазақ бір қазақ үшін» деген ұранның жетегінде болуымыз керек деген ойды ұғындырудан туындады. Жердің шалғайлығы, аймақтың бөлектігі деген елді аздырады. Олай болса, қазақ жерінің бүтіндігімен, елінің тұтастығымен бақытты екендігін сездіру. Осы мақсатта Жетісу жеріндегі даналарымыз Қабан жырау, Жолбарыс би, Шиырбай шешен, Бөлтірік шешен туралы мағлұмат беруді көздедік.

Ел өнерінің тарихы, сөз өнерін - өз өмірім деп білген ерек тұлғалардың еңбектері – ұрпақ есінде сақталуға тиісті тағылымды іс. Олай болса, елінен шыққан өнерлілерді, кемеңгерлерді мақтан тұтып өскен ұрпақ еліне қорған болуды да мақсат тұтып өсетіні хақ. Біз «Шешеннің сөзімен бірге көсемнің ісінің де өлмейтінін» ойластырдық.




Бағдарламаның мазмұндық бөлімі

Таңдау курсының мазмұндық бөлімдері төмендегідей:

Бірінші бөлім. Аталар сөзі – ақылдың көзі. (14 сағат) Бұл бөлімде алғашқыда жекелеген авторлары болған, келе-келе халықтың иелігіне көшкен мәйекті сөздер - мақалдардың түрлі тақырыптарды қамтығаны туралы айта келе, талдау жұмыстары қоса жүргізілмек.

Екінші бөлім. «Қазақтың билері – даланың кемеңгерлері». (8 сағат) Онда ер тағдырын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен аузы дуалы билердің зерделі сөздерінің өрнегіндегі өзгешеліктер мен ерекшеліктері қамтылмақ. Атап айтқанда, қазақ тарихында өзіндік орны бар, елдің амандығын, жердің тұтастығын сақтауда үлкен рольге ие болған Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің кейінгі от ауызды, орақ тілді шешендерге де үлгі-өнеге болғандығы айтылмақ. Сондай-ақ ерен еңбегімен, қажыр-қайратымен талайларға қорған болған, салиқалы шешендігімен талайларға бағыт-бағдар берген, сөзі де, ісі де өнегеге толы Бәйдібек би туралы да тиісті деңгейде мағлұмат берілмек. Бұл бағдарламада осындай ғылымилыққа бағыттау жағы да қарастырылады.

Үшінші бөлім. «Елдік пен ерлікті жырлаған жыраулар поэзиясындағы нақыл сөздер» (6 сағат) Бұл бөлімде алғашқы қазақ хандығы құрылған кездердегі Асан Қайғы жырау, еліміздің тарихындағы ең ауыр кезең «Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама» атанған жоңғар шапқыншылығы кезінде ел бастаған көсемнің қасынан табылып, сөз бастаған Бұқар жырау поэзиясын, сондай-ақ жауынгер жырау Махамбет шығармаларынан мағлұмат беруді мақсат тұттық.

Төртінші бөлім. «Дарқан даламыздың даналары». (6 сағат) Бұл бөлім жер жаннаты Жетісу өңірінде дүниеге келген «Ұлысы Ұлы жүздің Қабан ақын, Бас иген Жетісуда тәмам ақын» атанған айтулы Қабылиса жырау, шаршы топта сөз бастаған шешендер Бөлтірік пен Шиырбай, Жолбарыс билердің сөз өнері сараланбақ.




Күнтізбелік жоспар


Апталық сағат саны - 1 сағат. Жылдық сағат саны - 34 сағат.





Тақырыбы

Сағат саны

Сабақ түрі

Пайдаланылған әдебиеттер

І бөлім. Аталар сөзі – ақылдың көзі

14 сағат

1.

Кіріспе.

1

Саяхат сабақ

Б.Адамбаев. Асыл қазына

2.

Халық даналығы

2

әңгіме сабақ

С.Негимов. Әдебиет әлемі

3.

Сөздің көркі - мақал

1

әңгіме сабақ

Тіл туралы толғам

4.

Еңбек туралы мақалдар

2

лекция сабақ

Мерзімді басылымдар, \зерттеулер

5

Өнер – білім хақындағы мақалдар

2

лекция сабақ

Мерзімді басылымдар, зерттеу еңбектер

6

Адамгершілік жайындағы мақалдар

2

лекция сабақ

Мерзімді басылымдар, зерттеу еңбектері

7

Отан қорғау туралы мақалдар

2

лекция сабақ

Мерзімді басылымдар, зерттеу еңбектері

8

Ел бірлігі хақындағы мақалдар

2

лекция сабақ

Мерзімді басылымдар, зерттеу еңбектері

ІІ бөлім. Қазақтың билері – даланың кемеңгерлері

8 сағат

1.

Төле бидің шешендік өнері

2

Сайыс сабақ

Б.Адамбаев. Халық даналығы

2

Қаз дауысты Қазыбектің шешендік сөздері

2

Жарыс сабақ

Б.Адамбаев. Асыл қазына

3

Әйтеке бидің шешендік сөздері

2

Талдау сабақ

Х.Сүйіншәлиев. Ғасырлар поэзиясы

4

Бәйдібек - би, батыр, сөз шебері

2

Лекция сабақ

Мерзімді басылымдар

ІІІ бөлім. Елдік пен ерлікті жырлаған

Жыраулар поэзиясындағы нақыл сөздер

6 сағат

1

Асан Қайғы жырларындағы нақыл сөздер

2

Шығар – қ ізденіс

М.Мағауин. Ғасырлар бедері

2

Бұқар жырау шығармаларындағы ел бірлігі

2

Лекция сабағы

Қазақ әдебиетінің тарихы

3

Махамбет жырларындағы патриотизм

2

Саяхат сабақ

Н.Әбуталиев. Қайран Нарын

ІV бөлім. Дарқан даламыздың даналары 6 сағат

1

Қабылиса жырау

2

Сайыс сабақ

Мерзімді басылымдар

2

Бөлтірік шешен

1

Жарыс сабақ

Мерзімді басылымдар

3

Жолбарыс бидің айтқандары

1

Сайыс сабақ

Мерзімді басылымдар

4

Шиырбайдың шешендігі

1

Саяхат сабағы

Мерзімді басылымдар

5

Өтілгендерді жинақтап қорыту сабағы

1

Талдау сабағы



Барлығы


34








Курстан соң оқушылардың біліміне қойылатын талаптар


  • «Сөз қадірін өз қадірім» деп білген қазақтың шешендік өнері туралы мағлұмат алу;

  • Өнерімен ел есінде сақталған тұлғалардың даналыққа толы сөздерін білу, зердесінде сақтау.

  • Ел аузындағы аңыз әңгімелер негізінде құрастырылған, ғылыми монографиялардағы деректер бойынша жинақталған бірнеше мәліметтерді сұрастыра, салыстыра, талдай білуге дайындалу.

  • Сөз өнерінің әлемі арқылы тарихи оқиғалардың мәнін және маңызды тұстарын сараптап, түсіндіре білу.

  • Отандық өнер тарихнамалардағы көзқарастарды білу.

  • Еліміздің әр кезеңдегі сөз өнерінің тарихи кезеңдер бойынша даму, өркендеу, құлдырау, жаңғыруы бойынша деректер жинақтауға бейімделу.






Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Б.Адамбаев. Асыл қазына. «Ана тілі» баспасы. 2009 жыл.

2. Нәтижеге бағдарланған білім берудегі ізденіс, тәжірибе, шығармашылық қызметтер. Алматы 2008. (Құрастырған М.Валиева).

3. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті - оның педагогикалық жаңалықтарды меңгеру құралы. (Арнаулы курс бағдарламасы Құрастырғандар Ш.Т.Таубаева және басқалар ) Алматы - 2000.

4. К.Дүкенбаев. Өмір өзегі. «Білім» баспасы – 1996 ж.

5. Е.Д.Тұрсынов. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. Алматы «Ғылым» баспасы - 1976

6. А.Сужикова. Тарихи тұлғалар. «Аруна» Алматы – 2006.

7. Ж.Б.Қоянбаев. Р.М.Қоянбаев Педагогика. Алматы – 2002.

8. Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы - 1970.

9. Педагогикалық ізденіс. «Рауан» 1990.

10. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы. 1982 жыл.

11. Білім мекемесі қызметін ұйымдастырудың мұғалім шығармашылығын қалыптастырудағы ролі. Әдістемелік нұсқау. (Құрастырған М.Валиева) Алматы 2009.

12. С.Негимов. Әдебиет әлемі. «Ана тілі» баспасы, 2008

13. Х.Сүйіншәлиев. Ғасырлар поэзиясы. «Жазушы», 1987.

14. Н.Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. «Атамұра» баспасы, 2005

15. Тіл туралы толғам. «Ер - Дәулет» Астана – 2007

16. С.Ақатай. Інжу – маржан секілді. Алматы. «Өнер» – 1995.

17. Мерзімді басылымдар ( «Қазақстан мектебі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Бастауыш мектеп», т.б.)














Құрманбекова Ақмарал Жұмабекқызы Алматы облысы Балқаш ауданы


«Бақанас мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі


Бітірген оқу орны Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің БОПӘ факультетін бітірген.

Санаты жоғары.

Педагогикалық өтілі 28 жыл.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Авторлы? ба?дарлама: ?аза?ты? шешендік ?нері

Автор: ??рманбекова А?марал Ж?мабек?ызы

Дата: 01.04.2016

Номер свидетельства: 313380


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства